Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
06 12.25

Тобыл кентінде жаңа имам тағайындалды

ҚМДБ-ның Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бұйрығымен Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Тобыл кентіне қарасты «Ажар» намазханасына жаңа имам тағайындалды. Аталған қызметке Арман Ахметжанов тағайындалып, ресми түрде таныстырылды.

Арман Ахметжанов бұған дейін Қостанай облысы, Әулиекөл ауданына қарасты мешітте молда қызметін атқарған. Діни білімі мен тәжірибесі бар маман ендігі уақытта Тобыл кентіндегі жамағатқа рухани бағыт-бағдар беретін болады.

Жаңа имамды тағайындау рәсімі жұма намазы барысында өтті. Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің наиб имамы Бақытжан Икрамұлы жамағатқа Бас мүфтидің бұйрығын оқып, Арман Ахметжановты таныстырды. Жиын барысында жамағат жаңа имамға сәттілік тілеп, ақ баталарын берді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі



алдыңғы жаңалық
Құсмұрын мешітіне жаңа имам тағайындалды
келесі жаңалық
Көрнекті ақынмен кездесу

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником