Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри

Имамдар бағаны

14 03.22

Қай халықтың болмасын салт-дәстүрлері сол халықтың мінез-құлқын, қасиеттерін таныта алады. Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрыптары халықтың тұрмысына, тәрбиесі мен мінезіне, сеніміне, ырымына қарай қалып-тасып келеді. Алаш жұрты ұрпағын «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа» деп тәрбиелеген. Дін мен дәстүр – біздің ұлттық болмысымыз. Халқымыз салт-дәстүрге кенде емес. Ертеде салт-дәстүр бұлжымас заң рөлін атқарған, сондықтан оның ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік және халықтық мәні зор болған. Халықтың салт-дәстүріне, ұлттық ерекшеліктеріне қазір де үлкен мән берілуде. Бұған Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген. Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін – ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал» деген ғибратты сөзі дәлел бола алады. Дін дәстүрдің таразысы әрі негізі саналады. Тілдің, дәстүр мен мәдениеттің дамуында да оның тигізер әсері мол. Дін – мәңгілік әрі хақ. Дін ісі – тәрбие жолы, адамның рухани азығы. Қазақ халқы Құдай Тағаланы ертеден-ақ тани білген. Халық жадында сақталған жырлар мен нақыл сөздер, «Адамнан сұрағанның екі көзі шығады, Алладан сұрағанның екі бүйірі шығады», «Құдайсыз қурай сынбас» дегендей мақал-мәтелдер халықтың тілек-қажетін бір Тәңірден сұрағандығын әрі қазақтың құдайшыл ел болғандығын аңғартады. Ұлтымыз Алла Елшісінің (с.а.с.) өсиеттерімен өмір сүрді. Діни рәсімдерді құрмет тұтты. Бұл нағыз мұсылманшылықтың көрінісі болатын. Үлкендер жағы «Жақсы сөз – жарым ырыс», «Түрі игіден түңілме» деп, бір-бірін жақсылыққа үн- деген. Алланың Елшісі (с.а.с.): «Иман алпыс бірнеше бөліктен тұрады, ең абзалы – «Лә иләһә иллалаһ» (Алладан басқа құдай жоқ») деп айту, ең төмені – жолда көлденең жатқан нәрсені алып тастау. Ұят та – иманның бір бөлігі» деген. Қыран ұшса, қанаты талатын, құлан жортса, тұяғы тозатын шексіз кеңістікте ғұмыр кешкен баһадүр бабаларымыз «Өлімнен ұят күшті» деп санаған. «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садақасы» деген ұлы ұстанымды тіршілігінің басты қағидасы тұтқан. Бұл орайда Хазіреті Пайғамбамрымыз (с.а.с.): «Ұят тек жақсылық әкеледі» деген. Қазақ – «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деп Отанын қастерлеген халық. Дүниені нұрландырған исламда «Отанды сүю – иманнан» деген де қанатты сөз бар. Халық мұсылманша білімділерді аса құрметтеген. Ал діни білімсіздерді «әдепті таяқ деп білмейді» деп әжуалаған. Абай заманында діннен бейхабар болу, намазды, Құранды дұрыс оқи алмау үлкен айып саналған. «Дінді білмеген дымды білмейді» делінген.

Қонақжайлылық – халқымыздың ерекше қасиеттерінің бірі. Қонаққа деген құрметтің бір негізі Ислам дінінде жатыр. «Кімде-кім Аллаға, ақырет күніне иман келтіретін болса, қонағын құрметтесін, жақсылық күтсін», - деген Алла Елшісі (с.а.с.).

Халқымыздағы әдептіліктің, сыпайылықтың бір көрінісі – үлкенге «Сіз» деп сөйлеу, әйелдердің де күйеулерінің аттарын атамай «отағасы», «әкесі» деп тіл қатуы. Жастар жағы үлкен кісілердің алдарынан кесіп өтпеген.

Қазақ «Ер бір өледі, қорқақ күнде өледі», «Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді» дегендей нақыл сөздермен ерлікті бағалаған да, ездікті сынаған. Мұның өзі дініміздегі игі өсиеттермен астасып жатыр.

Дала халқы менмендікке жол бермеген, әрдайым «Ұлық болсаң, кішік бол!» деп қарапайым болуға үндеген. Адамзаттың асылы да қарапайым жолды қадірлеген. Ол тіпті ойнап жатқан балалардың қасынан өтіп бара жатып оларға сәлем беретін болған.

Қазақ халқының адал кәсіп етуге шақыратын «Адал еңбекке мал іздемек – арлы адамның ісі», «Бейнет, бейнет түбі – зейнет» сияқты мақал-мәтелдердің мағыналары асыл дініміздің мұраттарымен де сай келеді. Алланың Елшісі (с.а.с.): «Кәсіптің ел қайырлысы – ықыласты жұмысшының қол еңбегі» деген.

Дана халқымыз сәлемді сөз анасы санаған. Нағыз мұсылманша амандасу үлгісі ертеден-ақ қалыптасқан. Ер адам бір-бірімен кездескенде оң қолын жүрек тұсына қойып: «Ассаламағалейкум!» деп дауыстап қос қолдап амандасқан. «Ассаламағалейкум» «Сізге Құдайдың тыныштығы болсын» деген мағынаны білдіреді. Жас үлкенге, жалқы адам жалпы көпшілікке бірінші сәлем берген. Ал әйел адамдармен «Есенсіз бе?» деп хал сұрасқан. Жаратқан Ие: «Және егер сендерге сәлем берілсе, одан да жақсы сәлем беріңдер не солай қайтарыңдар. Шындығында, Алла әрбір нәрсені есептеуші» деген.

Қазақта ата-ананың мәртебесін айқындайтын «Алланың разылығы – ата-ананың разылығында», «Жұмақ ананың аяғының астында», «Анаңды Меккеге арқалап апарсаң да, перзенттік борышыңнан құтылмайсың» дегендей мақал-мәтелдер баршылық. Алла Тағала бір аятта: «Раббың Өзінен басқаға құлшылық қылмауларыңа және ата-анаға ізгілік жасауларыңа бұйырды. Егер олардың біреуі не екеуі де қартайса, ол екеуіне «түһ» деп те айтпа, оларға дауыс та көтерме, оларға тек жақсы сөз сөйле», – деп бұйырады.

Ынтымақ пен қоғамның бірлігі басты құндылық саналған. Халқымыз «Ырыс алды – ынтымақ» деген қағиданы басты назарда ұстаған. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деп қоғамды ынтымақ-бірлікке шақырады. Асыл дініміз адамдарды бір-біріне жәрдемдесуге үндейді. Осы ретте Алла Тағала: «... Әрі ізгілік пен тақуалық жолында ынтымақтасың- дар, күнә мен дұшпандық жолында сыбайласпаңдар» (Мәида сүресі, 2-аят) дейді.

«Рахмет» – халық алғысының кең тараған түрі. Мұның мағынасы: «Сізге Алланың рахымы жаусын!». Алғыстың қасиеттерін «Алғыс алған арымас, қарғыс алған жарымас», «Баталы құл арымас, батасыз құл жарымас» сияқты мақал-мәтел- дер аңғартады. Бұлардың негізі асыл дінімізде жатса керек. Хадистерде де адам- дардың бір-біріне алғыс білдіруі шынайы мұсылман белгісі екендігі баяндалады.

Татулық белгілерінің бірі – сый тарту. Бұл – ұлттық құндылық. Алаш жұртында «Орамал тон болмайды, жол болады» деу – адамның бірінің көңілін бірі аулауы. Мұнда мұсылманшылық негіз де бар. Қазақ халқында базарлық, асату, сыбаға, байғазы, сарқыт, сәлемдеме және т.б. сый-сияпат түрлеріне жатады. Мұндай игі жоралғылар жөнінде Пайғамбарымыз (с.а.с.) үмбетіне: «Бір-біріңе сый беріңдер, сүйіспеншіліктерің артады» деп өсиет еткен.

«Жатырқау – жаттың ісі, жақындау – Хақтың ісі», «Жақсы адамда жаттық жоқ, жақсы жарда қарттық жоқ» дегендей мақалдар қазақтың бауырмал халық екендігін танытады. Халқымыздың мұндай игі қасиеттерінің негізі қасиетті аят-тар мен хадистерде де жатыр. Мысалы, Алла Елшісі (с.а.с.) болса: «Мұсылманның мұсылмандығы хақы бесеу: сәлеміне сәлем қайтару; ауру болса, халін сұрап бару; қайтыс болса, жаназасына қатысу; қонаққа шақырса, бару; түшкірсе, «Алла рахым етсін» деп айту» деген.

Жылқының жалында туған жауынгер жұртымыздың болмысын басқалар-дан ерекшелейтін бірден-бір қасиеті – туыстық байланыс. Осы орайда «Ағайын тату болса, ат көп, абысын тату болса, ас көп», «Ай көрмесең, туысың жат, жыл көрмесең, жолдасың жат», «Ағайынның азары болса да, безері болмас» дегендей мақал-мәтелдер кең қолданылады. Шариғат та туыстық байланысты қадірлеуді қолдайды. Айталық, бір кісі «Мені жұмаққа кіргізетін іс туралы айтшы» дегенде Пайғамбар (с.а.с.): «Ол – Аллаға еш серік қоспай құлшылық етуің, намаз оқуың, зекет беруің және туыстық байланысты жалғастыруың» деген екен.

Қазақ ұлтының қанына сіңген қасиеттердің бірі – сыйластық. «Адам – сыйлағанның құлы» деген қазақ өзін сыйлап, құрметтеген жанға төрден орын ұсынған. Саққұлақ би сыйластықтың мәртебесі турасында: «Адамның басшысы – ақыл, шолушысы – ой, жетекшісі – талап, қорғаушысы – сабыр, сынаушысы – халық, таусылмайтыны – арман, ең қымбаттысы – ар сақтау, бәрінен ардақ- тысы – адал өмір сүру, соның ішіндегі ең тәттісі - сыйластық» деген екен. Ал сыйластық туралы Алла Елшісі (с.а.с.): «Қайда болсаң да, Алладан қорық, жамандығыңның артын оны өшіретін жақсылықпен ұластыр әрі адамдармен көркем мінезбен қарым-қатынас жаса», - деп өсиет еткен.

Түркі халқына ортақ тұлғалар, жыраулар мен ақындар кейінгілерге діни уағыздың сара жолын салып кеткен, жұртты хақ жолына, өнер-білімге шақырып өткен.

Бұдан қазақ халқының болмыс-бітімінің, мәдениеті мен әдебиетінің Ислам дінімен біртұтас екендігін көреміз. Халық «Алла – бір, Құран – шын, Пайғамбар - хақ» деген қағиданы ертелі-кеш айтып жүрген. Тіршілігін де, өлімін де мұсылман-шылық шарттарынан ауытқымай атқарған.

Сонымен, аталған «Дін мен дәстүр» кітабында Ислам дініндегі біраз маңызды ғибадаттар сөз етілген. Олар жамағатты Алланың өсиеттерін шын ниетпен орындап, тыйым салынған әдеттерден аулақ болуға шақырады.

Өмір – өте күрделі құбылыс. Ол – Алла Тағаланың адамға берген сыйы. Сондықтан оны қадірлеп, бақытты өмір сүру үшін өмірді танып білу осы жарық дүниеге келген әрбір адамның адамгершілік парызы болса керек.

Денисов ауданы «Жұма» мешітінің бас имамы Жиенбаев Р.М.

Имамдар бағаны
09 03.22

Мұсылман күнтізбесінде қасиетті Ережеп айынан кейін келетін берекелі ай ол – Шағбан айы. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұл айды аса жақсы көріп, басқа айларға қарағанда ерекше бағалаған екен. Себебі бұл айда адамның жыл бойғы әрбір істеген амалдары Алла Тағаланың алдына ұсынылатындығы айтылған. Бұған дәлел сахаба Усама ибн Зәйд шағбан айында мұншалықты көп ораза ұстау себебін сұрап: «Уа, Алланың Елшісі (с.ғ.с.)! Сенің шағбан айында ұстаған оразаң секілді өзге айларда ұстағаныңды көрмедім», - дейді. Сонда ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп жауап берген: «Шағбан ережеп пен рамазан арасындағы адамдар бұдан ғапыл болып жататын ай. Бұл айда амалдар Раббымызға жеткізіледі. Мен де амалымның ораза ұстаған сәтінде жеткізілуін қалаймын»,- дейді.

Сол секілді Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұл айда әртүрлі нәпіл құлшылықтарын арттырып, әсіресе көбірек ораза ұстаған. Саңлақ сахаба Әнас ибн Мәлик те былай дейді, бірде Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Рамазаннан кейін қандай ораза маңызды?»,- деп сұраған кезде: «Рамазан айының құрметіне Шағбан айында тұтылған ораза»,- деп жауап берген екен.

Ғұламалар осы хадистердің негізінде Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) осы айда оразаға көбірек мән бергенінің басты екі себебін айтқан. Біріншісі: Шағбан - көпшілік адамдар Ережеп пен Рамазан айларының арасында байқаусызда өткізіп алатын ай болғандықтан. Себебі құлшылық амал қаншалықты байқаусыз уақыттарда болса соншалықты оның сауабы мен маңыздылығы арта түсетіні мәлім. Оған дәлел ол құлшылықтан Аллаға деген ықыласы мен Жаратушыға етене жақындығы артатындығында. Мысалы; көпшілік адамдар байқаусызда қалатын түнгі таһаджуд намазы секілді. Ал, екіншісі: Пенденің жасаған ізгі амалдары әлемдердің Раббысына көтерілетін ай болғандықтан. Сондықтан да Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мен осы айда ораза тұтамын - деген. Олай болса мұсылман қауымға бұл айда нәпіл оразалар ұстап сауабы көп ізгі амалдардың үстінде болу маңызды.

Сондай-ақ ғұламалармыз пенденің жасаған амалдары Алла Тағаланың алдына ұсынылатыны жөнінде үш түрлі дәрежеде іске асатынын айтқан. Осы жөнінде Имам ибн Ражаб ал-Ханбали (р.а.) айтады. Бірінші дәреже: Күнделікті ұсынылып тұруы. Ол таң намазы мен екінді намаздары уақытында. Әбу Һурайра (р.а) риуаят еткен, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Сендерге түнде бір періштелер, күндіз бір періштелер алмасып келіп тұрады. Олар таң намазы мен екінді намазында жиналып, сосын сендермен түнде бірге болғандар көкке көтеріледі. Сонда Алла олардан жақсы біліп тұрса да: «Пенделерімді қандай жағдайда тастап келдіңдер?» – деп сұрайды. Ал олар: «Біз оларды намаз оқып жатқандарында тастап келдік, сондай-ақ, олар біз оларға барғанымызда да намаз оқып жатыр еді», – деседі». Екінші дәреже: әр апта сайын ұсынылып тұруы. Ол әр бейсенбі күні болады. Бұған дәлел Имам Ахмадтың (р.а.) Әбу Хурайрадан (р.а)  жеткізген хадисте Алла елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтқанын естідім: «Расында адам баласының жасаған амалдары әр бейсенбі жұманың түнінде Алла Тағалаға ұсынылады, тек туған-туыстың арасын үзген адамның амалы қабыл етілмейді» дейді. Ал, үшінші дәреже: бір жыл бойы жасаған амалдардың ұсынылып тұруы. Ол шағбан айында ұсынылады. Оған дәлел жоғарыда келтірілген сахаба Усама ибн Зәйдтен келген хадис. (Ләтаифүл-Мәариф, 191-193 бет).

Рамазаннан алдыңғы ай шарапатты Шағбан айы болғандықтан ардақты елші (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) берекесі мол айға әзірлік ретінде Шағбан айында парыз құлшылықтармен қатар нәпіл ғибадаттарын көбейтіп, Алланың көркем есімдерін мадақтап, зікір етіп, шүкіршілігін арттырып, кедей-кепшікке садақа берген. Үмметтің үлкендері де бұл айда құлшылыққа жаңаша құлшыныспен кірісетін. Құран Кәрім аяттарын қайталап, нәпіл құлшылықтарына көңіл бөліп, жалбарына кешірім тілеп, зекет парыздарын орындап, жоқ-жітікке қарасатын. Жетім, жесір, жалғызбасты кісілерге көмектесіп, қарттардың көңілін аулайтын.

Имам Ибн Раджаб (р.а.) былай деген: «Рамазан айы Шағбаннан кейін келетіндіктен, бұл айда ораза тұтып, еселеп Құран оқу өте қалаулы болып табылады» (Ләтаифүл-Мәариф, 258 бет). Сол секілді Салама ибн Куһайл айтады: «Біздің уақытымызда Шағбан айы Құран оқушылар айы деп айтылатын ал, Амр ибн Қойс Шағбан айы кірген кезде дүкеншесін жауып уақытын тек Құран оқуға арнайтын болған» (Ләтаифүл-Мәариф,196 бет) деген.

Пендесіне аса мейірімді Алла Тағала шағбан айының ортаңғы түні мен күндізіне мол мүмкіншіліктер жасырған. Сол түні кім ықыласты болып ізгі амалдарда ыждахаттылық танытса Аса Жомарт Иенің мол сауабына иеленіп қана қоймай, күнәлары кешіріліп дұға-тілектері қабыл болу мүмкіндігі молая түседі. Бәраат түні – періштелер жер бетіне түсетін, дұғалар қабыл болатын, кері қайтарылмайтын берекелі түн. Сондықтан бұл түнде жағдайы келіп жатса Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) көп салауат айтып, Алладан біліп-білмей істеген күналарымыздың кешірілуін тілеп (истиғфар), дұға, ғибадат, құлшылықпен өткізген абзал. Айрықша түн жайлы келген кейбір хадистерге тоқтала кетсек.

Муаз ибн Жәбәл (оған Алла разы болсын) Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізеді: «Алла Тағала Шағбаны айының ортасы толған түні құлдарына мейірімін жаудырады да барлығының күнәсін кешіреді. Тек қана Өзіне серік қосушы мен жүрегінде мұсылман бауырына деген кегі бар адамнан басқаны мейіріміне бөлейді» деген. Олай болса мұсылман кісі бұл түні барынша өзін рухани тазартуға ұмтылуы керек. Осыған байланысты сахих ибн Мажаһта келген хадисте Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Қайсы адам ең ізгі абзал адам деп сұралған кезде «Әрбір жүрегі таза әрі әрдайым шын сөйлейтін кісі деді. Сонда сахабалар Уа, Алланың елшісі! шыншыл кісіні түсіндік ал жүрегі таза дегенді түсіндірсеңіз деді. Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Ол - тақуа әрі таза, ешбір күнәсі де зұлымдығы болмаған және жүрегінде өзгеге күншілдігі де, көре алмаушылығы да болмаған кісі» деді. Қай жағынан алып қарасақ та, құт пен берекеге толы бұл түнді мұсылман жұртшылығы «Бараат түні» деген атаумен ерекше мереке ретінде атап өтеді.

Сөз соңында айтар болсақ, берекеге толы шағбан айын ескерусіз қалдырмай құлшылықтарға құлшыныспен бұрылып, күндіз ораза ұстап, түнде құлшылық жасаған нәтижесінде Алла Тағала баршамызды Шағбан айының берекесіне кенелтіп, құлшылықтарымыз арқылы тақуалыққа, иман ләззатын сезінуге әрі Жаратқан иемізге бір табан жақындай түсуімізді нәсіп етсін!

Серік Рахым Темірбекұлы
Қарабалық ауданы «Ғашура ана» мешітінің бас имамы

[1] Насай, Саум
[2] Муслим, Саум
[3] Тирмизи, 657
[4] Бұхари 540, Муслим 1035
[5] Мүснәд Ахмад ибн Ханбал,10079
[6] Байһақи, 3674
[7] Ибн Мәжә, Зуһд 4214

Рахым Серік Темірбекұлы
02 03.22

Уақып бұл – Алла разылығы үшін белгілі бір мүлікті қайырымдылық жолына арнау немесе бағыштау. Уақып – істелуі ұнамды болған және Аллаға жақындататын хайырлы іс. Құранда: «Ей, иман келтіргендер! Маңдай терлеріңмен тапқан малдарыңды және біздің сендер үшін жерден шығарғандарымызды Алла жолында сарп етіңдер!» (Бақара-267) деп, ескерткен. Және бір аятта: «Жақсы көрген нәрселеріңді Алла жолында жұмсамайынша жақсылыққа қол жеткізе алмайсыңдар. Не жұмсасаңдар да Алла оны сөзсіз біліп тұрады», (Әли Имран-92) деген.

Әбу Һурайрадан (р.ғ.) риуаят бойынша: «Алланың Елшісі (с.ғ.с) былай дейді: «Садақа Раббының ашуын басады және жаман өлімді қайтарады» (Тирмизи) деп, Алла жолында садақа берудің сауабын айтып өткен.

Саңлақ сахабалар өз дәуірінде бар мал-мүлік, жиған қаражатын халықтың игілігі жолында, Алланың разылығын алу мақсатында сарп ететін болған. Бұл қоғамдағы жарлы-жақыбай, кедей-кепшіктерді тұрмыс тауқыметінен құтқарса, уақып жасаушы жанды мол сауапқа кенелткен. Мәселен, Әнас ибн Мәликтің өгей әкесі Әбу Талха, Алла елшісінен жоғарыдағы аяттарды естіген бетте «Бейруха» есімді сүйікті бақшасын дереу Алла жолына бағыштап, уақып еткен.

Бірде Омар ибн Хаттаб (р.ғ) пайғамбарымызға келіп: «Уа, Алланың елшісі, мен Хайбар соғысында бір жерді өз меншігіме алдым, осы жер хақында маған қандай әмір бересің?», деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Егер қаласаң ол жерді уақып қыл да одан түскен пайданы садақа қылып отыр», деп кеңес береді. Омар (р.ғ) содан кейін ол жерді ешкімге сатылмайтын, мирасқа да қалмайтын қылып садақа етеді. Одан түскен пайданы мұқтаж жандарға, Алла жолындағы жақсылықтарға, жолаушыларға садақа қылып беріп отырды. Ал, ол істі мойнына алған яғни пайданы жинап отыратын кісінің сол кездегі жағдайға сәйкес ішіп жемі мен еңбегін де беріп отырды. Ислам ғұламалары Омардың (р.ғ) өз меншігіндегі жерін уақып қылуын «Ислам тарихындағы ең алғашқы уақып» деп санаған. (Абдулла ибн Абдурахман Әл Бәссәм, Таузихул ахкам мин Булуғил марам, 1-7, Мәктәбәтул Әсәди)

Ал, енді біздің бабаларымыз уақыпқа қалай амал жасады?

Қоғам қайраткері, жазушы, ақын, аса көрнекті ағартушы, жалынды көсемсөз шебері, айбарлы алты алаш үшін жанын қиған асыл арыстардың бірі Міржақып Дулатұлы бір өлеңінде:

Жарар еді ортада мешіт салсақ,

Қаза қылмай намазды барып тұрсақ,

Бір ғалымды фазыл заттан имам сайлап,

Байларымыз жиналып уақып қылсақ.

Барша түркі жұртының алтын бесігіне айналған, рухани астанамыз саналатын Түркістанда Ақсақ Темірдің, Қожа Ахмет Яссауиға арнап салғызған кесене-мешіті орасан зор мұра. Тарихи деректерден Ақсақ Темір осы кесене-мешітті уақып етіп салып, «уақыпнама» қалдырған.

Батыр да дана бабаларымыз өзге елде жүріп те халыққа пайдалы қыруар еңбек жасаған, арғысы Сұлтан Бейбарыс бабамыз Мысыр еліндегі салған мешіті болса, бергісі Құнанбай қажының Меккедегі уақып етіп салып кеткен тәкиесі – халқымыз үшін ардақты мекен болып саналады. Бүгінгі күні де елқамын ойлаған азаматтарымыз мешіт, медресе салып, халықтың ыстық ықыласына бөленуде.

Уақыптың пайдасы мен хикметі:

- Дүние мүлкін Алла жолында уақып қылу Аллаға жақындатады. Мұсылман осы арқылы үлкен сауапқа ие болады және ол үшін бұдан асқан үлкен қайырлы іс болмайды.

- Уақып арқылы қайтыс болған мұсылманның сауабы үзілмей артынан барып тұрады. Негізінде бір мұсылман қайтыс болған кезде бүкіл іс әрекеттерінің сауабы үзіледі. Ал жасаған «уақып амалының» сауабы үзілмейді. Сол арқылы оның рухы қабірде нұрланатын болады. Қайтыс болған мұсылманның артынан салихалы ұрпағының дұғасы, пайдалы білімінің және қылған уақып амалының сауабы барып тұрады.

- Уақып мұсылмандардың қажетіне асады және осы арқылы Ислам дінінің дамуына өз үлесін қосады.

Қадірлі ағайын, қымбатты бауырлар! «Уақып» тақырыбы еліміз үшін, дініміз үшін өзекті мәселе. Қазіргі таңда ҚМДБ-ның тікелей қолдауымен «Уақып қоры» өз жұмысын бастап кетті. Қордың мақсаты дәстүрлі рухани құндылықтарды дамыту, діни ғимараттар мен әлеуметтік нысандар құрылысын бірлесіп салу, дін қызметкерлеріне қолдау көрсету, олардың біліктілігін арттыруға көмектесу. Сонымен қатар мұқтаж жандарға материалдық көмек көрсету болып табылады.

«Өзін ғана ойлаған, Жамандықтың белгісі.

Өзгені де ойлаған, Адамдықтың белгісі» - демекші, асыл дініміз Ислам әрдайым өзгелерге көмектесуге, қамкөңіл жандардың қамын жеуге үндейді. Сондықтан қолымыздан келгенше, дүние-мүлкімізден Алла жолында уақып етуді ұмытпайық. Құдай тағала кәсіптеріңізге береке беріп, адал табыс табуды нәсіп еткей!

Рудный қалалық «Нұр» мешітінің имамы Бектұрсын Уәлиев

Уалиев Бектурсын Торгайбаевич
22 02.22

Адамның қоғамда өз орнын табуында, көпшілік құрметі мен сеніміне ие болуында әдептілікпен сөйлей білуі де маңызды. Өйткені, мұсылман адам қоғамда барлық жағынан үлгі болуы қажет. Сол үшін де оның әрбір айтар сөзі, іс-әрекеті, адамдармен қарым-қатынасы әдептілік нышандарымен көркемкелденгені абзал. «Сөз қадірін білмеген – өз қадірін білмейді»,«Құлаққа кірген суық сөз, көңілге барып мұз болар» - деп, сөз семсерін оңды-солды серпи берудің көңіл жаралайтынын ескере келіп, әрбір сөзге абай болуды меңзейді.

Құранда дұрыс сөйлеуге жігерлендіретін, сөзде сақтық таныта білу керек екенін ескертетін аяттар жетерлік. Мәселен, мына аятта: «Уа, иман еткендер! Алладан қорқыңдар. Әрі дұрыс сөз сөйлеңдер. Алла істеріңді оңалтып, күнәларыңды кешіреді!», - деп бұйырса, (Ахзаб 70-71) Келесі бір аятта: «Аузынан нендей сөз шықса да, қалт жібермей бақылап жазып тұрады» -деп ескерткен. (Қаф-18).

Осы дүние және ахиретте иесіне пайда да, зиян келтіретін бұл – адамның тілі. Тілмен сөйлеу қабілетіміз – Алланың біздерге берген ұлық сыйларының бірі. Тілдің өрісі өте кең, егер тілімізді қадағалап, әрбір сөйлер сөзімізге есеп беріп тұрмасақ, оған шайтан араласып, жамандыққа жетелеуі мүмкін. Тілді орынсыз пайдаланса, адам тозақы болады, ал егер тілді шариғат жүгенімен жүгендесек, әрқандай жамандық атаулыдан құтыла аларымыз хақ. Адам баласын көп жағдайда бақытсыздыққа, күнә істерге душар ететін нәрсе – осы орынсыз сөйлеу.

Даналыққа жеткен бұрынғы ізгілер: «Үндемеу ол хикмет, жақсы қасиет. Тілдің үндемеуі, көңілдің үндемеуіне, ал көңілдің үндемеуі Раббысының кешіріміне себеп болады» - десе, хазреті Әли р.ғ.: «Егер жүрек таза болса, тілден әдемі орынды сөздер шығады» - деген. Дұрысында адам орынды сөз сөйлеу үшін, тыңдауды үйренуі қажет. Адам баласы көп тыңдап, аз сөйлесін деп Құдай тағала екі құлақ, бір тіл нәсіп еткен.

Расында, тілін жамандықтан сақтаған адам екі дүниеде де ұлық дәрежелі болады. Себебі, тілге сақ болу – қателесу, жалған сөйлеу, сөз тасу, өзін адамдарға көрсетіп сөйлеу және де кісінің абыройын айрандай төгу сияқты жамандықтардан сақтайды. Бұл апаттар тілге жеңіл болғанымен, иесіне жаратылыс жағынан және шайтан тарапынан жамандықтардың келуіне үлкен себеп болады. Адам баласы осы айтылып өтілген істерге кірісе кеткенде өзін тоқтатып қалуға шамасы да жетпей қалады. Тілге ие болу әрдайым салмақты болуды, ойлануды, бұл дүниеде және ахиретте есеп берудің қинышылығынан аман сақтап қалуды қамтиды.

Қадірлі оқырман қауым! Сөздің түйіні: Аллаға және ақыретке иман келтірген адам жақсы сөз сөйлеуі қажет немесе үндемегені абзал. Өздеріңіз аңғарғандай, дініміз сөйлеу мәселесіне үлкен мән берген. Өйткені тіл өз иесіне көп жақсылық та жамандық та әкелуі мүмкін. Сондықтан да саналы да байыпты түрде сөйлейік, сыпайы да сауапты сөздеріміз көп болғай!

Рудный қалалық «Нұр» мешітінің имамы Бектұрсын Торғайбайұлы

Уалиев Бектурсын Торгайбаевич
14 02.22

Көркем мінез – асыл дініміз исламның ең маңызды тіректерінен. Қасиетті Құран мен пайғамбар хадистерінің қай жеріне қарасаң да көркем мінезге көңіл бөлгенін көресің. Мінездің көркем болуы мұсылман адамды Ұлы Аллаға жақындатын, әрі дәрежесін жоғарылататын ең ұлық құлшылықтардан болып есептеледі.

Көркем мінез дегеніміз не?

Имам Тобари (р.а.) көркем мінезге әдептіліктің ең жоғарғы сатысы деп түсініктеме берсе, ал имам Мужаһид (р.а.) көркем мінез ол, діннің нағыз өзі деген екен. Ал, Хасан ал-Басри (р.а.) болса көркем мінез дегеніміз өзіңдегіні өзгемен бөлісу, қолы ашық болу және сабырлы болу деген екен. Имам Ахмад айтқан: көркем мінез - кісі өзін көреалмаушылықтан сақтай білсе немесе ашушаңдықтан өзін тия білсе немесе өзгеге жала жаппаса деген екен.

Көркем мінездің белгілері

Имам Ғазали (р.а.) көркем мінездіктің кейбір белгілері тізбектей келе, ол - көп ұятты, аз зиянды, көп игі істі, әрі турашыл, аз сөзді көп істі, әрі аз қателесетін, жақсылыққа жаны жақын, сабырлы, шүкіршіл, дана, жұмсақ кісі болу. Лағынет-балағат сөздерге, өсек-ғайбатқа, өтірік-жалаға, сараңдық пен көреалмаушылыққа жаны қас болу. Алла жолында жақсы көріп, Алла жолында жаман көру және Алла риза болатын дүниеге риза болып, Алла ашуланатын дүниеге ашулану деген екен.

Көркем мінездің негізгі тіректері

Ибн Қойм өзінің «Мадариж ас-саликин» еңбегінде Көркем мінез мына төрт негізбен толық болады. Сабырлық, пәктік, батырлық және әділдік деген.

  1. Сабырлық, адамды әртүрлі нәрселерден сабыр етуге, ашуды басуға және жұмсақ болуға әрі асықпауға жетелейді.
  2. Пәктік, адамды жаман-жиіркенішті нәрселерден тиылуға, (ол сөз немесе іс болсын) және ұятты болуға (себебі ол, барлық жақсылықтың басы) бастайды, әрі бұзғыншылықтан, сараңдықтан және өтірік, өсек-ғайбаттан сақтайды.
  3. Батырлық, адамның рухын биіктетуге, жақсы ахлаққа ие болуға, ашуды басып, мейрімді-жұмсақ болуға жетелейді. Сол үшін де Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Нағыз батыр білек күшімен емес, нағыз батыр өз-өзін ашуда ұстай білген» деген.
  4. Әділдік, адамды мінез-құлықта тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі.

Сонымен бірге, пенденің ең жаман мінезді бойына сіңіруге себеп мына төрт нәрсе: Надандық, зұлымдық, шаһауатқа берілу және ашушаңдық.

Көркем мінездің түрлері

  1. Алламен байланыстағы көркем мінез. Бұл ең маңызды түрі, себебі адам ең бірінші Алламен әдептілік танытпай басқамен әдепті болағаны жараспайды. Ал, Алламен байланыстағы көркем мінез жалғыз Аллаға құл екеніңді білдіру және одан келген пәрменге естідім де, бойынсындым деген ұраныңнан жаңылмау.
  2. Пайғамбарымызға (с.а.с) деген көркем мінез, оған деген шынайы сүйіспеншілікпен, сүннетіне бекем болып, оған амал етуіңізбен және өзгелерге оның нұрлы жолын жеткізуге үлес қосуыңызбен болады.
  3. Алланың кітәбіна деген көркем мінез. Оны оқып, оған ой жүгіртуіңізбен, ондағы үкімдерге амал етіп, тыйымдардан шеттенуіңізбен және үлкенді-кішілі істеріңізде Құранға жүгінуіңізбен болады.
  4. Періштелерге деген көркем мінез, әрбір адамның жанында періштелердің жүргенін және әрбір ісін есепке алатынын білуі, әрі жанында періштенің тұрғанын сезіп күнә істерге барудан ұялуы.
  5. Адамдарға болған көркем мінез. Бұл дегеніміз кісінің жылы жүзді болуымен қоса тілі жұмсақ, жағымды сөздер айтатын кісі, әрі туған-туыстың арасындағы қарым-қатынасқа жіті көңіл бөлетін болуы ләзім. Құранда Аллаһ тағала Муса пайғамбарға Перғауын залым патша болса да «оған жылы-жұмсақ сөздер айтып мәмле жасаңдар» - деп бұйырды. Осылай кісінің адамдарға қаншалықты жылы мәмледе болу керек екенін білдірді. Себебі, адам қаншалықты биік дережеге жетсе де Муса мен Һарун пайғамбарлардан артық бола алмайды, ал қарым-қатынаста болған кісілер Перғауыннан залым емес екенін естен шығармайық.

Құран және көркем мінез

Алла кітабының қай аятына қарасаңыз да көркем мінезге жіті көңіл бөлген. Аллаға болсын және оның елшісіне немесе кісінің өз отбасы мен бала-шағасына тіпті барша адамзатпен қарым-қатынаста көркем мінезде болуды бұйырған. Егер Ислам толықтай көркем ахлақтың діні десек артық айтпаған болар едік. Алла Құранда пайғамбарға және бүкіл оның үмметіне «(Ей, Мухаммед!) Кешірімділікті ұстан, жақсылыққа бұйыр және надандардан бет бұр» («Ағраф» сүресі, 199-аят) -десе, тағы бір аятта: «Шын мәнінде сен әлбетте ұлы мінезге иесің» («Қалам» сүресі, 4-аят)- деп, Алла шариғатының негізгі ұстанымы, әрі адамзатты екі дүние бақытына жетелейтін игі жақсылықтардың бірі көркем мінез екендігін білдіреді.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) сүннеті және көркем мінез

Алла тағала Құранда «Сен ең биік көркем мінез иесісің» деп пайғамбарымызға соншалықты жоғары баға берген. Осы аяттың түсіндірмесінде ибн Аббас (р.а.) «Алла тағаланың таңдаулы елшісіне жан-жақты, әрі бүкіл жақсылықты өз ішіне қамтыған мақтауы» дей келе, «Ұлы Алла мұндай мақтаумен бұдан алдын ешкімді де мақтағанын естімеппін» деген. Ал, ғаламға рахым нұрын шашып келген ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Мен көркем мінезді кемеліне келтіру үшін жіберілдім» -деп, нұрлы жолының негізгі ұстанымын көрсетеді.

Анас (р.а.) айтады: «Алла елшісі (с.а.у.) адамдардың ең көркем мінездісі еді. Шынында Пайғамбарымызға он жыл бойы қызмет жасадым еш уақытта маған уф- деп те айтпады және істеген-істемеген нәрселеріме де неге бұлай істедің, неге бұлай істемедің деп те сөккен емес».

Пайғамбарымыз (с.а.у) үмметін көркем мінезді болуға шақырады

Алла елшісі (с.а.у.) айтады: «Қай жерде болсаң да Алладан қорық, жамандықтың соңынан оны өшіріп жіберетін жақсылық істе, адамдармен қарым-қатынаста көркем мінезде бол». Тағы бір хадисте айтады: «Адамдардың Аллаға ең жақыны көркем мінездісі», «Мұсылманның таразысын басатын ең ауыр нәрсе көркем мінез». Бұдан да ғажабы, кісі мінез-құлықының көркемдігімен пенделердің ең биік дережесіне ие болатыны. Алла елшісі (с.а.у.) айтады: «Кісі мінез-құлықының көркемдігімен түнде намаз оқыған, күндіз ораза ұстаған кісінің дәрежесіне жетеді»- дейді. Сондай-ақ, мінездің көркем болуы рызық-несібе мен ғұмырдың және әрбір ісіңнің берекелі болуына негіз. Алла елшісі (с.а.у.) айтады: «Туған-туыстың арасындағы байланыс пен көркем мінез және көршілермен жақсы қарым-қатынаста болу тұрып жатқан өлкеге және ғұмырға береке алып келеді».

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) көркем мінезі жайлы кейбір үзінділер

Муслим риуаят еткен хадисте Муауия ибн ал-Хакам айтады: Біз бір күні Алла елшсімен бірге намаз оқып тұрғанымызда кенеттен арамыздан бір кісі түшкіріп қалды. Мен оған жауап ретінде Саған Алланың рахымы жаусын! (Түшкірген кісіге айтылатын дұға) деп айтқаным сол екен, қасымдағы барлық кісілер маған тесіле қарады. Сонда маған неге бұлай қарайсыңдар деп сөйлеп жібердім. Ал, олар болса қолдарымен ауыздарын көрсетіп, маған тыныш дегеннен соң мен тынышталып қалдым. Ал, пайғамбарымыз (с.а.у.) намаз оқып болған соң маған қарады. Ол кісідей әр істі байыппен түсіндіретін ұстаз көрмедім. Алламен қасам, пайғамбарымыз (с.а.у.) маған айқайламады да, ұрмады да, сөкпеді де тек қана жәймен «Бұл намаз, онда адамдардың жәй сөздерін сөйлеу жарамайды, онда тек қана тасбих (Алланы пәктеу), такбир (Алланы ұлықтау) және Құран оқылуы керек» -деді.

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) Тайф тұрғындарымен болған оқиғада олардың жамандықтарына жақсылықпен жауап қайтарады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) оларды Исламға шақырып барғанда ең жаман сөздерді айтып, әрі көшенің жас та, тентек балаларының қолдарына тас беріп, пайғамбарымызды (с.а.у.) қаладан қан жоса етіп қуып шығады. Сол кезде Алла тағала пайғамбарымызға (с.а.у.) тау періштесін жібереді. Ол пайғамбарымызға (с.а.у.): « Уа, Алла елшісі! Мені саған Алла жіберді және сенің не іске бұйырса соны орындауымды бұйырды. Егер де мынау тұрған екі таумен сені азапқа салған қауымды жермен жексен ет десең оны істейін» деді. Сонда пайғамбарымыз (с.а.у.) «Жоқ, олай істеме! Мүмкін Алла тағала бұл қауымның ұрпақтарынан «Ла иләһә иллаллаһ» -ты шынай айтатын кісілерді шығарар деп үміттенемін» дейді.

Көркем мінездің пайдасы не?

  1. Пендені Аллаға жақындататын істердің ең абзалы.
  2. Күнә істердің жойылып, сауапты істердің көбейуіне себеп.
  3. Алланың пендесін жақсы көруіне себеп.
  4. Өлкелердің берекелі ал, ғұмырдың ұзақ болуына себеп.
  5. Адамдардың кісіні тек жақсы жағымен еске алуына себеп.
  6. Көркем мінез достарыңның көп болып, дұшпандарыңның аз болуына себеп.
  7. Пенде тәнінің тозақ отына күймеуіне себеп.
  8. Көркем мінез қиямет күні амал таразысындағы ең ауыр нәрсе.
  9. Пенденің жұмақта Пайғамбарымыздың жанында болуына себеп және т.б.

Қорыта айтқанда, мұсылмандық дегеніміз - көркем мінез. Яғни, көркем мінез бар жерде имандылық бар. Мұсылман кісі өзіне қалаған нәрсені өзгеге қалайтын, әрі қолымен де, тілімен де өзгеге зиян жеткізбейтін және ашудың үстінде болып қалса да өзін ұстай білетін сабырлы адам.

Алла елшісі бүкіл саналы ғұмырын көркем мінезді дәріптеуге арнады. Құранда «Расында, Аллаға және ақырет күніне иман келтіріп, Алланы көп еске алатындар үшін Алла елшісінде керемет үлгі-өнеге бар» (Ахзаб сүресі, 21-аят) –делінген. Ал, керемет көркем әдепті тал бойына топтап, үмметіне үлгі болған адамзаттың ардақтысы, сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед саллаллаһу алейһи уә сәлләм «Иә, Тәңірім! Менің жаратылысымды көркем еткеніңдей, мінез-құлқымды да көркем ет!»-деп көп дұға-тілекте болады екен.

Олай болса, Ұлы Алла тағала жоғарыда аталып өткен көркем ахлақтардан үлгі алуымызды және адамдарға жағдайымыз келгенше Алла разылығы үшін жақсылық жасап, зиян келтірмей көркем мінезде болумызды нәсіп етсін дейік, ағайын!

Қарабалық ауданы «Ғашура ана» мешітінің Бас имамы Рахым Серік Темірбекұлы

Рахым Серік Темірбекұлы
04 02.22

Баршаға мәлім, Елордамызда Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісі болып өтті. Оған аталмыш басқарманың бөлім басшылары, облыстардың бас имамдары қатысып, өткен жылы атқарған игі жұмыстары жайлы есеп берген еді.

Өңірдегі Бас имам Бахытбек қажы Нұрғабылұлы осы айтулы жиыннан нәтижелі оралды. Былтырғы жылы жүзеге асырылған істер тиісті бағасын алып, дін қызметкерлерінің ізденістері мен талпыныстары жақсы жағынан аталды.

Біз таяуда дін қайраткеріне арнайы жолығып, көкейде жүрген бірнеше сауалдарымызды қойып, нақты жауаптарын алған едік. Төменде осы сұхбатты оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.

Бірлік бар жерде-тірлік бар

-Жылдық жұмыстарыңызға Төралқа мәжілісінде оң баға беріліпті. Осы табыстарыңызға Қостанай облысындағы барша мұсылман қауымы қуанышты. Алдағы уақытта да еңбектеріңіз жанып, табыстан-табысқа жете беріңіздер?

-Ізгі лебізіңізге рахмет. Өткен жыл пандемияға байланысты күллі еліміздегідей бізге де оңай соққан жоқ. Алайда әріптестерімнің еңсесі түспеді. Қайта бойларынан рухани тың күш-жігер тауып, жұмысты барынша жандандыра түсті.

Әрине, мешіттер үнемі қалыптасқан дертке байланысты үнемі намаз оқуға ашық болмаса да халықпен байланысын үзбеді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының алдыңызға қойған барлық талаптарын дер кезінде орындап отырдық.

Тіпті тоғыз жолдың торабында орналасқан мешіттерімізде жолаушыларға қолайлы жағдай туғызу мақсатында намаз оқитын бөлмелерді де дайындадық. Жауынды-шашынды, боранды күндері бір сәт бой жазып, сергіп, тынығуларына қолдан келген мүмкіндікті жасадық.

Өздеріңіз білесіздер, Солтүстікте қыста үскірік аяз, бет қаратпас суық күндер аз болмайды. Сондай кездері жолды тазартқан азаматтарға да ас-су жеткізіп тұрдық.

Ал пандемияға байланысты атқарылған жүмыстар ұшан-теңіз. Оның бәрін осындай бір сұхбатта баяндап беру әсте мүмкін емес. «Біз біргеміз» деген қағиданы берік ұстанып, ауруханадағы емделіп жатқан ағайындарға қол ұшын создық. Өз басым өңірдегі барлық аудандар мен қалалардың, кенттердің имамдарына, ауылдардың молдаларына әңгіменің орайы келгенде шынайы алғысымды білдіргім келеді. Олар кездескен барлық ауыртпалықтарға төзді әрі шыдады. Қайта шыңдала түсті.

Жеті бағыт бойынша жұмыс істедік

-Бахытбек қажы Нұрғабылұлы, республикамыздағы жыл қорытындысында жеті бағыт бойынша тындырылған қыруар шаралар айтылды. Соларға қысқаша тоқталып және сөзіңізді өзіңіз басшылық ететін өңірдегі мешіттердің тыныс-тіршілігімен байланыстыра кетсеңіз?

-Бас мүфти төрағалық ететін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2021 жылдың басында жеті бағыт бойынша жұмыс жоспарын бекіткен-ді. Біз соны басшылыққа алдық.

Ал олар қандай бағыттар еді. Енді соған аз-кем тоқталғаным жөн болар. Мәселен, ақпарат және қоғаммен байланыс, оқу-ағарту және кадрлық әлеует, дін мен дәстүр, уағыз-насихат, қайырымдылық, рухани тәрбие-Ихсан ілімі, жат діни ағымдармен жұмыс секілді бағыттардың қай-қайсысыда ауқымды әрі маңызды. Олардың бәрі де мұсылман бауырларымыздың өмірінде ерекше орын алады.

Өз басым өңірге жауап беретін Бас имам ретінде мешіттерде өткізілетін түрлі басқосуларда, семинарларда, әріптестермен болған кездесулерде жоғарыда аталған бағыттардың мәні мен өзектілігін үнемі айтып отырдым.

Сондай өзара түсіністіктің нәтижесінде жыл бойы шама-шарқымыз келгенше тыңғылықты әрі нәтижелі жұмыс істеуге тырыстық. Әрине, оның бәрін тәптіштеп баяндайтын болсам, әңгімеміз ұзаққа созылып кетері сөзсіз.

Солардың кейбіреулерін ғана тілге тиек еткенім орынды болар. Бірінші бағыт бойынша сайтта және әлеуметтік желілерде облыстағы діни ахуал мен күллі мешіттердің тыныс-тіршілігі ұдайы жарияланып отырды. Діни мерекелердің алдында телеарналарға шығып сөйлеп, халыққа құнды мағлұматтар бердік.

Өзге бағыттар бойынша да алдын ала белгіленген жоспарлар ұдайы пысықталып, тиісті мамандар бақылауға алды. Соның арқасында көзделген меже биігінен көріндік.

-Сіздің салмақты ойыңыз бен пікіріңізге қарағанда, алынған асулар аз емес. Ең алдымен өңірде қанша мешіт пен намазхана бар екендігін айтсаңыз, олар қыстан қысылмай өтуге барлық жағдайлар жасалған болар. Жоғарыда аталған бағыттардың ішінен кейбіреулерін жұртшылық назарына сала кетсеңіз?

-Сауалыңыз өте орынды. Мұндайда өткен кезеңдер еріксіз еске түседі. Еліміз егемендік алғанға дейін аймақта бірде бір имандылық ордасы болған жоқ. Ол енді кешегі қайта оралмас кеңестік заманның кесірінен туындаған.

Тек қана тәуелсіздікке қол жеткізген отыз жылдың ішінде қаншама зәулім мешіттер салынып пайдалануға берілді. Қандастарымыз үлкен қуанышқа кенеліп, үлкенді-кішілі қауым ислам дініне бет бұрды. Кадрлар жағы мықтап қолға алынды.

Қазіргі таңда мешіттерде жұмыс істеп жатқан имамдардың басым көпшілігі жоғары кәсіби білім алған жастар. Жыл сайын діни басқарма және өкілдіктің қолдауымен талапты бозбалалар беделді оқу орындарына түсіп жатады.

Артта қалған жылы білікті оқу орындары-Нұр-Мүбарак Египет ислам университетіне, Хасеки академиясына, Қарилар орталығына, медресе-колледждерге 11 талапкер қабылданып, таңдаған мамандықтарын игеріп жатыр.

Олардың сапалық біліктілігіне келсек, бұл күндері облыс бойынша 71 қызметкер бұйрық бойынша қызмет атқарады. Оның 44-і бас имам және найб имамдар. Діни курстарда біліктілігін жетілдіретіндер де жеткілікті. Өткен жылы діни басқарманың қолдауымен ротация жасалып, бірқатар аудандар мен қалалардың имамдары ауыстырылды.

Жалпы, өңірде 25 мешіт Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалы ретінде тіркелген. Таратыңқырап айтатын болсақ, оның 5-і қалалық, 16-сы аудандық және 4-і ауылдық мешіттер. Былтыр аймақта 1 мешіт пен 2 намазхана қайта салынып, пайдалануға берілді. Сөйтіп, Құсмұрын, Бөрлі, Шеген елді мекендердегі ағайындар үлкен қуанышқа бөленді. Сонымен қатар 36 намазхана да халыққа қызмет етеді.

Қазіргі таңда Әулиекөл және Алтынсарин аудандарында жаңа мешіттер салынуда. Алдағы уақытта олар бойкөтеріп, қалың жұртшылыққа есігін айқара ашатын болады.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Қостанай облысында да ауыз толтырып айтарлықтай істер атқарылды. «30 жылдық мерейтойға 30 мың тал отырғызу» акциясына белсене қатысып, 330 талды ектік.

Сонымен қатар 4 мешіт күрделі жөндеуден өткізіліп, жұртшылықтың имандылық ордасына, 11 мешіттегі асханалар ағайындардың басқосатын орнына айналды. Мен осы арада бірқатар мешіттің іші-сыртында және қабірлер басында тазалық жұмыстары атқарылғандығын тілге тиек еткім келеді.

Қазақ «Үйі жоқтың күйі жоқ» деп босқа айтпайды. Имамдар мен діни қызметкерлер ештеңеге алаңсыз әрі жалақысы лайықты болса, жұмыс та оң нәтиже беретіндігі ақиқат.

Өткен жылы 5 діни қызметкерге баспана берілді. Олардың сол сәттегі қуанышын көрудің өзі түсінген адам үшін үлкен бақыт. Мешіттерге деген демеушілердің жанашырлығының арқасында 3 жеңіл көлік тапсырылды. Бұл да олардың жұмысын жеңілдете түсері даусыз.

Қолы ашықтың-жолы ашық

-Біздің халқымыз ежелден қиналған жанның жанынан табылуды, жетім-жесірге қолдау көрсетуді сауапты іс саналған. Сіздерде осы қайырымдылық бағытында да қыруар жұмыстар атқарылып жатқанын көзбен көріп, көңілге түйіп жүрміз. Сол маңызды да ізгілікті шаралар жөнінде әңгімелейтін кезіңіз келген секілді.

-Бұл қайырымдылық бағытындағы игі шаралар негізгі жұмыстарымыздың бірегейіне жатады. Осы орайда Зекет және қайырымдылық қорының тындырған істері айтарлықтай. Біз жыл бойы «Тайқазан», «Берекелі Рамазан сыйы», «Қолдан-қолға», «Ел үлесі пәтерге», «Үміт сыйла сәбиге», «Жетім көрсең, жебей жүр», «ҚМДБ гранты», «Киім-кешекпен көмек», «Қайырымды жұма», «Жылулық сыйла», «Өмірге үміт сыйла» секілді жобалардың кеңінен қанаттарын жаюына белсене атсалыстық.

Осы аталғандармен бірге «Раббың үшін құрбан шал», «Ауызашар себеті», «Көшпелі қайырымдылық керуені», «Рамазан керуені», «Мектепке жол», «Алтын құрсақты батыр аналарға тосын сый», «Қиындықта ел бірге» секілді айналамыздағы қолдауға зәру жандарға көрсетілетін мән-маңызы зор акцияларды ұйымдастыруға да ерекше көңіл бөлеміз.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсынған үлгісіне сай жұмыс жүргізу біздің басты міндетіміз. Жерлеу рәсімдерінде ысырапшылдық пен бәсекелестікке жол бермеу және жалпыға ортақ мәдениет қалыптастыру мақсатында облыста бірнеше жиындар өткіздік. Өйткені, бұл жайлар қазіргі таңда өте өзекті. Жасыратын несі бар, қимас адамдары дүниеден өтіп, қара жамылған шаңырақтардың бәрінің тұрмыс жағдайлары бірдей емес.

Сондай-ақ қабір басындағы келеңсіздіктерді бір ізділікке келтіру жөнінде де түсінік жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Бұл орайда өңірдің Жітіқара және басқа да аудандарда қолға алынған игі жұмыстар баршылық.

«Рухани тәрбие-Ихсан» бағытында да былтыр «Ихсан-рухани кемелдену жолы» деп аталатын кітапты баспадан шығардық. Оны бауырларымыздың жүректеріне жеткізу хақында да жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында, сайттарда қаншама танымдық-тағылымдық мақалалар жарық көрді.

Уақыт талабы имамдардан қызметте жоғары жауапкершілікті ғана емес, ішкі жансарай сұлулығын, терең білім мен біліктілікті, тұрақты шығармашылық ізденісті қажет етеді. Халықпен күнделікті тонның ішкі бауындай араласып, дін қызметкерлері ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты, көркем мінезді бойларына сіңіріп, шешендік пен мәдениетті түрде сөйлеу білуге әбден дағдыланулары қажет.

Олар республикалық «Мұнара» газеті мен «Иман» журналын жаздырып алып қана қоймайды. Рухани байлық көзі болып табылатын бұл басылымдарды мұсылман бауырларымыздың арасында насихаттап отырады. Басқа да ғибраттық жағы мол газет-журналдарға да айрықша назар аударады.

Дін мен дәстүр егіз. Оны әсіресе, еліміздің жарқын келешегі болып табылатын өскелең ұрпақтың санасына жеткізу аса маңызды. Осы ежелден мирас болып келе жатқан асыл қазынамызды кішкентайынан біліп, сезінген бозбала мен бойжеткен үлкен мен кішіні сыйлап, өз елінің нағыз ұлтжанды патриоттары болып қалыптасатындығына өз басым кәміл сенімдімін.

Діни ағымдармен жұмыс

-Тәжірибелі имам ретінде сіздің айтарыңыз мол екендігін білеміз. Кешегі қаңтар айындағы еліміздегі күтпеген дүрбелең оқиға жүрегі елім және халқым деп соғатын әрбір намысты, көзі ашық, көкірегі ояу жанға үлкен ой салғандығы айдан анық. Өзіңіздің де ой-пікірлеріңізді келтіре кетсеңіз?

-Бұл қаңтардағы қанды оқиға бәрімізді де терең ой үстінде қалдырды. Ол елімізге қаншама зардап пен шығын әкелді. Бейбіт өмір сүріп жатқан жұртшылық жазықсыз жапа шекті. Бәрімізге де үлкен сабақ болды.

Республикамызда ғұмыр кешіп жатқан түрлі ұлт өкілдерінің отаны біреу-ол тәуелсіз Қазақстан. Оны тек біз ғана қорғаймыз. Сондықтан енді бұрынғыдай алаңсыз, қам-қарекетсіз отыруға болмайды.

Елімізде әскери қуатымызды күшейтіп, жастарымызға тиісті деңгейде патриоттық тәрбие беруге барлық ата-аналар да жауапты. Осы орайда дін қызметкерлері де жауапкершілікті жоғары сезінулері тиіс. Күнделікті жұмысымызда біз діни ағымдарға жол бермеу жағын басты назарда ұстауымыз қажет.

Әрбір жоғары және арнаулы оқу орындары мен мектептерде болған кездерімізде терроризм мен діни экстремизммен күрес және оның қауіп-қатері, алдын алу жайында әңгіме өткізіп, жігіттер мен қыздардың мемлекетшілдік, отаншылдық бағыттағы рухын арттыруға барымызды саламыз.

-Сөз соңында алдағы басты жұмыс жоспарларыңыз жөнінде қысқаша айтып берсеңіз?

-Әр жылдың өзіндік несібесі бар. Алдымызда барыс жылы жүзеге асырылар асқаралы міндеттер тұр. Қазірдегідей қалыптасқан пандемия кезінде де мешіттердің жұмысын бір сәтке де босаңсытуға болмайды.

Өткен кезеңдегідей жеті бағыттағы міндеттерді жалғастыра береміз. Өңірдегі діни ахуалды барынша жандандыруға атсалысып, халықтың діни сауатын көтеруге, кейінгі жастарымызды ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу жолында уақытпен санаспай жұмыс істейміз.

Сонымен бірге мінекей дініміздегі қасиетті болған үш ай басталды. Олар Ережеп, Шағбан және Рамазан. Оның алғашқысы Алланың айы Ережеп айының келуімен ең әуелі Алладан тыныштық береке тілеймін! Бұл ай сауапты амалдар мен жақсылықтарға, мейірімге толы болсын!

Ережеп айы – дәнді егу айы. Шағбан айы – егінді суғару айы, ал Рамазан айы – егінді ору, қырман айы. Егілген егіннің жеміс бергені секілді, әрбір жақсы істің нәтижесі де болады. Сол себепті, бұл айда ораза тұтып, көбірек намаз оқып, рухани амал жасау керек.

Алла тағала отбасыларыңызға береке, елімізге татулық, амандық берсін! Мемлекетімізге тыныштық, әрбір жанның жүрегіне иман нұрын сепсін!

Әңгімелескен Оразалы Жақсанов

Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбетпен сұхбат

Тәжімбет Бахытбек Нұрғабылұлы
26 01.22

Бұл өмір-тіршілік – Алла тағаланың адам баласына берген зор нығметі әрі сынағы. Нығметі дегеніміз – Мейірімді Алланың өз құлдарына берген рыздық-несібесі, ғұмыры, күш-қуаты. Сондай-ақ біз осы өмір арқылы әлемдердің Раббысы Алланы танимыз, айналамызға қарап, ой жүгіртеміз. Яғни, Алланың сүйікті құлы болуға әрекет жасаймыз. Ал енді сынағын айтатын болсақ, әр өткен күнімізге есеп беру, басқа түскен қандайда бір қиындыққа сабыр ете білу. Құранда: «Ол Алла қайсыбірің игі, сауапты істер істейді екен деп, бәріңді сынап көру үшін өлім мен өмірді жаратты» - делінген.

Әрбір жан иесінің еншісінде өлшулі уақыты бар. Адам баласы сол өлшеулі мезгілді тиімді пайдаланса, әрине алға қойған мақсатына жетеді. Алайда өз өмірінің қадір-қасиетін тиімді пайдалана алмай жүргендер қаншама? Алтын уақытын болмашы, бос нәрселермен өткізіп, не өзіне не өзгеге пайдасын тигізе алмайды.

Түсіне білсек, дүние тіршілігі жүйелі түрде өмір сүру үшін берілген, қайта айналып келмейтін үлкен бір мүмкіндік. Өміріңді түзете алсаң, сонда ғана барлық берекеге қол жеткізесің. Атақты ғалым Суфян әс-Саури: «Бұл дүниеден-тәніңе қажеттіні, ақыретіңе-жүрегіңе қажетті нәрсені ал» деген екен.

Әрбір мұсылманның өмірдегі мақсаты – Алланың сүйікті құлы болу, бастаған ісі берекеге ұласып, табысқа кенелу, қоғамға пайдалы адам болу. Мұны қаламайтын, армандамайтын адам кемде-кем болар. Алайда сол мақсатқа жету үшін біз қаншалықты күш жұмсаудамыз? Өмірде мақсатсыз адам болмайды. Бірақ өкінішке орай көп адамның мақсаты орындалмас арман болып қала береді. Адам нені мақсат етсе соған жетеді. Кез келген бір істі бастарда: «Я, Раббым! Осы ісімді берекелі ете гөр» деп бастауы керек. Егер мақсатына жетіп жатса, шүкірлік етіп, ал егер алға қойған мақсаты орындалмаса, оның да қайыры бар деп тілегені жөн. Әрине, ізгі ойлар адамға қанат бітіріп, арман қиялында самғатып қана қоймай сол арманының орындалуына қосымша күш береді. Лұқман хәкім баласына былай деп өсиет етіпті: «Ақиқатында мына өмір терең теңіз секілді, көп адамдар оған батып кетіп, қасіретке ұшырайды. Егер кемең тақуалыққа негізделсе, онда мына өмірдің арбауынан құтыла аласың».

Нәпсісімен күресу үстінде пенденің алға қойған мақсатына жетуіне шайтан барынша кедергі болуға тырысады. Оған мойымай, тақуалықпен қарсы тұра білген жөн. Хазіреті Әли (р.ғ) кім мына қасиеттерге ие болса, тозақтан құтылар еді деген: «Алланы танып, Оған итағат етсе;

шайтанды танып, оған бойұсынбаса;

ақиқатты көріп, сол жолға бастаса;

күнәдан аулақ болып, тақуалыққа бейім болса;

дүние қызықтарына алданбай,ахиретті игі тұтса».

Рудный қалалық мешітінің имамы Бектұсын Уәлиев

Уалиев Бектурсын Торгайбаевич
30 11.21

Сегодня хочется затронуть очень важную тему для времени, которое наступило сейчас. В настоящее время многие из людей проживают жизнь, даже не общаясь с соседями, но в Исламе соседи - это люди, которые играют не маловажную роль для правильной практики Ислама.

Если затронуть нашу историю, то можно увидеть, как наши предки бережно выстраивали хорошие взаимоотношение с соседями. В казахском языке есть такое понятие «Көршінің ақысы – Құдайдың ақысы», что дословно переводится «Права соседа – права Всевышнего», имея ввиду что, нарушив права соседа, ты нарушишь, те права, которые Всевышний запретил нарушать. Если посмотреть на времена ссылок целых народностей в казахские степи, то казахи принимали их как гостей, и делали всевозможные благие дела в отношении новых соседей. И возможно по этой причине, Всевышний даровал нам такую благодать, что в нашем государстве собрались около 130 национальностей, которые живут и процветают под единым флагом Казахстана.

Абу Хурайра передал, что Пророк Мухаммад (мир ему) сказал:

«Пусть тот, кто верит в Аллаха и Судный день, говорит благое или молчит. Пусть тот, кто верит в Аллаха и Судный день, почитает своего соседа. Пусть тот, кто верит в Аллаха и Судный день, хорошо принимает своего гостя» (Бухари, Муслим).

Посредством этого хадиса можно понять, что уважительное отношение к своему соседу является признаком полноценности веры.

А в другом хадисе:

«Джибриль столько говорил мне об отношении к соседям, что я подумал, что он включит их в число наследников» (Бухари, 6014).

И нам как практикующим Ислам нужно задуматься выстроили ли мы достойное отношение со своими соседями?!

И напоследок хотелось рассказать прекрасную историю, произошедшую с Абдуллой ибн Мубараком. Абдулла ибн Мубарак совершал хадж раз в два года, и в один из таких годов он направился в Священную Мекку. И после выполнение всех обязанностей хаджа, уставший заснул. И увидел, как два ангела спустились и начали диалог.

Первый ангел: Сколько в этом году людей совершили хадж?

Второй ангел: Около 60 000 людей.

Первый ангел: Сколько было принято?

Второй ангел: Только один, и это хадж человека из Дамаска, Абдулла ибн Мукаффаль, но при этом он не был в Мекке!

Абдулла ибн Мубарак был потресен, и проснувшись направился в Дамаск. По приезду в Дамаск, он начал спрашивать о том, где живет Абдулла ибн Мукаффаль. И ему указали, и великий имам Абдулла ибн Мубарак встречается и спрашивает о нем, что он сделал такого, что даже не посетив Мекку его хадж был принят. И Абдулла ибн Мукаффаль рассказывает:

«Я всю жизнь работаю сапожником, и получаю очень мало денег. И на протяжении 20 лет я собирал средства, чтобы посетить Священную Мекку и совершить хадж. И когда я был практически готов отправится в путь, моя беременная жена почувствовала запах варенного мяса от дома соседей, и она попросила меня о нем. Я направился к соседям, и попросил немного варенного мяса, и соседка мне сказала: «То мясо, которое готовим мы, дозволено для нас, но запретно для Вас!». Я очень удивился этому, и задал вопрос: «Как такое может быть?». И она повествовала такую историю, что на протяжение нескольких дней в ее доме не загорался очаг, то есть не готовилась еда, и ее дети были очень голодны, и она вышла чтобы найти хоть что-нибудь из еды для детей, и увидела мертвого осла на дороге и отрезала немного мяса. По этой причине для них это мясо было дозволенным, хотя в основе оно запретно. И я чуть не зарыдал, вернулся в свой дом, взял деньги, которые собирал на протяжении 20 лет и отдал их этой женщине сказав: «Вот мой ХАДЖ» и ушел».

И только посмотрите насколько хорошие отношения с соседями могут возвысить Ваш уровень перед Всевышним. Хочется упомянуть еще один хадис Пророка ﷺ:

«Не является верующим (в смысле – не имеет полноценной веры, прим. переводчика) тот, кто уснет сытым в то время как рядом с ним будет голодный сосед» (Бухари).

И возможно дуа наших соседей будет принято, и они станут причиной нашего входа в Рай. По этой причине, если Вы еще не наладили свои отношения с соседями сделайте именно сегодня, не оставляя на завтра.

 И дарует нам Всевышний прекрасный нрав в отношении наших соседей!

Главный имам мечети «Aldiyaruly Zhanuzaq» Сейдаглиев Нурлан

Сыздыков Нурлан Сейлханович

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником