Таяуда дін қызметкерлерінің қатысуымен Федоров ауданының орталығындағы спорт кешенінде футболдан жарыс болып өтті. Оған облыстағы қалалық, аудандық мешіттерден 3 команда іріктеліп алынды.
Ойынның нәтижесінде Қостанай облыстық мешітінің командасы топ жарды. Олар бірінші орынды иеленіп, өзгелерге үлгі көрсетті. Аудан әкімі Тәубә Қайыржанұлы арнайы кубок пен мақтау қағазын салтанатты түрде табыс етті.
Салауатты өмір салтын ұстанған дін қызметкерлері алдағы уақытта да спорттың өзге түрлерінен жарыстар мен турнирлер өткізетін болады. Сөйтіп имамдар тек уағыз айтып, қалың жұртшылықты имандылыққа шақырып қана қоймайды, мұсылмандар қауымын денсаулықтың басты кепілі спортпен тұрақты шұғылдануға үндейді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі