Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
21 02.22

Қостанай: Алтын ине

Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде қыз-келіншектерге арналған тігін тігу бойынша шара ұйымдастырылды.

 Жамағат арасында тігінмен айналысатын, оны өзінің күнделікті кәсібіне айналдырған нәзік жанды қарындастарымыз баршылық. Солардың бірі - Рамиля ханым өзінің бұл ісмерлікке қалай келгенін, ең бірінші игерген тігін машинасы, сонда қолданған маталарын қалай таңдағаны жөнінде әңгімелеп берді.

Іс-шара барысында тігін машинасын дұрыс пайдалану және оның ерекшеліктері туралы айтылды. Басқосуға тігін машинасына алғаш бейімділік танытқан бойжеткендер де қатысты. Сөйтіп, олар шеберлік сыныбы ретінде біраз жайға қанықты.

Ақ жаулықты аналарымыз ежелден қыздарын жастайынан ісмерлікке баулыған. Өйткені, қыз-келіншектерге тіге білу өмірде қажетті өнердің бірі.

Ол аз десеңіз, бұрындары әжелеріміз киіз басып, кілем мен алаша тоқып, көрпе-төсектерге ою-өрнек те салғаны тарихтанбелгілі. Осындай игі дәстүрлеріміз алдағы уақытта жалғасын тапса дәстүріміз жалғасын таба бермек.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

алдыңғы жаңалық
Арқалық: Өзекті тақырып
келесі жаңалық
Жаркөл жаңалықтары

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником