Получение знании.
С самого раннего детсва Имам Абу Ханифа был склонен к знаниям и в очень раннем детсве заучил Коран. После чего он в одно время занялся торговлей, но после некоторого времени оставил торговлю и начал получать знания. Так как город Куфа была центром торговли, множество сект находились именно в этом городе. И Имам Абу Ханифа в течении некоторого времени выходил на диспут и буквально уничтожал каждый довод приведенный, той или иной сектой. Когда появлялись споры, правитель Куфы незамедлительно звал имама Абу Ханифу для решения данного вопроса.
Среди жителей Куфы, был один мусульманин, который обвинял Усмана (да будет доволен им Аллах) в том, что он якобы иудей. И это донесли до Абу Ханифы, ссылаясь на то, что ни один ученный не смог убедить этого человека. Имам Абу Ханифа подошел к нему и обратился:
- У тебя есть дочь, а у меня есть один брат мусульманин. Он хафиз Коран, богобоязненный, совершает тахаджуд и плачет перед Всевышним из-за страха. Выдашь ли ты замуж за этого человека свою дочь?
- Да, конечно. Даже половина того, что ты сказал было бы достаточно, чтобы выдать замуж свою дочь за него! – воскликнул он.
Имам Абу Ханифа продолжил:
- Но есть одна проблема, он иудей.
- Да как я выдам замуж свою дочь за иудея?! Даже если он обладает всеми качествами, которые ты упомянул! – отрешился человек.
- Если даже ты, не выдашь свою дочь за иудея, так почему ты думаешь, что Пророк выдаст свою дочь за иудея? А после смерти первой дочери, выдаст вторую дочь? – сказал Имам Абу Ханифа.
После этого этот человек, покаялся в своих неправильных убеждениях и перестал говорить такие слова про Усмана (да будет доволен им Аллах).
Однажды к Абу Ханифе пришла женщина с вопрос о разводе, но Абу Ханифа сказал, что не знает ответа и направил к ученному Хаммаду. И в скором времени он сам пошел получать знания к Хаммаду, и до возраста 40 лет не имел своего кружка по вопросам фикха. И только после смерти Хаммада, Абу Ханифа начал набирать к себе учеников для обучения их фикху. И даже в отношении к своему наставнику Абу Ханифа можно увидеть его богобоязненность и уважение к знаниям, он говорил, что после намаза делал дуа за своего учителя наряду со своими родителями.
Еще одна история, произошедшая с имамом Абу Ханифой. Однажды он увидел сон, в котором он копался в могиле Пророка (с.а.с.), он нахо дит кости разбросанными, и он укладывает их должным образом. После пробуждения, Абу Ханифа направляет своего человека к Ибн Сирину (великий ученный, толкователь снов в Исламе), с вопросом. На что Ибн Сирин растолковал сон таким образом, говоря, что Абу Ханифе предстоит классифицировать сунну Пророка (с.а.с.).
Из учителей Абу Ханифы по некоторым данным было около 4000 учителей, из них 7 сподвижников и 73 последователей сподвижников.
Богобоязненность в повседневной жизни.
Богобоязненность не проявлялась только в получении знании, также он показывал ее в повседневной жизни. От ибн Шакика приходит рассказ о том, как человек, который должен был Абу Ханифы деньги его избегал. И увидев это, Абу Ханифа простил ему долг.
Однажды ученики пришедшие в дом Абу Ханифы увидели в его доме только один матрац, потому что он все раздавал на пути Всевышнего. И Всевышний всегда его одаривал богатством, хотя он сам не стремился за ним.
Когда Абдулла ибн Мубарак пришел в город Куфа, спросил: «Кто самый великий факих Куфы?». Ему отвечали: «Абу Ханифа». На вопрос: «Кто самый отрешенный от этого мира в этом городе?» и люди отвечали: «Абу Ханифа».
Ученики и ответы Абу Ханифы
Джафар ибн Раби’ расскзывал: «Я находился с Абу Ханифой на протяжении 5 лет, и каждый раз, когда ему задавали вопрос он потел словно река».
У Абу Ханифы был совет ученников из 40 человек, самые выдающиеся ученники. Когда задавали вопрос Абу Ханифе, он созывал учеников и начинал обсуждение с ними, порой это занимало месяц. И когда они не могли вывести фетву, имам Абу Ханифа вставал и говорил: « Наверное, мы не можем ответить на вопрос по причине моих грехов». Начинал плакать, уходил брал омовение и совершал 2 ракаата намаза и каялся перед Всевышним. И это слышал Фудайл ибн Аяз и говорил: «Поистине, в жизне Абу Ханифы не было столько грехов, что бы он так каялся».
Среди его ученников можно выделить таких ученных как: Абу Юсуф, Мухаммад аш-Шайбани, Хафс ибн Аяз, Хиббан, Абдулла ибн Мубарак.
И в некоторых источниках приводятся что среди его учеников был Фудайл ибн Аяз, его еще называют «Абдул Харамэйн». Из-за того, что не было ни одного места в двух святынях куда бы он не приклонил голову, а в других источниках не упала бы слеза перед страхом перед Всевышним.
Тем, кто сомневается или не берет в довод мнение Абу Ханифы.
В нынешней время появились некоторые течения, которые обвиняют или же не признают имама Абу Ханифа, ссылаясь что нужно брать из сунны из хадисов, которые привел аль-Бухари. Но при этом не учитывают тот момент, что имам Бухари был после Абу Ханифы. И если бы Абу Ханифа был в заблуждении, то его современники непременно поправили. И даже сам имам Бухари бы постарался исправить даное положение, но этого не произошло, так как иснад (цепочка) имам Абу Ханифы доходит до таких сподвижников как: Абдулла ибн Масуд, Абдулла ибн Аббас, Аммар ибн Ясир, а те в свою очередь были прямые ученники Пророка (с.а.с.).
И в завершении хотелось бы описать случай, который сейчас повторяется, но в свое время это произшло и Абдулла ибн Мубараком. Однажды к Абдулле ибн Мубараку пришел один из людей и начал ругать Абу Ханифу, и Абдулла ибн Мубарак сказал: «Твой пример подобно козлу, который бодает гору. Ты как тот козёл, а Абу Ханифа – это гора!», имея ввиду что он сломает свои рога, но не причинит никакого зла горе.
Главный имам мечети «Aldiyaruly Zhanuzaq» Сейдаглиев Нурлан
Дін мен дәстүрдің қоғамдағы алатын орны жоғары, ұлттық құндылықтар дұрыс қалыптасу үшін де атқарар маңызы зор. Еліміздегі озық салт-дәстүр мен ислам дінінің сабақтастығының түп тамыры тереңде жатыр. Қазақ халқы тарих ағысында түрлі кезеңдерден өткен. Қилы замандарды бастан кешіріп, сан алуан діндер мен әдет-ғұрыптарға куә болды. Бабаларымыз ақыл-түсінігі мен талғамын Ислам дінімен сүйемелдей білген. Соның арқасында қазақтың әрбір әдеті мен ғұрпы, тікелей дінмен байланысып, өзара ажырамастай өріле түскен.
Дін – адамдық ізгі қасиеттерімізді асқақтатса, салт-дәстүр – ұлт болып қалыптасуымыз үшін қажет. Әр халықтың өзіне тән, қоғамның дамуына байланысты ерекшеліктері болады. Мәселен, еліміздің ұлан-байтақ жерді алып жатуының өзі – халқымыздың батырлығы мен ерлік дәстүрін паш етеді.
Дәстүр – ұлтты рухани жандандырып, оның ішкі және сыртқы келбетін өрнектеп, көрсетіп тұратын сипаттар. Дін бар жерде дәстүр, дәстүр бар жерде дін де бар деп айтуға болады. Алла тағала құранда: «Кешірімді бол, ғұрыпқа жақсылыққа бұйыр және надандардан жырақ бол» - деп әмір етеді. Ғұрып дегеніміз бір қоғамда қалыптасқан жағымды әрі қайырлы іс. Демек, Алла тағала жоғарыдағы аяттарда қоғамда жағымды жағдайларды қалыптастырып, оларды негізге алуға әмір етіп тұр.
Дініміз Ислам әрбір халықтың, ұлттың өзіндік құндылықтары және ерекшеліктері – әдет-ғұрпына ерекше көңіл бөлген. Сондықтан ғұламалар әдет-ғұрып мәселесін талдап, оның өзін жеке бір тақырып етіп зерттеген. Біле-білсек, сан ғасырдан бері бабаларымыздың ұстанған Исламның жолы «Әбу-Ханифа» мектебі – осы салт-дәстүрімізді ардақтауға, тамырлы тарихымызды ұмытпауға, ел тыныштығының сақталуына бағытталған.
Халқымыздың: «Дәстүріңді баққаның – үмітіңді жаққаның»,-деген ұлағатты сөзінде терең мән-мағына жатыр. Дана халқымыздың әдет-ғұрыптарына келер болсақ дінмен ұштасқан, ақылға сәйкескен жерлері өте көп. Атап айтқанда қазақ халқының амандасу көрінісі: көліктегі адамның жаяу адамға, жаяу адам отырған жандарға «Ассаламу ғалейкум» деп амандық сұрасуы, үлкенге құрмет, кішіге ізет танытуы. Бұл Пайғамбарымыздың хадисінде де баяндалады: «Атты адам жаяуға, жаяу кісі отырған адамға, бір топ дүйім көпшілікке сәлем береді», - деген. Қазақ жеріне дін келгелі бері осы үрдіс қалыптасып, тіпті қылышынан қан тамған Кеңес Одағы кезінде де бұл дәстүрлі амандасу халық жадынан ұмыт болған жоқ. Дінімізді тәнімізден жұлса да дәстүрімізді жанымыздан өшіре алмады.
Алты алаштың дәстүрі сансыз, солардың тағы біріне келер болсақ, әр ру мен тайпаның таңбасы мен туы болғандығы.
Бұл әдет те кезінде Пайғамбардың құптауымен болған іс. Қандай да бір жорыққа аттанар алдын Алла Елшісі (с.ғ.с) әр тайпаға өз туын белгілеп, ішіндегі ең сенімді әрі қайраттысына ұстатқан. Ал қазір халқымыздың туы бір, елтаңбасы белгілі. Бұл дінге сәйкес дәстүрімізді қастерлеп құрметтеу әрбір азаматтың борышы.
Бала дүниеге келгеннен кейінгі «Сүйінші сұрау», «Азан шақырып ат қою», «Шілдехана тойы», «Бесікке салу», «Қырқынан шығару», «Сүндетке отырғызу», «Құда түсу», «Үйлендіру» – бәрі де асыл дінімізде салмағы бар, маңыз берілген дәріптелетін сүннет яки мұстахап амалдар екенін көреміз. Келіннің ата-енесіне сәлем салуы құрмет болса, беташар рәсімі – некені жариялау, бесік тазалық пен денсаулық кепілі болса, дастарханда бас қосып дәрежемен орын алу ахлақ (әдеп) көрінісі.
Салт-дәстүрлеріміздің кейбіреуі тіпті бұлжымас діни ережелер бойынша жүзеге асатынын да байқауға болады. Ибн Ғабидин «Уқуд рәсм әл-муфти» кітабында былай дейді: «Ғұрыптың шариғатта орны бар, Кейде үкім соған орай орнығар»-деген. Бір сөзбен айтқанда әдет-ғұрып діни үкім шығару тұрғысынан, мұсылман құқығының қайнар көздерінің бірі болып табылады.
Қымбатты бауырлар! Асыл дінімізді ардақтап, салт-дәстүрімізді қадірлей білейік. Өз ұлтының ерекшеліктеріне мән берген елдің Алла бұйыртса іргесі берік, келешегі кемел.
Рудный қалалық «Нұр» мешітінің имамы Бектұрсын Торғайбайұлы
Ислам – көркем мінез бен әдептілікке негізделген кемел дін. Мұсылманның сыртқы және ішкі дүниесі сай болуға тиіс. Жер бетінде нағыз әдептің үлгісін пайғамбарымыз (с.ғ.с) көрсетті. Әдепті тәлім- тәрбие жағынан алсақ та, киім кию, ас ішу тұрғысынан қарасақ та, сөз сөйлеуді алсақ та, бәрібір қашан да ең биіктен табылды.
Әбубәкір (р.ғ.) пайғамбарымыздан (с.ғ.с): «Уа, Алланың елшісі, сені осыншалықты әдепке кім баулыды?»,- деп сұрады. Ол (с.ғ.с): «Мені Раббым әдепті етті және жақсылап тәртиеледі»,- деп жауап қайырды.
Айша анамыздан (р.ғ): «Алла елшісінің мінез- құлқы қандай еді?»,- деп сұрағанда, ол: «Сіздер Құран оқымайсыздар ма?»,- деді.
Олар: «Оқимыз», - дегенде, анамыз: «Алла Расулінің мінез- құлқы Құран еді»,- деп жауап берді.
Демек, пайғамбарымыз (с.ғ.с) әдептің ең шыңынан орын алған. Олай болса, әдеп үйренгісі келгендер Алла елшісіне қарау керек. Сөйтіп бейнебір әдеп айнасына қарап тұрғандай, өзінің кем- кетігін түзетуі қажет. Өйткені Алла тағала оны бүкіл адамзатқа үлгі болатындай әдепті етіп жаратты. Пайғамбарымыздың пайғамбарлығының бір кереметі де осында.
Хикмет иесі Лұқпаннан: «Осыншама әдептілікті қайдан үйрендің?»,- дегенде «әдепсіздерден үйрендім. Олардың өзін- өзі ұстауына қарап, қайсысы көңіліме жақпаса, сол әдеттен бездім»,- депті.
Бұрынғы ізгі адамдар әдеп туралы небір құнды қанатты сөздер қалдырды. Мысалы: «Әдептілік – арлылық, әдепсіздік – сорлылық». «Әдептілік – әдемілік», «Әдеп – адамның киімі тәрізді. Әдепсіз адам жалаңашқа ұқсайды» деген қанатты сөздер әдепті бейнелі түрде түсіндірген. Әрине, әдеп адамның тәнінің емес, рухы мен жанының киімі. Киім болмаса, ұятты жерлеріміз ашық болып тұратын секілді, әдеп болмаса, рухымыздағы кейбір ағат мінездер жұртқа көрініп жүреді.
Тағы бір ғалым: «Әдеп – тәж секілді. Оны киген кісі бар бәледен құтылады». – деген. Ойланып қарасақ, шындығында әдепті кісіге қандай адам жау болады? Ешкімге соқтықпай, құлшылығын жасап, тек жүрген кісімен ешкімнің де ілігі болмасы анық. Керісінше, әдепті кісілерді жұрттың бәрі сыйлайды, тіпті патшадай құрметтейді.
Жалпы алғанда дінімізде әдептілік кең ұғымды қамтиды. Мұсылман адамды әдеп иесі деуге болады. Ал әдепті құлын Алланың сүйері анық.
Қарабалық ауданы "Ғашура ана" мешітінің бас имамы Рахым Серік
Жалпы, адамның ойы рухани жағдайына әрі адамның адамгершілігінің дамуына зор әсерін тигізеді. Яғни кез келген жағдайдың жақсы жағын ғана ойлай білу рухани дамуға сеп болмақ. Ал, жаман ойлаудан жағымсыз әдеттер әсерінен көптеген жандарда күмән, сенімсіздіктер пайда болады. Сенімсіздік пен күмән адамдар арасындағы қарым-қатынасқа кері әсер етеді.
Адамға қандай бір жағдай болмасын, дереу жаман ой келеді. Міне, осы уақытта мұсылман басқа адам жайында жақсы ойда болып, жаман ойға түсуден сақтануы тиіс. Яғни, басқа адамның «айыбын» көрсе, оны дереу жамандыққа жорып, шешім қабылдамай, ол турасында жақсы ой ойлау.
Қазақтың ұлы данышпан ойшылы, қазақ философиясында ар, ұят, ынсап мəселелерін философиялық логикада тұңғыш рет қарастырған ойшыл Шәкәрімқажы атамыз өз еңбектерінің бірінде былай дейді:
«Кейде дос та жамандар жоқ нәрсе үшін,
Дұшпан сөгер сыртыңнан қайрап тісін.
Өнері жоқ, өсекшіл ел жамандар,
Өтірік пе, рас па, көрмей ішін» - демекші, тіпті есту былай тұрсын, адам көзімен көрген істің сыртқы бейнесін көргенімен, оның шынайы мазмұнын білмеуі де әбден мүмкін.
Хазіреті Әли (Алла оған разы болсын): «Алланың құлдары жайында жақсы ойда бол! Егер сондай болсаң, көптеген ауыртпалықтардан құтыласың» деп өсиет еткен. Құранда Алла тағала: «Ей иман келтіргендер, көп күмәнді (жаман ойдан) сақтаныңдар. Өйткені кейбір күмәнді ойлар күнә» - деп ескерткен. (Хұжұрат сүресі-12). Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с): өсиет сөзі хадисінде: «Жаман ойдан сақтаныңдар! Өйткені жаман ой, орынсыз айыптау – сөздердің ішіндегі ең жаманы. Басқалардың сөздерін аңдып-тыңдамаңдар, кемшілік іздемеңдер, мақтанып өркөкіректік көрсетпеңдер. Бір-біріңді қызғанып, кек сақтамаңдар, бір-біріңнен жүздеріңді теріс бұрмаңдар. Ей, Алланың құлдары! Сендерге Алла бұйырғандай бір-біріңе бауыр болыңдар».
Жаман ойлар қайдан келе береді? Бәлкім бұл – білімнің аздығынан болар. Адамның білімі қаншалықты төмен болса, шариғаттың кейбір тұстарын түсінуде соншалықты қателесуі ықтимал. Сондықтан діни білімді барынша арттырып отыруға көңіл бөлгеніміз абзал.
Жағымсыз ойлар адамның табиғи қалпына, яғни кез келген дүниені ашумен қабылдау және айналасын тек қара түнекте көруге бейімділігіне байланысты туындайды. Ондай адамдар реті келе қалса шағымданып, айналасындағылардың қателігі мен кемшілігін жаны кіре айтып беруге дайын тұрады. Олардың осы қалпы әдетіне, кейін тіпті мінезіне айналып кетуі бек мүмкін.
Кімде-кім Алла Тағалаға жақын болуды қаласа, әуелі өзінің ойы мен Раббысымен байланысты нығайтып, жүрегіндегі жағымсыз ойлар мен күмәндармен күресуге тырысуы қажет. Санамызды жағымсыз ойлар келіп түрткен кезде ары қарай кіруіне жол бермей керісінше, жағымсыз ойды санамыздан шығарып тастауға талпыныс жасаған жөн. Жақсы ой Алланы көбірек еске алуға мүмкіндік беретінін естен шығармайық.
Әлдекімнің қандай да бір қателіген көрсеңіз немесе біреу сізді ренжітсе, оны ақтап алатын дәлел табуға тырысыңыз. Ибн Сирин: «Егер әлдебір бауырың сені сөзбен не ісімен ренжітер болса, оны ақтайтын дәлел ізде, ал егер ештеңе таппасаң, онда: "бәлкім, оның мен білмейтін дәлелі бар шығар деп айт"», - деген.
Қадірменді оқырман қауым! Жоғарыда айтылғандардан ой түйіп, баршамызда өзімізді адамдар туралы жақсы ойлауға баулуға тырасайық. Әрине бұл көп күш-жігер мен сабырлы еңбекті талап етеді, өйткені адамның ажырамас серігі шайтан ешқашан қарап қалмайды, ол адамдардың арасына бүлік пен дұшпандықты тудыруды қалайды. Адамдар жайында жақсы ойда болу, жақсылық тілеу және жақсы жақтарын көру бұл – Құдай тағаланың разылығына бөлейтін керемет қасиет әрі сауапты амал.
«Біреудің мінін тергенше,Жамандығын көргенше,
Өз ойыңды мазалап,Өз бойыңды тазалап
Өзіңмен күрес өлгенше» - деп басқаның айыбын көріп кінә артпас бұрын өз кемшілігімізді жоюға асығайық ағайын.
Алла Тағаладан баршамызға шынайы иман, таза жүрек нәсіп етуін, сондай-ақ діндес бауырларымыз туралы тек жақсы ойда болуды тілейік.
Рудный қалалық «Нұр» мешітінің имамы Бектұрсын Торғайбайұлы
Дін ғалымдары: «Көркем мінез» сөзін кеңінен қарастырып, адам баласының жеке өзіне, отбасында, жұмыс орнында, қоғамдық орындарымен құлшылығына қатысты іс- әрекетінде әдепті болу, тіпті талас- тартыс, кек алу, ажырасу, арыздану, өтініш, қарызды талап ету, жазалау сондай- ақ соғыс кездерінде де шариғат талаптарымен әдептерін сақтай отырып атқару,- деген.
Көрке мінез – ол пайғамбарлардың мінезі, ол шыншылдармен ізгілердің мінезі.
Қиямет күні таразы басында мүмин пенденің көркем мінезінен асқан ауыр нәрсе болмайды. Күмәнсіз Алла ауызы былапыт сөзге толы арсыз адамды жек көреді(1).
Бұл тақырыпқа қатысты мынадай хадистер бар: «Мүминдердің иман тұрғысынан ең кемелдісі – мінез- құлқы ең жақсы болғаны»(2), «Мүмин өзінің көркем мінезінің арқасында күндіз ораза, түнде намаз оқитын пенденің мәртебесіне жетеді»(3).
Хазіреті Әли (Алла одан разы болсын) көркем мінездің белгісі: «Харамнан аулақ болу, адал табыс табу және отбасына жомарт болу»,- деп айтқан.
Атам қазақ мақал- мәтелдерінің бірінде: «Аңдамай сөйлеген – ауырмай өледі»,- деген. Сонымен қатар «Он бәленің тоғызы тілден», «Ұрлық түбі - қорлық», «Біреуге ор қазба – өзің түсесің», «Жақсыға барсаң жадырап қайтарсың, жаманға барсаң жабығып қайтарсың»,- балалары мен немерелерін кішкентайынан тәрбиелеп отырған. Есейе келе дін мен дәстүрді қоса меңгерген ұрпағы, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсеткен.
Мінезі көркем адаммен дос болу, барлық адамның қалауы. Ал досы көпті дау алмасы анық. Басыңа күн түскенде, шынайы достар ғана қасыңнан табылады. Өмірдің қай бұрышында, кімді не күтіп тұрғаны бір Аллаға мәлім. Сүрінгенге сүйеу, қиналғанға жәрдемші болу адамдықтың белгісі. Алыс бар жерде беріс бар,- деген. Адамның жанын, адам ғана түсінері анық. Ендеше кеңшілікте кең болсаң, таршылықта айналаңнан адамдарды табасың деген. Көркем мінез жемісін осы өмірде және ақыретте де берері анық.
Қарабалық аудандық "Ғашура ана" мешітінің бас имамы Рахым Серік Темірбекұлы
____________________________________________________
Ардақты пайғамбарымыз Исламның асыл құндылықтарын адам бойына сіңіру үшін басқаларға өнеге көрсете отырып, бар күш-жігерін сарып етті. Ол өз іс-әрекетімен және көркем мінезімен көпшілікті тәнті ете білді. Соның нәтижесінде тұла бойы асыл қасиетке толы саңлақ сахабалар үмметі пайда болды.
Пайғамбарымыз қандай адам болмасын, онымен тез тіл табысып, жақсылыққа шақыратын. Ғаламның Падишасы қою қара түнек жапқан қоғамды жарық сәуледей тіліп өтіп, дүниені нұрға бөледі. Адамдардың жүрегіне – нұр, мінезіне – көркемдік дарытып тәрбиеледі. Сондықтан да, ол: «Қиямет күні таразыға қойылған нәрселердің ішінде көркем мінезден ауыр нәрсе болмайды» – деп, адамдарды көркем мінезді, әдепті болуға шақырды. Оның өсиет етіп: - «Көркем мінез дегеніміз ол – ашуды баса білуің және кек сақтамауың», – деп айтқан.
Ардақты Алла елшісі өмірінің соңына дейін кішіпейілдігінен танбаған, өзін Құдайдың қарапайым құлы санап, дүние-мүлік дегенді көзіне ілмей өткен жан болды. Ол ешқашан өзін-өзгеден артық санамаған. Алланың ең сүйікті Елшісі бола тұра жарлылықты жақын көріп, құлша өмір сүрді. Әркез: «Мен кедейлігімді мақтаныш көрем» деп те қоятын. Меккені азат етіп, даңқы асқақтап тұрған кездің өзінде де ол осы ұстанымынан таймады.
Пайғамбарымыздың рахымдылығы, жанашырлығы деген өз алдына ерекше еді. Жетім көрсең жебей жүр дегендей. Жетімдерді бауырына басып, басынан сипайтын. Ақ пейілімен оларға жақсылық жасайтын. Ата-анасыз өскен тұл жетімді көргенде жүрегі езіліп, тіпті көзіне жас үйірілетін. «Егер сенің жүрегің жұмсарсын десең, жетімнің басынан сипа», «Егер сен жұмаққа кіргің келсе, жетімдерге барынша қамқор болып, жақсылық жаса», – деп елді жетім-жесірлерге пана болуға шақырған.
Тағылымды Тәлімгер өзіне жәннаттың нәсіп етілгенін біле тұра, зікірі мен шүкірін көп айтып, құлшылығын бар ынта-жігерімен өзгелерден артық орындайтын. Ол түндерін таһажүдке (қосымша түнгі намаз) арнаушы еді. Таң атқанға дейін, аяқтары талып, ісініп, омырауын ыстық жас жуып, Алладан дұға тілеуші еді!
Екі дүние сәруары мұсылмандар арасындағы бауырмалдыққа үлкен мән беріп: «Мұсылман - мұсылманның бауыры, оған зұлымдық жасамайды, оны дұшпан қолына бермейді. Мұсылман, мұсылман үшін кірпіштен өрілген қабырға іспеттес. Олардың бірі, екіншісін бекітіп отырады»,- деген.
Тәлімгер ұстаз – ғылым-білімде кенжелеп қалған елдің ойлау тәсілін, әдеттері мен мінез-құлқын өзгерте білді. Надандықты – ғылыммен, тағылықты – мәдениеттілікпен алмастырып, мейірімсіз қатал адамдарды Жаратқаннан қорқатын, қайырымды да турашыл жандарға айналдырды. Асау тұлпардай жұлқынып, бағыну дегеннің не екенін білмейтін жандарға, заңға мүлтіксіз бағыныштылықты үйретті.
Қадірлі ағайын! Бұл айтылғандар хазреті Пайғамбардың өнегелі ғұмыр кешкенінің бірер көрінісі ғана. Алла елшісінің өмірімен жақыннан танысқан сайын, біз оның қай ісінің де үлгі-өнегеге лайық екенін көреміз. Алла тағала бізді 124 мың пайғамбардың арасынан хз.Мұхаммед ғ.с.-ге үммет болу нығметі мен абыройына бөлеген. Пайғамбарлар сұлтанына үммет болу ең үлкен бақыт әрі зор жауапкершілік екенін ұғына білейік.
Құранда Алла Тағала:«Алла пайғамбарына рахым етіп абыройын жоғарылатады, дәрежесін көтереді. Періштелерде соны қалап дұға етеді. Уа, мұсылмандар, сендер де расулаллаға салауат айтыңдар, сәлем жолдаңдар!» - делінген. Суфиян Сәури (р.ғ.): Алла тағала салауаты – рақымет, періштелер салауаты – истиғфар. Бұл аятта Алла тағала пенделерге құлы әрі елшісі Мұхаммедтің (с.ғ.с) көктегі мәртебесі айтылып, салауат айтылу әмір етілуде. Салауат – дұға-тілек дегенді білдіреді. Салауат айту – күнәлардың кешірілуіне себеп болады. Хадисте: «Кімде-кім маған бір рет салауат айтса, Алла ол адамға 10 рет салауат айтады. 10 қателігі кешіріліп, 10 дәреже көтеріледі» (Нәсай, Сәһу, 55). Тіпті салауат айта отырып тілеген тілектің қабыл болатыны жайлы да риуаяттар бар. Соның бірін Омар (р.ғ) былай жеткізеді: «Жасалған дұғалар, жеріне жетпестен бұрын жер мен көктің ортасында тұрады. Ол Пайғамбарымызға салауат айтқан кезде ғана жетеді». Сондықтан, осындай мүбарак мәуліт айында Алла елшісіне көп-көп салауат айтып, Оны жан-тәнімізбен сүйіп, Оның біздерге қалдырған баға жетпес сүннет жолын дұрыс ұстана білейік.
Осынау айда мүмкіндігімізше «Аллаһуммә салли ғалә сәиидинә Мұхаммәд»-деп салауатты көбейтуге тырысайық. Салауат айтуды айналамыздағы ағайын-туысқа, балаларымыз бен дос-жарандарымызға насихат етуді ұмытпайық. Осынау айтулы мейрамның аясында Алла Елшісін жақсырақ танып, өсиеттерін тереңірек түсінуді нәсіп етсін. Осы мерейлі мәуліт мерекесі адамдар арасындағы рахым-мейірімнің, имандылықтың, бауырмалдықтың арта түсуіне сеп болғай.
Елім деген адамға – ел ғашық демекші, Жүрегіміз Қазақстан деп соғып, ел мүддесі үшін адал қызмет етуді Алла нәсіп етсін. Халқымыздың ырыс-несібесі молайып, ауызбіршілігіміз арта берсін. Әмин!
Рудный қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы
Ақиқатында, адам баласы бұл жалғанға Жаратушысын танып, Оған құлшылық ету үшін келген. Құранда Құдай тағала: «Жын мен адамзатты Өзіме ғибадат етулері үшін ғана жараттым», – деген иләһи әмір айтқан.
Пендеге міндеттелген парыздарды орындаумен бірге тіршіліктің қамын жасап, бала-шағаға адалынан напақа тауып, тәлім-тәрбие беру де ғибадат. «Ер дәулеті – еңбек» демекші, мұсылман үшін өзін және отбасын асырау, адал еңбекпен нан табуы – құлшылықтың бір түрі. Абдулла ибн Масғұдтан (р.ғ) жеткен риуаятта Алла Елшісі (с.ғ.с): «Адал кәсіп табуға талпыну – парыздан кейінгі парыз» деген. Өйткені, бұл да дініміздің бұйрығы.
«Еңбек – адамның көркі, адам – заманның көркі» дегендей, жастар өз қабілет-қарымына сай елге де, өзіне де пайдалы кәсіп маманы болуы маңызды. Тек қана заңгер, қаржыгер болам деген қате пікір. Барлық мамандық жақсы. «Сен де бір кірпіш, дүниеге кетігін тап та, бар, қалан!», – деп Абай атамыз айтқандай, Отанымыздың титтей болса да бір тетігін бүтіндеуге бар болмысымызбен атсалысуымыз қажет.
Адамзат асылы саналатын Пайғамбарлардың барлығы да маңдай терімен нәқапасын тапқан.
Лұқман Хәкім өз перзентіне: «Балам! Кедейлік атаулыдан адал кәсіп етіп тәуелсіз бол. Өйткені, кісі қолына қараған адамның басына үш жаманшылық келеді. Ол 3 нәрсе мынау: діні әлсірейді, ақылы төмендейді және адамгершілігін жоғалтады. Бұл үш қасіреттен де ауыры адамдар оны менсінбей кетеді», – деген екен.
Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) еңбек туралы: «Кісі қолына мұқтаж болудан сақтанып, бала-шағасын асырап, көрші-қолаңына жақсы қарым-қатынаста болып дүниені адал жолмен тапса, Алланың алдына барғанда оның жүзі толған айдан жарық болады», – деген.
Еңбек етпей, маңдайдан тер төкпей адам баласының мақсатына жетпесі хақ. Жұмыстан қашып, «жеңілдің асты, ауырдың үстімен» жүру – бойға жабысқан жалқаулықтың белгісі. Білім-ғылымда да күнделікті тұрмыста да кісіні көш соңында қалдыратын себеп ол – жалқаулық. Ал, жалқаулық пен жатыпішерлік мұсылмандыққа да, адамгершілікке де жат нәрсе.
Мұсылман деген тек мешіттен шықпай мінәжат ететін адам емес. Ол дүние тіршілігінде өзгемен терезесі тең болу үшін еңбек ететін, еңбекқор жан. Нағыз мұсылман – дүниелік тіршілігіне де, діни құлшылығына да бірдей тең қарайтын адам. Құран Кәрімде: «Намаз аяқталғанда, жер бетіне тарқалыңдар да Алланың нығметінен өздеріңе рызық-несібе іздеңдер әрі Алланы көп еске алыңдар, мүмкін бақытты боларсыңдар», – деп әмір етілген.
Бір хадисте: «Еңбек етуден қолдары күстенген, шаршап-шалдығып ұйқыға кететін адам кешірімге бөленіп, күнәларынан арылады»деп, Алла елшісі еңбекқорларды сүйіншілейді.
Дана халқымыз: «Еңбегің болмаса елге өкпелеме, Ықтасының болмаса желге өкпелеме», – дейді. Қазір кейбіреулерге: «Неге жұмыс істемейсің?» – десең: «Жұмыс жоқ», деп жауап береді. Еңбекқор адамға әрдайым жұмыс табылады. «Екі қолға бір күрек» деп мұсылман сегіз қырлы бір сырлы болуы қажет. Нағыз азамат өзінің біліміне, білегіне сүйенеді.
Хәкім Абай: «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап», – дегендей мұсылман баласы еңбекқор болуы керек.
«Адал еңбек елге жеткізер, Арам еңбек елден кеткізер» -дегендей, ең басты назарда ұстауға тиісті болған нәрсе ол – адам істеген ісінің қиындығына немесе жеңілдігіне, беделділігіне емес, ең алдымен тапқан табысының адалдығына баса мән беруі қажет.
Қадірлі оқырман қауым! Бабаларымыз: «Еңбегімен ер сыйлы» деген, әуелі өзімізі еңбектеніп, перзенттерімізді де жас күнінен еңбекке баулып өсіре білейік. Алла тағала еткен еңбектеріңіздің екі дүниеде нәтижесін көруді, сауаптан болуды нәсіп еткей!
Рудный қалалық «Нұр» мешітінің имамы Бектұрсынқажы Торғайбайұлы
Мұсылман пенденің бойында болатын ізгі сипаттың бірі – кешірімділік. Бұл жалғанда кемшіліксіз адам болмайды. Кісінің оқыс істері мен зиянды іс- әрекеттері анықталғанда, оған адами тұрғыдан кеңшілік жасап, орын алған жайдың мән- жайын түсіндіру, кеңшілік көрсету – кешірімділік болып табылады. Қасиетті Құран Кәрімнің «Шура» сүресінің 43- аятында Алла Тағала:
وَلَمَنْ صَبَرَ وَغَفَرَ إِنَّ ذَلِكَ لَمِنْ عَزْمِ الأُمُورِ
«Әрине кім сабыр етіп, кешірімді болса, дау жоқ істердің ең маңыздысы осы» - деп айтқан.
Дін мен дәстүрді қатар алып жүрген ата- бабаларымыз жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайтындығын ескеріп: «Кешірім жасау – кеңдік, кешіре алмау кемдік» немесе «Жақсы адамның ашуы – шәй орамал кепкенше» - деу арқылы ренжісті ұзаққа созбай, тезірек кешіруді адам бойындағы ізгі қасиеттердің қатарына жатқызған.
Дінімізде бауырмашылдық, кешірім жасау әрқашан үлгі-өнеге етіледі. Өйткені, Ислам осындай ғибратты қасиеттердің арқасында бүкіл әлем жұртшылығын мойындатты. Кешірім-адамдардың арасындағы сүйіспеншілік пен сыйластықты нығайтады. Ол отбасының ынтымақ пен бірлікте өмір сүруіне ықпал етеді. Өзара сенімді нығайтады. Татулықты барынша арттырады.
Бұл жайында Құран Кәрімнің Фуссилат сүресінің 34- аятында Алла Тағала былай дейді:
وَلَا تَسْتَوِي الْحَسَنَةُ وَلَا السَّيِّئَةُ ادْفَعْ بِالَّتِي هِيَ أَحْسَنُ فَإِذَا الَّذِي بَيْنَكَ وَبَيْنَهُ عَدَاوَةٌ كَأَنَّهُ وَلِيٌّ حَمِيمٌ
Жақсылық пен жамандық тең емес. Жамандықты ең көркем түрде жолға сал. (Жамандыққа қарсы жақсылық қыл). Сол уақытта сенімен екеуің араңда дұшпандық болған біреу, өте жақын достай болып кетеді.
Кешірім жасау кімнің болсын абырой, дәрежесін көтереді. Бір жағынан оның азаматтық болмысының жоғары екендігін айқын дәлелдейді. «Ұлық болсаң кішік бол» деген сөз де босқа айтылмаған. Кішіпейілдік ешкімнің де беделін түсірмейді. Кімде- кім кешірімділік сипатына ие болса, ол адам бұл дүниеде бақытты, ал ахіретте жомарттықпен нығметтеледі. Сондықтан да бұл сипат дінімізде көркем мінезділіктің шыңы болып табылады.
Бір күні пайғамбарымызға (с.ғ.с) Жәбрейіл (ғ.с) періште келіп: «Ей, Мұхаммед! Мен саған бұл дүниелік және ахіреттік болатын көркем мінездер әкелдім»,- деп мына аятты оқыды:
خُذِ الْعَفْوَ وَأْمُرْ بِالْعُرْفِ وَأَعْرِضْ عَنِ الْجَاهِلِينَ
(Мұхаммед) Кешірім жолын ұста және оларға туралықты әмір ет. Сондай- ақ надандардан бет бұр.(Ағраф сүресі-199 аят).
Сонда Алла елшісі (с.ғ.с) бұл аяттың мағынасын сұрағанда, Жәбрайл (ғ.с):
«Расында Алла тағала саған және сенімен арасын үзген адаммен қарым- қатынасыңды жақсартуды, саған бермеген адамға беруді, саған зұлымдық жасаған адамды кешіруді, саған дұшпандық қылғанға сабыр етуді бұйырды»,- деген екен.
Хасан әл- Басри (Алла оны рахымына бөлесін): «Мүминнің мінезінің ең абзалы – кешірімділік»,- деген. Өкпелеу, ренжу, көңілге алу әркімнің де қолынан келеді. Алайда кешіру – жүрегіне иман ұялаған, Алланың кешірімін үміт ететін құлдарға тән қасиет.
Кешірім сұрағанды кешіре білу – адамдықтың белгісі. Кешірімді болсаң кең боласың. Кең болсаң кем болмайсың.
Қарабалық аудандық
«Ғашура ана» мешітінің
Бас имамы Серік Рахым Темірбекұлы