Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри

Ақида

Аспан – дұғаның құбласы

Әлемдердің Раббысы Аллаға мақтау-мадақ болсын. Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның отбасына және барлық сахабаларға салауат болсын.

Дінге енгізілген жаңалықты ұстанушылар өз сенімдерін бекіту үшін жалған дәлелдерге жүгініп жатады. Соның ішінде "мушаббиха", яғни, «Алла аспан үстінде» дейтіндер сол «дәлелдерді» тілге тиек етеді. Мәселен, Ибн Усаймин жануарлар мен жәндіктердің бастары мен аяқтарын аспанға көтеретіндерін "Алла төбеде" деген сөзін дәлелдеу үшін пайдаланған.

Бірақ, біз бүгін басқа «дәлелді» талдамақпыз. Барша мұсылмандар Аллаға дұға қылған кезде қолдарын көтеріп жалбарынады. Алла Тағаладан сұраған кезде қолды жайып, көтеру сүйікті Пайғамбарымыздың, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), Сүннеті болып табылады. Дұға қылған кезде қолды көтеру керектігін растайтын хадистер бар.

Әли ибн Әби Талиб (Алла оған разы болсын), Алла Елшісінің, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), былай дегенін риуаят еткен: «(Аллаға дұға қылу кезінде) қолды көтеру – бойұсынуды көрсетеді. Ол жайында Алла Тағала былай дейді: «Біз оларға жаза тағайындадық. Бірақ, олар Раббыларының алдында да, намаздарында да мойынсұнған жоқ».(«Мустадракта» Әл-Хаким мен «Сунанда» әл-Байхақи)

Мәлік ибн Ясар, (Алла оған разы болсын), Алла Елшісінің, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), былай дегенін риуаят еткен: «Алладан сұрағанда алақандарыңмен сұраңдар, алақандарыңның сыртқы жағын қаратып сұрамаңдар». (Ахмадтың «Муснадында» және Әбу Даудтің «Сунанында»)

Сондай-ақ, Омар ибн әл-Хаттаб, (Алла оған разы болсын), Алла Елшісінің, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), Аллаға дұға қылған кезде қолын көтергенін және бетін сипамай қолын түсірмейтін болғандығын риуаят еткен. («Сунан» әт-Тирмизи)

Мушаббихтердің алақанды аспанға қаратып көтерудің себебі ─ «Алла сол бағытта, яғни, аспан үстінде Өзінің Аршысында отырады» дейді.

Ғұламалар болса, мутакаллимдер, мухаддистер, факихтер, муфассирлер, сопылар, тіл мамандары және Әһлү Сүнна уәл Жамағатқа жататын басқа да мұсылмандар Алланы мекеннен және белгілі бір тарапта болудан пәктеп, мұндай «дәлелдерді» негізсіз деп санайды.

Осы мәселеге байланысты бірқатар беделді ғұламалардың пікірлерін келтірейік.

Әһлі-Сүннет жолының ұлы имамы Әбу Мансур әл-Матуриди (хижра бойынша 333 ж. көз жұмған) «Китаб Таухид» (75-76 беттер) кітабында былай деген:

وأما رفع الأيدي إلى السماء فعلى العبادة، ولله أن يَتَعَبَّد عباده بما شاء، ويوجههم إلى حيث شاء، وإن ظن من يظن أن رفع الأبصار إلى السماء لأن الله من ذلك الوجه إنما هو كظن من يزعم أنه إلى جهة أسفل الأرض بما يضع عليها وجهه متوجهاً في الصلاة ونحوها، وكظن من يزعم أنه في شرق الأرض وغربها بما يتوجه إلى ذلك في الصلاة، أو نحو مكة لخروجه إلى الحج

«Алақанды аспанға қарата жаюға келер болсақ, бұл ғибадат үшін (яғни, Шариғаттың үкімі сондай). Ал, Алла құлдарының құлшылық жасаудағы қағидаларын Өз қалауымен орнатып, Өзі қалаған жаққа бағыттайды. Расында, «Алла аспанда болғандықтан, біз сол жаққа қараймыз» дейтіндердің болжамы «намаз кезінде біз жүзімізді жерге қоятындықтан, Ол жер астында» дейтіндердің жорамалына ұқсайды. Ол: "Алла жердің батысында немесе шығысында" - деп пайымдайтындардың болжамына ұқсайды, себебі, олар намаз оқығанда сол жаққа бет бұрады емес пе? Яки, мәселен, өзі Меккеге қажылыққа баратындықтан "Алла сол жақта" - дейтіндердің сөзіне ұқсайды».

Өз заманындағы шафиғиттердің имамы шейх уль-Ислам Әбу Исхақ әш-Ширази (хижра бойынша 393-476 жылдар) «Әл-Ишарат иля мәзһаб әһлү әл-Хакк» кітабында былай деген:

فإن قيل: إذا لم يكن في جهة، فما فائدة رفع الأيدي إلى السماء في الدعاء، وعروج النبي إلى السماء؟ يُقال لهم: لو جاز لقائل أن يقول إن الرب في جهة فوق، لأجل رفع الأيدي إلى السماء في الدعاء!! لكان لغيره أن يقول: هو في جهة القبلة، لأجل استقبالنا إليها في الصلاة!! أو هو في الأرض، لأجل قربنا من الأرض في حال السجود؛ وقد رُوي في الخبر عن النبي أنه قال: { أقرب ما يكون العبد من إذا سجد }، قال : واسجد واقترب !! فلو كان في جهة فوق، لما وُصف العبد بالقرب منه إذا سجد؛ فكما أن الكعبة قبلة المصلي يستقبلها في الصلاة، ولا يقال إن في جهة الكعبة ومستقبل الأرض بوجهه في السجود لا يقال: إن في الأرض، فكذلك _ أيضاً _ جُعلت السماء قبلة الدعاء، لا أنّ حالّ فيها. وكذلك أيضاً عروج النبي إلى السماء، لا يدل على أن في السماء، كما أن عروج موسى عليه الصلاة والسلام إلى الجبل، وسماعه لكلام تعالى عنده، لا يدل على أن حالّ في الجبل؛ فعروج النبي : إنّما كان زيادة في درجته، وعلواً لمنزلته؛ ليتبين الفرق بينه وبين غيره في المنزلة وعلو الدرجة

«Егер кімде-кім: «Алла ешбір тарапта болмаса, дұға жасау кезінде қолды аспанға көтерудің және Пайғамбардың, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), көкке көтерілуінің мәні неде?» - деп сұраса, оған былай жауап бер: «Егер кімде-кім дұға жасау кезінде қолымызды аспанға қарай көтеретіндіктен "Раббымыз төбеде" десе, басқа біреу біз намазды құблаға қарап оқитындықтан, Жаратушымыз құбла тарапта деуі мүмкін ал екінші біреу біз сәждеге барғанда бетімізді жерге қоятындықтан, Жаратушы Иеміз жер астында деуі ғажап емес, өйткені, Пайғамбардың (оған Алланың иілігі мен сәлемі болсын), былай дегені риуаят етілген ғой: «Құлдың Ұлы әрі Құдіретті Аллаға ең жақын болатын күйі – сәждеде». Сондай-ақ, Алла Тағала былай дейді: «Олай емес, (Мұхаммед Ғ.С.) оған бағынба, Аллаға сәжде қыл, жақында!» (96:19)». Алла жоғарыда болса, құл сәждеге барған кезде Оған жақын болмас еді. Намаз оқығанда Қағбаға бет бұрғанымыз секілді (бірақ, Ұлы әрі Құдіретті Алла Қағба тарапта демейміз) және сәждеге барғанда жерге бетін тақайтыны сияқты (бірақ, Алла жер астында демейміз), дұға қылғанда қолымызды аспанға қарата көтереміз, бірақ, Алла сол жақта болғандықтан емес».

Имам Абуль-Муин ән-Насафи әл-Ханафи (хижра бойынша 418-508 жылдар) «Табсират әл-адиллят фи усул әд-Дин» (181-182 беттер) кітабында былай деген:

وتعلقهم بالإجماع برفع الأيدي إلى السماء عند المناجاة والدعاء باطل، لما ليس في ذلك دليل كونه تعالى في تلك الجهة، هذا كما أنهم أمروا بالتوجه في الصلاة إلى الكعبة وليس هو في الكعبة، وأمروا برمي أبصارهم إلى موضع سجودهم حالة القيام في الصلاة بعد نزول قوله تعالى: {قد أفلح المؤمنون الذين هم في صلاتهم خاشعون} [سورة المؤمنون/ 1ـ2] بعدما كانوا يصلون شاخصة أبصارهم نحو السماء، وليس هو في الأرض، وكذا حالة السجود أمروا بوضع الوجوه على الأرض، وليس هو تعالى تحت الأرض، فكذا هذا. وكذا المتحري يصلي إلى المشرق واليمن والشام، وليس هو تعالى في هذه الجهات. ثم هو يعبد كما في هذه المواضع ويُحتمل أنه تعالى أمر بالتوجه إلى هذه المواضع المختلفة عند اختلاف الأحوال ليندفع وهم تحيزه في جهة ويصير ذلك دليلا لمن عرفه أنه ليس بجهة منا. وقيل إن العرش جعل قبلة للقلوب عند الدعاء كما جعلت الكعبة قبلة للأبدان في حالة الصلاة

«Қолды жоғары көтеру Алла сол тарапта дегенге дәлел бола алмайды. Керісінше, бұл намаз оқығанда Қағба жаққа қарай бет түзеумен бірдей, бірақ, Алла Қағбада емес қой. Сонымен қатар, «Шынында иман келтіргендер құтылды. Олар, сондай мүміндер, намаздарында іштей жалбарынады»(23:1-2) деген аят түскеннен кейін қиямда тұрғанда сәждеге баратын жерге қарау әмір етілді. Бұл бұйрық сахабалар аспанға қарап намаз оқитын болғаннан кейін түсті. Алайда, Алла жерде емес қой. Сәждеге барғанда да басымызды жерге қою әмір етілген. Бірақ, Алла жер астында емес қой. Йеменде немесе Шамда намаз оқитын адам шығысқа қарай бет бұрады, алайда, Алла ол тараптарда емес. Ол тек көрсетілген жерлерде қалай құлшылық жасау керектігін бұйырды. Бұл «жаратылыстар кеңістікпен қоршалғандықтан, Алла Өзін олардан бөліп алу үшін осы жерлерде әр түрлі бағытқа қарап ғибадат жасауды әмір етті» деп түсіндіріледі. Сондықтан, бұл Алланы ешбір тарапқа тәуелді емес деп таныған адам үшін дәлел болып табылады. Сондай-ақ, Қағба намаздың құбласы секілді, Аршының да дұғаның құбласы екені айтылған».

Әш-Шәфиғи мәзһабындағы «асхабуль ууджухтардың» бірі имам Әбу Саид Әбдуррахман әл-Мутауалли әш-Шафиғи (хижра бойынша 426-478 жылдар) өзінің «Әл-Гъунья фи Усулюддин» (1/79) атты кітабында былай деген:

فرفع اليد إلى السماء ليس لأن الله تعالى في مكان ولكن لأن السماء قبلة الدعاء كما أن الكعبة قبلة الصلاة في حال القيام، والأرض قبلة في حال الركوع والسجود وليعلم أن الله تعالى ليس في الكعبة ولا في الأرض

«Қолымызды жоғары қарай көтеретін себебіміз ─ Алла Тағала мекенде болғандықтан емес, аспан ─ дұғаның құбласы болғандықтан. Қиямда тұрғанда намаздың құбласы Қағба секілді, рукуғ және сәждедедегі құбла – жер сияқты. Бірақ, Алла Тағала Қағбада да, жерде де емес екені бәріне белгілі».

Хижра бойынша 6-ғасырдағы дінді жаңғыртушы болып саналатын әйгілі Құран тәпсіршісі имам Фахруддин Мұхаммад ибн Умар әр-Рази (хижра бойынша 544-606 жылдар) өзінің «Арба’ун фи усуль әд-дин» (1/163) атты кітабында былай деген:

لو كان رفع الأيدى إلى السماء يدل على كون المعبود فى السماء ، الوجب أن يدل وضح الجبهة على الأرض على أنه فى الأرض

«Егер қолды аспанға қарай көтеру біздің Жаратушымыздың аспанда екенін білдіретін болса, онда маңдайды жерге тіреуіміз де Оның жерде екенін білдіруі тиіс».

Шейх уль-Ислам Мухйиддин ән-Нәуәуи (хижра бойынша 631-676 жылдар) «Шарх Сахих Муслимде» (5/24) былай деген:

اذا دعاه الداعي استقبل السماء كما اذا صلى المصلي استقبل الكعبة وليس ذلك لأنه منحصر في السماء كما أنه ليس منحصرا في جهة الكعبة بل ذلك لأن السماء قبلة الداعين كما أن الكعبة قبلة المصلين

«[Алланың бірлігін мойындайтындар] намаз оқығанда Қағба жаққа бет түзейтіндері тәрізді, [барлық кемшіліктен пәк Раббымызға] дұға қылғанда [ақыл-ойы мен алақандарын] аспанға қарай бұрады. Бірақ, бұл Алла аспанда шектеулі болғандықтан немесе Қағба тарапта шектеулі болғандықтан емес. Олардың [ақыл-ойы мен алақандарын] көкке қарататын себебі ─ Қағбаның намаздың үкім етілген бағыты (құбласы) болғаны сияқты, аспан да ─ [дұғаның] үкім етілген бағыты (құбласы)».

Имам Абуль-Аббас әл-Куртуби әл-Малики (хижра бойынша 578-656 жылдар) өзінің «Әл-Муфхим» (3/335) атты шархында Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, саусағын көтергені жайлы айтылған хадистен кейін былай жазған:

هذه الإشارة منه صلى الله عليه وسلم إما إلى السماء لأنها قبلة الدعاء وإمّا لعلوّ الله المعنوي لأن الله لا يحويه مكان ولا يختص بجهة وقد بين ذلك قوله تعالى: {وَهُوَ مَعَكُمْ أَيْنَ مَا كُنتُمْ

«Бұл оның, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, аспан дұғаның құбласы болғандықтан, соны көрсеткені немесе Алланың абстрактылы биіктігін көрсеткені. Себебі, Алланы мекен қамтымайды,

Ол тараппен шектелмеген. Осыдан Оның «Ол, қайда болсаңдар да сендермен бірге» (57:4) деген Сөздері түсінікті болады».

Абуль-Аббас әл-Куртубидің шәкірті әйгілі Құран тәпсіршісі имам Әбу Абдуллах әл-Куртуби әл-Малики (хижра бойынша 600- 671 жылдар) өзінің «Әл-Джами’ әл-Ахкам әл-Куран» (18/215-216) атты тәпсірінде былай деген:

وإنما ترفع الأيدي بالدعاء إلى السماء لأن السماء مهبط الوحي، ومنزل القطر، ومحل القُدس، ومعدن المطهرين من الملائكة، وإليها ترفع أعمال العباد، وفوقها عرشه وجنته؛ كما جعل الله الكعبة قِبلةً للدعاء والصلاة، ولأنه خلق الأمكنة وهو غير محتاج إليها، وكان في أزله قبل خلق المكان والزمان ولا مكان له ولا زمان. وهو الآن على ما عليه كان

«Дұға жасау кезінде қолымызды аспанға қарай көтеруіміздің себебі: аспан ─ уахидің, жаңбырдың, Жәбірейілдің мекені және тазартылған періштелердің қайнар көзі. Сондай-ақ, бұған құлдардың жасаған амалдарының көкке көтерілуі және аспанның жоғарысында Алланың Аршысы мен Жәннатының орналасуы себеп. Алланың Қағбаны ғибадат пен намаздың құбласы еткені тәрізді. Сонымен бірге, Жаратушы Алла мекенді жаратты, бірақ, Өзі оған мұқтаж болғандықтан емес. Мекен мен уақыт жаратылмай тұрғанда-ақ Алла бар болды және Оның мекені де, уақыты да болған жоқ. Сонымен қатар, қазір Ол өзгерген жоқ».

Имам Шихабуддин әл-Карафи әл-Малики (хижра бойынша 684 жылы көз жұмған) «Любаб әл-мунджийат» (190-бет) кітабында былай деген:

من هيأة الداعين التوجُّه نحو السماء حالة الدعاء؛ فإن الله جعل السماء قبلة الدعاء وتعبَّدنا بها، كما جعل الكعبة قبلة الصلاة، وجعل الأرض متوجَّه السجود، لا لأنه في جهة السماء، فتعالى الله عن الجهات وتحديد الأمكنة

«Дұға қылушылардың бейнесі – дұға жасау кезінде аспанға қарау. Расында, Алла Тағала Қағбаны намаздың құбласы және жерді сәждеге баратын бағыт еткені секілді, аспанды дұғаның құбласы ретінде бекітті. Біз сол арқылы құлшылық жасаймыз. Бірақ, Ол Өзі аспан жақта болғандықтан емес. Алла тарапта болудан және мекенмен шектелуден пәк».

Хафиз Ибн Хаджар әл-Аскаляни (хижра бойынша 773-852 жылдар) «Фатхуль Бари» (2/296) кітабында имам Ибн Батталь әл-Маликидің (хижра бойынша 449 жылы көз жұмған) сөзін келтіріп, былай жазған:

قال ابن بطال: أجمعوا على كراهة رفع البصر في الصلاة، واختلفوا فيه خارج الصلاة في الدعاء، فكرهه شريح وطائفة، وأجازه الأكثرون، لأن السماء قبلة الدعاء كما أن الكعبة قبلة الصلاة

«Ибн Батталь былай деді: “[Ғұламалар] намаз кезінде жоғары қараудың мәкрүх екеніне бірауыздан келіскен. Ал, намаздан тыс дұға жасау кезінде жоғары қарауға байланысты олардың пікірлері әр түрлі. Мұны Шурайх пен тағы бір топ ғұламалар мәкрүх деп тапқан. Бірақ, көпшілігі рұқсат еткен, себебі, намаздың құбласы Қағба болғаны сияқты, дұғаның құбласы ─ аспан”».

Имам Мулла Әли әл-Кари (хижра бойынша 1014 жылы көз жұмған) «Шарх Фикхуль Акбарда» (172-бет) былай деген:

ومن الغريب أنه استدل على مذهبه الباطل برفع الأيدي في الدعاء إلى السماء، وهو مردود لأن السماء قبلة الدعاء بمعنى أنها محل نزول الرحمة التي هي سبب أنواع النعمة، وهو موجب دفع أصناف النقمة، ولو كان الأمر كما قال هذا القائل في مدعاه الباطل لوقع التوجه بالوجه /إ/إلى السماء، وقد نهانا الشارع عن ذلك حال الدعاء لئلا يتوهم أن يكون المدعو في السماء، كما يشير إليه قوله تعالى:{وَإِذَا سَأَلَكَ عِبَادِي عَنِّي فَإِنِّي قَرِيبٌ أُجِيبُ دَعْوَةَ الدَّاعِ إِذَا دَعَانِ}[ البقرة/186] وقوله تعالى:{فَأَيْنَمَا تُوَلُّواْ فَثَمَّ وَجْهُ اللّهِ} [ البقرة

«Дұға жасауда қолды көтеру оның жалған пікірінің дәлелі деген сөз шындыққа жанаспайды. Бұл пікірдің жоққа шығарылатын себебі ─ аспан дұғаның құбласы. Мұның мағынасы мынада: аспан ─ неше түрлі игіліктің себепкері болып табылатын рақым түсірілетін жер. Осы жалған мәлімдеме жасаған адамның сөзі рас болса, (намаз кезінде) аспанға қарау міндет етілуі керек болатын. Алайда, Жаратушы Иеміз намаз кезінде аспанға қарауға тыйым салды. Өйткені, сыйынатын Раббымызды аспанда деп ойлауға болмайды. Мына аяттар ─ соның дәлелі: «(Мұхаммед Ғ.С.) егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса: «Өте жақынмын, қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін» (2:186), сондай-ақ, «Қай жаққа бет қаратсаңдар да Алланың жүзі (яғни, құбла) сол жақта.» [1] (2:115)».

Имам Камалуддин әл-Баяди (хижра бойынша 1097 жылы көз жұмған/1686 миләди ж.с. бойынша) «Ишарат әл-Марам мин ибарат әл-Имам» (198-бет) кітабында былай жазған:

بأن رفع الأيدي عند الدعاء إلى جهة السماء ليس لكونه تعالى فوق السماوات العلى بل لكونها قبلة الدعاء، إذ منها يتوقع الخيرات، ويستنـزل البركات لقوله تعالى:{وَفِي السَّمَاء رِزْقُكُمْ وَمَا تُوعَدُونَ} [سورة الذاريات/22] مع الإشارة إلى اتصافه تعالى بنعوت الجلال وصفات الكبرياء، وكونه تعالى فوق عباده بالقهر والاستيلاء

«Дұға қылу кезінде қолымызды аспанға қарата көтеруіміздің себебі ─ Ол аспанда болғандықтан емес, керісінше, аспан дұғаның құбласы болғандықтан. Өйткені, көктен игілік түседі, береке түседі. Алла былай дейді: «Сендердің несібелерің әрі уәде етілген нәрселер көкте» (51:22), сонымен бірге, Ол Өзін ұлы әрі лайықты сипаттармен сипаттауды әмір етті. Алла Өзінің құдіретімен әрі билігімен құлдарынан әлдеқайда биік».

Хафиз, ірі тіл маманы Муртаза әз-Забиди әл-Ханафи (хижра бойынша 1145-1205 жылдар) маликилік имам Әбу Бәкір әт-Тартушидің (хижра бойынша 451-520 жылдар) сөздеріне сүйеніп, «Итхаф әс-садат әл-муттақин» (5/34-35) кітабында былай деген:

فإن قيل : إذا كان الحقُّ سبحانه ليس في جهةٍ، فما معنى رفع الأيدي بالدعاء نحو السماء ؟. فالجواب : من وجهين ذكرهما الطُّرْطُوشي:

- أحدهما : أنه محلُّ التعبُّد، كاستقبالِ الكعبةِ في الصلاة، وإلصاق الجبهةِ بالأرضِ في السجود، مع تنـزُّهه سبحانه عن محلِّ البيت ومحلِّ السجود، فكأنَّ السماءَ قبلةُ الدعاء.

- وثانيهما : أنها لما كانَتْ مهبِط الرزقِ والوحيِ وموضعَ الرحمةِ والبركةِ، على معنى أن المطرَ يَنـزِلُ منها إلى الأرضِ فيخرج نباتًا، وهي مَسكنُ الملإ الأعلى، فإذا قَضَى اللهُ أمرًا ألقاه إليهم، فيُلقونه إلى أهلِ الأرض، وكذلك الأعمال تُرفَع، وفيها غيرُ واحد من الأنبياء، وفيها الجنةُ -وهي فوق السماء السابعة – التي هي غايةُ الأماني، فلما كانت مَعْدِنًا لهذه الأمور العِظام ومَعرِفةَ القضاءِ والقَدَر، تَصرَّفَت الهِممُ إليها، وتوفَّرَت الدواعي عليها” انتهى

«Егер былай сұраса: Кемшіліктен пәк Әл-Хақ тарапта болмаса, дұға қылу кезінде қолды аспанға қарай көтерудің мәні неде?

Бұған екі жақты жауап бар және оларды Әбу Бәкір әт-Тартуши баяндап кеткен:

1. Намазда Қағба жаққа бет бұратынымыз және сәждеде маңдайымызды жерге тигізетініміз сияқты, аспан құлшылық жасау орны болып табылады. Бірақ, Ол үйде (Қағбада) және сәждеге баратын жерде болудан пәк. Ал, аспан ─ дұғаның құбласы.

2. Расында, аспан – ризық, уахи түсетін жер, рақым мен береке мекені, яғни, аспаннан жаңбыр жауып, өсімдік өсіреді. Сонымен қатар, ол ─ жоғарғы топтардың (періштелердің) тұрғылықты мекені. Алла Тағала бір шешім қабылдағанда оны сол періштелерге жібереді. Ал, олар оны жерді мекендеушілерге жібереді. Амалдар да солай көтеріледі. Сонымен қатар, аспанның үстінде Пайғамбарлар мен (оларға Алланың сәлемі болсын), Жәннат бар. Тілектердің шегі болып табылатын Жұмақ ─ 7-ші аспанда. Бұл үлкен құбылыстар және «қада» мен «қадар» -тағдырларының орналасқан жері болғандықтан, барлық ұмтылыстар тек соған бағытталған»».

Хижра бойынша 14-ші ғасырдың дінді жаңғыртушысы болып саналған шейхМухаммад Захид әл-Каусари (хижра бойынша 1296-1371 жылдар) «Сайф әс-сакыль» кітабына ескертпеде былай деген:

لكن رفعهم الأيدي إلى السماء ليس فيه شىء من الدلالة على استقرار وجود ذاته في السماء وإنما ذلك لمجرد أن السماء قبلة الدعاء ومنزل الأنوار والأمطار والخيرات والبركات {وفي السماء رزقكم وما توعدون

«Алайда, қолды аспанға көтеруде Алла Тағаланың аспанда екеніне дәлел жоқ. Шынында, мұның себебі ─ аспан дұғаның құбласы болып табылады, сондай-ақ, ол ─ игілік, жаңбыр, береке түсірілетін жер. Аятта былай делінеді: «Сендердің несібелерің [жаңбыр, жарық және ризықтың пайда болуына себепкер басқа да нәрселер] әрі уәде етілген нәрселер көкте (51:22)».

Осылайша, біз дұға қылу кезінде қолды аспанға қарай көтеру Алланың аспанда екенін білдірмейтінін анықтадық. Бұл - негізсіз дәлел.

_____________________

[1] Ибн Касир осы аяттың талдауында былай жазған: «Муджахид былай деді: «яғни, қайда болсаңдар да, сендер үшін Құбла бар, сондықтан, намазда соған қарай бет түзеңдер». Ибн Әби Хатим, ибн Аббастың бұл аятты Құбланың Иерусалимнен ауысатынына қатысты түсірілді деп санағандығын айтқан. Сондай пікірде болғандар: Әбу әл-Алия, әл-Хасан, Ата әл-Хурасани, Икрима, Қатада, әс-Судди және Зайд ибн Аслам».

____________________
Орыс тілінен аударған Azan.kz
Taalib.ru

алдыңғы мақала
Сәләфтар мен қазіргі сәләфилердің ақидасын салыстыру (1-бөлім)
кейінгі мақала
Ақидаға қатысты ханафи ғалымдары жазған 80 кітап

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником