Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри

Имамдар бағаны

18 08.15

Жалпы, Ислам шариғаты тазалықты екіге бөліп қарастырады: Жан және тән тазалығы. Тақырыбымыз тазалық хақында болып отырғандықтан, әрине ең әуелі жан тазалығынан бастағанымыз жөн болар. Қашаннан ардың тазалығын, мал-мүліктің тазалығынан артық қойған елдің ұрпағымыз. Бабаларымыздың: «Малым жанымның садағасы» дегені осы ардың тазалығын айтқаны болса керек. Себебі ішкі жан дүние таза болмаған жерде жасаған құлшылықтың да татымды жеміс бермейтіндігін меңзеп, данышпан Абай атамыздың: «Шырайлан да таза ойла бір иманды, мұнапық намаз қылмап па? мағлұмғой ол» деген сөзі, ойлап қарасаң, жан тазалығының иманнан бастау алатындығын айтып тұрғандай.

Сондықтан «Тазалық иманнан» деген сөздің мәнісін беріден емес, әріден қозғап, имани тұрғыдан таразыласақ, тазалық ұғымының қаншалықты терең екенін түсінуге болады. Себебі, Жаратқан Иеміз мына әлемді ерекше тазалықпен жаратқан. Мына әлемнің болмысы арқылы өзінің теңдессіз сұлулығы мен құдыреттілігін паш еткісі келеді. Сол секілді өзінің кемшіліксіз тазалық иесі екенін де білдіргісі келеді. Яғни, Құранда «Әл-Құддуус» деп аталған көркем есімін сана иелеріне мына көзімізге көрінген керемет табиғаттың сұлулығы арқылы аңғартқысы келеді. Бұған мысал өте көп. Мәселен: микро әлемнен макро әлемге дейінгі аралықтың бәрі осы тазалықтың сән салтанатына толы. Көздің жауын алатын жерді жасыл желекке ораған жауқазын гүлдердің сұлулығы мен тазалығы, түнгі аспанның ажарына сән қосқан сұлу ай мен жымыңдаған жұлдыздардың тазалығы, теңіздің тамаша толқындарына қасқайып қарсы тұрған жартастардың өзіндік салтанаты мен тазалығы, мұхиттың тұңғыйық түбіне дейін ұласқан кіршіксіз көркемдіктің бәрі-бәрі сайып келгенде Алла Тағаланың көркем есімінің нұрының ұшқындары мен көлеңкесінің көлеңкелері ғана.

Жаратқан иеміздің «Әл-Құддуус» деген әсем есімінің шуағына бөленген болмыс атаулының кез-келгенінде осы тазалықтың нышанын байқауға балады. Мысалы: көздің аясын үздіксіз айнадай етіп тазалап тұрған кірпіктеріміз, қандағы ақ түйіршік пен қызыл түйіршіктің тазалық заңдлығы аса мәнберуі, тыныс алу кезінде қанның бойындағы лас нәрселердің газға айналып дем шығару арқылы қанның тазаруы, құрлық пен судың ет жегіш жыртқыш аңдары мен балықтары тіпті шыбындар мен құмырсқа секілді жәндіктердің өзі, осы тазалық заңдылығын бұлжытпай атқарғандығының арқасында осыну тазалыққа куә болудамыз. Егер, Құдайдың қойған тазалық заңдылығынан бір сәтке болмыс ажырайтын болса, онда анау көзге көрініп тұрған сыңсыған ормандар мен жердің үштен бірін алып жатқан мухиттар адам қарай алмайтындай ластанар еді. Себебі, балықтар шашқан миллиондаған уылдырықтар тазалық талабына сай реттеліп отырмаса теңіздер адам түгіл мал жануар мекендеуге жарамас деңгейде жиіркенішті ұйықтарға айналар еді. Егер, орман тоғайларға жауапты Микайл періштенің желді айдап, жаңбырды жаудырып жатқан қызметтерімен тазаланып отырмаса, ол жерлер жаныңды демалдыратын демалыс жайлары емес адам шошырлық лас қоқыстарға айналған болар еді. Біздерді есімізден адастырып өздеріне ғашық еткен сол сұлу, кіршіксіз тап-таза көріністер өте қорқынышты ұнамсыз бейнелерге ауысар еді. Ендеше көркем сөздің хас шебері Хз. Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) «Ән-Назафату миналь иимаан» (тазалық иманнан) деп айтқан ұлағатты сөзінің алдында бас игеніміз ләзім.

Ал енді тән тазалығына келетін болсақ, бұл тақырып «ғылымхал» кітаптарының алғашқы тарауларында өте тамаша бүге-шігесіне дейін жазылған. Яғни тазаланудың жолдарын, тазартушы құралдарды, ауыр ластық пен жеңіл ластықтың ара жігін көрсетіп, түсіндіріп берген. Қасиетті Ислам шариғатының шарапаты сондай, тек ішімізді ғана емес сыртымыздың да бүтіндігін қарастырған.

Сондай-ақ, күналардың да рухани ластық болып саналатынын ұмытпайық. Егер, тез арада истиғфармен тазартылып отырмаса өте қауыпты нәтижелерге апарып соғуы мүмкін. Мәселен, бір адам бір ай жуынбаса, қаншалықты жиіркенішті болатыны белгілі. Сол секілді күнәларда адамды рухани тұрғыдан жиіркенішті етеді. Осынау ішкі сыртқы тазалықты байланыстыра Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) : «Бір кісінің үй маңында өзен ағып жатса, әлгі кісі сол өзенге күніне бес мезгіл жуынатын болса, ол кісінің бойында кір, ластық қалар ма еді?! Сол сияқты, бес уақыт намаз оқыған адамның да бойынан күнәлары осылайша төгіледі»,-деген екен.

Сондықтан Құран Кәрімде: «Шындығында Алла Тағала тәубе қылғандар мен тазаланғандарды жақсы көреді» деген. Демек тәубе қылу рухани тазару болса, тазалану тәннің пәктенуі болып табылады.

ДайырДүйсен Сәрінжіпұлы
Қостанай қалалық мешітінің
найб имамы

Дайыр Дүйсен Сәрінжіпұлы

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником