Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Жаңалықтар
Пятница, 16 Июль 2021 14:46

Брифинг: Құрбан айт

Дүние жүзі мұсылмандарының ұлық мерекесі Құрбан айтқа да саусақпен санарлықтай күндер ғана қалды. Кеше «Қазақстан-Қостанай» телеарнасының баспасөз клубында осы үлкен мейрамға арналған брифинг болып өтті.

Бұл бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері жиналған басқосуға Қостанай облысының Бас имамы Бақытбек қажы Тәжімбет пен Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітінің наиб имамы Азамат Мурзаканов қатысты.

Бақытбек қажы Нұрғабылұлы өз сөзінде Құрбан деген ұғымның араб тілінде «Жақындау» деген түсінікті білдіретіндігіне, ол жер бетіндегі мұсылман бауырларымыздың өмірінде ерекше орын алатындығына тоқталды. Мейрам 3 күн тойланып, құрбандыққа мал шалынатындығын, бауырларымыз бір-біріне мейірімділік танытып, әруақтарға Құран оқылатындығын айтты.

Оның пікіріне қарағанда, биылғы мерекенің алғашқы күні 20 шілдеге дәл келгендіктен еліміздің халқы демалады. Бұрын өкпе-реніштері болса біржолата ұмытып, татуласады. Көмекке мұқтаж жетім-жесірге қамқорлық жасайды.

Аталмыш брифинг қос тілде жүргізіліп, жерлестеріміздің Құрбан айтқа байланысты қойған сауалдарына нақты жауап берілді. Бас имам барша өңір жұртшылығын мейраммен құттықтап, ырыс-береке, мықты денсаулық тіледі.

Жерлестеріміздің назарына сала кетер бір жай, облыс орталығында және Тобыл қаласына қатысты құрбан шалынатын арнайы орын Федоров тас жолында орналасқан «Амиго» кешені болып бекітілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте биыл құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban2021.kz сайты іске қосылғанын хабарлады.

Бас мүфти qurban2021.kz жобасының мақсаты қайырымдылыққа дәнекер болу, халықтың денсаулығы мен өміріне төнген қауіпті сейілтуге үлес қосу, құрбан шалуға ниет білдірген жандарға карантин жағдайында оңтайлы жол ұсыну екенін атап өтті.

«ҚМДБ-ның qurban2021.kz сайты бүгін сағат 15:00-де іске қосылып, Құрбан айттың үшінші күні, яғни 22 шілдеге дейін жұмыс істейді. Құрбан шалуға ниет еткен азаматтар осы аралықта тапсырыс бере алады. Сондай-ақ 17 шілдеден бастап осы сайт арқылы мұқтаж отбасылардың құрбандық етін алу үшін өтініш беруіне болады. Мұқтаж отбасылардың өтініштерін қабылдау, сараптау және құрбандық еттерін жеткізіп беру жұмыстарымен ҚМДБ-ның жергілікті өкілдіктері және еріктілер айналысады» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Брифингте Бас мүфти ауылдық жерде жеке тұрғын үйде тұратын әр адамның құрбан шалуына ҚМДБ тарапынан ешқандай шектеу болмайтынын жеткізді.

Published in Жаңалықтар
Пятница, 16 Июль 2021 12:07

Сапар: Кездесу әсерлі өтті

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында өңіріміздің аудандары мен қалаларында халықпен кездесулер өткізуде.

Бұл жолы белгілі дін қайраткері Рудный қаласының маңындағы Горняк елді-мекеніне атбасын бұрып, жергілікті жұртпен жүздесті. Әңгімеге негізінен еліміз егемендік алған кезең ішіндегі қол жеткен жетістіктер, облыстағы діни ахуал және алда тұрған өзекті мәселелер арқау болды.

Әрине, әлемді жайлаған пандемия жайлы да айтылды. Онда әсіресе, мешіттердегі сақтық шаралары, яғни бетперде тағу, арақашықтықты сақтау жөнінде де тілге тиек етілді. Қойылған сұрақтарға нақты жауап берілді. Бір сөзбен айтқанда, Бас имамның ауылдағы халықпен кездесуі өте әсерлі өтті.

Қостанай облыстық мешітінің

баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Вторник, 13 Июль 2021 11:07

Науырзым жаңалықтары

Әлемді жайлаған пандемия қай салаға болмасын өзінің қиындығын тигізбей қойған жоқ. Алайда соған қарамастан, өңірдегі мешіттерде жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша оқушылардың жазғы діни сауат ашу курстарының жұмысы бір сәтке де тоқтатаған жоқ.

Бұл орайда, облыстық Марал ишан мешітіндегі жүзеге асырылған жарқын істер өзге имандылық ордаларына өнеге болды. Осындағы игі жұмыстарды басшылыққа алған Науырзым ауданыңда да оқушылардың жазғы демалысын барынша тиімді ұйымдастыруға ерекше назар аударылды.

Мысалы, осы кезге дейін жалпы 87 бала дәріс алып, білімдерін шыңдады. Таратып айтатын болсақ, Шилі ауылында 17, Дәмді ауылында 35, аудан орталығы Қарамеңдіде 20 бала зейінділік танытты. Мешіттердегі ұстаздар оларға алғашқы күндерден бастап тиянақты да, терең ілім беруге тырысты.

Дәріс барысында шәкірттерге  Құран әліппесі,  Сира  (Пайғамбар өмірбаяны), Сенім мәселесі, Исламдағы 100 сұраққа байланысты маңызды жайлар оқытылды. Осылайша, талапкерлер көпшілікке мәлім ислам әдебін жан-жақты меңгерді.Сондай – ақ тағлымы мол салауаттар мен дұғаларды жаттап, таным көкжиектерін кеңейтті.

Оқушылар бос уақыттарында рухани жан дүниелерін байыту мақсатында болашақта ұмытылмас өнегелерді, эстетикалық мәні зор құңдылықтарды бойларына сіңірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Понедельник, 12 Июль 2021 10:03

Кездесу іскерлік жағдайда өтті.

Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет Жітіқара қаласына болған сапарында осы ауданның әкімі Нұржан Өтегеновпен кездесті.

Жүздесу барысында Бас имам аудандық мешітте үстіміздегі жылы атқарылар маңызды жұмыстар жайлы хабардар етті. Сондай-ақ мешітке қызмет бабына байланысты қажетті көлік жайлы тілге тие кетті.

Әкіммен кездесу кезінде онымен бірге ауданның бас имамы да бірге болды. Жалпы Бахытбек Нұрғабылұлының сапары өте іскерлік жағдайда өтті. Жергілікті мешіттің көкейтесті мәселелері болашақта шешімін табады деген үміттеміз.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Понедельник, 12 Июль 2021 09:59

Жітіқара жаңалықтары

Жұртшылыққа Қостанай облысының Бас имамы  Бахытбек қажы  Тәжімбеттің  өңірдің аудандар мен қалаларын аралап, олардың тыныс тіршіліктерімен танысып жатқаны белгілі.

Ол осы жуырда ғана облыс орталығынан шалғайда жатқан Жітіқара қаласында болды. Бас имам аудандық  “Ержан Тәтішев” атындағы мешіттің имамымен кездесіп, алда тұрған Құрбан айтқа дайындық және онда жүзеге асырылатын іс-шаралар жайлы әңгіме қозғады.

Сонымен қатар Бахытбек Нұрғабылұлы  киелі орында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы сөйлесіп, жаңадан тағайындалған дін саласы қызметкерлерінің  міндеттеріне жан-жақты тоқталды. Басқа да маңызды істер пысықталды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Көпшілікке мәлім, қасиетті Ислам дініміз әрқашан да адамзатты тазалыққа шақырады. Өйткені, тазалық иманның жартысы және денсаулық кепілі. Сонымен қатар, өзіміз тіршілік кешіп жатқан ортаны абаттандыруға, алыстан көз тартатындай етуге, жүрегімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.

Міне, осыны жете түсінгендіктен де болар, белгілі дін қайраткері, көркем мінезді азамат Шоқан қажы Ғазизұлы Әмірханов басқаратын Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің қызметкерлері бұл маңызды мәселеге әрдайым ерекше көңіл бөліп, назарда ұстайды.

Осы сөзіміздің жарқын мысалы ретінде жуырда ғана аталмыш мешіт жанындағы «Жастар секторының» ұйымдастыруымен киелі орындағы еріктілер тобы сенбілікке қатысты. Сөйтіп, олар ауланы тазалап, өздерінің нағыз жанашыр әрі белсенді екендіктерін іс жүзінде көрсетті.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Четверг, 08 Июль 2021 14:45

Құнды кітаптың тұсаукесері

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2021 жылды «Ихсан» жылы деп жариялағаны имандылықты пір тұтқан ағайындарға белгілі.

Қазігі таңда «Ихсан - рухани тәрбие негізі» деп аталатын аса маңызды еңбек жарық көріп, күллі республика жұртшылығы тарапынан қолдау тапты.

Бұл орайда ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігі де «Ихсан – рухани кемелдену жолы» деп аталатын құнды кітаптың тұсаукесерін өткізді.

Осынау еңбек - үстіміздегі жылға жоспарланған қос кітаптың алғашқысы. Оған облыстағы бірқатар аудан және қала имамдарының тың ізденісінен туған мақалалары енді.

Тұсаукесерге арналған жиынды Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет ашып, Ихсан ұғымының мән-мағынасын түсіндірді. Басқосуға арнайы шақырылған алқа мүшелері, зиялы қауым және мешіт жанашырлары қатысты.

Онда діни тақырыпқа көптен бері қалам тартып жүрген Қазақстанға танымал қаламгер, ақын және ғалым Ақылбек қажы Шаяхмет сөз сөйлеп, баспадан шыққан жаңа кітапқа байланысты өз ой-пікірін ортаға салды.

Алқа мүшелері мен құрметті қонақтарға «Ихсан – рухани кемелдену жолы» деп аталатын кітап сыйға тартылды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Четверг, 08 Июль 2021 12:20

Қайырымдылық – асыл қасиет

Қостанай облыстық мешітінің жанындағы Қайырымдылық және Зекет қорының жұмысы өткен маусым айында да жалғасын тауып, қаншама көмекке мұқтаж отбасылар мен азаматтардың үлкен алғысына бөленді.

Мәселен, өңір бойынша 430 қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, қолдауға зәру жерлестерімізге азық-түлік үлестірілді. Әрине, олардың жүздерінен қуаныш нышандарын көргенде мешіт және қор қызметкерлері өздерінің игі жұмыстарының нәтижелерін айқын сезінді.

Қайырымдылық мақсатына облыс бойынша 3 млн 460 мың 879 теңге жұмсалды. Әрине, әдеттегідей жүрегі жомарт жандар, яғни кәсіпкерлер өздерінің көмекке мұқтаж жандардың өміріне бейжай қарай алмайтындықтарын танытты. Оларға әрдайым Алланың нұры жауа берсін!

Облыстық мешіттің наиб имамы Бақытжан қажы Икрам алдағы уақытта қор жұмысын мүмкіндіктері келгенше жандандыра беретіндігін айтты.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником