Үстіміздегі жылдың наурыз айында Қостанай облыстық мешітінің найб имамы Бақытжан қажы Икрам жетекшілік ететін Зекет және қайырымдылық қоры игі мақсаттағы жұмыстарының ақпаратын ұсынады.
ҚМДБ қызметінің бір тармағы қайрымдылық істерін жүргізу. Алла тағалаға сансыз шүкір жарқын істерін одан әрі жалғасын табуда.
Жалпы осы өткен наурыз айында облыс бойынша 39 қайырымдылық іс-шарасы өткізіліп, 564 жанұяға көмек көрсетілді.
Осы мақсатта жалпы алғанда 2 млн. 506 мың 366 теңге қаржы «Қайырымды жұма», «Қолдан қолға», «Тайқазан», «Жетім көрсең жебей жүр», «Алтын құрсақты анаға тосын сый» атты шараларға жұмсалды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі