Бұл мақала өз пікірінен басқа пікірді мойындамайтын, соған сүйеніп өзгелерді көзге шұқып, айыптайтын іріткі салушыларға жауап болып табылады. Мақалада үмбетіміздің жетекші ғұламаларының, оның ішінде сәләфиттердің арасында ерекше беделге ие ғұламалардың да сөздерін келтіріп, намаз кезінде қолды көкірекке байлауға қатысты дәлелдер толықтай талданып, жоққа шығарылады. Бір еске салып кетерлік жайт, Әһлү Сүннадағы төрт мәзһабтың бірде-біреуінде де намазда қолды көкірекке байлау тәжірибесі жоқ.
______________
Мұсылман үмбеті бұл мәселедегі пікірлердің әр түрлі болатынына 1400 жыл бұрын келіскен болса да, осы мәселені (намаз кезінде қолды байлауға қатысты) талқылауға уақытымызды сарп етіп отырғанымыз өкінішті-ақ. Кейбір шамадан тыс белсенді бауырларымыз бен әпке-қарындастарымыз қолды көкірекке байлаудан басқа пікірлер әлсіз деп жүргендіктен, бұл тақырыпты қайта қозғауға мәжбүр болып отырмыз.
Базбір шынайы ниетті бауырларымыз бен әпке-қарындастарымыз намазда қолдарын солар дұрыс деп санайтын әдістен өзгеше қоятындардың бәрін жазғырып, мешіт аралауды әдетке айналдырды. Біз бұл мақалада қолды көкірекке байлау жайлы айтылған хабарламалардың, шындығында, әлсіз әрі елеусіз екенін көрсетуге тырыспақпыз.
Біз үмбетіміздің қазіргі ахуалын ескере отырып, уақытымызды пікірталасқа түсуге шығындағаннан гөрі Исламға үндеуге жұмсағанды абзал көрер едік. Бірақ, үмбетімізді жік-жікке бөліп, жоқ жерден бейберекеттік тудырып отырған бұл мәселені академикалық тұрғыдан қарастырудан басқа амалымыз жоқ.
Талқылауды бастамас бұрын қолды «кіндіктің үстіне» қоюдың көкірекке қою дегенді білдірмейтінін түсініп алу қажет. Қолды көкірекке байлауға қатысты баяндамалардың барлығы дерлік егжей-тегжейлі қарастырылады. Өйткені, ең шынайы пікір сол болып саналады. Қалған жайттардың талқылануы қысқаша келтіріледі.
Ибн Хузаймада «көкірегіне байлады» деген сөздерді қосып келтірілген сахаба Уәйл ибн Хаджрдан (Алла оған разы болсын) жеткен хабарлама:
أخبرنا أبو طاهر, نا أبو بكر, نا أبو موسى, نا مؤمل, نا سفيان, عن عاصم بنكليب, عنأبيه, عنوائل بن حجر قال: "صليتمع رسول الله- صلىالله عليه وسلم-, ووضعيده اليمنى على يده اليسرى على صدره
Сәйидина Уәйл Ибн Хаджр былай баяндаған: «Мен Пайғамбармен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бірге намаз оқығанда, ол қолдарын көкірегінде ұстап тұрып, оң қолын сол қолының үстіне қойды»(Ибн Хузайма).
Сахаба Уәйл ибн Хаджрдың (Алла оған разы болсын) сөздерінің жеткізілу тізбегі
Аталмыш баяндама Ибн Хузаймада жазылған және төмендегі тізбек бойынша жеткізілген:
1. Имам Әбу Абдуллах Мухаммад ибн Исхақ ибн Хузайма (837/233 — 923/311 милләди бойынша/хижра бойынша) осы хадистің жеткізілу тізбегін өзінің «Сахих ибн Хузаймасында» келтірген;
2. Бізге Әбу Тахирден (Алла оған разы болсын) риуаят етілген. Ол:
3. Әбу Бәкірден (Алла оған разы болсын). Ол:
4. Әбу Мусадан (Алла оған разы болсын). Ол:
5. Муаммаль бин Исмаилдан (Алла оған разы болсын). Ол:
6. Суфьяннан (Алла оған разы болсын). Ол:
7. Әсим бин Кулайбтан (Алла оған разы болсын). Ол:
8. Өзінің әкесінен (Кулайб ибн Шихабтан, Алла оған разы болсын). Әкесі:
9. Сахаба Уәйл ибн Худжрдан (Алла оған разы болсын) риуаят еткен.
Біріншіден, біз Кулайб ибн Шихабтың (Алла оған разы болсын) тізбегін қарамен белгілеп қойдық. Себебі, дәл осы баяндама тағы да басқа екі жеткізушіден сенімді түрде жеткізілген және олардың ешқайсысы қолды көкірекке байлау жайлы ауыздарына да алмаған!
Екіншіден, сенімді түрде жеткізілген қалған екі хабарламаға мән бермеген күннің өзінде кейінірек біз жеткізуші Муаммаль бин Исмаил турасында сөз қозғаймыз. Ол да тізімде қарамен белгіленген.
Аталмыш хадистің басқа да көптеген жеткізу тізбектері бар. Алайда, олардың бірде-біреуінде «көкірегіне» деген сөз жоқ. Осылайша, мұның хадиске жеткізуші Муаммаль бин Исмаилдың өзінің қосқан жаңсақ сөзі екені түсінікті.
Муслимнің «Сахихіндегі» сахаба Уәйл Ибн Хаджрдан «көкірегіне» деген сөзін қоспастан жеткізілген риуаят:
حدثنازهير بن حرب حدثنا عفان حدثنا همام حدثنامحمد بن جحادة حدثني عبد الجبار بن وائلعن علقمة بن وائل ومولى لهم أنهما حدثاهعن أبيه وائل بن حجر أنه رأى النبي صلىالله عليه وسلم رفع يديه حين دخل في الصلاةكبر وصف همام حيال أذنيه ثم التحف بثوبهثم وضع يده اليمنى على اليسرى فلما أرادأن يركع أخرج يديه من الثوب ثم رفعهما ثمكبر فركع فلما قال سمع الله لمن حمده رفعيديه فلما سجد سجد بين كفيه
Сәйидина Уәйл ибн Худжр (Алла оған разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) намаздың басында қолын көтеріп, тәкбір айтқанын көргенін баяндаған және Хаммамға (жеткізушіге) сәйкес, ол қолын құлағына байлаған. Ол (Қасиетті Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қолын киімімен орап, оң қолын сол қолының үстіне қойған. Рукуғқа баратын кезде қолын киімінің арасынан шығарып, көтерген де, тәкбір айтқан, сөйтіп, рукуғқа барған. Ал, қиямға барғаннан кейін: «Алла Өзіне мақтау-мадақ айтушыны естігей», («Сәми’а- Ллаһу лимән-хамидәһ») ─деген. Ал, сәждеге барған кезде басын екі алақанының арасына қойған» (Муслим).
Имам Ахмадтың «Муснадында» келтірілген сәйидина Уәйл Ибн Хаджрдан «көкірегіне» сөзін қоспастан жеткізілген хабарлама:
حدثنا عبد اللهحدثني أبي ثنا محمد بن جعفر ثنا شعبة عنعمرو بن مرة قال: سمعتأبا البختري الطائي يحدث عن عبد
الرحمنبن اليحصبي عن وائل بن حجر الحضرمي:: (أنه صلى معرسول الله صلى الله عليه و سلم فكان يكبرإذا خفض
و إذا رفع و يرفع يديه عند التكبيرو يسلم عن يمينه و عن يساره قال شعبة: قال لي أبان- يعنيابن تغلب- فيالحديث
حتى يبدو وضح وجهه, فقلت لعمرو:.?. أفي الحديثحتى يبدو وضح وجهه فقال عمرو أو نحو ذلك ) .
Суфьян Сауридің (Алла оған разы болсын) Муаммаль бин Исмаилдан басқа шәкірттерінің ешқайсысы «қолды көкірекке байлау» жайлы айтпаған.
Үшіншіден, осы хадисті Әсим бин Кулайбтан, Суфьян әс Сауримен (Алла оған разы болсын) бір уақытта риуаят еткен басқа да жеткізушілер өз хабарламаларына бұл сөздерді қоспаған. Дәл сол хадисті Әсим бин Кулайбтан риуаят еткен жеткізушілердің төмендегі тізіміне назар аударыңыздар. Муаммаль бин Исмаил қосқан сөздерді олардың ешбірі де қоспаған:
1. Ахмадтың «Муснадына» сәйкес, Шуаба, Абдуль Уахид, Зубайр бин Муавия (Ахмад 18398, 18371 және 18397);
2. Ахмадтың «Муснадына», Даримиге, Әбу Даудқа, Нәсәиге және Бәйхақиға сәйкес, Зайда (Ахмад 18391, Дарими 1357, Әбу Дауд 726, Нәсәи 889, Бәйхақи 2325);
3. Ибн Маджаға, Әбу Даудқа және Нәсәиге сәйкес, Бишр бин әл Муфаддаль (Ибн Маджа 810, Әбу Дауд 726 және 957, Нәсәи 1265);
4. Ибн Маджаға сәйкес, Абдуллах бин Идрис (Ибн Маджа 810);
5. Әбу Дауд Тайалисидің «Муснадына» сәйкес, Сәләм бин Салим (Әбу Дауд Тайалиси 1020).
Жеткізуші Муаммаль бин Исмаилдың (Алла оған разы болсын) әлсіздігі
«Көкірегіне» деген қосымша сөз Муаммаль бин Исмаилдың аты аталатын тізбекте ғана айтылатындықтан, оның жеткізуші ретіндегі сенімділігін зерттеп білген жөн. Ол жайында өзге ғұламалар былай деген:
Имам Мухаммад бин Нәср Әл-Мәруәзи (Алла оған разы болсын) Муаммаль бин Исмаилды есте сақтау қабілеті нашар және қате жібереді деген.
Мухаммад ибн Нәср ибн Хаджадж Әл-Мәруәзи (Әбу Абдуллах Әл-Мәруәзи) — хижра бойынша 202 жылы Бағдатта дүниеге келген ұлы ғұлама, Нишапурда ер жетіп, Самарқандта тұрақтаған. Ол Хураса, Рай, Бағдат, Басра, Куфа, Мәдина әл-Мунәуәрра (Нұр сәулелі Мәдина), Макка әл-Мукаррама (игілікті Мекке), Сирия және Мысыр секілді исламдық білімнің орталықтарында саяхат жасаған. Яхья ибн әт-Тәмими, Исхақ ибн Рахуәй, Юнус ибн Абдуль А’ля, Ибрахим ибн Әл-Мунзара (Алла оларға разы болсын) сияқты өз заманының хадистегі ғұламаларынан білім алған және ілімнің биік шыңына қол жеткізген. Мұны өзге ғұламалар да мойындаған. Басқа да ғұламалар ол туралы былай деген:
«Сахих ибн Хиббанның» авторы Ибн Хиббан (Алла оған разы болсын) былай деген: «Ол бұл дүниедегі ілім жинап, оған талпынған имамдардың бірі болған. Сондай-ақ, ол өз заманындағы ғұламалардың пікірлерінен хабардар болған және сол замандағы ғұламалардың арасында білімде ең жоғары табысқа қол жеткізген».
قال ابن حبان: «كان أحد الأئمةفي الدنيا ممن جمع وصنف, وكانأعلم أهل زمانه بالاختلاف وأكثرهم صيانةفي العلم
Хатиб Бағдади (Алла оған разы болсын) былай деген: «Ол сот тыйымдары мәселелеріне қатысты сахабалардың (Алла оларға разы болсын) (пікірлерінің) және олардың орнын басқан ізбасарлардың арасындағы айырмашылықты білетін білгір жандардың бірі болған».
قال الخطيبالبغدادي: «كا\ نمن أعلم الناس باختلاف الصحابة ومن بعدهمفي الأحكام
Имам Хаким (Алла оған разы болсын) ол жайында былай жазған: «Өз заманының хадис ғылымындағы теңдессіз имамы».
ذكره الحاكمفقال: إمامعصره بلا مدافعة في الحديث
Қады Мухаммад ибн Мухаммад (Алла оған разы болсын) Хорасандағы білімді ерлердің төртеу болғандығы оған ертеректегі ғұламалардан жеткенін айтқан:
1. Абдуллах ибн Әбу Мубарак (Алла оған разы болсын);
2. Исхақ ибн Рахуай (Алла оған разы болсын);
3. Яхья ибн Әт-Тәмими (Алла оған разы болсын);
4. Мухаммад ибн Нәср ибн Хаджадж Әл-Мәруәзи (Алла оған разы болсын).
وقال القاضي محمدبن محمد: كانالصدر الأول من مشايخنا يقولون: رجال خراسان أربعة: ابن المبارك, وابن راهويه,
يحيى بن يحيى, ومحمد بن نصر
Абдуллах ибн Мухаммад әл-Әсфәрайни (Алла оған разы болсын) Мухаммад ибн Абдуллах ибн Хакмның (Алла оған разы болсын) былай дегенін естігендігін баяндайды: «Мухаммад ибн Нәср ибн Хаджадж Әл-Мәруәзи (Алла оған разы болсын) Мысырда имам болған. Ендеше, Хорасан жайлы айтпасақ та болады».
قال عبد اللهبن محمد الإسفراييني: سمعتمحمد بن عبد الله بن عبد الحكم يقول: كان محمد بننصر بمصر إماما.
فكيفبخراسان?
Имам (мүфти) Ибн әс-Салах (Алла оған разы болсын) оны шәфиғит деп санаған және оның фиқһ пен хадис ғылымдарында терең білімге ие болғанын, «сахибуль-ихтийяр» («таңдаудың адамы») болғанын жазған. Себебі, ол кейде шәфиғиттік ғұламалармен келіспей, (мәселені шешудің) басқа тәсілін таңдайтын болған. Мұның ешқандай сөкеттігі жоқ. Ол мұнысымен Ибн Хузеймаға, Әл-Музниге және Әби Саур (Алла оларға разы болсын) секілді оларға дейін болғандарға ұқсаған.
Бұл ─ имам Бұхаридің замандасы, хадис ғұламасының Муаммаль бин Исмаилды (Алла оған разы болсын) есте сақтау қабілеті нашар және көптеген қателерге жол береді дегенді айта келіп, оның баяндамаларының беделін түсіретін ертедегі жазбаларының бірі:
وأما ما روي عنالحسن وابن سيرين أنهما كانا يقولان مسلمويهابان مؤمن فإن هذا حديث لم يروه عنحماد بن زيد غير
المؤمل وإذا انفرد بحديثوجب أن توقف ويتثبت فيه لأنه كان سيء الحفظكثير الغلط
Имам Яхья ибн Мәин (Алла оған разы болсын) Муаммаль ибн Исмаилдың Суфьян Сауриден жеткізген риуаяты дәлел болып табылмайтынын баяндайды:
سمعت يحيى يقول: (قبيصة) ليس بحجة في سفيان, ولا أبو حذيفة, ولا يحيى بن آدم, ولا مؤمل- معرفة الرجال لإبنمعين
ص560 ج1 ص114 س549 - ابنمحرز كما في سؤالاته ليحيى بن معين ج1
Мен Яхьяның (Ибн Мәиннің) былай дегенін естідім: «Суфьян әс-Сауриден жеткізілген хабарламаларға қатысты Әбу Хузайфа, Яхья ибн Адам және Муаммаль Ибн Исмаилдың дәлел (худжа) болып танылмайтындығы секілді, (Кабиса) да дәлел (худжа) болып табылмайды» (Марифат әр-Риджаль ли-ибн Мә’ин (1/113 № 549)/Ибн Мухриз фи Су’алатиху ли-ибн Мә’ин (1/560).
Бұл ─ Муаммаль ибн Исмаилдың Суфьян әс-Сауриден (Алла оған разы болсын) жеткізген риуаяттарына қатысты Яхья ибн Мәиннің жазған айқын ескертуі. Жалпы сілтемелер төменде, қалған сілтемелердің тізімінде келтірілген.
Имам Тирмизи, Муаммаль ибн Исмаилдың ағаттық жібергенін хабарлаған:
<pstyle="font-family: 'Traditional Arabic'; font-size: 26px; text-align: right;">حدثنا محمود بنغيلان حدثنا مؤمل عن حماد بن سلمة عن حميدعن أنس أن النبي صلى الله عليه وسلم قالألظوا بيا ذا <pstyle="font-family: 'Traditional Arabic'; font-size: 26px; text-align: right;">الجلال والإكرام قال أبوعيسى هذا حديث غريب وليس بمحفوظ وإنمايروى هذا عن حماد بن سلمة عن حميد عن <pstyle="font-family: 'Traditional Arabic'; font-size: 26px; text-align: right;">الحسنالبصري عن النبي صلى الله عليه وسلم وهذاأصح ومؤمل غلط فيه فقال عن حميد عن أنسولا يتابع فيهИмам Тирмизи жеткізушілер тізбегінде Муаммаль ибн Исмаилдың аты аталған хадис жайлы былай деген:
«Бұл ─ ғариб (беймәлім, бірегей) хадис және ол сақталмайды. Бұл хадис былай жеткізілу тиіс: Хаммад бин Сәләмнан, Хасан әл-Басриден, Нәбиден — дұрыс тізбек осы. Ал, Муаммаль ибн Исмаил өзінің санадында (тізбегінде) қателікке жол беріп, былай деген: Хумайдтан, Әнастан, оған қоса, оның мутабиасы (оның бұл пікіріне еретін немесе оның бұл хабарламасын қолдайтын адам) жоқ».
Имам Тирмизиге қатысты атап өтуге тұрарлық үш жайт бар:
1. Имам Тирмизидің хабарламаларды сенімді деп тапқан (тахсин және тасхих) себебі ─ Муаммаль бин Исмаилдың шәуәхиді мен мутабиасы* шынайы болған;
(*мутабиа – «мутаби» сөзінің көпше түрі, жеткізілуімен басқа хабарламаға ұқсайтын, соның қайнар көзіне алып баратын хабарлама; шәуәхид ─ «шәһид» сөзінің көпше түрі, (қандай да бір оқиғаның) куәсі болған немесе өзге сахабаның хабарламасын растайтын сахабадан жеткен риуаят – аудармашының ескертпесі)
2. Егер Муаммаль бин Исмаил иснадқа (тізбекке) және хадис мәтініне артық сөз қосқан болса, Тирмизи ол хабарламаны қабыл алмайтын және сақтамайтын болған;
3. Муаммаль бин Исмаил қателерге бой алдырған.
Имам Нәсәи (Алла оған разы болсын) Муаммаль бин Исмаилдың (Алла оған разы болсын) көптеген қате жібергенін хабарлайды:
(حديث مرفوع) أخبرني عليبن سهل, قال: حدثنا مؤمل, قال: حدثنا شعبة, عن عاصم, عن الشعبي, عن أم سلمة, أن
النبي صلىالله عليه وسلم كان إذا خرج من بيته, قال: "اللهم أنيأعوذ بك أن أزل أو أضل, أوأظلم أو أظلم, أوأجهل أو
يجهل علي". قالأبو عبد الرحمن: هذاخطأ: عاصمعن الشعبي, والصواب: شعبة عن منصور, ومؤمل بنإسماعيل كثير
الخطأ. خالفهبهز بن أسد رواه, عنشعبة, عنمنصور, عنالشعبي.
Хадисті (дуаны) баяндағаннан кейін Әбу Әбдир Рахман былай деген: «Әсимнен және Шәбиден” деген сөздер жаңсақ болып табылады. Дұрыс тізбек мынадай: Шубаха, Мансурдан. Муаммаль бин Исмаил көптеген қателерге бой алдырған. Шубаха мен Мансурдан басталатын жеткізушілер тізбегі жайында хабарлаған Баз бин Асад басқа пікірде болған».
Имам Ибн Хаджар әл-Хайтами (Алла оған разы болсын) жамағаттың (ғұламалардың көпшілігінің) Муаммаль бин Исмаилды әлсіз жеткізуші деп санайтынын айтқан:
رواه الطبراني فيالأوسط وفيه مؤمل بن إسماعيل وثقه ابنحبان وضعفه جماعة .
Әл-Хайтами, Тәбәранидің «Әусатынан» хадис риуаят етіп, былай дейді: «Тәбәранидің «Әл-Әусатта» келтірген бұл хабарламасында Муаммаль бин Исмаилдың аты бар. Ибн Хиббанға сәйкес, ол «сикаh» (сенімге лайықты) болып табылады. Бірақ, жамағат (ғұламалардың көпшілігі) оны әлсіз деп таныған».
رواه البزار وفيهمؤمل بن إسماعيل وثقه ابن معين وابن حبانوضعفه البخاري وغيره, وبقيةرجاله ثقات
Ол «Муснадта» Әл-Бәззари жеткізген хадис жайында былай деген: «Әл-Баззар риуаят еткен бұл хабарламада Муаммаль бин Исмаилдың аты бар. Ол Ибн Мәин мен Ибн Хиббанға сәйкес, «сикаh», бірақ, әл-Бұхари мен басқаларға сәйкес, әлсіз болып табылады. Қалған баяндаушылар ─ «сикаh (сенімге лайықты)».
رواه الطبراني منطريقين في إحداهما: منصوربن دينار وهو ضعيف وفي الأخرى مؤمل بنإسماعيل وثقه ابن معين
وضعفه الجمهور.
Ол әт-Тәбәранидің «Әусатындағы» хадис жайлы былай деген: «Тәбәрани бұл хадисті екі жеткізушілер тізбегімен байланыстырады. Солардың бірінде әлсіз болып табылатын Мәнсур бин Динардың аты бар. Ал, екіншісінде Муаммаль бин Исмаилдың аты аталған. Ол, Ибн Мәинге сәйкес, «сикаһ», бірақ, джумхурға (көпшілікке) сәйкес, әлсіз болып табылады».
رواه الطبرانيوقال: لميرفعه عن حماد بن زيد إلا مؤمل بن إسماعيل, قلت: ومؤملثقة كثير الخطأ وقد وثقه ابن معين
وغيرهوضعفه البخاري وغيره, وبقيةرجاله ثقات
Ол Тәбәранидің «Әусатындағы» хадиске тағы да сілтеме жасап, былай дейді: «Оның дәрежесін ешкім жоғарылатқан жоқ (яғни, Хаммад ибн Зайдтан жеткен риуаятты Муаммаль бин Исмаилдан басқа ешкім «марфу’*» санатына жатқызбаған). Мен (әл-Хайтами) былай деймін: «Муаммаль «сикаh» болып табылады, бірақ, көптеген қателіктерге жол береді. Ол, Ибн Мәинге де сәйкес, «сикаh» болып табылады. Бірақ, әл-Бұхариге сәйкес ─ әлсіз. Қалған баяндаушылар ─ «сикаh».
(*Марфу’- Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сөздері мен іс-әрекеттерін естіген немесе өз көзімен көрген сахабаның соны жеткізген хабарламасы – аудармашының ескертпесі)
Имам Миззи (Алла оған разы болсын) Имам Бұхаридің (Алла оған разы болсын) Муаммаль бин Исмаилды (Алла оған разы болсын) «мункар әл-хадис»* (сенімсіз) деп атағанын айтқан:
(*мункар – тағы бір әлсіз хабарламаға қайшы келетін әлсіз хабарлама ─аудармашының ескертпесі)
وقال البخاري: منكر الحديث.
Имам Зәхәби (Алла оған разы болсын) Имам Бұхаридің (Алла оған разы болсын) Муаммаль бин Исмаилды «мункаруль-хадис» (сенімсіз) деп атағанын айтқан:
وقال البخاري: منكر الحديث
Имам Әбу Хатим (Алла оған разы болсын) Муаммаль бин Исмаилдың қателерге жол бергендігін баяндаған:
قال سألت أبى عنمؤمل بن إسماعيل فقال صدوق شديد في السنةكثير الخطأ يكتب حديثه
...Ол (Ибн Әбу Хатим) әкесінен (Әбу Хатимнен) Муаммаль бин Исмаил жайлы сұрағанын баяндаған. Әкесі Муаммаль бин Исмаилдың адал және Сүннетке бекем екенін, көптеген қателерге жол беретінін, хабарламаларды жазып жүретінін айтқан...
وسئل عن مؤمل بنإسماعيل وأبى حذيفة فقال في كتبهما خطأكثير وأبو حذيفة اقلهما خطأ
Одан (Әбу Хатимнен) Муаммаль бин Исмаил мен Әбу Хузайфа туралы сұрағанда, ол «олардың кітаптарында қателердің көп екенін, дегенмен, екеуінің ішінде Әбу Хузайфаның жіберген қателері аздау екенін» айтқан.
وقال غيره دفنكتبه فكان يحدث من حفظه فكثر خطأه
Сондай-ақ, оның кітаптарға қарамай, есінде қалған мәліметтерді жатқа айтып, жеткізгендігі, сөйтіп, көптеген қателерге бой алдырғандығы айтылады.
Имам Хаким (Алла оған разы болсын) имам Даракутнидің, Муаммаль бин Исмаилдың (Алла оған разы болсын) көптеген қате жібергендігін айтқанын жеткізген:
492 قال الحاكم قلتللدارقطني مؤمل بن إسماعيل? قالصدوق كثير الخطأ.
Әл-Хаким былай деген: «Мен Муаммаль бин Исмаил (Алла оған разы болсын) жайлы әл-Даракутнимен сөйлестім. Ол былай деп жауап берді: «Ол ─ “сұдұқ”, яғни, шыншыл, бірақ, көптеген қателерге жол берген».
Имам Даракутни (Алла оған разы болсын) өзінің ұстазының Муаммаль бин Исмаилдың (Алла оған разы болсын) есте сақтау қабілетінің жақсы екеніне күмәнданғанын баяндайды:
2173 \ 9 - حدثنا أبوبكر النيسابوري, ثناحاجب بن سليمان, ثنامؤمل بن إسماعيل, ثناسفيان, حدثنيمنصور, عنأبي
وائل, قال: جاءنا كتاب عمرونحن بخانقين: إنالأهلة بعضها أعظم من بعض, فإذارأيتم الهلال لأول النهار, فلاتفطروا
حتى يشهد رجلان ذوا عدل أنهماأهلاه بالأمس عشية. قاللنا أبو بكر: إنكان مؤمل حفظه فهو غريب. وخالفهالإمام عبد
الرحمن بن مهدي .
Имам әд-Даракутни жеткізушілер тізбегінде Муаммаль бин Исмаилдың аты аталған хадисті баяндау кезінде былай деген: «Әбу Бәкір (ән-Нәйсабури) бізге мынаны хабарлады: бұл хадисті Муаммаль бин Исмаил есіне түсірген болса, ол ғариб болып табылады. Себебі, ол (Муаммаль бин Исмаил) имам Әбдуррахман әл-Мәхдимен кереғар пікірде болған».
Имам Әл-Хафиз ибн Хаджар (Алла оған разы болсын), атап айтқанда, Муаммаль бин Исмаилдың (Алла оған разы болсын) жеткізген бірнеше риуаятын қабыл алмаған:
[682] خت قد ت س قالبخاري في التعاليق وأبي داود في القدروالترمذي والنسائي وابن ماجة مؤمل بنإسماعيل العدوي
مولى آل الخطاب وقيل مولىبني بكر أبو عبد الرحمن البصري نزيل مكةروى عن عكرمة بن عمار وأبي هلال
الراسبيونافع بن عمر الجمحي وشعبة والحمادينوالسفيانين وغيرهم وعنه أحمد بن حنبلوإسحاق بن راهويه وعلي بن
المديني وأبوموسى وبندار وأبو كريب وأبو الجوزاء أحمدبن عثمان النوفلي وعلي بن سهل الرمليومحمود بن غيلان
وأحمد بن نصر الفراءوآخرون قال بن أبي خيثمة عن بن معين ثقةوقال عثمان الدارمي قلت لابن معين أي شيءحاله
فقال ثقة قلت هو أحب إليك أو عبيدالله يعني بن موسى فلم يفضل وقال أبو حاتمصدوق شديد في السنة كثير الخطأ
وقالالبخاري منكر الحديث وقال الآجري سألتأبا داود عنه فعظمه ورفع من شأنه إلا أنهيهم في الشيء وذكره بن حبان في
الثقاتوقال مات سنة ست ومائتين وفيها أرخه أبوالقاسم بن مندة وزاد في رمضان وقال البخاريمات سنة خمس أو ست
وقال غيره دفن كتبه فكانيحدث من حفظه فكثر خطأه قلت قال بن حبانفي الثقات ربما أخطأ مات يوم الأحد لسبععشرة ليلة
خلت من شهر رمضان سنة ست ومائتينوهكذا أرخه البخاري عن بن أبي بزة قالالبخاري أما ابنه فقال نحن من صلبية
كنانةقال وحدثني من أثق به أنه مولى لبني بكروقال يعقوب بن سفيان مؤمل أبو عبد الرحمنشيخ جليل سني سمعت
سليمان بن حرب يحسنالثناء كان مشيختنا يوصون به إلا أن حديثهلا يشبه حديث أصحابه وقد يجب على أهل العلمأن يقفوا
عن حديثه فإنه يروي المناكير عنثقات شيوخه وهذا أشد فلو كانت هذه المناكيرعن الضعفاء لكنا نجعل له عذرا وقال
الساجيصدوق كثير الخطأ وله أوهام يطول ذكرهاوقال بن سعد ثقة كثير الغلط وقال بن قانعصالح يخطئ وقال الدارقطني
ثقة كثير الخطأوقال إسحاق بن راهويه حدثنا مؤمل بنإسماعيل ثقة وقال محمد بن نصر المروزيالمؤمل إذا انفرد بحديث
وجب أن يتوقفويثبت فيه لأنه كان سيء الحفظ كثير الغلط
Имам Әл-Хафиз Ибн Хаджр Әсқаләни (Алла оған разы болсын) біз талдап отырған хадистің жеткізушілер тізбегінен орын алған Муаммаль бин Исмаилдың Суфьяннан (Алла оларға разы болсын) жеткізген хабарламасының әлсіз екенін ерекше атап өткен:
وكذلك مؤمل بنإسماعيل في حديثه عن الثوري ضعف
Шейх Әл-Әлбани, Муаммаль бин Исмаилдың есте сақтау қабілеті нашар болғанын және бұл хадистің Ибн Хузаймадағы дәрежесі әлсіз екенін айтқан:
Алайда, шейх бұл хадистің өзге тізбектерге сәйкес шынайы екендігін мәлімдеген.
إسناده ضعيف لأنمؤملا وهو: ابنإسماعيل سيئ الحفظ, لكنالحديث صحيح جاء من طرق أخرى بمعناه, وفي الوضع
علىالصدر أحاديث تشهد له
Имам Бұхаридің (Алла оған разы болсын) Муаммаль бин Исмаилдан (Алла оған разы болсын) риуаят еткеніне келер болсақ, имам Бұхари (Алла оған разы болсын) Муаммаль бин Исмаилдан (Алла оған разы болсын) ештеңе де риуаят етпеген! Шындығында, хадис төмендегідей:
حدثنا عبد اللهبن عبد الوهاب حدثنا حماد عن رجل لم يسمهعن الحسن قال خرجت بسلاحي ليالي الفتنةفاستقبلني أبو بكرة
فقال أين تريد قلتأريد نصرة ابن عم رسول الله صلى الله عليهوسلم قال قال رسول الله صلى الله عليهوسلم إذا تواجه
المسلمان بسيفيهما[ص: 2595] فكلاهمامن أهل النار قيل فهذا القاتل فما بالالمقتول قال إنه أراد قتل صاحبه
«Әл-Хасан риуаят еткен: «Текетірес орын алған Түнде (яғни, Айша мен Әлидің, Алла оған разы болсын, арасындағы соғыс кезінде) мен өз әскерімді күзетіп шықтым. Алдымнан Әбу Бәкір шығып: «Қайда барасың?» - деп сұрады. Мен: «Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) немере інісіне (яғни, Әлиге) көмектеспекшімін», - дедім. Сонда Әбу Бәкір былай деді: «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Егерде екі мұсылман бір-бірімен шайқасу үшін қылыштарын қынабынан суырса, екеуі де Тозақты мекендеушілердің қатарынан орын алады». Одан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Бауырын өлтірген адамның не үшін ондай жазаға тартылатыны түсінікті. Ал, соның қолынан қаза тапқан адам ше?» - деп сұрағанда, ол (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп жауап берген: «Қаза тапқан адам қарсыласын өлтірмек болды» (Бұхари).
Содан соң хадистің түпнұсқа мәтінінің астында төмендегі мәтін келтірілген:
قال حماد بن زيدفذكرت هذا الحديث لأيوب ويونس بن عبيدوأنا أريد أن يحدثاني به فقالا إنما روىهذا الحديث الحسن عن
الأحنف بن قيس عن أبيبكرة حدثنا سليمان حدثنا حماد بهذا وقالمؤمل حدثنا حماد بن زيد حدثنا أيوب ويونسوهشام ومعلى
بن زياد عن الحسن عن الأحنفعن أبي بكرة عن النبي صلى الله عليه وسلمورواه معمر عن أيوب ورواه بكار بن
عبدالعزيز عن أبيه عن أبي بكرة وقال غندرحدثنا شعبة عن منصور عنربعي بن حراش عن أبي بكرة عن النبي صلىالله
عليه وسلم ولم يرفعه سفيان عن منصور
«Сәйидина Хаммад ибн Зайд (Алла оған разы болсын) менің содан кейін осы хадисті Аюб пен Юнус ибн Әбидке (Алла оларға разы болсын) риуаят еткенімді, ары қарай сол екеуінің жеткізгенін айтады. Хасан (Алла оған разы болсын) Әхнәф ибн Кайске риуаят еткен, ол Әбу Бәкірге (оған Алла разы болсын) риуаят еткен. Бізге бұл хадис Салманнан, оған Хаммадтан (Алла оларға разы болсын) жеткізілген. Мумальдің айтуынша, бұл хадис бізге Хаммад ибн Зайдтан (Алла оған разы болсын) жеткізілген, оған Аюбтан, Юнустан, Хишамнан және Малла ибн Зайядтан (Алла оларға разы болсын) Хасаннан (Алла оған разы болсын) басталатын тізбек бойынша жеткізілген. Ал, оған сәйидина Әбу Бәкірден (Алла оған разы болсын) және оған Алла Елшісінен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) риуаят етілген. Муммардан (Алла оған разы болсын) риуаят етілген хабарлама – Аюбтан (Алла оған разы болсын) басталатын тізбек бойынша, ал, оған сәйидина Әбу Бәкірден (Алла оған разы болсын) риуаят етілген. Джандар өзіне Шубаның риуаят еткенін баяндаған, оған Мансур (Алла оған разы болсын) жеткізген, оған Раби ибн Хираш (Алла оған разы болсын) жеткізген және оған сәйидина Әбу Бәкір (Алла оған разы болсын) риуаят еткен, ал, оған Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) риуаят еткен. Суфьян (Алла оған разы болсын) оны Мансурдан (Алла оған разы болсын) басталатын тізбек бойынша «марфу» ретінде жеткізбеген».
Муаммаль бин Исмаилдың аты Бұхаридің «Сахихінің» Таликатында аталған және одан жеткен бірде-бір хадис жоқ!
Суфьян Сауридің өзінің намазда қолдарын кіндігінен төмен қойғандығы
Жоғарыда айтылып кеткендей, бізге Суфьян Сауридің (Алла оған разы болсын) бірде-бір шәкіртінен «көкірегіне» деген қосымша сөз жетпеген. Сондай-ақ, имам Суфьян Сауридің Куфадағы ілім адамдарының бірі болғандығын (яғни, имам Әбу Ханифаның, Алла оған разы болсын, мектебінің ізбасары) және ханбали мәзһабының «Әл-Муғни» атты беделді кітабында айтылғандай, намаз кезінде қолды кіндік астына байлау керек деген пікірді ұстанғанын айта кеткен жөн:
(662) مسألة: قال: (ويجعلهما تحتسرته) اختلفتالرواية في موضع وضعهما, فرويعن أحمد, أنهيضعهما تحت سرته.
رويذلك عن علي, وأبيهريرة وأبي مجلز, والنخعي, والثوري, وإسحاق; لما روي عن عليرضي الله عنه قال: منالسنة
وضع اليمين على الشمال تحت السرة. رواه الإمام أحمد, وأبو داود. وهذا ينصرف إلىسنة النبي صلى الله عليه وسلم
ولأنه قولمن ذكرنا من الصحابة .
Суфьян Сауридің (Алла оған разы болсын) қолды көкірекке байлау керектігі жайлы шынайы ақпаратқа ие бола тұра, оған мән бермей, намазды қолын кіндігінің астына байлап оқығандығын елестетудің өзі мүмкін емес!
Қолды көкірекке байлауға қатысты екінші хадис:
حدثنا يحيى بنسعيد, عنسفيان, حدثنيسماك, عنقبيصة بن هلب, عنأبيه, قال: رأيت النبي صلىالله عليه وسلمينصرف عن
يمينه وعنيساره, ورأيتهقال يضع هذه على صدره
Сәйидина Хульб (Алла оған разы болсын) былай баяндайды: «Мен Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оңға-солға бұрылғанын және қолдарын көкірегіне байлағанын көрдім». Яхья (жеткізушілердің бірі) оң қолды сол қолдың үстіне білезіктен жоғары қойғандығы жайлы айтқан (Ахмад, 21460).
Әлләмә Хашим Синды «Дирхам әл Сурраның» 113-бетінде джарх уә тадиль (хадис жеткізушілерін бағалап, сипаттау ғылымы – аудармашының ескертпесі) ғылымындағы кейбір ғұламалардың Симак бин Харбты және Кабисаны (аталмыш хадистің екі жеткізушісін) қабыл алмағандығын айтқан.
Бұл хадисте «көкірегіне» деген сөз бар. Бұл қосымша сөздің негізі жоқ және расталмаған: аталмыш хадисті Симактан риуаят еткен баяндаушылардың ішінен біреуі ғана осы сөздерді қосып жеткізген.
Дәл осы хадистің «көкірегіне» сөзін қоспастан жеткізілген хабарламаларын қараңыз.
1. Әбу әл-Әхуәс, Симак бин Харбтан, Касибадан және оның әкесінен риуаят еткен: «Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) намазда имамдық етті және сол қолын оң қолымен қаусырып алды».
حدثنا يحيى بنسعيد عن سفيان حدثني سماك عن قبيصة بن هلبعن أبيه قال رأيت النبي صلى الله عليهوسلم ينصرف عن
يمينه وعن يساره ورأيتهقال يضع هذه على صدره وصف يحيى اليمنى علىاليسرى فوق المفصل
2. Шарик, Симактан, Касиба бин Хульбтан, оның әкесінен риуаят еткен. Оның әкесі былай деген (үлкен хадистің соңы келтірілген): «Мен оның бір қолын екінші қолының үстіне қойғанын, сондай-ақ, оң жаққа бір рет, сол жаққа бір рет бұрылғанын көрдім».
حدثنا زكريا بنيحيى بن صبيح حدثنا شريك عن سماك عن قبيصةبن الهلب عن أبيه قال سألت النبي صلى اللهعليه وسلم
عن طعام النصارى فقال لا يحيكنفي صدرك طعام ضارعت فيه النصرانية قالورأيته يضع إحدى يديه على الأخرى
3. Уаки, Суфьяннан, Симак бин Харбтан, Касиба бин Хульбтан, оның әкесінен риуаят еткен. Оның әкесі былай деген: «Мен Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) намаз кезінде оң қолын сол қолының үстіне қойғанын, сондай-ақ, оның оңға және солға бұрылғанын көрдім».
حدثنا أبو بكر بنأبي شيبة حدثنا وكيع عن سفيان عن سماك بنحرب عن قبيصة بن الهلب عن أبيه قال رأيتالنبي صلى الله
عليه وسلم واضعا يمينهعلى شماله في الصلاة ورأيته ينصرف عنيمينه وعن شماله
4. Даракутни, Әбдуррахман бин Мәхди мен Уәкиден, Суфьяннан, Симак ибн Харбтан, Касиба бин Хульбтан, оның әкесінен баяндайды. Оның әкесі былай деген: «Мен Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) намазда оң қолын сол қолының үстіне қойғанын көрдім» (Даракутни, 1087).
حدثنا أبو محمدبن صاعد ، نا يعقوب بن إبراهيم الدورقي ،ثنا عبد الرحمن بن مهدي ، عن سفيان ، ح: وحدثنا محمد
بنمخلد ، نا محمد بن إسماعيل الحساني ، ثناوكيع ، ثنا سفيان ، عن سماك ، عن قبيصة بنهلب ، عن أبيه ، قال: "
رأيترسول الله- صلىالله عليه وسلم- واضعايمينه
على شماله في الصلاة
Жоғарыда айтылып өткен хабарламалар «көкірегіне» деген сөздің жеткізушілердің бірінің өзі қосқан сенімсіз сөз екенін көрсетеді. Сол себепті, бұл хабарлама «шаз» (дара)* болып табылады.
*Шаз – соған ұқсас хабарламаға қайшы келетін жақсы сапалы дара хабарлама (аудармашының ескертпесі).
Имам Нимәуи өзінің «Талик әл Хасанында» былай деп айтқан (1/145): «Хадистің мәтінін баяндаушы жаңылысып өгерткен деген күдігім бар. Сірә, «хазихи аля садрихи» (яғни, «қолын көкірегіне») емес, «Ядау хазихи аля хазихи» (яғни, «ол қолын екінші қолының үстіне қойды») деген сөздер дұрыс болуы керек. Осы нұсқа бойынша ғана баяндаушылардың хабарламасы мен оның өзінің баяндамасы сәйкес келеді. Хабарламада былай айтылған: «Яхья мұны оң қолды сол қолдың үстіне, білезіктен жоғары қою деп сипаттаған». Сонымен бірге, бұл аталмыш хадистің «көкірегіне» сөзін қоспастан жеткізілген өзге де риуаяттарына сәйкес келеді. Оған қоса, мына авторлардың аталмыш риуаятты өздерінің толық еңбектеріне не үшін қоспағандығы осыдан-ақ түсінікті болады: Хайтами «Маджм әз-Зауайдқа», Суюти «Джәм әл-Джәуәмиге» және Әли әл-Муттақи өзінің «Канз әл-Уммаліне». Ең дұрысын Алла біледі.
Сонымен қатар, Әун әл Ма’будтың авторы Яхьяның түсініктемесінің хадистегі тұжырымдалған ойға сәйкес келмейтінін мойындайды.
Біз аталмыш хадисті қабыл алып, оның «шаз» (дара) және басқа да риуаяттардан өзгеше екенін елемеген күннің өзінде, жеткізуші Симак ибн Харб (Алла оған разы болсын) әлсіз болып табылады. Ол жайында көптеген хадис ғұламалары былай айтқан:
أبو حاتم بن حبانالبستي يخطئ كثيرا
الدارقطني سيءالحفظ
الذهبي ثقة ساءحفظه، أحد أعلام الكوفة
سفيان الثوري كانيضعفه بعض الضعف، ومرة: ضعيف،ومرة: ماسقط لسماك بن حرب حديث
ابن المبارك سماكضعيف في الحديث .
شعبة بن الحجاجضعفه
صالح بن محمد جزرةيضعف
عبد الرحمن بنيوسف بن خراش في حديثه لين
محمد بن عبد اللهالمخرمي ضعيف في الحديث
يعقوب بن سفيانالفسوي مضطرب
محمد بن عمارالموصلي يقولون كان يغلط، ويختلفون فيحديثه
يعقوب بن شيبةالسدوسي صالح وليس من المثبتين
Біз аталмыш хадисті қабыл алып, оның «шаз» (дара) және басқа да риуаяттардан өзгеше екенін елемеген күннің өзінде, керек десеңіз, жеткізуші Симак ибн Харбтың (Алла оған разы болсын) әлсіз екенін де елемесек, онда хадис ғұламаларының пікіріне сәйкес, төмендегі баяндаушы да әлсіз болып табылады:
أحمد بن شعيبالنسائي مجهول
علي بن المدينيمجهول، لم يرو عنه غير سماك بن حرب
Қолды көкірекке байлау жайлы үшінші хадис:
Тавус Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оң қолын сол қолының үстіне қойғанын, содан соң қолдарын намаз кезінде көкірегіне қатты қысқанын баяндайды (Әбу Дауд 759).
Имам Нимәуи бұл хадисті әлсіз деп мәлімдеген (Әт-Талик әл Хасан 1/145. Әлләмә Хашим Синды «Дирхам әс-Сурраның» 27-ші бетінде аталмыш хадистің екі жеткізушісінің сенімділігі таласты екенін айтқан: Сулейман бин Муса мен Хайтам бин Хумайдтың).
Аталмыш хадис мурсаль болып табылады. Оның иснадында Сулейман бин Мусаның аты аталған. Оны кейбір ғұламалар әлсіз деп санаған. Бұхари оның мункар хабарламалары барын айтады. Нәсәи оның хадисте мықты емес екенін баяндайды. Хафиз «Әт-Такрибте» былай дейді: «Ол — садуқ және факих. Оның хадисінде біршама («лин») «әлсіздік» бар». Оның үстіне, Әбу Дауд өзінің «Марасилінде» дәл сол баяндаманы, бірақ, біршама өзгерістермен келтірген. «Ол қолын көкірегіне қатты қысып байлады» дегеннің орнына ол хабарламада «ол саусақтарын көкірегіне қойып, тарақтады» делінген («Марасиль», Әби Дауд, 85-ші бет).
Бұл хадис те «мурсаль*» болып табылады. Ғұламалар мурсаль хадистерді онша қабыл ала бермейтіндігіне қарамастан, ханафилік ғұламалар оларды дәлел ретінде жарамды деп санайды. Сол себепті, солардың кейбіреулері айтқандай, бұл хабарлама біз үшін міндетті болып табылады. Әйтсе де, біз сәйидинә Уәйл бин Худжрдан (Алла оған разы болсын) жеткен, Ибн Әби Шәйба риуаят еткен сахих хадис абзалырақ және сәйидинә Әли мен сәйидинә Әбу Хурайраның (Алла оларға разы болсын) хадисі әлдеқайда көңілге қонымды дейміз. Өйткені, олар қолды кіндіктің астына байлаудың сүннет екенін анық айтады. Тавустың «ол солай істеді» деген сөздері сахабалардың «сүннет осы» деген сөздеріне қарсы келе алмайды. Сонымен қатар, бұдан бұрын айтылып кеткендей, Тавустың хадиске қосқан сөзі таласты мәселе болып табылады. Оған қоса, Тавустың мурсаль риуаятына Ибрахим ән-Нәхаи мен Әбу Миджлаздың мурсаль риуаяттары қарсы қойылады.
*Мурсаль хадис – иснадсыз немесе толық иснадсыз, яки ізбасардың (хадисті сахабадан естіген тәбиғиннің) аты аталмаған хадис ─ аудармашының ескертпесі).
Қолды көкірекке байлау жайлы төртінші хадис:
Сәйидина Уәйл ибн Худжр (Алла оған разы болсын) былай баяндайды: «Мен Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қасында болатынмын. Ол орнынан тұрды да, мешітке барып, михрабқа кірді. Содан соң қолын көтеріп, тәкбір айтты да, екі қолын көкірегіне байлап, оң қолын сол қолының үстіне қойды» (Бәйхақи 2335)
Имам Нимәуи былай дейді: «Оның иснады өте әлсіз. Зәхәби, Мухаммад бин Худжр жайында мункар хабарламаларды жеткізген адам деп айтқан. Бұхари оның сенімділігінде күмән бар екенін айтқан (баяндаушының әлсіздігін көрсету үшін Бұхари осы сөзді жиі қолданған). Ибн әл-Туркмани былай деген: «Абдуль Джаббардың анасы Яхьяның анасы болып табылады. Мен оның есімін де, ол жайлы егжей-тегжейлі де ештеңе (қаншалықты сенімді екенін) білмеймін». Саид бин Абдуль Джаббар да әлсіз. Забари өзінің «Мизанында» Нәсәидің Саид бин Абдуль Джаббарды мықты емес деп айтқан сөздерін келтірген. Хафиз ибн Хаджар «Такридте» былай дейді: «Саид бин Абдуль Джаббар әл Хадрами әл Куфи әлсіз болып табылады» (әт-Талик әл Хасан 1/145).
Қолды көкірекке байлау жайлы бесінші хадис:
Әкаба бин Сахбан сәйидина Әлидің (Алла оған разы болсын) «Сондықтан Раббың үшін айт намазын оқы, құрбан шал» деген аятты түсіндіре келіп, мұның оң қолды көкірекке апарып, сол қолдың ортасына қою дегенді білдіретінін айтқандығын хабарлаған (Бәйхақи 2337)
Ибн әл Тукрмани бұл хабарламаның санады да, мәтіні де мудтараб* екенін айтқан (әл-Джаухар ән-Накый, 2/46).
*мудтараб – сөздерінің орындары ауыстырылған, қосымша сөздер қосылған немесе басқа да кемшін тұстары бар хабарлама (аудармашының ескертпесі)
Қолды көкірекке байлау жайлы алтыншы хадис:
Әбу әл Джауз сәйидина ибн Аббастың (Алла оған разы болсын) «Сондықтан Раббың үшін айт намазын оқы, құрбан шал» деген аят жайлы айтқан сөздерін риуаят еткен: «Бұл намаз кезінде оң қолды сол қолдың үстіне көкірекке қою дегенді білдіреді» (Бәйхақи, 2339).
Әлләмә Хашим «Дирхам әс-Сурраның» 28-ші бетінде былай деген: «Бұл хадис екі жайтқа байланысты әлсіз болып табылады: ол мукати болғандықтан және оның үш жеткізушісі (Әмр, Яхья және Раух) әлсіз болғандықтан. Сондықтан, мұны ескерген жөн. Оның үстіне, «Мухит әл Бурхани» мен «Маджма әл-Бахрейннің» авторлары Ибн Аббастан (Алла оған разы болсын) марфу хадис риуаят еткен. Онда былай делінген: «Намазда оң қолды сол қолдың үстіне қойып, кіндіктің астына байлау сүннеттің бір бөлігі болып табылады».
Имам Нимәуи бұл баяндаманың иснадын әлсіз деп мәлімдеген: «Раух бин әл Мусайиб матрук (қабылданбайтын) болып табылады. Ибн Хиббан, Раух ибн әл Мусайибтің жалған хабарламаларды тіпті сенімді жеткізушілердің де аттарына таңып, солардан риуаят ететінін айтқан. Одан риуаят етуге болмайды. Ибн Әдий оның хабарламаларының сақталмайтынын айтқан» (әт-Талик әл Хасан 1/146).
Санадта үшінші жеткізуші ─ Әмр бин Мәлік ән-Нәкридің де аты бар. Ибн әл Туркмани «Әл-Джаухар әл Накийде» ол жайлы былай жазған: «Ибн Адий, Әмр әл Нәкридің, тіпті сенімді қайнар көздерден жеткен хабарламаларда да мункар әл-хадис екенін айтқан. Ол хабарламаларды ойдан құрастырады. Әбу Ялә әл-Мәусили оны даиф (әлсіз) деп жариялаған» (Әл Джаухар ән-Нәкий 2/47).
Аталмыш аяттың дұрыс тәпсірі: Ибн Джарир әт-Табари, өзінің айтуынша, ең дұрыс болып табылатын ғұламалардың тәпсірін келтіре отырып, былай жазады: «Бұл аяттың мағынасы мынада: «Уа, Алла Елшісі! Барлық намаздарыңды басқа жалған құдайларға жүгінбей, Раббың үшін шын ықыласпен оқы және құрбандықтарыңды да жалған құдайларды қоспастан, тек қана Раббың үшін шал» (Ибн Джарир әт-Табари өзінің тәпсірінде, 12/724).
Қолды көкірекке байлау жайлы айтылатын жетінші хадис:
Ибн Джарир әд-Дабби әкесінің былай дегенін риуаят еткен: «Мен Әлидің (Алла оған разы болсын) қолдарын кіндігінен жоғары ұстап, сол қолын оң қолының білезігіне қойғанын көрдім» (Әбу Дауд 757).
Имам Нимәуи «Азар әс-Сунанда» «кіндігінен жоғары» деген қосымша сөздердің расталмағанын және сенімсіз екенін жазған. «Әс-Сафина әл Джарайдийяда» Бұхаридің шейхтарының бірі Муслим бин Ибрахимнің беделіне сілтемемен осыған ұқсас хадис келтірілген. Әбу Бәкір бин Әби Шәйбаның «Мусаннафында» (Ибн Әби Шәйба 3940, 8722) және Бұхариде (намаздағы қимылдарға арналған тарауда) осыған ұқсас хадис муаллак, яғни, қысқартылған формада келтірілген. Десе де, осы риуаяттардың бірде-біреуінде де «кіндігінен жоғары» деген тіркес жоқ.
Бұл қосымша сөздерді хадиске қосқан жалғыз жеткізуші ─ Әбу Талут Әбдуссәләм бин Әбу Хазимнен риуаят еткен Әбу Бадр Шуджа бин әл-Уәлид болып табылады. Шуджаны кейбіреулер сенімге лайықты деп санаған. Бірақ, Әбу Хатим ол жайында былай деген («Фәс әл Бәридің» алғысөзінде Хафиз ибн Хаджар мен Зәхәбидің өзінің «Мизанында» келтіргендеріндей): «Ол хадисте әлсіз; мықтылардың санатына жатпайтын шейх, оның үстіне, оның Мухаммад бин Әмр бин Әлқамадан сенімді хадисті риуаят еткеніне қарамастан, оның куәгерлігі қабыл алынбайды».
Хафиз Ибн Хаджар да өзінің «Такрибінде» былай жазады: «Ол ─ діндар, судук және оның қателері бар» (әт-Талик әл-Хасан 1/146).
Қолды көкірекке байлау жайлы Құранда айтылған ба?
Мүлде айтылмаған! Кейбір ғұламалар (108, 2) فصللربك وانحر («Фасолли ли Роббика уә-әнхар» «Сондықтан Раббың үшін айт намазын оқы, құрбан шал») аятының тәпсіріндегі «уә-әнхар»وانحر «құрбан шал» сөздері қолды көкірекке байлауды білдіреді деп жазады. Имам Әл-Хафиз ибн Касир (Алла оған разы болсын) өзінің тәпсірінде осы мәселені қарастырып, мынадай тұжырымға келген:
«Бұл пікірлер көңілге қонымсыз. Біріншісі дұрыс пікір болып табылады: وانحر «уә-әнхар» сөзі малды құрбандыққа шалуды білдіреді».
Сахих Бұхариде қолды көкірекке байлау жайлы баяндала ма?
Мүлде баяндалмайды! Оған айғақ ретінде төмендегі хабарлама келтіріледі:
عَنْ سَهْلِ بْنِسَعْدٍ ، قَالَ: " كَانَالنَّاسُ يُؤْمَرُونَ أَنْ يَضَعَالرَّجُلُ الْيَدَ الْيُمْنَى عَلَىذِرَاعِهِ الْيُسْرَى فِي الصَّلَاةِ" ، قَالَ أَبُوحَازِمٍ: لَا،
أَعْلَمُهُ إِلَّا يَنْمِي ذَلِكَإِلَى النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِوَسَلَّمَ
Сәйидина Сахль бин Сад (Алла оған разы болсын) былай деген: «Адамдарға намаз кезінде оң қолдарын сол білектеріне қою әмір етілді». Сәйидина Әбу Хазим (Алла оған разы болсын) былай деген: «Мен мұны Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әмірі деп білдім» (Бұхари).
Сахих Бұхаридегі хадиске қатысты салмақты жорамал
1. Осы хадистен көкірекке қатысты айтылған сөзді көрген адам бар ма?
2. Бізге былай жауап берулері мүмкін: «Ойдың қалай жеткізілгеніне назар аударыңыздар. Оң қолды сол білекке қою сүннет болып табылады. Ал, бұл ─ білезік пен шынтақтың арасы. Оң қолыңыз сол шынтағыңызға қойылған кезде бұл мәселе сізге айқындала түседі».
Бұл болжам хадистегі араб тілінде من المرفقإلى الرسغ («мин әл-мирфак иля р-расиг» - «шынтақтан білезікке дейін») деген мағынаны білдіретін (зира’иhи) сөздерінен шығып отыр. Енді оң қолыңызды сол қолыңыздың үстіне, яғни, шынтақтан бастап, білезікке дейінгі аралықтағы кез келген жерге қойып көріңіз. Сонда бәрі түсінікті болады! Сонда бұл жерден төмендегі қайшылықтарды табасыз:
1. Сіз қолыңызды дәл көкірегіңіздің үстіне қоюыңыз мүмкін;
2. Немесе шынтақ пен білезікке дейінгі аралықты қапсыра ұстауыңыз мүмкін. Ол үшін қолыңызды көкірегіңізден төмен қоюыңызға тура келеді.
Адамның анатомиялық ерекшеліктерін ескерер болсақ, бұл екі әрекетті бір уақытта орындау мүмкін емес. Біз соны көрсету үшін төмендегі суреттегі адамдардың көкірегінен көлденең бойымен сызық жүргізіп, хадисте айтылған منالمِرْفقِ إلى الرسغ (шынтақтан білезікке дейін) деген мағынаны білдіретін ذراعه аймақты қызыл дөңгелекпен белгілеп қойдық. Суреттің төменде көрсетілген тұстарына назар аударыңыздар:
1. Қолдың көкірекке қатысты қалай тұрғанына назар аударыңыз;
2. Оң қолдың сол қолдың қай жерінде тұрғанына және қапсырылған аймаққа назар аударыңыз;
3. Сондай-ақ, оң қолдың сол қолдың үстінде қалай тұрғанына назар аударыңыздар: біреу сол қолын қапсырып алған болса, екінші біреу оң қолын жай ғана сол қолының үстіне қойған;
4. Үшінші пункттің нәтижесі ретінде тағы бір көңіл аударарлық жайт ─ оң қолдың бүгілу бұрышы адамның қолын қапсыруына, қысуына немесе түзу қоюына байланысты.
Енді Муслимнің «Сахихіндегі» тараудың атауына көшпес бұрын «көкірек», «көкіректен төмен», «кіндіктен жоғары» сөздерінің қарама-қайшы (кері) түсіндірмесіне негізделген түсіндірменің хадисте мүлде айтылмайтындығын ұғып алу қажет. Егер кімде-кім араб тілінде منالمِرْفقِ إلى الرسغ («шынтақтан білезікке дейін») деген мағынаны білдіретін ذراعه сөзіне сүйеніп, қолды көкірекке байлау керек деп пайымдаса, онда бұл Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисінен шығарылған тұжырым емес, оның өзінің жорамалы.
Соңғы болса да, маңызды жайт: егер кімде-кім осы жорамалды пайдаланып, Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисіне сүйеніп қыяс жасағысы келсе, басқа пікірді ұстанатын өзге адамдардың да өз ұстанымдарын дәлелдеу үшін осы болжамды пайдалануға мүмкіндіктері болуы керек. Мұндай екіжүзділіктің қажеті қанша? Біз бұл суретті дәлел ретінде ұсынып отырған жоқпыз. Шындығында, бұл суретті қолды көкірекке байлау керек деген пікірді ұстанатындар жариялады. Біз, керісінше, тек қана Құран мен Сүннетті ұстанамыз. Доктор Закир Наик пен басқа да адамдардың суреттерін дәлел ретінде шығармаймыз.
Муслимнің «Сахихінде» қолды көкірекке байлау жайлы айтылған ба?
Мүлде айтылмаған! Осы тақырыпқа байланысты тарау Муслимнің «Сахихінде» былай аталады:
باب وضع اليمنىعلى اليسرى بعد تكبيرة الإحرام تحت الصدروفي السجود على الأرض حذو منكبيه
«Алғашқы тәкбірден (такбир-и-тахрима) кейін оң қолды көкіректен төмен сол қолдың үстіне қою және сәждеге барғанда қолды иықтың екі жағына қою».
Муслимнің «Сахихіндегі» хадис мынадай:
حدثنا زهير بن حربحدثنا عفان حدثنا همام حدثنا محمد بنجحادة حدثني عبد الجبار بن وائل عن علقمةبن وائل ومولى
لهم أنهما حدثاه عن أبيهوائل بن حجر أنه رأى النبي صلى الله عليهوسلم رفع يديه حين دخل في الصلاة كبر وصفهمام
حيال أذنيه ثم التحف بثوبه ثم وضعيده اليمنى على اليسرى فلما أراد أن يركعأخرج يديه من الثوب ثم رفعهما ثم كبر
فركعفلما قال سمع الله لمن حمده رفع يديه فلماسجد سجد بين كفيه
Сәйидина Уәйл ибн Худжр (Алла оған разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) намаздың басында қолын көтеріп, тәкбір айтқанын көргенін баяндаған және Хаммамға (жеткізушіге) сәйкес, ол қолын құлағына байлаған. Ол (Қасиетті Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қолын киімімен орап, оң қолын сол қолының үстіне қойған. Рукуғқа баратын кезде қолын киімінің арасынан шығарып, көтерген де, тәкбір айтқан, сөйтіп, рукуғқа барған. Ал, қиямға барғаннан кейін: «Алла Өзіне мақтау-мадақ айтушыны естігей», («Сәми’а- Ллаһу лимән-хамидәһ») ─ деген. Ал, сәждеге барған кезде басын екі алақанының арасына қойған» (Муслим).
Қолды көкірекке байлау мен Муслимнің «Сахихіндегі» хадистің арасындағы қайшылық
Қолды көкірекке байлау керек дейтіндер осы хадисті дәлел ретінде пайдаланғанда бес мәселе туындайды:
1. Шындығында, تحتالصدر («тахта садри» - «көкіректен төмен») деген сөздерді имам Нәуәуи (Алла оған разы болсын) қосқан. Ал, имам Муслим (Алла оған разы болсын) ондай ештеңе айтпаған;
2. Тараудың атауында «көкіректен төмен» деп анық айтылып тұр!
3. Имам Муслим (Алла оған разы болсын) аталмыш тарауда бір ғана хадис риуаят еткен. Хадисте қолдың қай жерге қойылатындығы жөнінде ештеңе айтылмағандығына қарамастан, хадис пен тараудың атауының арасында байланыс бар деп ұйғарғымыз келсе, бұл жерде «көкіректен төмен» деген мағына тұспалданған деп пайымдауымыз қажет;
4. Егер сәйидина Уәйл б. Худжрдан жеткен аталмыш хабарламада «көкіректен төмен» деген мағына меңзелген болса, онда бұл осы мақаланың бірінші пунктінде содан келтірілген хадиске қайшы келеді. Ол хадисте Уәйл бин Худжр «көкірегіне» деген сөзді айтқан.
5. Енді қайтып келіп, суретте намаз оқып тұрған адамдарға мұқият қараңыз да, олар қолдарын «көкіректерінен төмен» қойған ба, әлде «көкіректеріне» байлаған ба, соны ұғынып алыңыз. Егер суретке шыншылдықпен, әділ түрде зер салып қарасаңыз, олардың кейбіреулерінің қолдарын көкіректерінен айтарлықтай төмен, ал, кейбіреулерінің сәл төмендеу ұстап тұрғандарын байқайсыз!
Имам Ибн Теймия қолды көкірекке байлауды мәкрух деп санайды:
و يجعلهما تحتسرته، أو تحت صدره، من غير كراهة لواحدمنهما والأول أفضل في إحدى الروايات عنه،اختارها
الخرقي والقاضي و غيرهما رواهأحمد وابو داود والدرقطني عن أبي جحيفةقال قال علي رضي الله عنه- إنمن السنة
وضع الأكفّ على الأكفّ تحت السرة- و يذكرذلك من حديث ابن مسعود عن النبي صلى اللهعليه وسلم وقد احتج به الإمام
أحمد.
وروى ابن بطة عنأبي هريرة رضي الله عنه- منالسنة أن يضع يده اليمنى في الصلاة تحتالسرة- والصحابيإذا قال- السنة-
انصرفإلى سنة النبي صلى الله عليه وسلم، ولأنذلك أبعد عن التكفير المكروه
وفي الأخرى: تحت الصدر أفضل،اختارها طائفة من أصحابنا، لما روى خريرالضبي قال- رأيتعليا يمسك شماله بيمينه
على الرسغ فوقالسرة- رواهابو داود وروى قبيصة بن هلب عن أبيه قال- رأيتالنبي صلى الله عليه وسلم يضع هذه
علىصدره- ووضعيحيى بن سعيد- اليمنىعلى اليسرى فوق المفصل- رواهأحمد.
والرواية الثالثةهما سواء: اختارهاابن أبي موسى غيره لتعارض الآثار في ذلك.
فأما وضعهما علىالصدر، فيكره، نص عليه وذكر عن أبي أيوبعن أبي معشر قال: يكرهالتكفير في الصلاة، و قال:
التكفير: يضع يمينه عندصدره في الصلاة
Имам Ибн Қаййим әл-Джаузи намазда қолды көкірекке қоюға тыйым салады және Сүннет бойынша қолдың кіндіктен төмен қойылатынын айтады:
Біріншіден, ізгі Ибн Қаййим Әл-Джаузи «көкірегіне» деген қосымша сөзді жоғарыда талқыланған Муаммаль ибн Исмаилдан (Алла оған разы болсын) басқа ешкім риуаят етпегенін және ол хабарламаның әлсіз екенін айтқан.
Екіншіден, ол дұрыс Сүннет бойынша қолды кіндіктен төмен ұстау керек деген.
قال ابن القيم فيبدائع الفوائد: إنَّالسنة الصحيحة وضع اليدين تحت السرة،وحديث علي في هذا صحيح، وإنَّ وضع اليدينعلى
الصدرمنهي عنه بالسنة وهي: "النهي عنالتكفير "
Осылайша, (әйел адамның намазын қоспағанда) намаз кезінде қолды көкірекке байлауға Шариғатта бұлтартпас дәлел жоқ екені және оның Әһлү Сүнна уәл Жамағаттың барлық мәзһабтарына қайшы келетін әлсіз ұстаным екендігі белгілі болды.
___________________________
Орыс тілінен аударған Azan.kz