Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Жаңалықтар
Вторник, 05 Октябрь 2021 16:04

Үйлену оңай...

Жуырда Қостанай облыстық мешітінің жаныңдағы «Жастар ісі және әйел-қыздар» секторларының ұймдастыруымен үстіміздегі жылы жарияланған Ихсан жылы аясында семинар болып өтті. 

Мұнда жиналған қауымның алдында облыстың Бас имамы Бахытбек Тәжімбет пен наиб имам Әлішер Ертайұлы сөз сөйлеп, болашақта отбасын құратын өңір жастарына үлкен тағылым болатын ғибратты насихат айтты. 

Бахытбек Нұрғабылұлы өз сөзінде: «Қоғам отбасынан құралады, еліміздің болашағы нұрлы және жарқын болуы сіздерге байланысты. Яғни өз алдарына жеке шаңырақ көтеретін жастардың сыйластығына, ауыз бірлігіне және туған жеріне деген ерекше сүйіспеншілігіне байланысты. Сіздер осындай биіктен көріне беретіндігіне кәміл сенемін» деді. 

Сондай-ақ мешіттегі жастардың өзекті мәселесімен тікелей айналысатын наиб имам Әлішер Ертайұлынын да пікірі өте мағыналы әрі ұтымды шықты. Ол ата-бабаларымыздан келе жатқан «Үйлену оңай, үй болу қиын» дегеннің мағынасын шараға қатысушыларға түсіндіріп жеткізді.

Бұл мешіттегі басқосуда баршаның есінде қалған бір ұмытылмас жай, қатысушылардың ішінде қос жұп мешітте ақ некесін салтанатты түрде қиып, Бас имамның батасын алды. 

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Понедельник, 04 Октябрь 2021 16:40

Арқалық: Қарттарға құрмет көрсетілді

Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша өңіріміздегі имандылық ордасы болып табылатын мешіттерде 1 қазан-Халықаралық қарттар күні ойдағыдай аталып өтілді. 

Мәселен, қазақтың қаймағы бұзылмаған Арқалық қаласындағы «Мұхтасиб Әлмұхаммед» мешітінде жаңадан тағайындалған Бас имам Нұрхан қажы Бақтыбайдың тікелей ұйымдастыруымен киелі орында осы мерекенің құрметіне арнайы дастарқан жайылды.

Онда «Қарттарым-асыл қазынам» деп аталатын тақырыпта уағыз айтылып, өмір белестерінен өткен аға буын өкілдерінің атына жылы лебіздер айтылды. Оларға лайықты сый-сияпат жасалды.

Мағыналы ғұмыр кешкен ақсақалды қарттарымыз бен ақ жаулықты аналарымыз өздеріне қазіргі індетке байланысты қиындықтарға қарамастан ілтипат танытқан Бас имам мен мешіт қызметкерлеріне дән ризашылықтарын білдіріп, зор денсаулық, шапағаты мол жауапты қызметтерінде табыс тіледі.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Пятница, 01 Октябрь 2021 13:48

Б.Майлин ауданы: «Уақыт»

Жалпы дін дегеніміз ораза мен намаз ғана емес. Заман табына сай мәнді мағыналы уағыз насихат айту, жас буынға жол сілтеу. Міне осы орайда Б.Майлин ауданының Бас имамы Хамзин Ислам осы ауданға қарасты С.Ерғалиев атындағы орта мектеп оқушыларымен жүздесті. Онда «Уақыттың қадірі» деп аталатын тақырыпта әңгіме қозғалды.

Ол қазіргі уакытта ғаламтор желісін көп пайдалану адамның уақытын алатынын сонымен бірге оның зияндық жағы да бар екендігі туралы айтып. Тіпті, сол ғаламтордың кесірінен кейбір жастар жат ағымдардың ықпалына еріп кетуі де әбден мүмкіндігін ескертті.

Соның алдын алу қазіргі таңда аса маңызды. Жоғарыда аталған басқосуда сол жайлы жан-жақты айтылып, қатысушыларға үлкен ой салды. Мектеп шәкірттері де Бас имамның өзекті мәселе жайлы мағлұматтарын мұқият тыңдаумен қатар, өздерін толғандырып жүрген сауалдарын да қойды.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек, мұндай кездесулердің тәуелсіз еліміздің тірегі болып табылатын өскелең ұрпаққа берері мол екендігін осы жүздесу айқын көрсетті.

Қостанай облыстық мешітінің

баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Пятница, 01 Октябрь 2021 12:38

Рудный: Тағылымы мол кездесу

Жақында «Рудный қалалық Нұр» мешіті Жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып, «Діни сауаттылықты арттыру» тақырыбы бойынша қаладағы Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясы және №19 орта мектебінің оқушыларымен кездесу өткізді.

Бұл шараны ұйымдастырудағы мақсат – жас жеткіншектерге жат ағымдар мен олардың зияны жайында ой салар ақпарат беріп, діни сауаттылықты арттыру.

Кездесу барысында Жастар ресурстық орталығының директоры Дәурен Қайратұлы «Діни бірлестіктер туралы» Заңы туралы түсінік берсе, мешіттің бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы діни ағымдар мен олардың зияны, әлеуметтік желілердегі жалған ақпараттардан сақтанып, теріс ағымның ықпалында кетпеу жайлы кеңінен тоқталды.

Жүздесу соңында оқушылар көкейлерінде жүрген нақты сауалдар қойып, оған тұшымды жауап алды.

Қостанай облыстық мешітінің

баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником