Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Тобыл қаласы орталығындағы «Маңдай батыр» мешітінің Бас имамы Дархан Манарбекұлы және найб имам Азамат Серікбайұлы Қостанай ауданына қарасты Мәскеу және Озерный ауылдарында болды.
Олар сапар барысында селолық округ әкімдерімен кездесіп, елді-мекеннің тыныс-тіршілігімен танысты. Жергілікті халықпен дін, адалдық жөніндегі өзекті тақырыптарды қозғады.
Бұл жүздесулер өте әсерлі өтті. Жиналған жұртшылық білікті мамандардың дін насихаты жайлы ой-пікірлерін тыңдап, өздерінің көкейде жүрген сауалдарына жауап алды.
Дархан Сыздықов жаңа қызметке кіріскелі бері бірқатар қордаланып қалған жұмыстарды тындырды. Мешіттің ішіндегі бөлмелерді жөндеуге ерекше көңіл бөліп, имандылық пен ізгілік жайлы қаншама іс-шаралар өткізді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі