Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Жаңалықтар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен елімізде ауқымды «Көшпелі қайырымдылық керуені» атты акция қолға алынғаны белгілі. Осы шара енді қалалық мешітте де жалғасын тапты.

Атап айтқанда Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде он адамға қайырымдылық көмек көрсетіліп, 100 мың теңгенің көлеміндегікүнделікті тұтынатын заттар, азық-түліктер табыс етілді.

Онда қамқорлыққа бөленген кісілердің қатарында омырауларына «Алтын алқа» таққан екі  «Батыр ана» да болды. Аяулы жандарға гүл шоқтары да ұсынылды. Бұл Халықаралық әйелдер күні қарсаңында көп бала тәрбиелеген асыл аналарға көрсетілген құрмет екені даусыз.

Олар жайылған дастарқаннан дәм татып,  мешіт қызметкерлері мен демеушілерге шын жүректен шыққан шынайы алғыстарын білдірді.

 

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

 Федоров ауданындағы «Жиентай қажы» мешітінде «Қайырымдылық керуені» акциясы жалғасын тапты.

Асыл аналарымыз бен қыз-келіншектер қандай құрметке де лайықты.  Мұны жете түсінген мешіт қызметкерлері аудандағы көп балалы ардақты жандарды арнайы шақырды.

Жиында мешіттің имамы әрбір шаңырақтың ырыс-берекесін арттырып отырған жүрегі мейірімге толы апаларымызды көктемнің осынау шуақты мерекесімен шын жүректен құттықтап, оларға сый-сияпат жасады.

 

Қостанай облыстық

мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Четверг, 04 Март 2021 17:05

Жомарт жандар

Қостанай облыстық мешітінде «Ихсан» жылы аясында кәсіпкерлермен кездесу өтті. Шараның мақсаты жасалған жұмыстарды қортындылау мен алдағы жұмыстарды жоспарлау болды.

Өз кезегінде кәсіпкерлер тарапынан келесідей ұсыныстар түсті. Олар: мешіттегі қайрымдылық қоры ашылатын болса тек «Қайрымдылық» қоры болып ашылуын. Себебі «Зекет» болып ашылса қордың жұмыс ауқымы қысқаратынын тілге тиек етті.

Ал қайрымдылық қоры арқылы көптеген іс шараларды қамту мүмкіндігі болатынын айтып өтті.

Бұл кездесуде облыс орталығында мешіттерге қолғабыс жасап жүрген  дінге жанашыр кәсіпкерлерге Бас имам Бахытбек Нұрғабылұлы істеген жұмыстарына алғыс айтып марапат жасады.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Алла Тағала Құранда былай дейді:

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا أَنفِقُوا مِن طَيِّبَاتِ مَا كَسَبْتُمْ وَمِمَّا أَخْرَجْنَا لَكُم مِّنَ الْأَرْضِۖ

«Уа, иман келтіргендер! Тапқан табыстарыңның және сендер үшін жерден шығарған өнімдеріміздің жақсы әрі адалынан жұмсаңдар»[1].

Ибн Омар (Алла әкесі екеуіне разы болсын) бұл мәселеге қатысты былай деген:

 

ليسَ في العُروضِ زَكاةٌ إلّا ما كانَ للتِّجارةِ

«Саудаға арналған заттан ғана зекет беріледі»[2].

Демек алтын, күміс, ақша және малдан тыс қандай да бір заттан зекет беру үшін, ол сауда тауары болуы қажет[3].

Жалдауға берілген пәтер сауда мүлкі болып есептелмейді. Яғни жалға берілген пәтердің өзінен зекет беру міндет емес. Алайда одан түскен табыс жиналып, зекеттің нисабына жетіп, бір жыл айналса, оның зекеті шығарылады. Ал түскен табысы, өзінің қажетінен артылмаса, зекет беру қажет емес. Егер жалға берілген пәтердің төлемақысынан бөлек, нисап мөлшеріне жететін қаражаты болса, онда екі табысты біріктіріп, зекетті береді. 

Қорыта айтқанда, жалға берілген пәтер сауда тауары ретінде есептелмейді. Зекетті жалға берілген пәтердің өзінен емес, жалдаудың төлемақысынан түскен пайдадан береді.


Дархан Манарбекұлы

Қостанай облысының пәтуаға жауапты маманы

 

1 «Бақара» сүресі, 267-аят.

2 Әл-Бәйһақи «Сунан әл-Кубра», 4-том, 147-бет.

3 «Мұхтасар әл-Қудури», 57-бет.

Published in Фиқһ

Жуырда Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы Дархан Исламбекұлы алғыс айту күніне орай есте қаларлық шараны өткізуге ұйытқы болды.

Ол асыл дініміз исламның өркендеуіне үлес қосып, түрлі діни шараларға және қайырымдылық жасауға белсенді ат салысып жүрген жомарт жүректі, қайырымды жандарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және мешіт ұжымы атынан шынайы лебізін білдірді. Сонымен қатар арнайы алғыс хатты табыс етті.

Бас имам жанашырлық танытып келе жатқан әрбір кәсіпкердің отбасына ізгілік, молшылық, баянды бақыт, халық үшін атқарып жатқан жауапты жұмыстарында толағай табыс тіледі.

Қостанай облыстық мешітінің

баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Барша мақтау Әлемдердің Жаратушысы Аллаға болсын, және оның елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.)-ға салауаттар мен сәлемдер жолдаймыз.

Адам баласының бұл дүниеде өз орнын тауып, тура жолдан ауытқымай діттеген мақсатына жетуі үшін де жолсерік қажет. Әркімнің өскен ортасы, ата-анасы, отбасы, туған-туыстары және жора-жолдастары өмірінің маңызды кезеңдерінде онымен бірге болатынын білеміз. Өмірдің ащысы мен тұщысы болады, кезектесіп жетістіктері қоса жүреді, қуанатын да, құлдилайтын да сәттеріңде саған бағыт-бағдар көрсететін де осы кісілер. Бүгінгі тақырыпта қозғайтын мәселеміз дос таңдау жайлы болады. Достықтың нағыз символы, Ислам тарихындағы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірлік, ақыреттік серігі, жан досы Әбу Бәкір (р.а.) арасындағы сыйластық пен адалдықтың өзі біздер үшін үлкен үлгі өнеге.

Құранда Алла Тағала:

         الأَخِلاءُ يَوْمَئِذٍ بَعْضُهُمْ لِبَعْضٍ عَدُوٌّ إِلا الْمُتَّقِينَ

   «Сол күні тақуалардан басқа достар, бір-біріне дұшпан болады»[1].

Дос таңдағанда ықлас иелерін, тақуаларды, ақиқатқа шақырушыларды, ғұламаларды және дүниеге қызықпайтындарды жақын дос тұту, оларға еру міндет болады. Халық арасында: «Бір кісі жайлы сұрағың келсе өзінен сұрама, қасындағы жақын досынан сұра» деген тәмсіл бар.   

Достықта адамды жақсылыққа немесе жамандыққа бұйыратын үлкен күш бар. Тіпті, пенденің ақылын тазартуға, мінез-құлықты ластауға жетіп артатындай әсері бар. Тіршілігінде адамгершілік пен тыныштықта өмір сүру үшін, дінінде түрлі бүліктерден және адасушылықтан аман болу үшін дос таңдау уәжіп (міндет) болады.   

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде:

الرجل على دين خليله، فلينظر أحدكم من يخالل : أن النبي ﷺ قال

«Кісі өзінің досының дінінде болады, сендерден біреулерің кіммен дос болып жүргеніне қарасын» - деген[2].

Яғни, досының ұстанған жолы, ақыл-кеңесінде онымен бірге болады. Өмірлік досымызды таңдағанда жақсы мінезді және саған сүйеу болатындай, қажет кезде теріс бұрылып кетпей, қиыншылықта қасыңнан табылатын, жақсылықта жәрдемші, ал, адасушылық пен жаманшылықта бастары бірікпейтін жолдас болуы қажет.

Алла Тағала Өзінің кітабы Құранда:

وَاتَّقُوا فِتْنَةً لَّا تُصِيبَنَّ الَّذِينَ ظَلَمُوا مِنكُمْ خَاصَّةً ۖ وَاعْلَمُوا أَنَّ اللَّهَ شَدِيدُ الْعِقَابِ

«Және сендерден жеке залым болғандарға ғана кесірі тиіп қалмайтын фитнадан сақтаныңдар. Сондай-ақ, Алланың қатты азап иесі екенін біліңдер»[3].

Лұқман хакім өзінің баласына өсиет қылып былай дейді: Ей балақай, күнәға бейім, пасық балалармен бірге отырып жүрме, себебі аспаннан бір азап келіп, саған да соның ұшы тиіп кете ме деп қорқамын. Керсінше, ғұламалар мен салихалы абзал жандармен бірге бол, өйткені жарамсыз құрғап қалған жерді жаңбыр жауу арқылы өсімдік өсіріп, тіршілік пайда болғаны секілді, өлген жүректі даналардың хикмет сөзімен нұрландыратынын ескерткен.

Әнәстан (р.а.) хадисте, Алла елшісі (с.ғ.с.) былай деді:

         «Құран оқушы мүмин тамаша иісті және дәмді, тәтті лимон секілді, ал Құран оқымайтын мүмин иісі жоқ, бірақ дәмді құрма секілді. Құран оқитын екіжүзді хош иісті, бірақ дәмі ащы райхан секілді, ал Құран оқымайтын екіжүзді, иісі де жоқ дәмі де ащы колоквинт (өсімдіктің бір түрі) секілді»[4].

Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) былай деді: Өзіңе пайдасы жоқ нәрсеге назар аударма, дұшпаннан аулақ бол, сенімді болған досқа жақында, бұзық адамнан алшақта, өйткені ол өзінің жаман істері арқылы саған кесірін тигізеді. Оған сырыңды ашпа, өзіңнің ісінде кеңесетін адамдарың, Алладан қорқатын адамдар болсын, сол нәрсе дәреженің жоғарлауына себеп болады.

         Алла тағала Өзінің кәләмі Құранда кімдермен дос болу керек екенін былайша баяндайды:

وَإِنَّ الظَّالِمِينَ بَعْضُهُمْ أَوْلِيَاءُ بَعْضٍ ۖ وَاللَّهُ وَلِيُّ الْمُتَّقِينَ

         Шынында залымдар бір-бірінің досы. Сондай-ақ Алла тақуалардың досы[5].

        Жаман достар ертең қияметте бір-бірін танымайтын болады. Бірақ, бұл дүниеде танитын еді. Жалған өмірде сырттай дос болғанымен, іштей бір-бірімен жеккөрушілікте, дұшпандықта өмір сүріп, жаманшылық пен адасушылықта бастарын қосқан еді.  Арзымайтын мал-дүние мен құлқынның қамы үшін дос болып жүрген кісі, бір күні тақырға отырғаныңда сенімен достығын тоқтататын кісі. Ал тақуа жандар болса, бұл қара ниеттен аулақ, олар әрдайым жақсылықпен, шынайы бауырластықта бас қосады. Жақсы дос пен жаман достар бұл дүниеде қандай қарым-қатынаста болған болса, қияметте де сондай күйде болады. Бір-біріне ашулы болғандар дұшпан, ал сүйіспешілікте болғандар бауыр болады.

Құранда:

الأَخِلاءُ يَوْمَئِذٍ بَعْضُهُمْ لِبَعْضٍ عَدُوٌّ إِلا الْمُتَّقِين

         «Сол күні тақуалардан басқа достар, бір-біріне дұшпан болады»[6].

        Халил – деген сөздің мағынасы дос, жақын адам деген мағынада келеді. Құранда Алла тағала Пайғамбары Ибраһим (а.с.) «Аллаһ тағала Ибраһимді дос тұтты» - деген. Яғни, ізгі, шынайы амалы үшін жақын тұтты мағынасында[7].

Дос таңдауда біліп жүруіміз керек болған нәрсеміз,  дін ғұламаларымен бірге отыру, өйткені қасында болып, сұхбатына қатысу, адамға үлкен бір әсерін береді. Ақымақтармен бірге отыру, пендені қор етеді. Өйткені, надан саған пайда беремін деп, зиянын беріп қоюуы мүмкін. Қазақта: білімдімен дос бол - сасқанында ақыл береді – деп білімді, ақылды кісілермен дос болуға шақырған.

Ізгілерден қалған бір сөз бар: Досың ғалым болсын немесе ілім алушы болсын, бірақ надандардан болмасын, олардан алшақ жүр – деген екен. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) сахабаларымен келе жатқанда қарғысқа ұшыраған қауымның қабірінен тез-тез жүріп өткенін хабар етеді. Оларға келетін азаптың бір ұшы бізге де келіп қала ма деп қорыққан.

Әбу Саһид әл-Худридан (р.а.) келген хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Мүміннен басқасын дос тұтпа және дастарханыңнан тек тақуалар дәм татсын» - деген[8].

Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) былай деген екен: Шыншылмен дос бол, олардың қанатының астында өмір сүр, қиыншылық кезде саған көрік, зейнет және басыңа бәлемен, қиыншылық келіп қалған кезінде жәрдемшің болады.

Имам Ғазали өзінің ғибратты сөзінде дос таңдаған адам мына бес қасиетіне мән берсін деген: 1. Ақылды болуы  2. Көркем мінезді 3. Пасық күнәһар болмауы  4. Бидғатшы  5. Дүниеқұмар болмауы, секілді сипаттарға қатты мән беруі керек екенін ескерткен.

Ақылдылық -   жақсы ойға дұрыс бағытқа жол көрсетеді. Ақымақпен сұхбат құру достықты үзуге, жалғыздыққа алып барады.

Бірде имам Әбу Ханифа (р.а.) мешітте шәкірттеріне фиқһтан сабақ беріп жатқан екен, сол кезде дәріске жүзі әдемі, киімі жарасымды бір кісі кіріп келеді. Сонда Имам аяғын жинап құрмет көрсетеді. Имам сабағында ақшам намазының уақытының кіруі күн батқаннан, қызыл шапақ жоғалғанға дейін жалғасады деп түсіндіргенде: Әлгі кірген Кісі, сұрақ қою мақсатында Имамға: егер күн батпаса не болады дегенде, Имам Әбу Ханифа: Ол кісінің ақылының аз, зеректінің нашар екендігін сездім, енді Әбу Ханифа аяғын созса бола береді - деген екен.

Көркем мінез – Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) мінезге қатысты хадисінде: «Мүміннің иман тұрғысынан ең кемелі мінез-құлқының жақсы көркем болғаны» деп айтқан.

Көркем мінезді, шыншыл кісілермен дос бол. Сенің сырың мен айыбыңды жасырады, қиын кезде сенімен бірге болады, өзінің қымбат нәрсесін саған береді, жақсылығыңды жаяды, кемшілігіңді жабады. Жағымпаз, сөзі әдемі, бірақ жүрегінде арам ойы бар достан сақтан. Басыңа іс түскенде тастап кетеді.

Пасық болмау – Пасық кісімен дос болу, сұхбаттасу, саған еш пайда әкелмейді. Құранда Алла тағала:

وَلا تُطِعْ مَنْ أَغْفَلْنَا قَلْبَهُ عَن ذِكْرِنَا وَاتَّبَعَ هَوَاهُ وَكَانَ أَمْرُهُ فُرُطًا

«Тек нәпсі қалауының соңына ергендердің сөздеріне құлақ аспа. Өйткені, олардың жүректерінен Біз жайлы оларды шығарып, селқос қып қойғанбыз. Сондықтан олардың  барлық ісі құрдымға кетеді[9]».

Бидғатшы болмау – Дінде негізі жоқ нәрсені ойлап табатын адам. Бұндай кісінің достығында қатер бар. Ондай кісімен ара үзу әбден лайықтырақ. Әл-Фудайл ибн Йиад айтты: Кімде-кім дінге жаңалық енгізушіні жақсы көрсе, оның істері бекер және жүрегінен Алла тағала Исламның нұрын алып қояды деген[10]. Керсінше ықласты, шыншыл иелерімен достықты құру. 

Сөзімізді қорытындылай келе дос таңдау жәй ғана амал емес, керсінше көңіл бөлетін, аса сақтықпен қарайтын бағыт-бағдар екенін білдік. Әйтсе де, адам баласы өзінің нәпсісін тәрбиелеумен, жүрегін барлық жаман әдеттерден тазалаумен айналысса, жақын адамдарын да сондай күйде табатынын ұмытпау қажет. Үнемі жақсылықты қалап, пайдалы істермен шұғылданып, уақытын босқа өткізбей жүрген, пенденің жан дүниесі де сондай өзі секілді ізгі достарды іздейтінін білгеніміз жөн.   

        

Қостанай облыстық мешітінің найб имамы Абзал Сұлтанғалиұлы

 

  1. Зухруф сүресі 67 аят.
  2. Әбу Дауд 259/4, хасан хадис.
  3. Әнфәл сүресі 25 аят.
  4. 4. Бұхари, Муслим
  5. Жәсия сүресі 19 аят.
  6. Зухруф сүресі 67 аят.
  7. Ниса сүресі 125 аят.
  8. хасан хадис.
  9. Кәф сүресі 28 аят.
  10. Абу Ну’айм 8/103.

    Пайдаланған әдебиеттер:

    Құран кәрім (қазақша аударма)

           2. «Әл-маусуғатул минбария фил-хутоби» кітабынан аударылды.

Вторник, 02 Март 2021 15:39

Ихсан жылы

Үстіміздегі жыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен "Ихсан" жылы деп жарияланған болатын.

Сондықтан еліміздегі халқымыз бен өскелең ұрпақ яғни жастарымызға "Ихсан" ілімін насихаттау әрбір мешіттің қызметкерлеріне басты міндет болып табылады.

Осы сөзіміздің нақты дәлелі ретінде жуырда Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде Қостанай өңірлік университетінің студенттерімен "Иман, Ислам, Ихсан" ілімдері тақырыбында рухани кеш ұйымдастырылды.

Онда мешіттің бас имамы Шоқан қажы Ғазизұлы сөз сөйлеп, кездесуге арқау болған тақырыпқа жан-жақты тоқталды. Сондай-ақ наиб имам Мейрамбек Жетесов жиналған жастарға уағыз айтып, тақырыптың өте маңыздылығына аса мән берді.

Жүздесу өте әсерлі өтті. Студенттер көп жайға қанығып, өздерінің сауалдарына нақты жауаптар алды. 

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Вторник, 02 Март 2021 11:01

Отбасы берекесі

Қостанай облыстық мешітінің «Әйел-қыздар» секторының  ұйымдастыруымен «Алғыс айту» күні қарсанында «Отбасы берекесі» атты аспаздық байқау болып өтті.

Оған шаһарымыздан қыз-келіншектер қатысып, бақтарын сынады. Онда олардың аспаздық қабілеті, салт-дәстүрден мағлұматы, Пайғамбарымыздың Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінен ілімі сынға түсті.

Аталмыш байқау үш кезеңнен тұрды. Ерекше атап өтер жай, бай     қауға қатысушылар үлкен дайындықпен келгендігін байқатты.

Сайыстың қорытындысында әділ-қазылардың шешімі бойынша  бойынша жүлделі үш орынға ие болған қыз-келіншектерге арнайы тағайындалған бағалы сыйлықтар салтанатты түрде тапсырылды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі 

Published in Жаңалықтар
Понедельник, 01 Март 2021 16:16

Үлкен алғысқа бөленді

Белгілі дін қайраткері Бахытбек қажы Нұрғабылұлы Тәжімбет басқаратын Қостанай облыстық мешіті жанындағы Зекет және қайырымдылық қорының жұмысы үстімімі басыністіанда ж.

Бұған нақты дәлелдер де бар. Қалың оқырманға түсінікті болу үшін атқарылған істерге қысқаша тоқталып өткеніміз абзал. Мұнда халыққа пайдасын тигізетін бірқатар маңызды жобалар қолға алынды.

Мәселен, ақпан айында жүзеге асырылған шаралар көңіл қуантады. Аталмыш қорға «Тайқазан» жобасы бойынша 820 мың теңге жиналып, бұл қаражатқа көмекке мұқтаж 106 отбасына азық-түлік тапсырылды.

Көпшілікке мәлім, солтүстік аймақта қыс ұзақ келеді. Ақпанның аяғына таман боран күшейіп, қар көп жауды. Үскірік аяз жерлестерімізге оңай соққан жоқ. Міне, осы жайлар ескеріліп, «Жылулық сыйла!» жобасына орай демеушілерден түскен 318 мың теңгеге алынған көмір-отын 10 отбасына жеткізіліп берілді.

Әлемді жайлаған дерт басталғалы бері облыстық мешіт пен қор қызметкерлері емдеу орындарына көмек көрсетуде. Мысалы, өткен айда облыстық ауруханаға «Үміт сыйла, өмірге!» жобасы бойынша 250 қорап парацетамол дәрісі, 12 дана пульсоксиметр табыс етілді.

Сондай-ақ, облыстық    мешітте «Қайырымды жұма» деп аталатын игі шара да көп балалы отбасы мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған жанұяларға үлкен демеу болып отыр. Осы қайырымды іс жалғасын тауып, 97 отбасына күнделікті тұтынуға қажетті азық-түлік берілді.

Жуырда мешіт пен қордың ұйымдастыруымен, жүректері мейірімге толы азаматтардың қолдауымен шапағатқа бөленген бірқатар аналармен тілдескен едік.

Салтанат Қасымова 5 баланы тәрбиелеп отырған ардақты жан. Қазіргі таңда ол Қостанай шаһарында ғұмыр кешіп жатыр. Жанұяға азық-түлік жөнінен көмек көрсетіп отырған азаматтарға, Бас имам Бахытбек Нұрғабылұлына, дін қызметкерлері Бақытжан Икрам мен Мейрам Есламханұлына алғысы шексіз.

 Облыс орталығының тұрғыны Гүлсина Молдабаева  4 баланы тәрбиелеуде.  Мешіт және қор қызметкерлері өздеріне жыл бойы қамқорлық танытып келеді. Сондықтан аяулы ана барша қолдау көрсетіп отырған азаматтарға дән риза.

 

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником