Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Жаңалықтар
Пятница, 02 Июль 2021 11:09

Бас имамның өңірге сапары

Қостанай облысының Бас имамы Бақытбек қажы Нұрғабылұлы Тәжімбет халықпен тығыз байланыста қызмет атқаратын азамат. Әр жыл сайын өңірдегі барлық мешіттер мен намазханаларды аралап шығады. Көзбен көріп, көңілге түйгендерін үнемі басшылыққа алып, қордаланып қалған жайларды дер кезінде шешіп отырады.

Ол жуырда ғана Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай облыс орталығынан әудем жерде жатқан Қамысты, Денисов аудандары мен Лисаков қаласында сапарда болды.

Сапар барысында аталмыш аудандардағы мешіттердің тыныс-тіршілігімен жан-жақты танысты. Олардың алдында тұрған өзекті мәселелер жайлы әңгімеледі.

Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға ерекше назар аударды. Мешіттердің қысқа дайындық жұмыстары мен ішкі ахуалы туралы жамағаттан сұрастырып білді. Оның жанында бірге жүрген мешіттің имамдары жүзеге асырылып жатқан игілікті істер жөнінде баяндады.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Четверг, 01 Июль 2021 13:20

Еңбегіне қарай құрмет

Өткен 28 маусым күні елімізде «Байланыс және бұқаралық ақпарат қызметкерлерінің күні» аталып өткен.  Осы орайда облыстық мешітте тынбай ізденіп, өздерінің кәсіби шеберліктерімен көзге түсіп жүрген БАҚ саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді.

Биыл біздің өңірде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти  Наурызбай қажы Тағанұлының Алғыс хатына белгілі журналист, баспасөз хатшысы Оразалы Отынбайұлы мен Қостанай облыстық  мешітінің аппарат жетекшісі Қанат Орынтайұлы ие болды.

Ал облыстық «QOSTANAI» телеарнасының «Иман иірімі» бағдарламасы ұжымы атынан директоры Ербол Ипбергеновке де Бас мүфтидің Алғыс хаты берілді.

Сондай-ақ, өз саласының білікті маманы, фото тілші Бағдат Ахметбеков те Қостанай облысы Бас имамының Алғыс хатымен марапатталды.

Басқосуда облыстың Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет жиналғандарды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтап, ізгі тілегін айтты.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Вторник, 22 Июнь 2021 13:56

ЖАЗҒЫ САУАТ АШУ

Published in Фотогалерея
Вторник, 22 Июнь 2021 13:52

Қостанай: Жазғы сауат ашу

ҚМДБ-ның тапсырмасы аясында Қостанай облыстық мешітінің ұйытқы болуымен үстіміздегі жылы жазғы діни сауат ашу курсы жанданып мамыр айының 27-нен маусым айының 18-не дейін 34 шәкірт оқып шықты.

Балалардың жазғы демалыс уақытын тиімді өткізу үшін қолайлы жағдай туғызылды. Ислам дінінде оларға берілетін тәрбиенің орны қашан да бөлек. Дәріс барысында олардың ой-өрісін кеңейту, талғамын арттыру мақсатында өнегесі мол жұмыстар атқарылады.

Мәселен,  шәкірттерге Құран әліппесі,  Сира  (Пайғамбар өмірбаяны), Сенім мәселесі, Исламдағы 100 сұраққа байланысты жайлар оқытылады. Сөйтіп, балалар ислам әдебін меңгереді. Салауаттар мен дұғаларды жаттады.

Оларға «Сарыағаш» медресе-колледжін аяқтағалы отырған Әйгерім Қойшиева мен облыстық мешіттің ұстазы Жансая Халим қыз балаларға тағылымды білім берді.

Ал, ер балаларға «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің 2-ші курс студенттері Бекзат Қапар мен Алинұр Балахметтер білгенін үйретіп, олардың тиянақты білім алуларына барын салды.

Есте қаларлық қызықты спорттық ойындар өткізіліп, қол өнерін шыңдауға да назар аударылады.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Вторник, 22 Июнь 2021 13:51

Торғай: Оспанқожа әулие

Жергілікті бауырларымызды имандылыққа, ауызбірлікке үндеп келе жатқан Жангелдин аудандық «Оспанқожа әулие» мешітінің асханасының құрылысы өткен жылы аяқталып, пайдалануға берілуге тиіс еді.

Алайда әлемді жайлаған пандемия оның дер кезінде көпшіліктің игілігіне айналуына мүмкіндік бермеді. Дегенмен, жағдайға түсіністікпен қараған мұсылман бауырларымыз ортақ іске қолдарынан келгенше өздерінің лайықты үлестерін қосты.

Таяуда асхана құрылысы аяқталып, торғайлық ағайындар үлкен қуанышқа кенелді. Оның ашылуына алыс-жақыннан қадірменді әрі тілектес қауым жиналып, ізгі тілектерін білдірді.

Салтанатты шарада осы өңірдің тумасы, белгілі дін қайраткері Шоқан қажы Әмірханов Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбеттің атынан ондағы жұртшылықты шын жүректен құттықтап, қуаныштарына ортақ екендігін жеткізді.

Сонымен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Алғыс хатын құрылыс жұмыстарының бас демеушісі Берік Бисенғалиевке табыс етті.

Мешіттің алқа мүшесі Нүретден қажы Спабекұлы ел тілеуінің орындалғанына шүкіршілік ете келіп, ауданның бас имамы Рүстем Исламұлына дән ризашылықтарын жеткізіп, жауапты қызметінде табыс тіледі.

Ақ батасын беріп, асхананың лентасы қиылды. Ақ жаулықты аналарымыз қалыптасқан қазақы дәстүріміз бойынша шашу шашты.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Қаламгер, ақын, ғалым, драматург, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Ақылбек Шаяхметтің есімі бүкіл республика жұртшылығына кеңінен таныс. Оның бірқатар кітаптары дін тақырыптарын арқау еткен.

Ол облыстағы мешіттерде өткізілген кездесулерде бүгінгі таңдағы аса өзекті тақырыптарды қозғап, өскелең ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, Отансүйгіштікке баулып келеді.

Жуырда сан қырлы дарын иесі 70 жасқа толды. Соған орай Қостанай шаһарындағы «Жастар сарайында» оның шығармашылық кеші болып өтті. Тағылымы мол іс-шараны Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы ұйымдастырды.

Онда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хаты оқылды.  Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары Арман Әбенов,    Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының төрағасыҰлықбек Есдәулетов, Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов, Алматы облысынан арнайы келген зиялы қауым өкілдері, елімізге белгілі ақындар Қасымхан Бегмано, Әбжан Әбілтай және басқа да мәдениет қайраткерлері құттықтап, сый-сияпат көрсетті.

Кеште өнер шеберлері асқақтата ән шырқап, күмбірлете күй шертті. Ақын өз туындыларын оқыды.

Біз де мерейтой иесінің қуанышына ортақтаса отырып, Ақылбек Қожаұлына алдағы уақытта мықты денсаулық, отбасында бақыт, шығармашылық табыс тілейміз.

   Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Рудный қалалық Нұр мешітінде 1 маусымнан бастап мектеп жасындағы оқушыларға арналған екі апталық жазғы діни сауат ашу лагері жұмысын бастап, оған екі топтан тұратын 40 ер бала мен 20 қыз бала қатысты.

Шәкірттер білім деңгейіне және жас ерекшеліктеріне қарай топтарға бөлініп оқыды. Балаларға имандылық, әдептілік дәрістері, құран оқып үйрену, қысқаша сұрақ-жауаптар, дастарханда қазақша бата беру үйретілді.

Дәріс барысында шәкірттерді жалықтырып алмас үшін бой сергітер спорттық ойындары (футбол, теннис) мен көңілдерін шаттандыратын кинотеатрдағы қызықты қойылымдарды тамашалауға мүмкіндік туғызылды. Сондай-ақ, әр күні дәріс кезінде балмұздақ, тәтті шырындар ұсынылды.

Осылайша мешіт ұстаздары оқушылардың жазғы демалысын тиімді әрі пайдалы өткізулеріне барлық жағдайды жасады.

Сауат ашу мерзімі аяқталған кезде шәкірттердің білімдерін тиянақтап сынақ тапсырғандарына арнайы сертифакаттар беріліп, дастархан жайылды. Ал ата-аналар қауымы мешіт ұжымының мұндай игілікті істері мен дәріс берген ұстаздарына шынайы алғыстарын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Понедельник, 14 Июнь 2021 11:38

Арқалық: Сүндет той

Жақында Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің ұжымы «Сүндетке отыру – Пайғамбарлардың жолы, әр мұсылманның міндеті» атты балаларды тегін сүндетке отырғызу қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Онда ежелден келе жатқан салтымыз бойынша 15 бала сүндетке отырғызылды. Бұл ретте хирург Әсет Абдрахманұлы және уролог Әнуар Әбутәліпұлы үлкен азаматтық танытты.

Әрине, осынау сауабы мол шарада қазіргі пандемияға байланысты барлық санитарлық талаптар толық сақталды.

Мешіттің бас имамы Дархан Қосылбаев біліктілік танытқан мамандарға шын жүректен шынайы алғысын білдіріп, оларға қасиетті Құран Кәрімді, Ұлы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің өмірбаяны арқау болған «Адамзаттың асыл тәжі» деп аталатын аса құнды кітапты тарту етті.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Четверг, 10 Июнь 2021 12:39

ЖАНТ семинары

Қостанай облысытық мешітінде ЖАНТ мүшелеріне арналған семинар болып өтті. Оған облыс бойынша жұмыс жасап жүрген діни қызметкерлер қатысып, деструктивті ағым мүшелерінің желеу қылған мәселелеріне қатысты тақырыптар аясында дәрістер өтті.

Оны Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек Тәжімбет, наиб имамдар Дархан Сыздықов пен Тұрым Муканбетжанов жүргізді.

Дәріс үш күн бойы жүргізіліп қортындыланып, Қостанай облысындағы жат ағым мүшелерімен жүргізіліп жатқан жұмыс бойынша тақырып қозғалды. Оған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысындағы өкілі мен Қостанай облысы дін істер басқармасының мамандары қатысты.

Бас имам Бахытбек Нұрғабылұлы «ҚМДБ-ның негізгі бағыттарының бірі жат ағыммен жұмыс жасау. Сондықтан бұл бағытта барлық ЖАНТ мүшелері аса жауапкершілікпен жұмыс атқаруы тиіс және оған қолдау білдіру де қажетті болады» деп өтті.

Осылайша жасалған жұмыстар қорытындыланып, алдағы жасалатын шаралар мен істер жоспарланды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником