Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрсақов арнайы іс-сапармен Қостанай облысына келді.
Ол бұл сапарын облыстық мешітте өңірдегі ЖАНТ мүшелерімен кездесуден бастады. Елімізге белгілі дін қайраткері жиналғандарға «Жат ағымның алдын-алу» тақырыбы бойынша дәріс оқыды.
Сондай-ақ, жергілікті қауымға «Пәтуа шығарудың үкімі мен жауапкершілігі туралы» кеңінен әңгімеледі.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі