Қостанай қалалық “Жайлаубай ата” мешітінің ұжымы белгілі ақын, ыбырайтанушы Серікбай Оспановпен “Тұлғалар - рухани тұғырымыз” атты тақырыпта кездесу ұйымдастырды.
Рухани кешке жергілікті педагогикалық колледжінің студенттері, мешіт жамағаты мен шәкірттер қатысты. Онда қайталанбас тұлғалар Ыбырай Алтынсарин, Нұржан Наушабаев және Алаш арыстарының құнды еңбектері насихатталды.
Жоғарыда есімі аталған ақынның жаңадан жарық көрген «Ақ пен қара» кітабы көпшілік қауымға таныстырылды. Л.Толстой атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының қызметкерлері қаламгер Серікбай Оспановқа арналған кітап көрмесін жұртшылық назарына ұсынды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі










