Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек Тәжімбет Федоров ауданында болғанда барша дін қызметкерлеріне алдағы уақытта басшылыққа алар бірқатар шараларды жүзеге асыруға ұйытқы болды.
Көпшілікке мәлім, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тікелей қолдауымен «Концептуалды құжаттар» жинағы жарық көрген болатын. Осы Тұғырнамаға «Мұсылманның тұлғалық бейнесі», «Зират және зиярат мәденитеі», «Ас беру мәдениеті» секілді аса маңызды жайлар қамтылған.
Өңірдің барлық имамдары басқосқан бұл семинарды осы кітап жан – жақты таныстырылды және табыс етілді. Жинақ әрбір имамның күнделікті қызметінде қолданатын, құнды дүние екендігі даусыз.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Таяуда дін қызметкерлерінің қатысуымен Федоров ауданының орталығындағы спорт кешенінде футболдан жарыс болып өтті. Оған облыстағы қалалық, аудандық мешіттерден 3 команда іріктеліп алынды.
Ойынның нәтижесінде Қостанай облыстық мешітінің командасы топ жарды. Олар бірінші орынды иеленіп, өзгелерге үлгі көрсетті. Аудан әкімі Тәубә Қайыржанұлы арнайы кубок пен мақтау қағазын салтанатты түрде табыс етті.
Салауатты өмір салтын ұстанған дін қызметкерлері алдағы уақытта да спорттың өзге түрлерінен жарыстар мен турнирлер өткізетін болады. Сөйтіп имамдар тек уағыз айтып, қалың жұртшылықты имандылыққа шақырып қана қоймайды, мұсылмандар қауымын денсаулықтың басты кепілі спортпен тұрақты шұғылдануға үндейді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Наурыз-жыл басы. Сондықтан жер бетіндегі мұсылман халқы оны ерекше қуанышпен қарсы алып, алдағы күндерін сонымен тығыз байланыстырады.
Бұл орайда облыс орталығымен іргелес жатқан Рудный шаһарындағы «Нұр» мешітінің қызметкерлері жыл сайын қайырымдылық шараларын өткізуге мұрындық болып келе жатқандығын ерекше атап өткен лазым.
Ұлыстың ұлы күні яғни Наурыз мерекесінің құрметіне қаладағы бір топ кәсіпкерлердің қолдауымен әлеуметтік жағынан қамқорлыққа зәру кісілерге азық-түлік жағынан көмек берілді.
Осы мешіттің бас имамы Бектұрсын Уәлиевтің айтуына қарағанда, жергілікті әкімдік, кәсіпкерлер және мешіт арасында тығыз игі қарым-қатынас орнаған. Әрдайым «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» деген қағиданы басшылыққа алып отырамыз. Бұл жолы кәсіпкерлер белсенділік танытты. Қамқорлыққа бөленген жандардың қуанып қалды.
Аталған қайырымдылық шарасына демеушілік еткен азаматтарға шапағаты мол Наурыз мейрамы тек қана ырыс, береке және молшылық алып келсін деген ізгі тілек білдіреміз.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жақында Федоров ауданының орталығындағы кітапханада «Ихсан – рухани кемелдікке бастар жол» деген тақырыпта облыстық көшпелі семинар болып өтті.
Оған Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы және оның орынбасары Әлішер Балахмет қатысып, күн тәртібіндегі аса өзекті мәселе жөнінде баяндама жасады.
Онда биылғы Ихсан жылының маңызы мен мәні хақында аудан мен қалалардың имамдарына түсіндірілді. Бас имам осындай көкейтесті жайларға байланысты көшпелі семинарлар барлық мешіттерде өткізілетіндігіне тоқталды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша Бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы Тәжімбет Федоров ауданында болды.
Ол іс – сапар барысында алдымен жергілікті «Жиентай қажы» мешітіне атбасын бұрып, жамағатпен кездесіп, уағыз айтты.
Сондай-ақ осы ауданның әкімі Тәубә Қайыржанұлының қабылдауында болды. Әңгіме барысында Федоров аудан орталығында биылғы жылы жаңа мешіт құрылыс орны белгіленіп, мешіт имамына жүріп-тұру үшін жеңіл көлік берілетін болды.
Алдағы уақытта да аудан басшысы мешітпен байланысын нығайтып, қолдан келген көмегін көрсете беретіндігін баяндады
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша «Жастар ісі секторының» Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұйымдастырумен жас жамағат арасында «Көрісу» күніне орай спорттың волейбол түрінен жарыс өткізілді.
Аталған жарысқа Қостанай облыстық, Қостанай қалалық, Тобыл қалалық, Наурызым аудандық мешіттерінің командалары қатысып, бақтарын сынады.
Аталған жарыстың ашылу салтанатында Қостанай обылсы бойынша «Жастар ісі секторының» меңгерушісі Әлішер Ертайұлы мен «Жайлаубай ата» мешітінің найб имамы Әсет Жарлығасынұлы қатысушыларға насихат айтып, сәттілік тіледі.
Спорт жарысының қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынға Қостанай облыстық, екінші орынға Тобыл қалалық, үшінші орынға Науырзым аудандық мешіттерінің командалары ие болды.
Жүлдегерлерге діни танымдық кітаптар мен бірге сыйлықтар ұсынылды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет қазақ әдебиетінің классигі Бейімбет Майлинның есімі берілген ауданда болды.
Ол осы іс-сапар барысында ауданның әкімі Қайсар Мыржақыповпен кездесіп, өңірдегі қалыптасқан дін ахуал жайлы әңгімелесті. Аудан басшысы да өз кезегінде руханият саласында атқарылып жатқан жарқын істер хақында баяндады.
Бас имам жергілікті мешіт жамағаттарына және жанашырларына ауданға жаңадан сайланған ауданың Бас имамы Ислам Хамзинді таныстырып, оған жауапты қызметінде табыс тіледі.
Сондай – ақ «Ихсан және Жастар» атты рухани танымдық кешке қатысып, басқосудың мәні мен алда тұрған келелі міндеттерге кеңінен тоқталды.
Осы сапар барысында аталмыш ауданның Тобыл бекетіндегі «Ажар» мешітінде жолаушыларға арналған «Жолаушы бөлмесін» ашты.
- Бұл сапар өте нәтижелі әрі жемісті болды. Өйткені, біз ұлттық мақтанышымыз Бейімбет Майлин атындағы ауданында ғұмыр кешіп жатқан ағайындардың қазіргі қиын кездегі көңіл-күйін біліп, өзіміздің тағылымы мол уағыздарымызбен олардың рухын көтердік. Әрқашан да ұйымшылдық танытып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарғанда ғана көздеген мақсатымызға жетеміз, - деді Бахытбек Нұрғабылұлы.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жақында Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің үйымдастыруымен ақын, драматург, Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы мәдениет қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі Ақылбек Шаяхметпен мешіттің шәкірттері және студенттерінің қатысуымен «Ихсан ілімі» тақырыбында кездесу өткізілді.
Онда белгілі қаламгер жастарға «Иман, Ислам, Ихсан» жайында кең көлемде әңгімеледі. Өзінің діни тақырыпта жазған өлеңдерін оқыды. Жыр жолдарын жастар ұйып тыңдады.
Аталмыш мешіттің наиб имамы Мейрамбек Жетесов «Танбиh» және Абдуль Карим ибн Атагиллаh Әль-Искандаридің «Хикәм» кітаптарынан «Ихсан» ілімі туралы түсінік берді.
Жүздесудің тағылымы мен ғибраты мол болды. Жиналғандар дін тақырыбына қалам тартып жүрген ақын-жазушыға дән ризашылығын білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі