Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри

Имамдар бағаны

15 11.21

Дін мен дәстүр

Дін мен дәстүрдің қоғамдағы алатын орны жоғары, ұлттық құндылықтар дұрыс қалыптасу үшін де атқарар маңызы зор. Еліміздегі озық салт-дәстүр мен ислам дінінің сабақтастығының түп тамыры тереңде жатыр. Қазақ халқы тарих ағысында түрлі кезеңдерден өткен. Қилы замандарды бастан кешіріп, сан алуан діндер мен әдет-ғұрыптарға куә болды. Бабаларымыз ақыл-түсінігі мен талғамын Ислам дінімен сүйемелдей білген. Соның арқасында қазақтың әрбір әдеті мен ғұрпы, тікелей дінмен байланысып, өзара ажырамастай өріле түскен.

Дін – адамдық ізгі қасиеттерімізді асқақтатса, салт-дәстүр – ұлт болып қалыптасуымыз үшін қажет. Әр халықтың өзіне тән, қоғамның дамуына байланысты ерекшеліктері болады. Мәселен, еліміздің ұлан-байтақ жерді алып жатуының өзі – халқымыздың батырлығы мен ерлік дәстүрін паш етеді.

Дәстүр – ұлтты рухани жандандырып, оның ішкі және сыртқы келбетін өрнектеп, көрсетіп тұратын сипаттар. Дін бар жерде дәстүр, дәстүр бар жерде дін де бар деп айтуға болады. Алла тағала құранда: «Кешірімді бол, ғұрыпқа жақсылыққа бұйыр және надандардан жырақ бол» - деп әмір етеді. Ғұрып дегеніміз бір қоғамда қалыптасқан жағымды әрі қайырлы іс. Демек, Алла тағала жоғарыдағы аяттарда қоғамда жағымды жағдайларды қалыптастырып, оларды негізге алуға әмір етіп тұр.

Дініміз Ислам әрбір халықтың, ұлттың өзіндік құндылықтары және ерекшеліктері – әдет-ғұрпына ерекше көңіл бөлген. Сондықтан ғұламалар әдет-ғұрып мәселесін талдап, оның өзін жеке бір тақырып етіп зерттеген. Біле-білсек, сан ғасырдан бері бабаларымыздың ұстанған Исламның жолы «Әбу-Ханифа» мектебі – осы салт-дәстүрімізді ардақтауға, тамырлы тарихымызды ұмытпауға, ел тыныштығының сақталуына бағытталған.

Халқымыздың: «Дәстүріңді баққаның – үмітіңді жаққаның»,-деген ұлағатты сөзінде терең мән-мағына жатыр. Дана халқымыздың әдет-ғұрыптарына келер болсақ дінмен ұштасқан, ақылға сәйкескен жерлері өте көп. Атап айтқанда қазақ халқының амандасу көрінісі: көліктегі адамның жаяу адамға, жаяу адам отырған жандарға «Ассаламу ғалейкум» деп амандық сұрасуы, үлкенге құрмет, кішіге ізет танытуы. Бұл Пайғамбарымыздың хадисінде де баяндалады: «Атты адам жаяуға, жаяу кісі отырған адамға, бір топ дүйім көпшілікке сәлем береді», - деген. Қазақ жеріне дін келгелі бері осы үрдіс қалыптасып, тіпті қылышынан қан тамған Кеңес Одағы кезінде де бұл дәстүрлі амандасу халық жадынан ұмыт болған жоқ. Дінімізді тәнімізден жұлса да дәстүрімізді жанымыздан өшіре алмады.

 

Алты алаштың дәстүрі сансыз, солардың тағы біріне келер болсақ, әр ру мен тайпаның таңбасы мен туы болғандығы.

Бұл әдет те кезінде Пайғамбардың құптауымен болған іс. Қандай да бір жорыққа аттанар алдын Алла Елшісі (с.ғ.с) әр тайпаға өз туын белгілеп, ішіндегі ең сенімді әрі қайраттысына ұстатқан. Ал қазір халқымыздың туы бір, елтаңбасы белгілі. Бұл дінге сәйкес дәстүрімізді қастерлеп құрметтеу әрбір азаматтың борышы.

Бала дүниеге келгеннен кейінгі «Сүйінші сұрау», «Азан шақырып ат қою», «Шілдехана тойы», «Бесікке салу», «Қырқынан шығару», «Сүндетке отырғызу», «Құда түсу», «Үйлендіру» – бәрі де асыл дінімізде салмағы бар, маңыз берілген дәріптелетін сүннет яки мұстахап амалдар екенін көреміз. Келіннің ата-енесіне сәлем салуы құрмет болса, беташар рәсімі – некені жариялау, бесік тазалық пен денсаулық кепілі болса, дастарханда бас қосып дәрежемен орын алу ахлақ (әдеп) көрінісі.

Салт-дәстүрлеріміздің кейбіреуі тіпті бұлжымас діни ережелер бойынша жүзеге асатынын да байқауға болады. Ибн Ғабидин «Уқуд рәсм әл-муфти» кітабында былай дейді: «Ғұрыптың шариғатта орны бар, Кейде үкім соған орай орнығар»-деген. Бір сөзбен айтқанда әдет-ғұрып діни үкім шығару тұрғысынан, мұсылман құқығының қайнар көздерінің бірі болып табылады.

Қымбатты бауырлар! Асыл дінімізді ардақтап, салт-дәстүрімізді қадірлей білейік. Өз ұлтының ерекшеліктеріне мән берген елдің Алла бұйыртса іргесі берік, келешегі кемел.

Рудный қалалық «Нұр» мешітінің имамы Бектұрсын Торғайбайұлы

Security code


алдыңғы блог жазба
Әрдайым жақсы ойда болу
келесі блог жазба
Өмірді босқа өткізбеу

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником