Облыстың Бас имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы қасиетті Рамазан айының қарсаңында жаңадан тағайындалған Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаевпен кездесті.
Бас имам шаһар басшысын жауапты қызметімен құттықтап, оған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан жарық көрген «Ихсан» кітабын тарту етті.
Жүздесу барысында белгілі дін қайраткері өңірдегі қазіргі діни ахуал жайлы айтты. Әкімге алдағы барлық игілікті істеріне толағай табыс тіледі.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі