Жуырда Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінде маңызды жиын болып өтті. Оған ауданға қарасты елді-мекендердің имам-молдалары қатысты.

Бас имам Айбек Қабиев алдағы қасиетті Рамазан айында ұйымшылдықтың үлгісін көрсетіп, оны үлкен абыроймен өткізу қажеттігін айтты. Халықпен қоян-қолтық араласып, сапалы қызмет ету міндет екендігін тілге тиек етті.

Сондай-ақ, басқосуда имам-молдаларға жергілікті уақытқа сәйкес жасалған Ораза кестесі таратылды.


Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі






