Арқалық қаласындағы көп салалы колледжінде жастарға ой салар басқосу болып өтті. Қатысушылардың алған әсерлері өте мол.
Өңірге белгілі білім ордасында алғашқы және технологиялық дайындық пәні бағдарламасы негізінде студенттерге «Діни экстремизм мен терроризм-әлемге төнетін қаупі мен зардабы» туралы терең түсінік берілді.
Міне, осы маңызды тақырып хақында шаһардағы Мұхтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы Нұрхан Асанұлы тебірене сөз сөйледі. Оның террорлық, ланкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу жөніндегі пікірлері мен ой толғаныстарын колледж студенттері ерекше ынтамен тыңдады.
Мұндай кездесулер әрқашан да еліміздің болашағы болып табылатын жастарды теріс ағымдардан сақтандырып, олардың осы бағыттағы таным-түсініктерін тереңдете түсетіндіктері даусыз.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі