Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Жаңалықтар

Жуырда Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің жанынан ашылған екі айлық білім жетілдіру курсын аяқтаған шәкірттерге облыстың Бас имамы Бақытбек қажы Нұрғабылұлының атынан арнайы сертификат табыс етілді.

Биылғы маусым айында басталған курс дәрістеріне жасы ересек кісілер тартылды. Онда елді-мекендерден келген талапкерлер өздерінің білімге деген құштарлықтарын танытты.

Олар сабақ барысында қасиетті Құранды үйреніп, шариғат ілімінен сусындады. Уақытты барынша тиімді пайдаланып, ұстаздардан ғибратты тәлім алды.

Курсты тәмәмдаған шәкірттерге сертификат тапсыру рәсімінде Қостанай қалалық мешітінің бас имамы Шоқан қажы Ғазизұлы жүректен шыққан шынайы лебізін білдіріп, ақ батасын берді.

Білім алушылардың атынан жасы үлкен Темірқан есімді талаба ұстаздарға алғысын жаудырды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Көпшілікке мәлім, үстіміздегі жылы ата-бабаларымыз армандап өткен мемлекетіміздің Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толады. Осынау халқымыздың өмірінде ерекше орын алатын мерейтойға үлкен дайындық жасау және жоғары жетістіктермен қарсы алу әрбір жүрегі елім деп соғатын азамат пен ұжымның басты міндеті.

Бұл орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мұфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен талай игілікті істер жүзеге асырылып жатқаны белгілі.

Көрнекті дін қайраткерінің ұйытқы болуымен қолға алынған ортақ іске Қостанай облысындағы мешіттердің де өзіндік қосар үлесі мол. Нақтылап айтатын болсақ, биыл өңірде 1 аудан және 4 ауылдық мешіттер пайдалануға беріледі.

Мысалы, қысқаша тоқталсақ, Құсмұрын, Шербаков елдімекендерінде жаңа мешіт құрылысы аяқталып, жергілікті мұсылмандардың имандылық ордасына айналады.

Сонымен қатар облыстағы Алтын Дала, Бөрлі, Обаған ауылдарындағы жұртшылыққа бұрыннан қызмет көрсетіліп келе жатқан мешіттер бүгінгі уақыт талабына сай толық күрделі жөндеуден өтіп, көпшіліктің игілігіне беріледі.

Жоғарыда аталған мешіттердегі құрылыс барысын облыстың Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет тұрақты назарда ұстайды. Осы таяуда ғана ол аталмыш имандылық ордаларында болып, жұмыс барысымен танысты.

Мешіт имамдарымен кездесу кезінде атқарылған істердің сапасына, іші-сыртының тартымдылығына, сыйымдылығына айрықша көңіл бөлу керектігіне тоқталды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Понедельник, 02 Август 2021 15:11

Алтын алма

Көмекке зәру жандарға қол ұшын беріп, шарапат-шапағатын тигізетін үлкен сауапты іс. Мұның сауабы мол екендігін дін саласының білгірі, жастайынан халықтың алғысына бөленіп өскен Шоқан қажы Ғазизұлы басқаратын Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешіт қызметкерлері жете түсінеді.

Аталмыш мешіт ұжымы қайырымдылық шарасы ұйымдастырды. Демеушілердің көмегімен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға күнделікті тұтынатын ет пен ұн таратылып берілді.

Халқымызда «Алтын алма, алғыс ал» деген мағыналы сөз бар. Қалалық мешіт ұжымының ерекше ықыласына бөленген жерлестеріміз дән риза болып, оларға шын жүректен шыққан шынайы лебіздерін білдірді.

Бұл мешіттің қызметкерлері болашақта да қайырымдылық шараларын жалғастыра бермек.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Жуырда Құрбан айт мерекесіне орай облыс орталығындағы Муслима кафесінде есте қаларлық шара ұйымдастырылды. Онда спорттың аударыспақ, садақ ату және қол күресінен сайыстар өз деңгейінде өтті.

Мұндай жарыс болған жерде жүлдегерлер де топ жаратыны белгілі. Сайыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен қаржылай сертификаттар табыс етілді.

Ерекше дараланған жүлдегерлерді Қостанай облысының Бас имамы Бахытжан қажы Тәжімбет жеңістерімен құттықтап, Құрбан айт мейрамының мұсылмандар өмірінде маңызды орын алатындығына тоқталды.

Сайыстың соңында айттың құрметіне дастарқан жайылды. Болашақта да өңірде дін қызметкерлері спорт пен салауатты өмір салтын жандандыруға көңіл бөле беретін болады.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Пятница, 23 Июль 2021 12:07

1761 отбасы қамтылды

Үстіміздегі жылы Құрбан айт мерекесі Қостанай облысында да барлық санитарлық талаптар қатаң сақтала отырып, тиісті деңгейде өтті.

Өңір бойынша аталмыш мейрамның құрметіне 146 қой, 55 сиыр сойылды. Бұл құрбандыққа шалынған малдың еті  12 тонна 54 келіні құрады. Еттер көмекке мұқтаж отбасыларына таратылды.

Қостанай облыстық мешітінің найб имамы Бақытжан қажы Икрамның бізге берген мәліметіне сүйенетін болсақ, үш күнде жүрегі жомарт жандар нағыз мейірімділік пен қайырымдылықтың танытты. Алдын ала  хабарланғаныдай, Құрбан айтқа байланысты шаралар онлайн түрінде ұйымдастырылды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Көпшілікке мәлім, жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша Құрбан айт мейрамында мүмкіндігі келген бауырларымыз бір қой, жеті адамға дейін қосылып ірі қараны құрбандыққа шалды. Биыл да, індетке қарамастан, бұл дәстүр сақталып, жүзеге асырылды.

Осыдан бұрын хабарлағанымыздай, облыс орталығында және Тобыл қаласына қатысты құрбан шалынатын арнайы орын Федоров тас жолында орналасқан «Амиго» кешені болып бекітілген-ді.

Бұдан құлағдар болған ағайын биыл құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban2021.kz сайты арқылы тапсырыс берген болатын.

Ал құрбандық еті қайырымдылық мақсатында көмекке мұқтаж отбасыларына таратылатын болады. Осы игілікті істің басы-қасында Бахытбек қажы Нұрғабылұлы бастаған мешіт қызметкерлері және арнайы қасапшылар ғана болды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Вторник, 20 Июль 2021 12:36

ҚҰРБАН АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ҚҰРБАН АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,

Қазақстан мұсылмандары діни

басқармасының Төрағасы, Бас мүфти

 Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!

 

Құрметті жамағат, қадірлі отандастар!

Баршаңызды ұлық мейрам – Құрбан айттың келуімен шын жүректен құттықтаймын! Айт қабыл болсын! Сіздерге амандық пен саулық, бірлік мен береке тілеймін.

Бағзы заманнан бері Ислам дінін ұстанып келе жатқан халқымыз Құрбан айтты ерекше дайындықпен қарсы алады. Ұлық мейрамда үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, көңілі жабырқаған жанға қуаныш сыйлау, мұқтаж адамға құрбандық етін таратып, сауап алу сынды ізгі амалдар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.

 «Құрбан» сөзі «жақын болу», «жақындау» деген ұғымды білдіреді. Бұл – шынайы ниет пен Аллаға деген сүйіспеншілікті паш ететін мейрам. Ұлық мерекенің тәрбиелік мәні мен мағынасы осында жатыр. Қасиетті Құранда: «Ұмытпаңдар, олардың еті де, қаны да ешқашан Аллаға жетпейді. Оған жететін нәрсе – жүректеріңізге ұялаған тақуалықтарың (шынайы ниеттерің)» («Хаж» сүресі, 37-аят), – делінген. Аятта айтылғандай, Құдай жолында жақсылық жасауға ниеттенген пенде бұл амалды риясыз оймен орындайды.

Қаржылай мүмкіндігі бар, əрі жолаушы емес мұсылманға құрбандық шалу – уəжіп, мұсылмандық міндет. Ал шамасы келмеген адамға Алла Тағала мұндай міндет жүктемеген. Айт күндері аз да болса садақа беріп, қараусыз қалған қарттарға, жетімдер мен көпбалалы отбасыларға көңіл бөлу – сауапты іс.

Адам баласы құрбандық шалу арқылы Алланың берген ризық-несібесіне шүкір етеді. Көмекке мұқтаж жанға қол ұшын беріп, айналасына шуағын түсіріп, шапағатын тигізеді. Мұсылман қауымын мейірімділік пен бірлікке үндейтін мерекеде барынша жақсылық жасауға тырысайық. Әсіресе әлемді шарпыған жұқпалы дерттен науқастанып, шипа тілеген жандарға көмектесіп, оларға дұға етіп қойғанымыз абзал.

Алла Тағала еліміз бен жерімізді, барша адамзат баласын түрлі сынақтардан аман етіп, жақсылығы мен берекесін нәсіп еткей. Шалған құрбандықтарыңыз, берген садақаларыңыз, айт күндері амалға асырған Аллаға ұнамды әрбір игі істеріңіз қабыл болғай.

Айттан айтқа аман-есен жете берейік. Әмин!

Published in Жаңалықтар

Қазіргі дүние жүзінде қалыптасқан пандемия қай салаға болмасын өзінің зардабын тигізіп жатыр. Соған қарамастан, әлем мұсылмандары ұлық мереке Құрбан айтты ойдағыдай өткізу үшін қолдан келген жағдайды жасауда.

Індетке қарсы барлық сақтық шараларын сақтай отырып, облыстық мешітте Құрбан айт намазы аулада өткізілді.

Онда облыстың бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет жиналғандарды осынау мерекемен шын жүректен құттықтап, әрбір отбасына молшылық, зор денсаулық тіледі.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Понедельник, 19 Июль 2021 15:34

Қостанай: Имани ұрпақ

Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұйымдастыруымен жазғы «Имани ұрпақ» атты сауат ашу курс аяқталды.

Мұнда білікті ұстаздары дәріс беріп, шәкірттерге имандылық, адамгершілік құндылықтарымен қатар алғашқы сатылы діни білім үйретілді.

Айта кету керек бұл осы жаз мезгіліндегі екінші кезеңнің түлектері. Осыған дейін 27 мамыр – 23 маусым арлығында болса, екінші 25 маусым – 19 шілде аралығында өтті. Жалпы алғанда курста 70 бала тәлім алды. 

Соның ішінде 35 бала қасиетті «Құран Кәрімді оқу және жаттау» денгейіне жетті. Осылайша бұл түлектерге де арнайы сертификат беріліп, дастархан жайылды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Понедельник, 19 Июль 2021 15:28

Құрбан айтқа дайындық пысықталды

Қостанай облыстық мешітінде алдағы Ұлық мереке Құрбан айтқа әзірлікке байланысты жиын өткізілді. Оған облыс бойынша Бас имамдар қатысты.  

Бас қосуда Бас имам Бахытбек Нұрғабылұлы осы мереке аясында ұйымшылдық көрсетіп, қазіргі пандемия кезінде барлық санитарлық талаптарды сақтау қажеттігіне жан-жақты тоқталды.

Ал Құрбан айт намазын оқы бойынша арақашықтықты сақтай отырып намаздың негізгні шарттарын орындап, құрбандық шалуға көңіл бөлу қажеттігі де айтылып, пысықталды.

Айт кету керек Қостанай облыс бойынша Құрбан айт намазы 20 шілде күні сағат 8:00-де оқылады. Негізгі талаптар мешітке дәретпен келуі, бетперде киіп және өзімен бірге жеке жайнамаз алып келуі қажет. 

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником