Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
06 12.25

Құсмұрын мешітіне жаңа имам тағайындалды

ҚМДБ-ның Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Құсмұрын ауылындағы «Хақ» мешітіне Файзанұлы Дінмұхаммед имам болып тағайындалды. Бұған дейін ол Қостанай облысы, Қостанай ауданына қарасты Қостомар ауылындағы намазханада молдалық қызмет атқарған.

Тағайындау рәсімін Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы жамағатқа ресми түрде таныстырып, Бас мүфтидің бұйрығын оқып берді. Шара барысында Бас имам «Хақ» мешітінің жамағатымен арнайы кездесіп, мешіттің тыныс-тіршілігімен танысты.

Сонымен қатар жиналған қауымға насихат айтып, ел бірлігін сақтаудың, тәуелсіздікті қадір тұтудың маңыздылығына тоқталды. Жастарды еңбекке, адалдыққа тәрбиелеу, қоғамға пайдалы азамат болуға үндеу жасап, рухани тұрақтылық пен ынтымақтың ел болашағы үшін аса маңызды екенін атап өтті. Жамағат тарапынан жаңа имамға ақ тілектер айтылып, сәтті қызмет тіленді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі


алдыңғы жаңалық
БАС МҮФТИ І РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ҮЗДІК ИМАМ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БІЛІМ САЙЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАДЫ
келесі жаңалық
Тобыл кентінде жаңа имам тағайындалды

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником