Қостанай облыстық мешітінің «Әйел-қыздар секторы» ұстазы Халим Жансаяның ұйымдастыруымен «Құран хатым» дұғасы жасалды. Онда қатысушылар өздерінің жақындарына дұғадан бағыштады.

Сондай-ақ, киелі орындағы сауат ашу курсын тәмәмдаған шәкірттерге сертификат тапсырылды. Бұл олардың өміріндегі есте қаларлық сәттердің бірі екені даусыз.

Осы шарада ұстаз Жансая Салауатқызы Құран Кәрімнің қасиеті жайында уағыз-насихат айтып, оны жұртшылық ұйып тыңдады.

Кеш соңында шарға қатысушылар бір-біріне сыйлық ұсынып, дастархан басында тәтті шәй ішіп тарқады.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі






