Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри

Ислам және отбасы

Әйел мен еркек тең бе?

«Әйел мен еркек теңдігі» мәселесін қанша шулатқанмен, шындап келгенде, жаратылыс тұрғысынан әйел мен еркек тең емес. Әрқайсысы өзіне тән қасиеттерімен ерекшеленеді. Егер бір-бірінен ешбір айырмашылығы жоқ өзара тең жаратылыс болғанда, Алла Тағала еркек-әйел етіп бөліп жатпай, бәрін біркелкі әйел немесе еркек етіп жаратар еді. Еркек пен әйел табиғатындағы өздеріне тән ерекшеліктерімен екеуі бір-бірін толықтыра түседі. Қазақ «Екі жарты бір бүтін» деген. Сол себептен, әйел еркектен жоғары немесе төмен деу, жалпы алғанда, дұрыс айтылған сөз емес. Әрқайсысының қоғамда өзіндік орны бар. Әрбірі соны дұрыс атқарған кезде ғана мінсіз қоғам пайда болады. Алла Тағала Құранда:

وَمِنْ آيَاتِهِ أَنْ خَلَقَ لَكُمْ مِنْ أَنْفُسِكُمْ أَزْوَاجًا لِتَسْكُنُوا إِلَيْهَا وَجَعَلَ بَيْنَكُمْ مَوَدَّةً وَرَحْمَةً

«Бауыр басып, тұрақтауларың үшін, өздеріңнен жұбайлар жаратып, араларыңда махаббат пен мейірімділік сезімін оятты» (Рум сүресі, 21).

Екі жыныс өкілінің де қоғамда өзіндік міндеттері бар. Кей тұстарда еркектен асып түскен әйел, кей тұстарда одан төмен тұрады. Мысалы, еркек қанша тырысса да әйелдер секілді дүниеге бала әкеле алмайды. Өйткені, тоғыз ай қабырғасы қайысып құрсақ көтерудегі сабырлылық, толғақ кезіндегі өліммен арпалысқан қайсарлылық – тек әйелдердің ғана қолынан келетін іс. Ер кісі сәбиге әйел секілді түн ұйқысын төрт бөліп қарай алмайды. Бала тәрбиесінде де әйелдегі мейірімділік пен ептілікті ер адам көрсете алмайды. Міне, әйелдер өз табиғатындағы осындай қасиеттерімен еркектен жоғары тұрады.

Ал, еркектер әйелдерге қарағанда дене бітімі жағынан ірілеу әрі күштілеу келеді. Міне, сондықтан ел қорғау, от-басын асырау секілді басқа да ауыр жұмыстарды ер кісілер атқарады. Дер кезінде шешім қабылдау жағынан да әйелдер еркектерден төмен. Сондықтан да болар «әйелдер теңдігі» деп аттан салып жатқан батыстықтарда ғасырға жуық уақыт өтсе де әлі күнге дейін ұшақ айдайтын әйел заты жоқтың қасы. Неге? Өйткені, ұшқыштық – дер кезінде шешім қабылдауды, ерлікті қажет ететін аса қиын іс. Сондықтан, әйелдер ұшқыш емес, көбінесе жолсеріктікті таңдайды. Әлем басшыларына қарасақ та, көбінесе еркектер көзге түседі. Міне, осының өзі табиғи көрсеткіш. Мұндай істерді әйел адам мүлде істей алмайды деуден де аулақпыз. Кейбір еркектерді он орап алатын әйелдер де кездеседі. Біз тек жалпы жағдайды тілге тиек етіп отырмыз.

Әйелдерден еркек жасағысы келетіндер мынаны ескерсе екен. Әйелдердің табиғаты тым нәзік, сезімтал. Осыған сай оның өзіндік міндеті бар. Әйелдер сырттан гөрі ішкі шаруаларға бейім. Егер әйел баласы өз міндетіне салғырт қарап, есіл-дерті далада болса, қоғам өмірінде кейбір келеңсіз жайттардың бой көтерері даусыз. Мысалы, саясатпен айналысатын әйелдің отбасында бала тәрбиесі ақсап, күйеуімен арада салқындық пайда болуы мүмкін. Мансап қуған әйел көбіне бала туудан саналы түрде бас тартады. Өйткені, мансабын жарты жолда тастағысы келмейді. Мысалы, «Әйел теңдігін» желеулеткен европа елдерінде бүгінде бала саны мүлдем аз. Сол себептен, европа елдерінде «бала мәселесі» мемлекеттік деңгейде талқыға түсіп, оны көбейтудің жолдары қарастырылуда. Иә, әйелдер саясаткер боламын, биліктің бір тұтқасын мен ұстаймын деп желпінгеннен гөрі биліктің тұтқасын ұстайтын мықты азамат дүниеге әкеліп, елін, халқын ойлайтын ұрпақ тәрбиелесе, биліктің тұтқасын ұстады деген сол емес пе?! Ата-бабамыз «әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деп қандай әдемі айтқан.

Иә, «менің еркектен қай жерім кем, өзімді өзім асырай аламын, еркектің маған қажеті шамалы, тіпті, мына ғылым дамыған заманда еркексіз-ақ балалы бола аламын» деп желігіп жүрген әйелдер де кездеседі. Ал, мұндай әйелдердің күйеуіне бағынбасы айдан анық. Бағыну былай тұрсын, тәуелді болмаймын деп дала кезеді. Жұмысбасты болып үйдің тірлігінен қол үзеді, бала тәрбиесіне де салғырт қарайды. Ондай отбасылар көбінесе ажырасып тынады. Кешке жұмыстан шаршап келгенде алдынан күлімдеп әйелі, еркелеп бала-шағасы шықпаған отбасында қандай береке болсын?! Өз жаратылысына сай емес істермен әуреленіп жүрген нәзік жанды әйелдерде бара-бара еркек мінезділік пайда болады. Ислам дінінде әйелдің еркекке ұқсауына, еркектің әйелге ұқсауына қатаң тыйым салынған. Сондықтан, әйелдер қоғамдағы әр түрлі іс-қызметтерде де бала тәрбиесі мен отбасының істерін қатар алып жүре алатындай өз болмысына сай жұмыстарды таңдағаны жөн. Бірақ, қажеттіліктің күн санап артқан қазіргі мына заманда әйел баласы жанұя экономикасына өз үлесін қосып, ерінің бір жағынан шығу үшін түрлі жұмыстарда істеуде. Мұндай жағдайда әйелдің үйдегі жұмыстары мен бала тәрбиесіне ері көмек көрсеткені жөн. Бұл жатырқап қарайтындай жат нәрсе емес. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) да қат-қабат шаруалар мен сан-алуан оқиғалардың бел ортасында жүріп, үй шаруаларында жұбайларына үнемі көмек көрсеткен.

Құранда:

الرِّجَالُ قَوَّامُونَ عَلَى النِّسَاءِ

«Еркектер әйелдерге пана, қамқоршы, жауапкер, қорған, басқарушы»[1] деген. Ендеше, осы жауапкершілікті арқалаған еркек отбасынының тізгінін өз қолына алып, парасаттылықпен, үлкен жауапкершілікпен басқаруы тиіс. Еркек отағасы екенмін деп дөрекілікке, «мен айттым болдыға» салынбай, бар мәселені өзара түсіністікпен, үнемі ақылдасумен шешкені жөн. Әйелдер де еріне бағынуы тиіс.

Әйел болмысы басшылық не қаттылыққа емес, керісінше, мейірімділік пен ұяттылыққа, инабаттылық пен ізеттілікке бейім. Ал еркектердің болмысы дөрекілік пен қатігездікке емес, жауапкершілікке, отбасына қамқоршы, қорған болуға бейім.

Құран Кәрімде Алла Тағала:

وَالْمُؤْمِنُونَ وَالْمُؤْمِنَاتُ بَعْضُهُمْ أَوْلِيَاءُ بَعْضٍ ۚ يَأْمُرُونَ بِالْمَعْرُوفِ وَيَنْهَوْنَ عَنِ الْمُنكَرِ وَيُقِيمُونَ الصَّلَاةَ وَيُؤْتُونَ الزَّكَاةَ وَيُطِيعُونَ اللَّهَ وَرَسُولَهُ ۚ أُولَٰئِكَ سَيَرْحَمُهُمُ اللَّهُ ۗ

«Мүмін ерлер мен әйелдер бір-бірінің досы һәм жанашыры. Олар жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыюға тырысады. Намазды толық орындайды, зекеттерін береді. Алла Тағалаға және Пайғамбарына бағынады. Міне соларды Алла Тағала шексіз рақымына бөлейді» дейді (Тәубе сүресі, 71).

Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисінде:

أَكْمَلُ المُؤْمنين إِيمَاناً أَحْسنُهُمْ خُلُقاً ، وَخِياركُمْ خيارُكم لِنِسَائِهِ

«Мүміндердің иман тұрғысынан ең кәмілі – мінез құлқы көркем болғандар. Ең жақсыларың- әйелдеріне жақсы қарағандар» (Тирмизи) десе, басқа бір хадисте «күйеуі өзінен разы болған күйде қайтыс болған әйел жәннатқа кіреді» деп, ер мен әйелді өзара рухани түсіністікке, теңдікке шақырған.

Алла Тағаланың алдында пенде еркек немесе әйел болғандығымен, байлық, мансабымен емес, иманының деңгейімен өлшенеді. Олай болса, еркек пен әйелден, оларға Жаратушы тарапынан асқан хикметпен берілген асыл міндеттердің қаншалықты атқарылғандығы да сұралмай қалмайды.

Қостанай облыстық «Марал ишан»
мешітінің найб имамы
Икрам Бақытжан

алдыңғы мақала
Кеңес заманында АХАЖ-да неке қидырған кісілер не істеуі керек?

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником