Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Жаңалықтар

Бүгін Алматы қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу институтынан Сирек кітаптар мен қолжазбалар қоры ашылды.

Салтанатты ашылу рәсіміне ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Ғұламалар кеңесі мен Сарапшылар кеңесінің мүшелері, дін ғалымдары және зиялы қауым өкілдері қатысты.

Өз сөзінде Бас мүфти еліміздегі көптеген мешіттерде сақталған қолжазбалар мен сирек кітаптар қорының мол екенін атап өтіп, оларды бір орталыққа шоғырландыру, цифрландыру, ғылыми айналымға ендіру арқылы болашақ ұрпаққа жеткізудің маңызды екеніне тоқталды.

Институт директоры, филология ғылымдарының кандидаты Төрәлі Қыдыр орталық жұмысы туралы кеңірек баяндап, қазіргі таңда қорда 100-ден астам сирек кітап пен қолжазбаның сақтаулы екенін мәлімдеді. Олардың ішінде Ахмет Иасауидің «Диуани хикмет», Алтын Орда тұсында өмір сүрген Рабғұзидың «Қисас әл-әнбия» секілді құнды жазба жәдігерлермен бірге ислам ілімдеріне қатысты өзге де құнды еңбектердің бар екендігін атап өтті.

Сондай-ақ алдағы уақытта бұл қордағы материалдарды толық цифрландырып, интернеттегі ортақ базада қолжетімді ету, каталогтау және ғылыми сипаттамасын жасау жұмыстары жоспарланып отыр. Бұл – еліміздегі исламтану және қолжазбатану ғылымына қосылған сүбелі үлес болмақ.

Қазіргі таңда ел бойынша ҚМДБ-ға қарасты мешіттерде көптеген қолжазба мен сирек кітап бар екені анықталған. Болашақта олардың барлығын орталықтандыру, қалпына келтіру және ғылыми айналымға қосу бағытында кешенді жұмыстар жүргізілу жоспарланып отыр.














Published in Жаңалықтар

Бүгін Алматы қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ғұламалар кеңесінің 46-мәжілісі басталды.

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы: «Кеңес құрылған күннен бастап, 45 мәжілісі өтті. Бүгінгі күнге дейін 60 концептуалды құжат пен ҚМДБ мәлімдемесі қабылданды. Шариғи, әлеуметтік, медецина, отбасы, неке бағытында және т.б. тақырыпта 167 пәтуа бекітілді. Нәтижесінде 5 томпәтуалар жинағы кітабы жарыққа шықты. Сондай-ақ Кеңес отырыстарында 18 кітап талқыланып, баспаға ұсынылды.

Өздеріңіз білесіздер, қыркүйек айында Түркі мемелекеттері ұйымына мүше елдердің Бас мүфтилер алқасы кезекті 6-шы мәжілісін Қырғызстан Республикасында өткізді. Біз сол жердегі мәжіліске 5 томдық пәтуалар жинағының қазақ және ағылшын тілінде әзірлеп, Дін басыларына сыйға бердік»,-деді Бас мүфти.

Мәжіліс барысында төмендегідей пәтуалар талқылану жоспарлануда:

1. Дипностальгия (Deep Nostalgia) үкімі
2. Даяшының қызметіне ақы төлеудің үкімі
3. Биотокпен емдеудің үкімі
4. Липосакция жасатудың үкімі
5. Фолловер санын ақыға арттырудың үкімі
6. BNPL (Buy Now, Pay Later) жүйесі арқылы мүлік сатып алу үкімі
7. Дипфейк (deepfake) үкімі

Сонымен қатар «Қазақстан мұсылмандарының ортақ құндылықтар тұғырнамасы» құжатын талқылау жоспарлануда.














Published in Жаңалықтар

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Алматы қаласында өткен Ғұламалар кеңесінің 46-мәжілісінде бірқатар пәтуалар қабылданды.

Мәжіліс барысында
1. Дипностальгия (Deep Nostalgia) үкімі,
2. Биотокпен емдеудің үкімі,
3. Фолловер санын ақыға арттырудың үкімі,
4. BNPL (Buy Now, Pay Later) жүйесі арқылы мүлік сатып алу үкімі,
5. Дипфейк (deepfake) үкімі сынды құжаттардың мазмұны бекітілді.

Мәжілісте қабылданған пәтуалардың мәтіні ҚМДБ-ның ресми масс-медиасында жарияланады.













Published in Жаңалықтар
Пятница, 14 Ноябрь 2025 15:12

Жұма күнгі қайырымдылық

Қостанай қалалық “Жайлаубай ата” мешітінің ұжымы қасиетті жұма күні қайырымдылық шара ұйымдастырды.

Онда демеушілердің қолдауымен жамағатқа ыстық тамақ пен тәтті сусындар таратылды. Намаздан кейін жұртшылық бір-бірімен қауышып, мәре-сәре болысты.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Четверг, 13 Ноябрь 2025 18:51

Жастар руханият шамшырағы

Қостанай облыстық мешітінде студент жастардың қатысуымен «Жастар – руханият шамшырағы» атты кездесу өтті. Шараның мақсаты – жастардың бойында имандылық, адамгершілік және ұлттық құндылықтарды нығайту болды.

Кездесу барысында Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы жастарға өнегелі насихат айтып, имандылық пен ұлттық сана, рухани тәрбие жайында сөз қозғады. Сондай-ақ, жастарды кітап оқуға, әсіресе Алаш қайраткерлерінің еңбектерін оқып, үлгі алуға шақырды.

Шара аясында дін, салт-дәстүр және тарих тақырыптарында викториналық сұрақ-жауап ұйымдастырылып, белсенді студенттер марапатталды.

Кездесу соңында жастарға мешіт асханасында дастарқан жайылып, бауырмалдық пен бірлікке негізделген әңгіме өрбіді. Іс-шара рухани серпін беріп, жастарға имандылық пен ізгілікке үндейтін маңызды басқосу болды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігіне қарасты облыстық Аймағанбет қажы Спанұлы мешітінде қала, аудан және ауыл молдаларына арналған Құран және тәджуидтен сабақтар өтілуде.

Курс барысында қатысушылар Құранды дұрыс және қатесіз оқудың ережелерін меңгеріп, тәджуид ілімін тәжірибе жүзінде пысықтады.

Айта кетсек, діни рәсімдерде, соның ішінде еске алу және Құдайы астарында Құран оқып, насихат айтатын молдалар аталмыш рәсімдерге жіберіліп тұрады. Сол себепті, олардың Құранды дұрыс оқуын қамтамасыз ету мақсатында мұндай курстар жыл сайын ұйымдастырылып келеді.

Сабақты облыстық Аймағанбет қажы Спанұлы мешітінің ұстазы, қари Сұңғат Мақатұлы жүргізді.

Курс соңында қатысушылар ұстазға алғыстарын білдіріп, алған білімдерін халық игілігіне жұмсауға ниет білдірді.

Published in Жаңалықтар

Халықаралық жастар күніне орай Қостанай қаласына қарасты мешіт имамдары мен шәкірттері арасында жолдастық кездесу ұйымдастырды.

Аталған жарысқа облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы», қалалық «Марал ишан», «Жайлаубай ата» және Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешіттерінің командалары қатысты.

Онда Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев сөз алып, жастарға жалпы денсаулықтың қадірін білу жөнінде уағыз-насихат айтты.

Жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Понедельник, 10 Ноябрь 2025 11:08

3 тонна картоп үлестірілді

Биыл Қостанай өңірінде егін мен дәнді-дақылдар бітік шығып, диқандар қауымының маусым бойы төккен маңдай тері ақталды. Сондықтан кәсіпкерлер жиған-терген өнімдерінен зекет ретінде халықпен бөлісті.

Облыстық «Аймағамбет қажы Спанұлы» мешітінің жанындағы Зекет және қайырымдылық қорының жетекшісі, наиб имам Бақытжан қажы Икрам бастаған қызметкерлер «Ұшыр» жинап, қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Сөйтіп, әлеуметтік жағынан аз қамтылған 75 отбасыға 3 тонна картоп үлестіріп, олардың шынайы алғысына бөленді.

Қостанай облыстық мешіттің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде әр аптаның жексенбі және сәрсенбі күндері «Сахабалардың өмірі — мұсылманның шамшырағы» тақырыбы аясында тұрақты уағыз-насихаттар өтіп келеді.

Бұл сабақтарда Пайғамбарымызға салауат айтып, оның жанында жүрген сүйікті сахабалардың иманға толы өмір жолы, тақуалық пен ерлікке толы өнегелі ғұмыры ғибратты түрде баяндалып келеді.

Сахабалардың өмірі – мұсылман жүрегіне шамшырақ, олардың махаббаты мен сабыры – иманның айғағы.

Published in Жаңалықтар
Четверг, 06 Ноябрь 2025 14:37

Маңызды мәселелер қаралды

Костанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде өңірдегі қала және аудан имамдарының жиыны болып өтті.

Онда Бас имам Бектұрсын қажы Уәлиев сөз алып, имамдардың алдында тұрған кезек күттірмес міндеттерге тоқталды. Таратып айтатын болсақ, алдағы қысқа дайындық жайы пысықталды. Мешіт, медресе, асханалардың ғимараттарында өрт қауіпсіздігіне тұрақты көңіл бөлу, жұмыс тәртібін қатаң сақтау, уағыз-дәрістерді жүйелі түрде жүргізу тілге тиек етілді.

Сондай-ақ басқосуда орын алған кейбір кемшін тұстар қозғалып, сыннан дер кезінде қорытынды шығару үшін жұмысты барынша жандандыру керектігі сөз болды.

Қатысушылардың назарын үнемі мешіттердің ішкі-сыртқы тазалығына көңіл бөлуге, атқарылған істерге байланысты есептерді дер кезінде беруге аударды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Page 4 of 397

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником