Жақында еліміздің тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай қалалық"Жайлаубай ата"мешітінің наиб-имамы Ерлан Сыздықов және ұстаз Темірлан Бақай Міржақып Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің студенттермен кездесті.
Өңірге белгілі жоғары оқу орнында білім алып жатқан жастармен болған бұл басқосуда патриоттық тақырып арқау болды. Мұндағы үш топпен жүздесу қазақ және орыс тілдерінде өткізілді.
Мешіттің білікті мамандары кездесуде еліміздің өміріндегі ең құнды да қастерлі тәуелсіздік жайлы әңгіме өрбітті. Студенттердің қойған сауалдарына нақты жауап берді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі