Бүкіл мақтау Әлемдердің Раббысы болған Қиямет күнінің иесі Аллаһ Тағалаға тән. Сондай-ақ, Оның Елшісі Мұхаммедке, оның жанұясы мен артынан еруші ізгі мұсылмандарға Алланың игілігі мен сәлемі болсын!
Содан соң,
Біздердің білуімізше, «Уахабилердің/сәләфилердің» шейхтары — біздер ғана «сәләфус-салихиндердің ақидасындамыз» деп бәрінен де қаттырақ дауыс көтеріп айтады және өздерімен бір ұстанымда болмаған мұсылмандарды адасуға шығарады. Расында да, олар айтып жатырған сөздер солар айтқандай ма екендігін, сондай-ақ, сәләфтар мен сәләфтардың сөзін жеткізуші халаф ғалымдарының сөздері уахабилердің шейхтарының сөздерімен қаншалықты сәйкес келетінін қарастырып көрсек.
Үмметіміздің ең беделді муффасиры, имам-сәләф Ибн Джәрир әт-Табари(рахимахуллаһ) (224-310х/839-923 м) Аллаһ Тағаланың «Сонан кейін аспанға истиуа етті…» — деген аятын пікірталас ретінде келтіреді, қарсы пікір білдіруші «истиуа» сөзін «ғулу/жоғарылық,биік» деген мағынадан теріске шығарып, «бірінші Аллаһ Тағала төменде болды, кейін көтерілді» деп пікір білдіреді. Өйткені қарсыласы«ғулуу/жоғарылық,биік» деген сөзді тікелей мағынада және ол қозғалыста деп түсінген.
Бұған жауап ретінде, имам ат-Табари былай дейді:
«Оған қарсы пікір білдірушіге былай деп айтылады: Сол кезде оған айтылады: онда сен де айт: ол көтерілді (жоғары болды) бірақ көтерілуі бір мекенен екінші мекенге өту, ауысу емес, дәрежесімен және билігімен жоғары болу.»
[«Джами’әл-байан фи тафсир әл-Қуран», 1/428-430]
Ал, уахабилердің шейхы Абдуллаһ ал-Ғунайман имам ат-Табаридіңсөзіне былай деп пікір айтады:
«Имам әт-Табаридің сөзі: «айт: ол көтерілді (жоғары болды) бірақ көтерілуі бір мекенен екінші мекенге өту, ауысу емес, дәрежесімен және билігімен жоғары болу» — бұл Кәләмшылардың жақтастары әрі Бидғат иелерінің жолын қууышылардың сөздері, бұлай жасауға болмайды, өйткені мәтіннің ашық мағынасына қарсы келеді, керісінше бұл жалған тәуил (бұрыс түсіндірме).»
[«Шарх китаб ат-Таухид мин Сахих әл-Бұхари»,http://shamela.ws/browse.php/book-9610#page-352]
Хафиз Әбу Бәкір әл-Байһақи(384-458х/994-1066м) «Сунан әл-Кубра» атты кітабында имам, хафиз Әбу Мухаммад Ахмад әл-Музаниден(270-356жж.х.) былай деп жеткізеді:
«Біздерге Әбу Абдуллах әл-Хафиз(әл-Хаким) былай деді: Мен естідім,Әбу Мухаммад Ахмад ибн Абдулла әл-Музани айтты: ««Нузул» (төменге түсу) жайындағы хадистер Пайғамбарымыздан(сәлаллаһу әлейһим уассәләм) біздерге сенімді риуаяттармен жетті. Бұл «нузул» жайында, Аллаһ Тағаланың мына сөздері растайды «Раббың және періштелер сап-сап болып келеді». «Төменге түсу» мен «келу» бұл екі сөз Аллаһ Субхану Тағалаға бір жерден екіші жерге қозғалу мен өту сияқты сипат ретінде лайықты емес. Керісінше, бұл екі сипат Аллаһтың бір нәрсеге ұқсаудан пәк (ташбих) сипаттары болып табылады.Ал,«муаттылдер»және «мушабихтер» айтып жүрген сипаттардан, Аллаһ Тағала әлде қайда пәк.»
[Әбу Бәкір әл-Байһақи, «Сунан әл-Кубра», 3/3]
Ал, енді уахабилердің муфтиі болған Ибн Бааздың, ғалым, сәләфус-салихин Ахмад әл-Музанидің сөзіне қалай пікір бергеніне назар аударсақ:
Уахабилердің шейхы, Сауд Арабиясының бұрыңғы муфтийі Абдулазиз ибн Бааз бұл сөздер жайлы имам Әбу Мұхаммад әл-Музанидің (Исмаил әл-Музанимен шатастырмаңыздар):«төменге түсу» мен «келу» бұл екі сөз Аллаһ Субхану Тағалаға бір жерден екіші жерге қозғалу мен өту сияқты сипат ретінде лайықты емес» деген сөзі жайлы:
«Бұл сөздер мағынасыз,мәнсіздік (батил), әрі әһлу сүннетте болған түсінікке қарама-қайшы екеніне күмән жоқ».
[ «Маджмуғ фатауа уа мақалят мутанаууия ли шейх ибн Бааз»,http://www.binbaz.org.sa/book/m005.pdf]
Шафиғи мазһабының ғалымы, хафиз Ибн Хаджар әл-Әсқалани (773-852х/1372-1449м) «нузул» туралы хадистерді келтіре отырып, сәләф және халафтардың сенімі туралы былай дейді:
«Сәләф имамдары мен әһлу сунна ғалымдарынан болған халафтардың сенімі Аллаһ Тағала қандайда бір қозғалыстан, ауыспалықтан және қосылудан пәк».
[Ибн Хаджар: ФатхулБәри: 8/505; Рияд: Дару Тайба 1426/2005]
Ал, енді хафиз әл-Әсқаланидің бұл сөзіне Абдурахман әл-Баррақ қалай пікір айтқанын көрейік.
Уахабилердің шейхы,Саудиялық ғалым Абдурахман ибн Насырәл-Баррақ өзінің «ФатхулБариге»жасаған түсіндірмесінде, ИбнХаджарәл-Асқаланидің сөзін былай деп пікірлейді:
« «Қозғалу» деп келген сипаттарды — келу кету, түсу, жақындау және орнығу деген мағынада бекіту керек екенін Әһлу сунна бірауыздан мақұлдайды. Себебі, бұл сөздер Құран мен Сүннеттен келді».
[«Фатхул Бари би шарх Сахих әл-Бұхари» Абдуррахман әл-Баррактың ескертуімен, http://www.dorar.net/enc/aqadia/834; «Таалиқат шейх әл-Баррак әля мухалифат әл-акыдати фи Фатхул Бари»]
Және Мухаммад ибн Салиха әл-Усайминің сөзін бөлек келтіре кетейік.
Ең беделді уахабилердің шейхы Ибн Усеймин былай деп айтты:
«Егер «келу, истауа, нузул» сияқты анық мәтіндерді қабылдаудан Аллаһ Тағалаға қатысты қимыл, қозғалыс туындайтын болса, онда ол да осы анық мәтіндер сияқты ақиқат болады.»
[«Изаляту саттар ан джаваби әл-мухтар ли хидаяти әл-мухтар», сілтеме:http://ia600400.us.archive.org/35/items/ekmkekmk/esgmhm.pdf;
«Маджму Фатауа уа расаил Ибн Усеймин»,http://islamport.com/w/ftw/Web/3460/600.htm]
Ары қарай, әһлу суннаның сәләф және халафтардан болған ғұламаларының Аллаһ Тағаланың қозғалу сипаты жайында қандай пікір айтқанына жеке тоқталамыз.
Атақты мухаддис, ғалым, сәләфтардан болған Абу Хатим Ибн Хиббан(270-354х / 883-965м) Аллаһ Тағаланың «нузул» сиапты ешқандай қозғалыссыз, орын өзгерту емес екендігі жайлы айтады:
«Бір нәрсе (көмегі) арқылы емес, ешқандай қозғалыс және бір жерден екінші жерге өтусіз түседі».
[Ибн Хиббан: Сахих Ибни Хиббан 3/201; Бейрут, Муассасатур Рисаля: 1414/1993]
Әһлу Сунна имамы Әбул Хасан Әл-Ашғари (260-324х / 874-936м) (рахимахуллаһ), өзінің «Рисаләтун илә әҺли сағир» кітабында былай деп жазған:
«Сәләфус-салихиндердің пікірлері бір жерден шықты, Өзі айтқанындай , Аллаһ Азза уа Джаллә адамдардан есеп алу үшін Қиямет күні келеді және періштелер де сап-сап болып келеді, оларға жазасын болмаса сыйын(сауабын) береді, қалаған адамына кешірім етеді, күнәһарлардан қалағанына жазасын береді. Және Оның келуі қозғалу/хәрәкәт немесе жылжу емес. Келу — қимыл және қозғалыстан болады, егер келуші дене мүшелерден және материядан тұратын болса. Ал, қашан Ол, Азза уа джалла, дене мүшелер мен материядан болып табылмайтындығы бекітілсе, онда Оның келуі ауысу және қозғалыспен болуы міндетті емес.
[Әбіл Хасан Әл Ашари: Рисалятун иля Ахлис Сағир: 227-229; Мәдина: Мактабатул Улюми уал Хаким: 1422/2002]
Мәлики мазхабының ғұламасы Әбу Омар Ибн Әбдул Барр (368-463х / 978-1071м) өзінің кітабында «Әл Изтискар» — да, «нузул» — ге қатысты хадистерге былай деп айтты:
«Өздерін Сунниттерге жатқызатын бір қауым топ, олар Аллаһ Тағаланы Өз затымен түседі дейді. Бұл сөздер қайтарылады, себебі Аллаһ Тағалаға қозғалу тән емес және жаратылыстардан Оған ештеңе тән емес».
[Ибн Әбдул Барр: Әл Истизкар: 8/153: Каир: 1414/1993]
Шафиғилық ғұлама, тәпсірші Имадуддин Ибн Касир (701-774х / 1302-1373м) өзінің «Әл Бидая уан-Нихая» атты кітабында былай деп айтты:
«Имам әл-Байхақи,ол Әл Хакимнен жеткізді, ол Әбу Әмра Ибн Ас Симмақадан, ол Ханбалидан (Ибн Исхақ Әш Шәйбани, Ахмад Ибн Ханбалдың немере ағасы), ол Ахмад Ибн Ханбалдан – Аллаһ Субхану Тағаланың сөзіне қатысты тәуилді жеткізді: «Сенің Раббың келеді», яғни, «Оның сыйақысы (сауабы) келеді».
әл-Байһақи айтты: «Бұл тізбекте(иснад) — шаңның тозаңындай күмән жоқ».
[Ибн Кәсир: «Әл Бидая уан Нихая: 1616; Байтул Афкарид Даулийя»]
Толықтай мына сілтемеден орыс-тілінде оқуға болады: http://al-fatava.com/forums/index.php?showtopic=2078
Бұл жерде мынандай сұрақ туындайды.: Уахабилердің және олардың шейхтары айтып жүрген «сәләфтар мен Әһлу сунна» деп жүргендері кімдер және олар кімнің артынан ілесіп жүр? Бұл көрнекі мысалдардан біздер көріп тұрғанымыздай, Әһлу Суннадан болған сәләф және халаф ғұламаларымы Аллаһ Субхана Тағаладан қозғалыс, жүріс, бір орыннан екінші орынға өту сияқты нәрселерді жоққа шығарды. Бірақ та уахабилердің шейхтары бұнымен келіспейді.
Бұл сұраққа біз өзіміз жауап берейік. Бұл сұрақта, уахабилердің шейхтары айтып жатқан «сәләфтары»– бұрынғы жоғалып кеткен, Аллаһ Тағаланы жаратылыстарға ұқсатып, шектен шыққан шииттер/рафидиттер сияқты адасушы ағымдар. Атап айтқанда, дәл солар Аллаһ Тағала қатысты қозғалыс, қимыл және ауысу, бір орыннан екінші орынға өту мағынасында қолданды. Бұлармен қоса яһудилер де Аллаһ Тағаланы адамға ұқсатты.
Шафиғилық ғұлама имам Әбдул Қахир әл-Бағдади (429х/1037м өмірден өтті) өзінің «Әл Фарқ Байнәл Фиракқ» атты кітабында былай деп айтты:
«Әһлу Сүннет ғұламалары бірауыздан Аллаһ Тағалаға қатысты сырқатқа ұшырау, өкініш, дерт, рахаттану тағы сондай ұқсас сөздерді теріске шығарды. Дәл сондай пікірде бірауыздан Оған қатысты мына сөздерді теріске шығарды: қимыл-қозғалыс/әл-хәракә және тыныштық/ас-сукун.
Бұл Рафидиттерден болған “әл-Хишамия” тобының пікіріне қарама-қайшы пікір болып табылады, олар Аллаһ Тағаланың орнығуын мақұлдайды және қимыл,қозғалыспен сипаттайды».
[Әбдул Кахир әл-Бағдади: Әл Фаркқ Байнәл Фиракқ: 333; Каир: Матбаатул Мадани]
Ұлы муфассир, Шафиғи мазхабының фақиһы, хижраның 6-ғасыр муджаддиді, мутакаллимдер имамы Фахрудин әр-Рази (544-606х/1150-1210м) өзінің кітабында әр-түрлі топтар(ағымдар) жайлы былай деп жазған:
«Бесінші топ – Хауария, Даууд әл-Хауаридің соңынан ерушілер(жақтастары). Ол «дене мүшелер/бөлшектер, қозғалыс, тыныштық күйі және жүгіру» осы сөздерді мақұлдап, Аллаһқа қатысты бекітті. Және ол айтты:
«Сендер менен барлығын сұрасаңдар түсіндіріп беремін, тек қана Оның(Аллаһ Тағаланың) жыныс мүшесі мен сақалынан басқасын».
[Фахрудин әр-Рази, «Иътиқадат Фаркил Муслимин уәл Мушрикин», 63-67 беттер]
Үлкен ғұламалардан болған муфассир Әбу Әбдуллаһ әл-Қуртуби (600-671х/1204-1274м) Құранда Әл-Мәида сүресінің, 24-ші аятын былай деп тәпсірлейді:
«Кейін олар (Исраил ұрпақтары) Аллаһтың, Тәбәракә уә Тағала, сипатына қатысты өздерінің надандығын көрсетті, және айтты: «Өзің және Раббыңмен бар…» ( 5:24). Олар(Исраил ұрпақтары) Аллаһ Тағаланы кетуімен және ауысуымен сипаттады, ал Аллаһ Тағала бұның бәрінен де аса пәк».
Бұл жерде бізге яһудилердің мушаббих болғанын көрсетіп тұр.
[Әл Қуртуби: Әл Джами ли Әхкамил Қъуран: 7/399; Бейрут: Әр Рисаля: 1427/2007 ]
Қортындылап айтқанда: Уахабилер “сәләф-ус-салихиндердің” соңынан ерушілер емес, олардың бұлай айтқандары өтірік және жалған бос сөз. Ал, олардың өздерін «сәләфилер» деп атауы, «біз ғана сәләфтың жолына ілесушіміз» деп далбасалауы, жай әшейін өздерінің шынайы бетпердесін жасыру ғана. Басқа түк те емес.
[Жалғасы бар...]
Мақала орыс тілінен аударылып, қазақы оқырманға сай жөнделді
Дереккөз: asharit.livejournal.com