Қасиетті Рамазан айында, республикалық Астана қаласының 17 жылдығымен Қазқ хандығының 550 жылдығының құрметіне Жітіқара қаласындағы «Асбест» мәдениет сарайының алаңында жас өспірім балалар арасында «Асық атудан» қалалық турнир өтті.
«Асық ату» ұлттық ойынның тарихы үш мың жылдан асып түседі. Бұл ұлттық ойынның өз өзектілігін жойылмауына ауданымыздың тұрғыны Омаров Тишібай ақсақалдың еңбегі зор. Немерелері Азат, Бекзаты үйретіп №4 шағын ауданында тұратын жас өспірім балаларды ұлттық ойынға баулып үйретті.
Бұл мерекелік іс шара Керей, Жәнібек, Бұрындық, Қасым, Тәуекел, Есім, Ақназар (Хақназар), Жәнгір, Тәуке, Абылай хандардын Қазақ хандығының мемілекетімен жерінің тұрақтылығы үшін және халқының амандығы мен азаттығы үшін ереулі еңбек еткенкендіктері ескеріліп, «Естай Есжанов» атындағы №9 қазақ орта мектебінің 6 сынып оқушысы, «Заман» радиосының «Кешжарық балақай», «Мен қазақпын» бағдарламаларының жүргізушісі Азат Азаматұлы Омаров астана күніне арнаған өзі жазған өлен жолдарымен бастады.
Азат Азаматұлы жиылған қауым алдында:
Атамыз біздін Нұрсылтан
Астананы салдырған.
Қазағымның тарихын
Мәнгі атын жаздырған.
Қазақ елі төрінде,
Сарыарқадай жерінде,
Жарқырайды Астанам,
Тұрғандай болып көрмеде.
Жағасында Есілдін,
Ғарышқа бой көтердін.
Туған күнін жас қала,
Алтысығой шілденің.
Біз бақытты баламыз
Бейбіт елде тұрамыз.
Құтты болсын басқала
Туған күнің Астана.
-деп сөз бастап турнир басталды.
Ұлттық ойын бұл түрінен өткен спорттық шараға мектеп жасындағы 10 бала қатысты. Тартысты өткен сайыс нәтижесінде 5 жасар Жалғасов Ислам І орын; Даушев Темірлан ІІ орын; Төрезат Әлфараби ІІІ орынды жеңіп алды. Сонымен қатар Жайлюбаева Гүлназ және Омаров Азат ынталандыру сыйлығына йе болды. Балалар марапаттау қағазымен марапатталып қаржылай сыйлыққа йе болды.
Айта кетейік, жарысқа Жітіқара аудан әкімінің орынбасары Айсабаев Есбол Есетұлы, «Жітіқара ауданы әкімдігінің дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ әдіскері Игорь Диркс қатысып төрелік етті. Асық ату сайысына Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінің Бас имамы Сабыржан Зейнелғабиденұлы демеушілік етті.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің
баспасөз қызметі
Мешіттегі қайырымдылық акциясы
Рамазан қасиетті де, ізгілікті ай. Ораза кезінде қолдан келсе көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, көп балалы отбасыларды қолдағанға не жетсін.
Мұны жете түсінген облыстық Марал ишан мешітінің бас имамы Асылхан қажы Түсіпбек пен «Зекет» қорының облыстағы өкілі Жақсылық қажы Ғайсиннің тікелей ұйымдастыруымен Астана күні мерекесінің қарсаныңда қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Ол жоғарыда аталған облыстық мешітте өтті. Онда өңірдегі бір топ кәсіпкерлердің демеушілігімен екі тонна ұн әрбір көмекке мұқтаж жандарға 10 келіден таратылды. Олардың арасында түрлі ұлттардың өкілдері болды.
Ұнды жұртшылыққа берер кезде орыс шіркеуінің өкілдері де қатысты. Міне, осының өзінен біздің өңірде дін қайраткерлерінің арасындағы достық пен ауызбірлік, ынтымақ жылдан – жылға артып келе жатқандығын байқау қиынға соқпайды.
- Біз көпұлтты мемлекетте тұрамыз. Еліміздегі барлық жетістіктер мен табыстар халықтар арасындағы ауызбірліктің арқасы. Рамазан өте адамгершілік тұрғыдан алғанда да нағыз татулықтың, парасаттылықтың, мейіріміділіктің нышандарын айқын көрсететін ай деп түсінемін.
Біздің бүгін жүзеге асырған ізгілікті ісіміздің орындалуына облыстағы ұн өндіретін яғни, диірмендері бар азаматтардың қолдауына шексіз риза болдық. Өздеріңіз де куәсіздер, қаншама қамқорлыққа зәру жерлестеріміз шынайы алғысын білдірді , - дейді облыстың бас имамы Асылхан Түсіпбек.
Шынында өткен жұма мешіттің айналасы халыққа лық толды. Ұнға ие болған кісілердің жүзіндегі қуанышты көрсеңіз. Олардың арасында еңкейген қарт та, мүгедектер арбасында отырған кісілер де болды.
Осы акцияны ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, алдағы уақытта да мешіттің қоймасы азық – түлікпен молая түспек. Жиналған тауарлар бірінші кезекте әрқашанда қолдауға мұқтаж жандарға таратылып берілмек.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің
баспасөз қызметі
Қоғамда өз орнын таппай, жұмыссыз жүріп, психологиялық дертке ұшыраған, отбасында өзіндік орны жоқ кейбір жандар дұрыс діни ақпарат алмай, оғаш әрекеттерге жол беруде. Жиһадты желеу еткен содырлар мен бұзақылар жалған сенімнің арбауына еріп, адам қанын төгуден қаймығатын емес. Діни сенімі әлсіз, діни білімі таяз, ұстанымы белгісіз, мақсаты айқын емес кейбір азаматтар Ирақ пен Сириядағы соғысқа қатысуды «парыз» санап, Ислам атына кір келтіруде. Осы оқиғаға орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жоғарғы Төралқа мүшелері, Ғұламалар Кеңесі арнайы мәлімдеме жасаған болатын. ҚМДБ мәлімдемесінде қантөгіске қатысқан Қазақстан азаматтарының шектен шыққан басбұзарлық әрекеті қатаң айыпталды.
Исламда бір адамды жазықсыз өлтіру – бүкіл адамзатты өлтіргенмей бірдей. Алла Тағала қасиетті Құранның «Мәида» сүресінің 32-аятында: «...Жер бетінде бұзақылық жасамаған бір адамды өлтірсе, шән мәнінде, ол адамдардың барлығын өлтіргендей болады...» деген.
Жалған хадистерді бетперде еткендер жұртты жиһадқа үндеп, сыртқы күштердің ойлап тапқан саяси сценарилерінің құрбанына айналуда. Сорақысы сол, олар қыз-келіншектерді «жыныстық жиһад» жасауға мәжбүрлеп, жұмақты уәде етеді.
Соқыр сеніммен өзге елдің ішкі мәселесіне араласып, саяси соғыстарға қатысу – мұсылманшылыққа жат, шариғатқа қайшы. Шындығында, кез-келген соғысқұмар адамның ашқан соғысы жиһадқа жатпайды. Негізінде, мұндай бас-көзсіз озбырлық іс-әрекеттер мәселені шешпейді. Керісінше, қиындатып, шиеленістіре түседі. Қазіргі таңдағы ең үлкен жиһад – сауатсыздықпен күрес. Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Үлкен жиһад – өз нәпсіңмен күресу», – деген.
Адамның өзінің бойындағы жаман мінез-құлықтармен күресуі – жиһад жасаған болып саналады. Бір күні пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) Табук жорығынан қайтып келе жатып: «Кіші жиһадтан (жорықтан) үлкен жиһадқа (нәпсі күресі) оралдық», – деген.
Тағы бір хадисте: «Біреуді жеңген мықты емес, ашу үстінде өз-өзіне ие болған адам мықты», – делінген. Ал әл-Хасан әл-Басри тәлімді тұжырымды сөзінде: «Жиһадтың ең абзалы – нәпсімен күресу», – деген екен.
Нәпсісін, қалауын, жаман мінез-құлқын өз ақылына жеңдірген адам, міне, сол пенде парасатты, күшті адам саналады. Жиһад дегеніміз – осы. Кейде өз бауырларымыздың кішкентай кемшілігін кешіре алмай, дауласып жатамыз. Кешірім, мейірім жолын ұстануға ішкі тәкаппарлық дертіміз, асау сезіміміз дес бермей жатады.
Қасиетті кітабымыз Құранда «Шамс» сүресінде: «Сонда оған (яғни нәпсіге) жамандық әрі тақуалық қабілетін бергенге серт. Расында нәпсісін тазартқан кісі құтылды да. Әлде кім оны кірлетсе қор болды», – делінген.
Абай атамыз өзінің өнегелі өлең-жырларының бірінде былай деп жырлайды:
«Бойдағы мінді санасам,
Тау тасынан аз емес.
Жүрегімді байқасам,
Инедейін таза емес».
Әркім өз бойындағы кемшіліктермен күресе білуі керек. Расында, адам өзіне сыншыл болмай, яғни өзін түзетіп алмай, өзгені ізгілік, имандылық жолына бастай алмайды.
Зайд бин Арқам (р.а.) атты сахаба пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Аллам, мен Сенен әлсіздік, жалқаулық, кәрілік, қорқақтық, сараңдық атаулыдан және қабір азабынан сақтауыңды сұраймын. Иа, Алла, нәпсіме тақуалық бер. Нәпсімді пәкте. Расында Сен ең жақсы пәктеуші затсың. Сен жанымның Иесісің. Аллам, мені тақуалығы жоқ жүректен, тойымсыз нәпсіден, пайдасыз ілімнен, қабыл болмайтын дұғадан сақтауыңды сұраймын», – деген дұғасын жеткізген.
Ислам ғұламалары нәпсіні жақсылыққа тәрбиелеуде төрт тәсілді негізге алуға кеңес берген. Біріншісі – ұстаздан білім алу, екіншісі – діндар, шыншыл, ізгі адаммен дос болу, үшіншісі – адамдардың айтқан сынынан сабақ алу, яғни кемшілікті әрдайым түзетуге тырысу, төртіншісі – қоғаммен, адамдармен тығыз байланысты болу, көппен бірге болу.
Әбу Зарр (р.а.) риуаят еткен өсиетті сөзінде пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім көпшіліктен бір сүйемдей болса да ажыраса, мойнындағы Ислам жібін шешіп тастағаны», – деп, көпшілікпен болудың маңыздылығын айтқан. Асыл діннен қуат алған халқымыз: «Көппен көрген ұлы той», – деп, ұрпақты ұйымшылдыққа тәрбиелеген.
Ислам діні қоғамда тыныштық, әділдік, бірлік болуын көздейді. Мұсылман үмбетін ұйымшылдыққа тәрбиелейді.
Біз, имам-молдалар Қазақстан азаматтарын ынтымағы ыдыраған елдердегі саяси даулар мен арандатулардың құрбаны болмауға шақырамыз.
Алла Тағала елімізді, жерімізді әртүрлі бүлік әрекеттерден сақтағай!
Асылхан қажы ТҮСІПБЕК,
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкіл имамы
Ақорданың баспасөз қызметі өзінің Инстаграм желісіндегі парақшасында «Елбасының Рамазан айында Астанада берген ауызашар кеші» деген атаумен бейнематериал жариялады.
«Ел басқарған адам ретінде сол қасиетті жерлерге бардым. Ең бірінші еліміз аман, жұртымыз тыныш болса екен, қазақтың маңдайына бақ орнаса екен деп мен де тілек тіледім», - деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ауызашар кешінде сөйлеген сөзінде.
kazinform.kz
Рамазан айы мейірімділік пен ізгіліктің айы. Сондықтан да болар, Қостанай аудандық « Маңдай батыр» мешітінің бас имамы Азамат Мырзақанов Ораза кезінде қайырымдылық шараларына ерекше көңіл бөлуде.
Ол жуырда ғана облыстық балалар үйінде болып, ондағы тәрбиеленіп жатқан ұл мен қыздармен жүздесті. Әңгіме барысында Рамазан айы жөнінде жан-жақты мағлұмат берді.
Сондай-ақ өзі басқаратын мешіттің атынан оларға арнайы дастархан жайып, тәтті тағамдар ұсынды. Баланың аты бала емес пе. Жүздері бал-бұл жанған бүлдіршіндер өздеріне көрсетілген құрмет пен сый-сыяпатқа ерекше риза болды.
Осы арада бір тоқтала кетер жай, бұл бас имам Азаматтың тарапынан жасалып отырған алғашқы қамқорлық емес, бұған дейін де талай рет жетім балалар үйінде болып, ертеңіміз болып табылатын балдырғандардың маңдайларынан сыйпаған-ды.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің
баспасөз қызметі
Аудандық «Мүгедектерге арналған Жітіқара өңірлік оңалту орталығы» ММ емделушілерінің қатысуымен аудандық мешітте кездесу өтті. Кездесу барсында мешітіміздің бас имамы уағыз насихат айтты. Кездесуге келген өзге дін өкілдері қасиетті Рамазан оразасы жөнінде бір-қатар сұрақтарын қойып, сауалдарына жауап алды.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы
бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Бір адам осы айда аузы берік бір адамға ауыз аштырса, күнәлары кешіріледі. Ораза ұстағанның сауабындай сауап алады»,-дегенде, сахабалардың кейбіреулері ораза ұстаған жанға ауыз аштыратындай жағдайлары жоқтығын айтады. Сонда оларға: «Бір құрмамен ауыз аштырғанға да, тек сумен ауыз аштырғанға да, аз ғана сүтпен ауыз аштырғанға да осы сауап беріледі»,-дейді (Бәйхақи риуаяты).
Мешітіміздін ақсақалы, ауданымыздың құрметті азаматы Рамазан қажы Дүйсекұлы балаларымен Ұлы Жаратаушы Алла Тағаладан сауап алу ниетімен мешітке келуші барлық жамағатқа ауызашар берді. Алла Тағала Рамазан қажының отбасына береке берсін! Тілеген барлық тілектері қабыл болсын!
ҚМДБ-ның Қостанай облысы
бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Қасиетті Рамазан айының алғашқы ауызашарына ауданымыздың әкімі Мейрам Олжабайұлы және оның орынбасарлары қатысып келген барлық жамағатқа өз тілегін білдірді. Ауызашарға арнайы құттықтау ниетімен «Бренд» ЖШС басшысы Е.П. Акимович, «Алаш» ЖШС басшысы А.Н. Мұхаммеджанұлы, «АФ Тұрсын» басшысы Б.А. Борантайұлы, «АБИС» ЖШС басшысы Б.Д. Есімұлы, аудан әкімінің аппарат жетекшісі А.Н. Сагитова, аудандық маслихат басшысы М. Құдабаева және т.б. келіп ораза ұстаған барлық мұсылмандарды құттықтады.
Мешіт асханасында ораза құрметіне дастархан жайылып, ораза ұстаған барлық жамағат тамақтандырылды.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы
бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Бүгін Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істер комитеті, «Асыл арна» ислами-ағартушылық телеарнасы арасында діни-рухани салада өзара ықпалдасып жұмыс істеу туралы келісімге қол қойылды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, «Асыл арна» ислами-ағартушылық телеарнасының Бас директоры Мұхамеджан Тазабек қол қойған үш жақты меморандум Қазақстанда дәстүрлі Исламды, оның ішінде Әбу Ханифа мәзһабын, халыққа жалпы діни қағидаларды дұрыс жеткізуді көздейді.
Қабылдан келісім негізінде жоспар бойынша дін мен дәстүрдің мәнін ашатын, төл мәзһабымыздың асыл құндылықтарын насихаттайтын, діни және мемлекеттік мерекелердің мазмұнын баяндайтын арнайы бағдарламалар дайындалып, эфирден көрсетілмек.
Тараптар өзара тең құқықтарын басшылыққа ала отырып, өз құзыры шеңберінде дін саласындағы тұрақтылықты нығайту, діни экстремизмді алдын алу, еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың бірлігін арттыру мақсатында бірігіп жұмыс істеуге келісті.
«Баршамыздың мақсатымыз бір: халқымыздың иманын күшейту, ізгілікті, мейірімділікті насихаттау, бірлігімізді бекем ету. Біз бірігу арқылы діни, рухани салада өнімді, нәтижелі еңбек ете аламыз», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.
Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин меморандум зайырлы қоғамның ортақ құндылықтарын насихаттауға септігін тигізетінін атап өтті.
«Асыл арна» ислами-ағартушылық телеарнасының Бас директоры Мұхамеджан Тазабек арна ұжымы ортақ игі істерге ақпараттық тұрғыдан атсалысуға, қолдау көрсетуге әрқашан дайын екенін мәлімдеді.
ҚМДБ Баспасөз қызметі
www.muftyat.kz