Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Жаңалықтар
Четверг, 28 Октябрь 2021 12:31

Әулиекөл: Ұйымшылдықтың үлгісі

Тазалық барлық ізгілік пен игіліктің бастауы. Мұны Әулиекөл аудандық «Әмит ишан» мешітінің бас имамы Нұрлан қажы Сыздықов жете түсінеді. Сондықтан да шығар, оның ұйытқы болуымен өткен бейсенбі-жұма және демалыс күндері жаңадан салынып жатқан мешітте тазалық өткізілді.

Әйелдер жағы іші-сыртының шаңын сүртті, айналаны тазартты, батареяларды сырлады. Ал ерлер қауымы өздеріне бекітілген істерді абыроймен атқарды.

Бұл іске мешіттің алқа мүшелері, Аманқарағай ауылы «Сабыр молда», Мәскелеу ауылы «Айша ана» намазханаларының молдалары Серікбай қажы мен Ораз қажы жамағатымен келіп атсалысты.

Бұ істе Әулиекөл ауылының әкімі Райымбек Едіресов пен барша жүректері ізгілікке толы азаматтар да ортақ іске өздерінің лайықты үлестерін қосты.

-Жалпы, болашақта жерлестеріміздің имандылық ордасына келіп, дініміздің құндылықтарын бойларына молынан сіңірулеріне қолдан келген жағдайдың бәрін жасаймыз. Әлі де мешіт жанашырлары қарбалас шақтарда жанымыздан табыла беретіндігіне сеніміміз мол,- дейді ауданның бас имамы Нұрлан қажы Сейілханұлы өз сөзінде.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Тобыл қалалық Маңдай батыр» мешітінің Бас имамы Дархан Манарбекұлы Қостанай ауданына қарасты елді-мекендерге ат басын бұрып, жергілікті намазханалардың тыныс тіршілігімен танысты.

Ол өз сапарын қалаға іргелес орналасқан Жамбыл және Алтын дала ауылдарының жұртшылығымен кездесуден бастады. Бұл сапарда жамағатқа Ислам дінінің құндылықтары жайлы уағыз-насихат айтты.

Жауапты қызметіне құлшыныспен кіріскен білімді де білікті имамның жүректен шыққан ойлы пікірлері мен жылы лебіздерін аталған елді-мекендердегі мұсылман бауырлар тыңдай келе көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ойларымен бөлісті.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Вторник, 26 Октябрь 2021 11:48

Мәдениет үйіндегі кездесу

Б.Майлин аудандық «Әйет» мешітінің бас имамы Ислам Хамзин басшылық ететін ұжымда да өзгелерге өнеге боларлық ізгі шаралар өткізіліп, жұртшылық тарапынан лайықты бағасын алуда.

Жақында ғана олардың ұйытқы болуымен аудандық Мәдениет үйінде «Рухани келісім – қоғамдағы тұрақтылықтың негізі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оған аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері және Рудный қаласы ардагерлер кеңесінің мүшесі Рысбике Сүймекова қатысты.

Жиында қатысушылар қазіргі таңда елімізде тұрақтылық пен ауыз бірліктің айрықша орын алатындығына тоқталды. Елге сыйлы азаматттардың пікірлерін зиялы қауым ұйып тыңдады.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Вторник, 26 Октябрь 2021 11:47

Колледж студенттері мешітте

Жуырда Меңдіқара аудандық «Зұлқарнайұлы Мұса қажы» мешітінің бас имамы Еркебұлан Қошан аудан орталығындағы Кәмшат Дөненбаева атындағы ауылшаруашылық колледжінің 2 курс студенттерімен жүздесті.

Онда ол жастарға ел тарихы, жер тарихы, Отанды сүю, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету жөнінде әңгіме өрбітті. Сонымен қатар аудандық ардагерлер үйінің төрағасы Есет Көбеков студенттерге болашақтарына бағдар болар ақыл-кеңесін айтып, ақ батасын берді.

Қатысушылар бұл тағылымды кездесуден ұмытылмас әсер алып, мешіт қызметкерлеріне дән ризашылықтарын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Вторник, 26 Октябрь 2021 11:42

Рудныйдағы ұлағаты мол жиын

Жақында Рудный қалалық «Нұр» мешітінде «Ихсан – рухани кемелдену жолы» атты басқосу болып өтті. Мұнда «Ихсан» ілімі жайлы жан-жақты мағлұмат беріліп, Хәкім Абай атамыздың кемел адам концепциясы да насихатталды.

Жиналған жамағатқа толық адам болуға үндеген Абай мұрасын рухани көзқарас тұрғысынан түсінуге зор мүмкіндік берілді.

Бас имам Бектұрсын қажы өз сөзінде: «Біз Абай мұрасын таныған сайын рухымыз байып, жан-дүниеміз Ислам құндылықтарынан сусындай түседі. Мәселен: «Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деп ұлы ақын саналы жанға тағылымды да асыл қасиеттерді терең ұғындырады» деді.

Аталмыш басқосуда осындай рухани тәлімді жайлар айтылды. Жиналғандар болашақта өздеріне бағыт-бағдар болар құнды пікірлерді көңілдеріне түйді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Пятница, 22 Октябрь 2021 11:36

Қыс таяу, дайындық қалай?

Жуырда Б.Майлин аудандық «Әйет» мешітінде жергілікті беделді ақсақалдармен кездесу өткізілді. Онда алда тұрған келелі мәселелер әңгімеге арқау болды. Қыс айларына санаулы күндер қалғандықтан, соған дайындық жайы пысықталды.

Сондай-ақ, жиында аға буын өкілдері басқа да өзекті жайларды сөз етіп, мешіттің жұмысын барынша жандандыру қажеттігін тілге тиек етті. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бұл ортақ іске күллі мұсылман бауырларымыз атсалысып, өздерінің лайықты үлестерін қосу керектігін баса айтты.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Четверг, 21 Октябрь 2021 16:07

Көркем мінез

Дін ғалымдары: «Көркем мінез» сөзін кеңінен қарастырып, адам баласының жеке өзіне, отбасында, жұмыс орнында, қоғамдық орындарымен құлшылығына қатысты іс- әрекетінде әдепті болу, тіпті талас- тартыс, кек алу, ажырасу, арыздану, өтініш, қарызды талап ету, жазалау сондай- ақ соғыс кездерінде де шариғат талаптарымен әдептерін сақтай отырып атқару,- деген.

Көрке мінез – ол пайғамбарлардың мінезі, ол шыншылдармен ізгілердің мінезі.

Қиямет күні таразы басында мүмин пенденің көркем мінезінен асқан ауыр нәрсе болмайды. Күмәнсіз Алла ауызы былапыт сөзге толы арсыз адамды жек көреді(1).

Бұл тақырыпқа қатысты мынадай хадистер бар: «Мүминдердің иман тұрғысынан ең кемелдісі – мінез- құлқы ең жақсы болғаны»(2), «Мүмин өзінің көркем мінезінің арқасында күндіз ораза, түнде намаз оқитын пенденің мәртебесіне жетеді»(3).

Хазіреті Әли (Алла одан разы болсын) көркем мінездің белгісі: «Харамнан аулақ болу, адал табыс табу және отбасына жомарт болу»,- деп айтқан.

Атам қазақ мақал- мәтелдерінің бірінде: «Аңдамай сөйлеген – ауырмай өледі»,- деген. Сонымен қатар «Он бәленің тоғызы тілден», «Ұрлық түбі - қорлық», «Біреуге ор қазба – өзің түсесің», «Жақсыға барсаң жадырап қайтарсың, жаманға барсаң жабығып қайтарсың»,- балалары мен немерелерін кішкентайынан тәрбиелеп отырған. Есейе келе дін мен дәстүрді қоса меңгерген ұрпағы, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсеткен.

Мінезі көркем адаммен дос болу, барлық адамның қалауы. Ал досы көпті дау алмасы анық. Басыңа күн түскенде, шынайы достар ғана қасыңнан табылады. Өмірдің қай бұрышында, кімді не күтіп тұрғаны бір Аллаға мәлім. Сүрінгенге сүйеу, қиналғанға жәрдемші болу адамдықтың белгісі. Алыс бар жерде беріс бар,- деген. Адамның жанын, адам ғана түсінері анық. Ендеше кеңшілікте кең болсаң, таршылықта айналаңнан адамдарды табасың деген. Көркем мінез жемісін осы өмірде және ақыретте де берері анық.

Қарабалық аудандық "Ғашура ана" мешітінің бас имамы Рахым Серік Темірбекұлы

____________________________________________________

  1. Бұхари, Әдәбул- Муфрад, 1/164; Термизи, Бирр 61.
  2. Термизи, рада, 11; Әбу Дауіт, сүннет 16.
  3. Табарани, әл-мужамил-Кәбир, 1/260.
Четверг, 21 Октябрь 2021 10:54

Тобыл: Әкім жаңа имамды қабылдады

Кеше Қостанай ауданының әкімі Жансұлтан Таукенов таяуда ғана Тобыл қаласындағы «Маңдай батыр» мешітіне жаңадан бас имам болып тағайындалған Дархан Манарбекұлын қабылдады.

Бұл кездесуде аудан басшысы имамды жауапты қызметімен құттықтап, оған табыс тіледі. Сонымен қатар аталмыш мешітте алдағы уақытта жүзеге асырылар міндеттер мен мақсаттар жайлы да әңгіме болды. Жүздесу өте іскерлік жағдайда өтті.

Әкімнің қабылдауына есімі көпшілікке танымал білікті азамат, осы имандылық ордасының найб имамы Нұрбол Исламұлы Балахметов те қатысып, алдағы жұмыстар бойынша жоспарларын талқылады.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Среда, 20 Октябрь 2021 12:28

Амангелді: Кітапханағы кездесу

Амангелді аудандық «Сатыбалды ишан» мешітінің бас имамы Жандарбек Амирхамзин жергілікті орталық кітапханада «Имандылық - инабаттылық мұраты» деген тақырыпта рухани орда қызметкерлерімен жүздесті.

Кездесу барысында әңгімеге өзек болған жай жан-жақты айтылды. Қатысушылардың қойған сұрақтарына жауап берілді. Имандылықтың адам өмірінде ерекше орын алатындығы сөз болды.

Жиын соңында кітапханашылар аудан имамына маңызды мәселені қозғап, жүректерге жеткізе білгені үшін ризашылықтарын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Жақында Рудный қалалық «Нұр» мешітінің әйел жамағатының ұстазы Аяулым Ермекқызының ұйымдастыруымен әйел-қыздар қаладағы жасөспірімдер үйінде болып, ондағы тәрбиеленушілермен кездесті.

Басқосуда келелі әрі ұлағатты әңгіме өрбіді. Сондай-ақ, ата-ананың аялы алақаны мен жылуына зәру 32 балаға қайырымдылық мақсатында көмек көрсетті.

Оларға тәтті тағамдар мен күнделікті тұтылатын азық-түлік табысталды. Балалар сыйлықты алған сәттерінде жүздері қуаныштан бал-бұл жанып, алғыстарын жеткізді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником