Жақында Қарабалық ауданындағы Мұхамеджан Сералин атындағы №3 қазақ орта мектебінің 9-11 сынып оқушыларымен деструктивті теріс ағымдардың алдын-алу мақсатында кездесу болып өтті.
Жергілікті «Ғашура ана» мешітінің бас имамы Серік Темірбекұлы оқушыларға теріс ағымдардың зардаптары, терроризм мен экстремизм жайында жан-жақты хабардар етті.
Сондай-ақ, ата - ананы сыйлау, ұстаздарға құрмет көрсету және өзекті мәселе суицид хақында сөз қозғады. Жүздесу соңында шәкірттер көкейде жүрген сауалдарын қойып, оған тиянақты жауап алды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі