ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігіне қарасты облыстық Аймағанбет қажы Спанұлы мешітінде қала, аудан және ауыл молдаларына арналған Құран және тәджуидтен сабақтар өтілуде.
Курс барысында қатысушылар Құранды дұрыс және қатесіз оқудың ережелерін меңгеріп, тәджуид ілімін тәжірибе жүзінде пысықтады.
Айта кетсек, діни рәсімдерде, соның ішінде еске алу және Құдайы астарында Құран оқып, насихат айтатын молдалар аталмыш рәсімдерге жіберіліп тұрады. Сол себепті, олардың Құранды дұрыс оқуын қамтамасыз ету мақсатында мұндай курстар жыл сайын ұйымдастырылып келеді.
Сабақты облыстық Аймағанбет қажы Спанұлы мешітінің ұстазы, қари Сұңғат Мақатұлы жүргізді.
Курс соңында қатысушылар ұстазға алғыстарын білдіріп, алған білімдерін халық игілігіне жұмсауға ниет білдірді.










