Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Жаңалықтар
Вторник, 27 Апрель 2021 10:52

Жаркөл: Қайырымды Рамазан

Федоров аудандық «Жиентай қажы» мешітінің ұжымы да қасиетті Рамазан айы кезінде қайрымдылық шарасын жүзеге асыруда. Бас имам Ерлан Тілегенов дін қызметкерлерін ортақ мақсатқа жұмылдыруда.

Мәселен, жақында мешіттік қызметкерлерінің атсалысуымен «Рамазан шуағы» деп аталатын қайырымдылық шарасы ұйымшылдықпен өткізілді. Онда 30 отбасыға азық-түлік салынған ауызашар қоржыны үлестірілді.

 Олардың қатарында көп балалы және жалғыз басты аналар бар. Сондай-ақ аудандағы әлеуметтік жағынан қолдауға мұқтаж жанұялар да қамтылды. Қамқорлыққа бөленген кісілердің мешіт қызметкерлері мен демеушілерге деген алғыстары шексіз.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Вторник, 27 Апрель 2021 10:43

Рудный: Тазалық – иманның жартысы

Көктемнің шуақты күндері келісімен өңірдегі барлық мешіттерде сенбілік өткізіліп, киелі орындардың ауласы мен айналасы қоқыстардан тазартылды. Оған діни қызметкерлер мен жамағаттар да атсалысты.

Жуырда Рудный қалалық «Нұр» мешітінің жамағаты белсенділік танытып, қала көркі мен тазалығына өздерінің үлестерін қосты. Ұйымшылдықтың арқасында маңайдың бәрі жарқырап шыға келді.

Аталған мешіттің бас имамы Бектұрсын Уәлиев сенбілікке қатысушыларды жылы сөзімен рухтандырып, Рамазан айында тазалықтың да айрықша орын алатындығына, әрбір  парасатты азамат кейінгі жас ұрпақтың бойына экологиялық мәдениетті сіңіре беру керектігіне тоқталды.

Ол өз сөзінде, мұсылман қауымының негізгі бір міндеті -  айналамыздағы қоршаған ортаны таза ұстау, ағаш отырғызып, табиғатты аялау. Ислам дегенде тазалық ұғымы да қатар жүреді.

Ол туралы хадисте: «Тазалық – иманның жартысы» - деп айтылған. Ал әр мұсылманға және жалпы адамзатқа  қоршаған ор­та­ны таза ұстау, ағаш отырғызып, табиғатты аялауы тиіс. Себебі мұсылман бүлдiрушi емес, бүтiндеушi, қирату­шы емес дұрыстаушы, зиян келтiрушi емес, пайда әкелушi, - екенін жадымыздан шығармайық деді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі 

Published in Жаңалықтар
Четверг, 22 Апрель 2021 17:11

«Ауызашар қоржыны 2021»

Қостанай облыстық мешітінің атқарар жұмысының бір бағыты күн көрісі төмен жерлестерімізге қайырымдылық жасау екендігі белгілі. Сондықтан киелі орынның жанындағы Зекет және қайырымдылық қорының жұмысы Рамазан айында да барынша жандана түсуде.

Мысалы, қасиетті Рамазан айының оразасы басталғалы бері осы Зекет қорының тікелей атсалысуымен облыс бойынша 1 170 отбасына «Ауызашар қоржыны» деген атаумен азық-түлік таратылды. Ал өздігінен жүріп-тұра алмайтын кісілерге үйлеріне жеткізілді.

Бұл қайырымдылық шараларының дер кезінде орындалуына өңірдегі жанашыр әрі жомарт жандар өздерінің лайықты үлестерін қосуда. Қамқорлықты сезінген бауырларымыз демеушілерге шынайы алғыстарын білдіруде.

Қайырымдылық көмектерін жасауда жоғарыда аталған қордың қызметкерлері яғни наиб имам Бақытжан Икрам мен  өз ісінің білікті маманы Мейрам Есламханұлы көп еңбек сіңіруде. Сондай-ақ азық-түлік салынған пакеттерді үйді-үйге жеткізуде «Тұмар» мүгедектер қауымдастығының өкілі Лейла Балғабаева және басқа да азаматтар белсенділік танытуда.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Понедельник, 19 Апрель 2021 11:36

Рудный: Рамазан шуағы

Берекелі Рамазан айы келіп, мұсылман жұртшылығы зор қуанышпен оразасын ұстауда. Ал быйылғы жылы ауызашарлар мешіттерде ұйымдастырылмай өтуде.

Алайда мешіттерде қашан да қайырымдылыққа ерекше мән беретіні көшілкке аян. Оның дәлелі Рудный қалалық «Нұр» мешіті сәуір айының 18 күні Рамазан айының құрметіне орай  әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған және көп балалы аналарға көмек қолын созып, «Рамазан шуағы» атты қайырымдылық шарасында 40 отбасына азық-түлік салынған «Ауызашар қоржыны» таратты.

Қайырымдылық шарасының мақсатын мешіт имамы Бектұрсын Уәлиев: «жұқпалы індеттің өршіп кетпеуінің алдын алу мақсатында биыл да ауызашарлар көпшілікті жинамай, тек таратумен атқарылуда. Көмекке мұқтаж жандардың аз да болса көңілін көтеріп, қолтығынан демеу»-деп түсіндірді.

Кейін мешітке жиналған аналарға Рамазан айының ерекшелігі, оразаның пайдасы және сондай-ақ ұстамдылық, сабырлылық  жайлы насихат айтып, рамазанмен құттықтады.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Понедельник, 19 Апрель 2021 10:04

Түйемойнақтағы мешіттің шатыры

Мешіт – жергілікті жұртшылықтың намазға жығылып, құлшылық жасайтын орны екені белгілі. Қазіргі Рамазан айы кезінде діни қызметкерлер   мұсылман бауырларымызға Оразаның өзіндік ерекшелігін түсіндіруде елеулі жұмыстар атқаруда. Бұдан басқа да балаға азан шақырып ат қою, неке қию секілді діни рәсімдер жүзеге асырылуда.

Мәселен, облыс орталығынан едәуір жерде орналасқан Денисов ауданындағы «Жұма» мешітінде біраз жылдардан бері төбеден су ағып, жұртшылықты әбігерге салған болатын. Бұл көпшілікті толғандырып, жандарына қатты батқан жай да шешімін тапты.

Үстіміздегі жылдың қаңтар айында аудан кәсіпкерлері мешіттің   жөндеу жұмыстарына қолдау көрсетті. Мамандар киелі орынның төбесін арнайы материалмен қаптатып, шатырдан су ағатын құбырларды қалыпқа келтірді.

Аталған мешіттің имамы  Руслан Маратұлы ортақ іске өздерінің үлестерін қосып, жомарттық танытқан барша азаматтарға шынайы алғысын білдіреді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Среда, 14 Апрель 2021 16:39

Рамазанға арналған рухани кеш

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Бейімбет Майлин ауданында «Қош келдің, Рамазан!» атты рухани кеш ұйымдастырылды. Осынау танымдық-тағылымдық жағы мол басқосуға қонақ ретінде көршілес жатқан  Рудный   қаласындағы «Нұр» мешітінің бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы және Лисаков қаласының «Әбдіхаим Саламатұлы» мешітінің бас имамы Сабыржан Зейнелғабидинұлы, аудан әкімі Қайсар Батырханұлы қатысты.

Бұл кеште аудан жұртшылығына жылда мұсылман қауымы асыға күтетін Рамазан айының ерекше қадір - қасиеті кеңінен түсіндірілді. Халықтың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берілді.

Елімізде орын алған індетке байланысты Ораза кезінде сақтық шараларын барынша сақтау керектігі, Рамазан айындағы ауызашар және қайырымдылық шаралары жөнінде айтылды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Вторник, 13 Апрель 2021 19:53

Лисаков: Мешітке көлік

Лисаков қалалық «Әбдіхаим Саламатұлы» мешіті 2017 жылы ашылып, жамағаттың игілігіне берілген болатын. Сол уақыттан бері жаңа мешіт мұсылман қауымның бас қосатын қасиетті орнына айналып, түрлі қайырымдылық іс шараларына ұйытқы болуда.

Енді міне, бүгін көпке үлгі боларлық игі іс мештке жасалы. Қасиетті Рамазан айының алғашқы күні, қала әкімі Исмагулов Алмат Ерікұлы мешітке арнайы келіп, жиылған жамағатпен жүздесті. Сонымен бірге демеушілердің көмегімен мешітке «Шевроле нексия» көлігін сыйға тартты.

Айта кетейік бұған дейін мешіт иелігінде «Ваз 2106» автокөлігі болған. Алайда ол көліктің тозығы жетіп жөндеуге келмей, мешіт қызметкерлері барлық игі іс шараларда жаяу атқаратын немесе сырттан көлік жалдайтын.

Осындай игі іске атсалысқан азаматтарға Алла Тағала екі дүние бақытын нәсіп еткей!

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Понедельник, 12 Апрель 2021 15:26

Рамазан - кіршіксіз тазалық айы

Тазалық -  әрқашан денсаулық кепілі. Мұны әрбір көзі ашық көкірегі ояу азаматтар жақсы біледі. Жылда қалыптасқан дәстүр бойынша Рамазан айы қарсаңында Қостанай облыстық мешітінің ұйытқы болуымен өңірдегі барлық мешіттердің іші-сырты тазаланды.

Әсересе, жастар жағы белсенділік танытты. Олар уақытпен санаспай жұмыс істеп, өздерінің киелі орындарға деген жанашырлықтары және іскерлік қырларымен көзге түсті.

Қолдарына тырнауыш пен күрек, сыпырғыш ұстап,  қоқыстарды жинаған жігіттердің ұйымшылдығы мен табандылықтарын көрген мешіт имамдары, аға буын өкілдері оларға шын көңілден шыққан шынайы алғыстарын білдірді.

Көктемнің шуақты күндерінде атқарылған жұмыстан кейін мешіттердің айналасы тап-таза болып шыға келді. Ата -бабамыз «Жас келсе іске, қарт келсе асқа» деп босқа айтпаған. Жастар жағы соны тазарту барысында айқын дәлелдеді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Понедельник, 12 Апрель 2021 15:22

Жеңімпаздар марапатталды

 Білімді де іскер азамат Дархан Қосылбаев Арқалық қаласындағы «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы болып, осы жауапты қызметке тағайындалғалы бері талай жергілікті жұртшылықтың көңілінен шығатын түрлі іс-шаралар, кездесулер мен басқосуларды өткізіп келеді.

Осы жуырда ғана салауатты өмірді насихаттау мақсатында мешіт ұжымы «Елорда» қайырымдылық қорымен бірлесе отырып, футболдан жарыс ұйымдастырды.

Командалар арасындағы ойын өте тартысты өтті. Жергілікті жанкүйерлер олардың шеберлігіне тәнті болды. Жарыс қорытындысында бас имам жеңімпаздарға Алғыс хат  пен кубок тапсырып, алдағы уақытта да сәттілік тіледі. 

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Понедельник, 12 Апрель 2021 15:15

Рудный: Интеллектуалдық сайыс

Рудный қаласының «Нұр» мешітінде «Әйел-қыздар секторы» басқаратын Аяулым Смағұлова Рамазан айының құрметіне әйел жамағаты арасында «Зейін» атты интеллектуалдық ойын-сайысы өткізілді.          Аталмыш сайысқа Қостанай облысы бойынша «Әйел-қыздар секторының» жетекшісі Жансая Салауатқызы және облыстық мешіттің хатшысы Ботагөз Бейімбетқызы қатысты.

Бұл білім мен парасат деңгейі сарапқа түсетін жарыс сұрақ-жауап, пікірлесу, талдау, әңгімелесу, ынталандыру секілді бағыттарда жүргізілді. Онда 15 адам бағын сынады. Олар жас айырмашылығына қарай үш топқа бөлінді. Ойын барысы 3 кезеңді қамтыды. Соның ішінде мешіт шәкірттері өздерінің терең білімдерін көрсетті.

Сайыс қорытындысында облыстан арнайы шақырылған қонақтар қатысушыларға тәрбиелік-тағылымды уағыз-насихат айтып, жеңімпаздарды марапаттады.

Осынау интеллектуалдық  сайысты ұйымдастырған сектор басшысы Аяулым Ермекқызы өз сөзінде мұндай ой-өрісті дамытатын жарыстар қатысушылардың өздеріне деген сенімдерін арттырып, оларды тың ізденістерге, имани тәлім-тәрбиеге талпындыратындығын баяндады.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником