Намаз Ислам дініндегі негізгі тіректерінің бір тірегі болып табылады. Алла Тағала Кұран Кәрімде (اقيموا الصلاة) Намаздарыңызды тұрғызыңыздар деп көптеген аяттарда бұйырған. Яғни толық тәмәм етіңіздер дейді. Пайғамбар (Алла Тағаланың игілігі болсын) өсиетінде имам Муслимнің сахих жинағында Әбу Хурайрадан (оған Алла разы болсын) жеткен хадисте: ابو هريرة عن رسول الله صلى الله عليه وسلم قال( اقيمو الصف في الصلاة فإن إقامة الصف من حسن الصلاة )
«Намазда саптарыңызды түзу етіңіздер, әлбетте саптың түзулігі намаздың көркемділігінен» делінген. Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алла Тағаланың игілігі болсын) жамағат намазындағы саптың түзулігі маңызды болғаны себепті, намазға сапталудың көрінісін Сахабаларға баяндап, көрсетіп кетті.
(البراء بن عازب قال؛ كان رسول الله صلي الله عليه وسلم يتخلل الصفوف من ناحية إلى ناحية ويمسح مناكبنا و صدورنا يقول (لا تختلفوا فتختلف قلوبكم)
Барроғу ибн Ғазибтен (оған Алла разы болсын) жеткен хадисте бұл хадис имам Ахмад, Әбу Дәуід және имам Нәсәидің еңбектерінде келген:
Алла елшісі (Алла Тағаланың оған игілігі мен сәлемі болсын) саптың бір жағынан екінші жағына қарай өтіп, сапты түзететін және иықтарымыз бен кеуделерімізді туралап айтатын сап ретін бұзбаңдар, (сапта) әрқилы болмаңыздар, нәтижеде жүректеріңізде алауыздық пайда болады. Расында Алла Тағала мен Оның періштелері әуелгі қатарда тұрғандарға Хақ Тағаланың рахметін тілейді.
Әнәс ибн Мәликтен (оған Алла разы болсын) жеткен хадисте:
(عن أنس بن مالك عن النبي صلي الله عليه و سلم قال؛ أقيموا صفوفكم ,فإني أراكم من وراء ظهري و كان أحدنا يلزق منكبه بمنكب صاحبه و قدمه بقدمه)
Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алла Тағаланың игілігі болсын) «саптарыңызды түзу етіңіздер, әлбетте мен сіздерді артқы тарапымнан да көремін делінген.
Міне осы секілді жамағат намазындағы саптың көрінісін баян еткен хадистер көп келген. Бұл хадистерден түсінілетін нәрсе ол намаздағы саптың түзулігін сақтау. Бұл түзулік хадисте келгеніндей, пенде сапта тұрғанда иығын қатарлас тұрған адамның иығымен теңестіріп, кеуделерін саппен қатар ұстап, тобықтарын тең ету. Бұл намаздың әдебінен болып табылады.. Намаз пенденің Раббысымен байланыста болатын кезі. Сол себепті ғибадат етуші намаз құлшылығын өтеуде өзінің пенде екенін сезініп Раббысына деген толық ықыластығы мен көркем әдебін сақтауы тиіс.
Ал кәзіргі таңдағы кейбір намазхандардың жамағат намазында хадисте Паиғамбарымыз (Алла Тағаланың игілігі болсын) (سدوا الخلل) «бос орынды бекітіңіздер» деген деп, намазда сапталуларында аяқтарын өз иық мөлшерінен алшақ ашып тұрулары намаз әдептеріне сәйкес келмейді. Өйткені хадисте айтылған сөздің біріне амал етемін деп басқасын тәрк етуі дұрыс емес. Пайғамбарымыз (Алла Тағаланың оған игілігі мен сәлемі болсын) «бос орынды бекітіңіздер» дегенде екі аяқ арасындағы орын емес бәлкім екі адам арасындағы орын айтқан.
و الله اعلمАйбек Аманқосұлы Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінің бас имамы