Қарабалық ауданындағы көпке танымал мекеменің бірі - «Зерновая индустрия» агрохоллдингі. Осы ұжым қасиетті Рамазан айының құрметіне күн көрісі төмен 17 отбасыға 20 000 теңгенің «Рамазан сыйы» сертификатын табыс етті.
Сертификат алған жанұя жергілікті «Гранд» сауда үйінен керекті азық-түлік алуға мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар 7 отбасына 1 қойдың еті таратылды. Сол күні кешке мешітіміздің асханасында дастарқан жайылып, ауызашар берілді.
Бұл мекеме үнемі қайырымдылық шараларына белсене атсалысады. Оған қарайтын «Терра» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қасапханасына «Халал даму» стандарттау және сертификаттау орталығының сертификаты тапсырылды.
Осынау кәсіпорын мал союмен айналысады. Ол аталған «Халал» стандартымен жұмыс істеп жатқан аудандағы екінші кәсіпорын болып табылады.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі