Ене мен келіннің сыйластығы жөнінде
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен 2025 жыл «Ислам және отбасы құндылығы» жылы болып жарияланғаны белгілі. Соны басшылыққа алған Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұстазы Аяулым Ермекқызы әйел-қыздар жамағатына "Келін мен ене арасындағы татулық - отбасы берекесі" атты семинар ұйымдастырды.
Өкініштісі сол, соңғы жылдары елімізде ажырасатын отбасылар саны артып келеді. Сондықтан, бұл жиында өзекті мәселені көтеру өте орынды.
Семинардың мақсаты - ене мен келін арасындағы дау мен түсінбеушілікті шешудің жолдары қарастырылып, өмірде көпті көрген әрі инабатты келін жұмсап отырған енелердің тәжірибесімен бөлісу.
Аталмыш басқосу Құранмен басталды. Содан кейін әдепті келіндерін үлгі тұтатын асыл аналар өмірлік бай тәжірибелерімен бөлісті. Жаңадан босағаны аттаған келінмен дұрыс қарым-қатынас жасау жайы айтылды.
Жиналған жамағатқа ұлттық көже мен бауырсақтар, тәттілер таратылды.
Соңында тәрбиелік мәні зор бейнебаян көрсетіліп, қонақтарға дастархан жайылды.
Шоқан қажы Арқалықта болды
Облыс орталығындағы “Жайлаубай ата” мешітінің Бас имамы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы “Қамқор-шарапат” салттық қызмет көрсету орталығының Қостанай облысы бойынша жауапты қызметкері Шоқан Әмірханов Арқалық қаласында болды.
Ол сапар барысында «Мухтасиб Әлмұхаммед” мешітіне ат басын бұрып, имандылық ордасының жаңадан ашылған асханасы мен салттық қызмет көрсету орталығының тыныс- тіршілігімен танысты.
Дін қайраткері ондағы әріптестеріне ақ батасын беріп, халық игілігі жолында адал қызмет ете берулеріне тілектестігін білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жақында Қостанай қалалық “Жайлаубай ата” мешітінің наиб имамы Әсет Жарылғасын Міржақып Дулатов атындағы инженерлік-экономикалық университетінде болды.
Онда студенттерге “Лудомания-қоғам дерті” тақырыбында дәріс оқыды. Бұл кездесу қазіргі таңда жастар арасындағы қауіпті дерттің алдын алу мақсатында өткізілді.
Жиналғандар дін қызметкерінің өзекті мәселені қозғаған ой-пікірін ұйып тыңдады. Көкейде жүрген сауалдарына нақты жауап алды.
Оқу орындарындағы мұндай тағылымы мол дәрістер алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітінде көктемгі тазалық және жөндеу жұмыстары қолға алынды. Осы сөзіміздің жарқын айғағы ретінде аталған имандылық ордасының іші-сырты тазаланып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Сондай ақ Тобыл қаласына қарасты қорымда және де Қостомар елді мекені мен Мәскеу ауылының қорымдарында тазаланады.
Қостанай облысының баспасөз қызметі
Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітінде «Мейірімді жандар» тобының қолдауымен қайырымдылық жұма акциясы аясында бес отбасына толықтай азық-түлік табыс етілді. Сол күні аталған имандылық ордасының ауласында әйел-қыздар секторы қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды.
Сондай-ақ, Жамбыл ауылында жұма намазынан кейін жиналған жұртшылыққа бауырсақ, тәтті сусындар мен тағамдар таратылды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай ауданына қарасты Қостомар ауылдық мешіті мен мектеп ауласында 100 түп шырша отырғызылды. Оған жүрегі жомарт азамат Базарбек Байғожин демеушілік етті.
Жамағат ұйымшылдық танытты. Сондай ақ ауданға қарасты Мәскеу елді-мекенінің аумағында және мешіттің маңына 100 түп шырша отырғызылды. Алтын дала ауылында да мешіттің ауласына ағаш пен шырша егілді. Бұл аталған құтты қоныстарда да көктемгі тазалық жұмыстары жамағаттардың көрсеткен ұйымшылдығы арқасында жүзеге асырылды. Осылайша қазіргі таңда 220 түп ағаш егілді.
Қостанай облысының баспасөз қызметі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен былтырдан бері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы елдің барлық аймақтарында өтіп жатқаны белгілі.
Бұл акцияның алдына қойған негізгі мақсаты - халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлықты барынша арттыру. Осылай өскелең ұрпаққа өнеге көрсету.
Баршаға мәлім, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығына орай бағдарлық баяндамасы да 35 мың түп ағаш отырғызу жоспарланған еді. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тікелей ұйытқы болуымен республикада қаншама игі істер атқарылуда.
«Жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді» деген ұлағатты сөз де бар. Түсінген адамға оның астарында үлкен мән жатыр.
Жуырда жылдарда өңірдегі Әулиекөл ауданына қарасты Аманқарағай елді-мекені маңында тілсіз жау өрттің кесірінен қаншама орманды қызыл жалын шарпыды.
«Бір тал кессең, он тал ек» демекші, енді сол табиғат апатынан зардап шеккен қалың орманды қалпына келтіру барша адамзаттың азаматтық парызы. Өткен сейсенбі күні Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын қажы Торғайбайұлы бастаған имамдар мен жамағаттар жоғарыда аталған ауданда болып, 2000 түп ағаш отырғызды.
Сөйтіп, дін қызметкерлері тек жамағатқа тазалық жөнінде жалаң уағыз айтып ғана қоймай, сөз бен істің арасында ешқашан алшақтық болмайтындығын танытты.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Тазалық туралы уағыз айтылды
Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің наиб имамы Бақберсін Ізбасаров жамағатқа «Тазалық-иманның жартысы» тақырыбында уағыз -насихат айтты.
Намазхандар оның мағынасы терең пікірлерін ұйып тыңдап, ризашылықтарын білдірді. Мұндай танымдық-тәрбиелік маңызы зор басқосулар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.
Ауызашар дастарханы жайылды
Жоғары аталған мешітте қасиетті шәууәл айының бейсенбі кешінде намазхандарға арнайы ауызашар дастарқаны жайылды.
Содан кейін Бас имам Шоқан қажы Әмірханов пен ұстаз Қазбек Көшеров жамағатқа үгіт-насихат айтты. Жиналғандар өздерінің көкейінде жүрген сауалдарына нақты жауап алды.
Колледж студенттерімен кездесу
Облыс орталығындағы «Жайлаубай ата» мешітінің наиб имамы Казбек Көшеров Қостанай құрылыс колледжінде оқитын орыс тобының студенттерімен кездесті.
Онда ол «Лудомания-болезнь современного общества» деген тақырыпта дәріс оқыды. Қозғалған өзекті мәселенің келтірер зардабына жан-жақты тоқталды.
Жақында Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы республикадағы бірегей діни оқу орны Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінде болды.
Онда Алматы қаласында орналасқан аталмыш білім ордасында жұмыс берушілер және 2024-25 оқу жылының түлектерімен кездесу өтті. Оның негізгі мақсаты – түлектер мен жұмыс берушілер арасында тікелей байланыс орнату, жұмысқа орналасуға арнайы мүмкіндіктер жасау, сонымен қатар оқу орны мен мекемелер арасындағы әріптестікті нығайту.
Бұл жиынға Нұр-Мүбарак университетінің ректоры Ахмед Хусейн Мухаммад Ибрагим, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Ермек Қасболатұлы, университет проректоры Ершат Ағыбайұлы, Қазақстан Республикасы дін істері комитетінен Айдос Назкенұлы, барлық өңірлерден мемлекеттік және қоғамдық мекемелердің өкілдері, облыстың бас имамдары қатысты.
Кездесу барысында жұмыс беруші ұйымдар түлектерге өз қызмет бағыттарымен таныстырып, бос жұмыс орындары туралы ақпарат берді.
Бір айта кетер жай, биыл Қостанай облысынан бес студент осы оқу орнын тәмамдайды. Бас имам оларға алған терең білімдерін ел игілігіне арнап, өскелең ұрпақты имандылыққа баулуға шақырды. Сондай-ақ, жауапты емтихандағы сынақты сәтті тапсырып, мерейлері үстем болуларына тілектестігін білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхамед» мешітінің Бас имамы Нұрхан Асанұлы шаһардағы №8 орта мектебінде болды. Ондағы ұйымдастырылған кездесуге «Терроризм және экстремизм» тақырыбы өзек болды.
Белгілі дін қайраткері іс-шарада оқушыларға жат ағымның келтірер зияндылығы мен зардабы жөнінде жан-жақты түсіндірді. Сондай-ақ қатысушылардың көкейде жүрген сауалдарына нақты жауап берді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Федоров аудандық «Жиентай қажы» мешітінің ұжымы аудандық ішкі саясат бөлімімен бірлесе отырып Придорожное ауылында өзекті мәселе бойынша жастармен кездесу өткізді.
Онда Бас имам Р.Жиенбаев пен ішкі саясат бөлімінің бас маманы Г.Серікболатов «Деструктивті діни ағымдардың негізгі қатері» деген тақырыпта әңгіме қозғады.
Басқосуда спикерлер деструктивті діни ұйымдардың не екенін түсіндірді. Сондай-ақ, экстремистік және террористік ұйымдарға қатысты ойларын ортаға салды.
Қазіргі таңда жастарды теріс ағымдардан сақтандыру және оның алдын-алу аса маңызды екендігі жан-жақты айтылды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі