Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри

Имам Ағзам Әбу Ханифаның өмірі

Ханафи мәзһабының имамы, атақты мужтаһид ғалым Әбу Ханифа Нұғман ибн Сәбит ибн Зута ибн Мааһ Исламда құқықтық ойлау жүйесінің және үкім шығару саласының дамуына сүбелі үлес қосып, Әбу Ханифа немесе Имам Ағзам деген атпен танымал болған. Имамның куниясы* Әбу Ханифа болғанымен оның Ханифа деген қызы, тіпті ұлы Хаммадтан басқа перзенті болмағандығы мәлім. Оның бұлай аталуы, Ирак жерінде «ханифа» деп аталатын жазу құралын яки сия сауытын үнемі жанынан тастамай алып жүргендігінен немесе «ханиф» сөзінің сөздік мағынасына орай, туралық пен шындықтан айнымаған адам болғандығынан деп түсіндіргендер болған. Сондықтан да «Әбу Ханифа» сөзін тікелей мағынада күниясы емес, лақабы немесе ныспысы деп білген жөн. Оның бастамасымен құрылған әрі шәкірттерінің білімге деген талпыныстарының нәтижесінде кең етек жайған Ирак фиқһ мектебі де имамның осы есіміне орай «Ханафи мҽзһабы» деп аталған. Нұғман ибн Сәбитке «Ұлы Имам» деген мағынаға келетін Имам Ағзам сипатының берілу себебін, замандастарының арасында мәртебелі дәрежеге қол жеткізуі, құқықтық ойлау жүйесі мен үкім шығару әдістемесінде даңғыл жол ашып бергендігі, сондай-ақ өзінен кейін көптеген фиқһшы ғаламдардың тарапынан оның көзқарастары мен әдістемелерінің ерекше қолдау тапқандығымен байланыстыруға болады.

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником