Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри

Имамдар бағаны

12 10.21

«Берекені көктен тілеме - еткен еңбектен тіле»

Ақиқатында, адам баласы бұл жалғанға Жаратушысын танып, Оған құлшылық ету үшін келген. Құранда Құдай тағала: «Жын мен адамзатты Өзіме ғибадат етулері үшін ғана жараттым», – деген иләһи әмір айтқан.

Пендеге міндеттелген парыздарды орындаумен бірге тіршіліктің қамын жасап, бала-шағаға адалынан напақа тауып, тәлім-тәрбие беру де ғибадат. «Ер дәулеті – еңбек» демекші, мұсылман үшін өзін және отбасын асырау, адал еңбекпен нан табуы – құлшылықтың бір түрі. Абдулла ибн Масғұдтан (р.ғ) жеткен риуаятта Алла Елшісі (с.ғ.с): «Адал кәсіп табуға талпыну – парыздан кейінгі парыз» деген. Өйткені, бұл да дініміздің бұйрығы.

«Еңбек – адамның көркі, адам – заманның көркі» дегендей, жастар өз қабілет-қарымына сай елге де, өзіне де пайдалы кәсіп маманы болуы маңызды. Тек қана заңгер, қаржыгер болам деген қате пікір. Барлық мамандық жақсы. «Сен де бір кірпіш, дүниеге кетігін тап та, бар, қалан!», – деп Абай атамыз айтқандай, Отанымыздың титтей болса да бір тетігін бүтіндеуге бар болмысымызбен атсалысуымыз қажет.

Адамзат асылы саналатын Пайғамбарлардың барлығы да маңдай терімен нәқапасын тапқан.

Лұқман Хәкім өз перзентіне: «Балам! Кедейлік атаулыдан адал кәсіп етіп тәуелсіз бол. Өйткені, кісі қолына қараған адамның басына үш жаманшылық келеді. Ол 3 нәрсе мынау: діні әлсірейді, ақылы төмендейді және адамгершілігін жоғалтады. Бұл үш қасіреттен де ауыры адамдар оны менсінбей кетеді», – деген екен.

Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) еңбек туралы: «Кісі қолына мұқтаж болудан сақтанып, бала-шағасын асырап, көрші-қолаңына жақсы қарым-қатынаста болып дүниені адал жолмен тапса, Алланың алдына барғанда оның жүзі толған айдан жарық болады», – деген.

Еңбек етпей, маңдайдан тер төкпей адам баласының мақсатына жетпесі хақ. Жұмыстан қашып, «жеңілдің асты, ауырдың үстімен» жүру – бойға жабысқан жалқаулықтың белгісі. Білім-ғылымда да күнделікті тұрмыста да кісіні көш соңында қалдыратын себеп ол – жалқаулық. Ал, жалқаулық пен жатыпішерлік мұсылмандыққа да, адамгершілікке де жат нәрсе.

Мұсылман деген тек мешіттен шықпай мінәжат ететін адам емес. Ол дүние тіршілігінде өзгемен терезесі тең болу үшін еңбек ететін, еңбекқор жан. Нағыз мұсылман – дүниелік тіршілігіне де, діни құлшылығына да бірдей тең қарайтын адам. Құран Кәрімде: «Намаз аяқталғанда, жер бетіне тарқалыңдар да Алланың нығметінен өздеріңе рызық-несібе іздеңдер әрі Алланы көп еске алыңдар, мүмкін бақытты боларсыңдар», – деп әмір етілген.

Бір хадисте: «Еңбек етуден қолдары күстенген, шаршап-шалдығып ұйқыға кететін адам кешірімге бөленіп, күнәларынан арылады»деп, Алла елшісі еңбекқорларды сүйіншілейді.

Дана халқымыз: «Еңбегің болмаса елге өкпелеме, Ықтасының болмаса желге өкпелеме», – дейді. Қазір кейбіреулерге: «Неге жұмыс істемейсің?» – десең: «Жұмыс жоқ», деп жауап береді. Еңбекқор адамға әрдайым жұмыс табылады. «Екі қолға бір күрек» деп мұсылман сегіз қырлы бір сырлы болуы қажет. Нағыз азамат өзінің біліміне, білегіне сүйенеді.

Хәкім Абай: «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап», – дегендей мұсылман баласы еңбекқор болуы керек.

«Адал еңбек елге жеткізер, Арам еңбек елден кеткізер» -дегендей, ең басты назарда ұстауға тиісті болған нәрсе ол – адам істеген ісінің қиындығына немесе жеңілдігіне, беделділігіне емес, ең алдымен тапқан табысының адалдығына баса мән беруі қажет.

Қадірлі оқырман қауым! Бабаларымыз: «Еңбегімен ер сыйлы» деген, әуелі өзімізі еңбектеніп, перзенттерімізді де жас күнінен еңбекке баулып өсіре білейік. Алла тағала еткен еңбектеріңіздің екі дүниеде нәтижесін көруді, сауаптан болуды нәсіп еткей!

Рудный қалалық «Нұр» мешітінің имамы Бектұрсынқажы Торғайбайұлы

Security code


алдыңғы блог жазба
Отбасы – ұлттың тірегі
келесі блог жазба
Мәуліт – тағылымға толы мереке.

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником