Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Жаңалықтар
Понедельник, 17 Май 2021 15:14

ОРАЗА АЙТ

Өткен жылы еліміздегі індетке байланысты Рамазан айының айты өтпеген болатын. Биылғы Ораза айтта облыс бойынша барлық мешітте айт намазы оқылып, мерекелік шаралар өткізілді.

Міне айттың бірінші күні облыстық мешітте айт намазы оқылып, Бас имам Бахытбек қажы Нұрғабылұлы жиналғанды құттықтады. Сонымен қатар осы күндері айт мерекесі қарсаңында түрлі шаралар өткізілетінін атап өтіп, халықтың оған атсалысуын үндеді.

Келесі күні Жангелдин ауданының Милісай аулында Рамазан айты атты үлкен шара ұйымдастырылып, оған елімізден белгілі тұлғалар, дін қайраткерлері мен айтыскер ақындар бас қосты.

Осы күндері әйел-қыздар секторы балаларға базарлық атты шара өткізді. Оғанда жамағаттағы балар ойын-сауық кешенінде көңілді демалыс өткізіп айтты атап өтті.

Сонымен қатар ерлер жағы ат үстінде көкпар тартысып, Мұхаммед Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен салауаты болсын) сүнетімен күрес ұйымдастырып айтты ерекше атап өтті.

Осылайша қасиетті Рамазан айының айт мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті.

Қостанай облыстық мешітінің

баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Понедельник, 17 Май 2021 11:08

Арқалық: Шапағаты мол Рамазан айты

Арқалық қаласындағы «Мухтасиф Әлмұхаммед» мешітінің ұжымы да қасиетті Рамазан айынан кейін келетін Ораза айт мерекесін қуанышпен қарсы алды. Бас имам Дархан Исламбекұлы барша мұсылман бауырларымыз бен қала тұрғындарын осынау мейраммен шын жүректен құттықтады.

Ол Ораза айт мерекесінің жұртшылықты өзара бірлігімізді арттыруға, татулыққа, мейірімділікке, қайырымдылыққа шақыруда ерекше орын алатындығын тілге тиек етті.

Мешітте қайырымдылық шараларына айрықша назар аударылады. Оның жарқын айғағы ретінде Рамазан айында қала бойынша әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға, мұқтаж жандарға жалпы жамағат пен кәсіпкерлердің қолдауымен 4,5 млн теңгеден астам қаражатқа көмек көрсетілді.

Мейрам күні кәсіпкерлер мен жүрегі жомарт жандар тарапынан да қолдау көрсетілді. Мәселен, Арқалықта жаңадан ашылған «Тоrqai plaza» кешенінің иелері бүлдіршіндерге сол өздеріндегі ойын алаңында бір күн бойы тегін асыр салып, алаңсыз ойнауларына толық мүмкіндік жасады.

 

Қостанай облыстық мешітінің

баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Понедельник, 17 Май 2021 10:53

Рудный: Айт мерекесі

Рудный қалалық «Нұр» мешітінде Ораза айттың алғашқы күні намаз оқылып, уағыз-насихат айтылды. Елдің амандығы үшін дұға жасалды. Содан соң далада дастарқан жайылып, айт шайы берілді. Жамағат дастарқанға арнайы қойылған бауырсақ, құрма, тәтті жемістерден ауыз тиді. Бір-бірін мерекемен құттықтады.  

Осы күні 20 отбасына азық-түлік қоржындары табыс етіліп, көпбалалы жанұялардың және намазхандардың балаларын демалыс саябағында мерекені атап өтті.

Балдырғандар аттракциондарда тегін ойнатылып, балмұздақ, тәтті шырындар тарту етілді. Міне, осы қуанышты сәттердің басы-қасында жүрген мешіттің бас имамы Бектұрсын Уәлиевтің адамгершілік, іскерлік қырларына жұртшылық тәнті болды.  

      Сонымен қатар, қыстың суығы мен жаздың аптап ыстығына төзіп, қала тазалығына ерекше үлес қосқан кісілер де назардан тыс қалған жоқ. Оларға ізгі тілек білдіріліп, 150 адамға ыстық палау таратылды.

 

Қостанай облыстық мешітінің

баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Мамыр айы айтулы оқиғаларға толы екендігі белгілі. Соның ішінде Ұлы Жеңіс күні ерекше орын алады. Өйткені, сонау бір отты жылдары әрбір шаңырақтан Отан үшін от кешкен азаматтар аз болған жоқ. Соғыстан аман-есен оралған аға буын өкілдерінің қатары да жыл өткен сайын сиреп келеді. Жас ұрпақ олардың алдында мәңгілік қарыздар.

Бұл күндері Әулиекөл ауданында Ұлы Отан соғысының үш ардагері - Алдаберген Каскин, Василий Туз және Владимир Приставский ғұмыр кешіп жатыр.

Ұлы Жеңістің 76 жылдығы қарсаңында «Әмит ишан» мешітінің бас имамы Нұрлан қажы Сыздықов пен наибы Әл-Фараби Кенжеғара 95 жастағы Алдаберген Қасқаұлын мерекемен құттықтап, ардагерге сый-сияпат жасады.  

Оларға дән риза болған ардақты ақсақал өзінің майдандағы жорық жолдары жайлы әңгімеледі.

Атамыз екінші Белоруссия майданында болып, Белоруссия мен Литваны жаудан азат етуге қатысқан. Польшаға барар жолда Одер өзенін алу кезінде ерлік танытты. Осынау жорықта жарақаттанып, госпитальда емделіп шыққан.

Қайсар азамат Германияның Данциг, Брецлау, Росток қалаларын жаудан азат етуде болған. Соғыс жеңіспен аяқталса да Германияда қызметке қалып, туған жерге 1950 жылы ғана оралған.

Алдаберген Қасқаұлы майдандағы және бейбіт күндердегі көрсеткен ерлігі мен еңбектегі жетістіктері үшін ІІ дәрежелі “Ұлы Отан соғысы” және “Қызыл Жұлдыз” ордендері, “Совет Одағының маршалы Г.К.Жуков”, “Белоруссиядағы жеңіске 60 жыл”, “Украинаны фашистерден азат еткеніне 60 жыл”, “Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл”,  “Астанаға 10 жыл”, “1941-1945 жылдарғы соғыс ардагері” және басқа да көптеген медальдармен марапатталды.

Көкірегі шежіреге толы атамыз бүгінгі өскелең ұрпақ туған жерінің нағыз патриоты болып қалыптасып, елі мен жерінің нағыз жанашыры әрі қамқоршысы болып өссе деп армандайды.

Қостанай облыстық мешітінің

баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Жақында Әулиекөл ауданындағы дін мәселесі жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері осы аудандағы ішкі саясат бөлімінің басшысы Қазбек Оразбаев пен «Әмит ишан» мешітінің бас имамы Нұрлан қажы Сыздықов Құсмұрын кентінде болды. Олар мұнда екі мектептің оқушылары және кент әкімдігінің аппаратымен кездесті.

Жүздесуде бас имам жиналғандарға Ислам – бейбітшіліктің діні екендігін және оның қатыгездік пен қантөгіске түбірімен қарсы екендігін айтты. Сондай-ақ, бұл дін кімді болсын адамгершілікке, кішіпейілдікке, парасаттылыққа, мейірімділікке шақыратынына да ерекше тоқталды.

Дін қайраткері өз тарапынан алдағы уақытта білім ордаларымен осындай берері мол кездесулер өткізуге, оларды толғандырып жүрген маңызды сауалдарға нақты жауап беруге айрықша назар аударатындығын жеткізді.

Бұдан кейін ақпараттық-түсіндіру тобы кенттегі «Хақ» мешітінің жамағатымен жүздесіп, қасиетті Рамазан айының қадір-қасиеті жайлы әңгімеледі. Намазхандардың көкейлерінде жүрген көптеген сауалдарына жауап берді.  

Топ мүшелері ауданда діни сауаттылықты арттыру және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында нақты жұмыстар атқарыла беретіндігін де тілге тиек етті.

 

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Вторник, 11 Май 2021 11:00

РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ

Published in Фотогалерея

ЖЕРІМІЗ ЖАУДАН, ЕЛІМІЗ ДАУДАН АМАН БОЛҒАЙ!

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,

Қазақстан мұсылмандары діни

басқармасының төрағасы, Бас мүфти

Қадірлі отандастар!

Баршаңызды Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Денге саулық, әр отбасыға амандық пен береке тілеймін. 

Ислам діні тек құлшылықпенөлшенбейді. Мұсылманға Отанын, отбасын, ар-намысын, мал-мүлкін қорғау – міндет. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Отанын қорғап, шекара күзеткен жанның Алла алдында дәрежесі артатынын баяндаған.

Хадистердің бірінде: «Екі көз ақыретте тозаққа күймейді: біріншісі, күнәсына өкініш білдіріп, оңашада егіліп жылаған көз, екіншісі, Отанды қорғап, шекара күзеткен көз» делінген.

Бірде сүйікті Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Ең абзал амал қандай?» деп сұралады.Сонда Алла Елшісі(оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Шекараны, Отанды қорғау үшін бір күн, бір түн күзетте тұру – бір ай нәпіл ораза ұстап, түнде намаз оқудан қайырлы» деп жауап береді.

Халқымыздың көрнекті ақыны Мұқағали Мақатаевтың: «Оңай сөз ғой «Отанды сүйем» деген,

Не тындырдың «басымды иемменен?» деген өлеңі көп ой тастайды. «Отан үшін күрес – ерге тиген үлес» деген нақыл бар. Бүгінгі бейбіт заманда Отан үшін күрес халыққа қалтқысыз қызмет ету, білім алып, оны ел игілігіне сарп ету, ұрпақты ұлағатты іске тәрбиелеу, ағайын-туыс, көрші-қолаң, дос-жаранға қарайласып, қайырымдылық жасау, т.б. ізгі істермен өлшенбек.

Өскелең ұрпақты отаншыл болуға тәрбиелеумен қатар, оларға әскери борышты өтеудің мәнін түсіндіру – аса маңызы іс деп атар едім. Өйткені, Отан қорғаушылар күні – әрбір ер азаматтың патриоттық сезімін оятатын, Отанды қорғау жауапкершілігін арттыратын маңызды мереке.

Әр шаңыраққа шаттық пен береке, әскери саладағы ұландарымызға мықты жігер, күш-қайрат тілеймін. Ел ертеңін ойлайтын жастарымызға Жаратқан жар болғай.

Алла Тағала жерімізді жаудан, елімізді даудан аман еткей! Әмин!

Published in Жаңалықтар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен елімізде «Берекелі Рамазан керуені» атты қайырымдылық марафоны қолға алынған болатын.

Қасиетті жұма күні осындай марафон республикамызда жоғарыда аталған басқарманың Зекет  және қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен өткізілді. Бұған Қостанай облыстық мешіті мен дін қызметкерлері де өздерінің лайықты үлесін қосты.

Қайырымдылық марафонында өңірдегі көмекке мұқтаж 250 отбасына азық-түлік қоржыны табыс етілді. Оған  1 250 000 теңге жұмсалды. Әрбір қоржынға 5000 теңгенің  азық-түлігі салынды.

- Қазақстанда «Берекелі Рамазан керуені» қайрымдылық марафоны бүгін екінші рет ұйымдастырылып отыр. Демеушілердің қолдауымен  азық-түлік қоржындары аймақтағы 8 ауданға бөлінді. Ораза кезінде қамқорлыққа бөленген мұсылман бауырларымыздың жүздерінен қуаныштың нышанын көрудің өзі бір ғанибет. Біз алдағы уақытта да қайырымдылық шараларын өткізуді жалғастыра береміз, - деді Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет өз сөзінде.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Әулиекөл аудандық «Әмит ишан» мешітінің ұжымы қасиетті Рамазан айының алғашқы күнінен бастап қайырымдылық шараларына көп көңіл бөлуде.

Бас имам Нұрлан қажы Сыздықовтың пікіріне сүйенсек, қайырымдылық акциясына түскен қаражатқа жергілікті жерде тұратын көп балалы 13 отбасына азық-түлік тапсырылды. Онда күнделікті тұтынатын азық-түлікпен қамтылған. Өз кезегіндеғ мешіт қызметкерлері де өздерінің үлесін қосып,  жеті отбасына азық-түлік алуға демеуші болды. 

Жалпы, Рамазан шарапаты мол ай. Сондықтан, Ораза кезінде мешітке қолдау көрсетіп, жанашырлық танытқан бауырларымызға Алланың нұры жауа берсін!

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Среда, 28 Апрель 2021 11:24

Асыл мұраны сақтаған

Фатима Әбдібекқызы Дайырова – текті әулеттің ұрпағы. Бұл күндері       93-ке жақындаған ол Қостанай қаласындағы «Аэропорт» шағын ауданында келін-немерелерімен бірге тұрады. Өткен жылы қараша айында Атбасардан осында уақытша келген болатын.

Қажы әжеміздің атасы Бекмұхамед пен әкесі Әбдібек кезінде дін жолын ұстанған ардақты кісілер еді. Бұл әулеттің тағы бір өзгелерге өнеге боларлық жағы – ұзақ жылдар бойы ұлы пайғамбарымыз Мұхаммедтің бір тал сақалын ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып сақтады. Бертін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына тапсырды. Ол жөнінде кезінде жазылып айтылды да.

Кеше, яғни қасиетті Рамазан айында Қостанай облысының Бас имамы Бақытбек қажы Фатима Әбдібекқызының ғұмыр кешіп жатқан шаңырағына арнайы ат басын бұрып, оның жағдайымен танысты. Оған мықты денсаулық тілеп, Оразаның құрметіне азық-түлік салынған қоржынды табыс етті.

Ол өз кезегінде барша қостанайлықтарды Рамазан айымен шын жүректен құттықтап, ақ батасын берді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником