Арқалық қаласындағы Бейімбет Майлин атындағы №3 орта білім беру мектебінде Ихсан ілімі тақырыбында қатысушылардың жадында ұзақ сақталарлықтай жүздесу ұйымдастырылды.
Онда қысқа мерзім ішінде жергілікті зиялы қауым мен руханиятты жоғары қоятын жұртшылықтың ықыласына бөленген ізденімпаз азамат, «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы Нұрхан Асанұлы отаншылдық, шыншылдық пен шынайылық, барлық бақыт пен байлықтың қайнар көзі-еңбекқорлық жөнінде толғамды ой қозғады.
Мұндай кездесулердің халыққа тигізер ықпалы ерекше. Қазіргі уақытта Ихсан ілімінің маңызы да өте жоғары. Сондықтан жоғарыда әңгіме арқауына айналған мешіттің қызметкерлері осы бағыттағы жұмыстарын жалғастыра бермек.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі