Голландияның консервативті саяси партиясы Нидерландыны мешіттерден тазалауды талап етті.
Голландияның иммиграция мен исламға қарсы бостандық үшін партияның мүшесі Мачиель де Граф өкілдер Палатасында интеграцияға арналған пікірталаста өз сөзінде елдегі бүкіл мешіттерді жабуға шақырды. Нидерландының мешіттерсіз жақсы боларын атап, депутат деді: «Біз Нидерландыны исламнан тазалуымыз келеді». Ол мұсылмандардың голландияның қоғамына ықпалдасу және игеруден бас тартатынын, көп балалы босанып, голландияның жеке басы мен мәдениетіне қауіп төндіретінін қосты.
Де Графтың мұндай ескертулері талқылауда қатысатын әлеуметтік-демократиялық партия мүшелері жағынан атыс астын келтірді.
«Айт» сөзі араб тілінен аударғанда «қайта оралу» деген мағынаны береді. Бұл мейрамның «айт» деп аталу себебі, ол жыл сайын қайта айналып келіп отырады.
Биылғы жылы Ораза айт мейрамы шілде айының 17-не дәл келіп, осы күні оқылатын Айт намазы Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінде әрі өңірге қарасты барлық қала, аудан мешіттерінде таңғы сағат 7:00-де жамағатпен оқылады.
Ораза және құрбан айт намаздары алғаш рет Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Мәдина шаһарына қоныс аударған жылы оқылған.
Айт мейрамының тарихы:
Пайғамбар (с.ғ.с.) Мәдинаға көшкенде, жергілікті адамдардың жыл сайын тойлайтын екі күні болатын. Алла Тағала сол екі күнді ораза және құрбан айт мейрамдарымен алмастырған.
Әнәс ибн Мәлик (р.а.): «Жәһилият кезенде адамдардың әр жылы тойлайтын екі күні болған еді. Пайғамбар (с.ғ.с.) Мәдинаға келген кезде: «Сендердің тойлайтын екі күндерің бар еді, Алла ол екеуін ол екеуінен жақсырағымен ауыстырды: ауыз ашар күні, (яғни ораза біткен күн) және құрбандық күні (яғни құрбандық шалатын күн)», - деді», - деген. (Сунан ән-Нәсәи).
Айт намазының үкімі:
Айт намазы – жұма намазы парыз болған адамдардың барлығына уәжіп, Себебі Пайғамбар (с.ғ.с.) адамдардыңайт намазына шығуына әмір берген. Айт намазын оқу үшін имамнан басқа бір адам болса да жеткілікті.
Умму Атия (р.а.): «Бізге айт күні шығуға, (яғни айт намазына) әмір етілетін. Тіпті шымылдықта отыратын қыздарды да, етеккірі келген әйелдерді де шығаратынбыз. Олар адамдардың артында олардың тәкбірлерін қайталап, олардың дұғаларымен дұға етіп, сол күннің берекесі мен тазалығынан үміт ететін», - деген. (Сахих әл-Бухари)
Айт намазы жолаушыға, әйелге балиғатқа толмағандарға, өз күшімен мешітке бара алмайтын ауруларға, басшылығы жоқ ауыл тұрғындарына міндет (уәжіп) емес.
Негізінде, айт намазы мешіттің сыртында ашық алаңда оқылады. Сахабалар заманында мешіттің сыртында айт намазы үшін арнайы орын болған. Олар (р.а.) сол жерді малдар кіріп, таптап, бүлдіріп кетпес үшін қоршаулар жасап қоятын-ды.
Әбу Сағид әл-Худри (р.а.): «Алла Елшісі (с.ғ.с.) ораза және құрбан айт күндері мусаллаға (мешіт сыртында намаз оқуға арналған ашық алаң) шығатын. Ол (с.ғ.с.) намаздан бастайтын, сосын саптарында отырған адамдарға қарсы тұрып (яғни жүзін адамдарға қаратып) уағыз айтатын және өсиет ететін...»-деді. (Сахих әл-Бухари)
Тек күн суып, жаңбыр немесе қар жауған кезде ғана айт намазын мешітте оқуға болады.
Әбу Һурайра (р.а.): «Айт күні жаңбыр жауды. Сонда Пайғамбар (с.ғ.с.) олармен (сахабалармен) айт намазын мешітте оқыды», - деген. (Сунан Әбу Дауд)
Айт намазының уақыты
Айт намазының уақыты дұха намазы секілді күн бір немесе екі найза бойындай деңгейге көтерілгенде кіріп, оның аспан биігіне жетуімен шығады. Күн шыққан соң жарым сағат өткенде кіреді. Айт намазын имаммен бірге атқаруға үлгермеген кісі оның қазасын өтемейді.
Айт намазын оқушыға сүннет істер
1 - Айт түнін құлшылықпен өткізу. Әбу Үмама, Алла Тағала оған разы болсын, пайғамбардың былай дегенін айтты: «Кім Алла Тағаладан сауап тілеп, айт түндерін намазда тұрса, жүректер өлетін күні оның жүрегі өлмейді». (Ибн Мажа)
2 - Ораза айтында үйден шықпай тұрып үш құрма жеу. Анас, Алла Тағала оған разы болсын, былай деді: «Алланың Елшісі (с.ғ.с.) Ораза айтында бірнеше тал құрма жемейінше үйден шықпайтын». (әл-Бухари)
Ал Құрбан айтында, керісінше, үйден дәм татпай шығып, намаздан кейін үйге қайтып келгенде шалынатын құрбандық етінен піскен тағамнан жеу сүннет. Барида, Алла Тағала оған разы болсын, былай деді: «Пайғамбар (с.ғ.с.) Ораза айтына тамақтанбай шықпайтын. Ал Құрбан айтында намаз оқымайынша тамақтанбайтын». (ат-Тирмизи)
3 - Ғұсыл құйыну. Бұл сүннет айт намазына барушыға да, бара алмаушыға да бірдей. Өйткені айт - әсемдік күні. Әл-Факиһ ибн Саъд, Алла Тағала оған разы болсын, былай деді: «Алланың Елшісі (с.ғ.с.) Ораза айты мен Құрбан айты күндері ғұсыл құйынатын». (Ибн Мажа)
4 - Әтір себініп, киімнің ең жақсысын кию. Жәбир, Алла Тағала оған разы болсын, былай деді: «Алланың Елшісі (с.ғ.с.) екі айтқа және жұмаға қызыл шапанын киіп шығатын». (әл-Байһақи)
5 - Қуанышты болу. Хабиб ибн Омардың айтуынша, әкесі оған былай деді: «Айт күні мен Уасилаға жолығып: «Алла бізден де, сенен де қабыл етсін!»-дегенімде, ол да маған: «Алла бізден де, сенен де қабыл етсін!»-деді. («Мажмаъ аз-Зауаид»: 2/206)
6 - Садақа беру. Ораза айындағы пітір садақасы уәжіп болған кісі оны айт намазына дейін беруі қажет.
7 - Намазға ертерек және жаяу бару. Әлиден, Алла Тағала оған разы болсын: «Айт намазына жаяу бару - сүннет». (ат-Тирмизи)
8 - Барған жолынан бөлек жолмен оралу. Жәбир, Алла Тағала оған разы болсын, былай деді: «Пайғамбар (с.ғ.с.) айт күні барған жолынан басқа жолмен оралатын». (әл-Бухари)
9 - Айт намазының алдында және артында мешітте нәпіл намаз оқымау. Үйге оралғанда нәпіл оқуға болады. Ибн Аббас, Алла Тағала оған разы болсын, былай деді: «Алланың Елшісі (с.ғ.с.) Құрбан айтында (немесе Ораза айтында) екі рәкат айт намазын оқитын. Оның алдында және артында басқа намаз оқымайтын». (Муслим) Әбу Саъид әл-Хұдри, Алла Тағала оған разы болсын, былай деді: «Алланың елшісі (с.ғ.с.) айт намазынан үйіне оралғанда екі рәкәт нәпіл оқитын». (әл-Хаким)
11 - Құрбан айт намазын уақытынан ертерек, ал Ораза айт намазын уақытынан кешірек оқу мустахап. Әбу Әл-Хуайрис, Алла Тағала оған разы болсын, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Ъамру ибн Хазмға: «Құрбан айт намазын ертерек, ал Ораза айт намазын кешірек оқы!»-деп хат жазғанын айтты. (әл-Байһақи)
Айт намазының оқылу тәртібі:
Айт намазы екі ракағаттан тұрады. Таң намазы мен жұма намазының парызы секілді бұл намаз да жария оқылады. Бірақ айт намазына азан да, қамат та айтылмайды. Оның орнына «Әссалаһ жәмиға» деп шақырады. Басқа намаздардан тағы бір айырмашылығы айт намазында қосымша тәкбірлер айтылады. Бірінші рәкәғатта сана дұғасынан кейін үш тәкбірді имаммен бірге қайталайды. Әр тәкбірді айтқанда қолын көтеріп, қайта түсіреді, қолын түсірген кезде байлаудың қажеті жоқ. Әр тәкбірден кейін имам өзіне ұйып тұрғандар тәкбір алып болғанша үнсіз тұрады. Осы аралықта «Субхан Алла, уал хамду лиллаһ. Уә лә мләһә иллаллаһ» деп айтса да болады.
Бірақ Пайғамбардан (с.ғ.с.) осы аралықта айтылатын арнайы бір дұға бізге жетпеген.
Екінші ракағатта зәм сүресін оқып болғаннан кейін рукуғке бармай тұрып, алғашқы ракағаттардай тағы да үш рет тәкбір алады. Сосын барып рукуғқа барады.
Ибн Масғудтан (р.а.) айт намазының тәкбірлері туралы сұрағанда, ол: «(Бірінші ракағатта) Құран оқығанға дейін (алғашқы тәкбірлерге үшеу қосып) төрт тәкбір айтасың. Одан кейін Құран оқисың да, оны аяқтаған соң тәкбір айтып, рукуғқа барасың. Сосын екінші ракағатқа тұрып Құран оқисың. Оқып болғаннан кейін (тағы да) төрт тәкбір айтасың», - деген. (Әл-Байһақи)
Айт намазынан кейін имам екі құтпа айтады. Құтпа тоғыз тәкбірмен басталады. Бірінші құтпада имам пітір садақасын әлі бермеген мұсылмандардың естеріне салады, сондай-ақ жамағатты құрбан шалу мен ташриқ тәкбірлеріне қатысты үкімдермен таныстырады. Әбу Саъид әл-Хұдри, Алла Тағала оған разы болсын, былай деді: «Алланың елшісі (с.ғ.с.) Ораза айты мен Құрбан айтында мешіттен бөлек үлкен намаз алаңына барып, мерекені әуелі айт намазымен бастайтын. Сосын орнынан тұрып, адамдарға қарап, оларды уағыздайтын және өсиет айтатын. Адамдар намаз оқыған орындарында отыратын». (әл-Бұхари)
Құрметті мұсылман қауым! Алла Тағала осынау мүбарак Ораза айтын баршамызға құтты, берекелі етіп, Біздердің Рамазан айындағы ұстаған міндет оразаларымызды қабыл еткей. Сондай-ақ Жаратушы Иеміз Құран Кәрім аяттарындағы тақуалық дәрежесіне жетуді нәсіп еткей. Қиямет күні жүздеріміз жарқын күйде Пайғамбарлармен (ғ.с.), шыншылдармен сонымен қатар салиқалы тақулармен жұмақтың төрінде бірге болу құрметін нәсіп қылғай! Жаббар Иеміз еліміздің тәуелсіздігін баянды, хақ дініміз Ислам дінінің тұғырын биік етіп, осындай ерекше мәнге ие құлшылық-ғибадаттардың көмегімен адам қасиетіне, сипатына жат қоғамымыздағы көптеген кесел, қатерлердің жойылуын нәсіп етсін. «Әмин».
Шәууал айындағы нәпіл ораза күндерінің сәресі мен ауыз ашар кестесі:
Мезгілі | 18.07.2015 | 19.07.2015 | 20.07.2015 | 21.07.2015 | 22.07.2015 | 23.07.2015 |
Сәресінің аяқталуы | 03:28 | 03:29 | 03:29 | 03:32 | 03:34 | 03:35 |
Ауыз ашар уақыты | 22:11 | 22:10 | 22:10 | 22:07 | 22:06 | 22:05 |
Ескерту: Аталмыш уақыттар Қостанай қаласының координаттары бойынша берілді.
Асылхан қажы Түсіпбек
ҚМДБ-ның Қостанай облысы
бойынша өкіл имамы
Бүгін наиб мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен өткен жиналыста отандастырымыз үшін қасиетті Меккеге тікелей рейс ашу туралы мәселе көтерілді.
Басқосуға қатысқан әуе компаниялары өкілдері бұл ұсынысты орындауға мүмкіндік мол екенін мәлімдеді. Бүгінде еліміздің Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан Меккеге таяу орналасқан Жидда шаһарына дейін тікелей рейс ашу мүмкіндігі қарастырылуда.
Айта кетейік, бұған дейін қажылық парызын өтеуші жерлестеріміз Жидда қаласына Түркия, Әбу Даби арқылы жететін. Сонымен қатар әуежайда бірнеше сағат бойы келесі рейсті күтетін.
«Бұл бастама қажыларымызға қызмет көрсету сапасын арттыру жұмыстарына ықпал етеді. Біріншіден, уақыт үнемделеді, екіншіден, қажылар үшін бұл бастама қолайлы жағдай туғызады», – деді ҚМДБ Қажылық Миссиясының төрағасы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз.
Биыл Қазақстанға Сауд Арабия Корольдігінің Қажылық министрлігі 5000 орын (квота) бөлді.
ҚМДБ Баспасөз қызметі
Жақында Қостанай облысының әкімі Нұралы Садуақасов Қостанай қалалық мешітінің Бас имамы Шоқан Әмірханов қажы бастаған ақсақалдар алқасының мүшелерін қабылдады.
Онда облыс басшысы өңірдің қазіргі әлеуметтік-экономикалық хал-жағдайына тоқталды. Сондай-ақ дін қызметкерлері мен ардақты ақсақалдарымыздың Елбасының жүргізіп жатқан салиқалы саясатына қолдау көрсетіп жатқандықтарын да атап өтті.
Осы қабылдауда ақсақалдар өз сөздерінде Қостанай қалалық мешітінің ел игілігі үшін атқарып жатқан қызметі және имандылық ордасындағы шешімін күтіп тұрған мәселелерді баяндады.
Облыс әкімі олардың өтініш-тілектерін тыңдай келе алдағы уақытта имандылық ордасына қолдан келген көмегін аямайтындығына сендірді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
Қасиетті Рамазан айының құрметі үшін, Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешіті жағдайы төмен отбасыларға, көп балалы отбасыларға қайырымдылық көмек ретінде азық-түлік қоржынын тарту етті.
Аталмыш іс-шараны Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінің Бас имамы Есмурзин Сабыржан Зейнелғабиденұлы ұйымдастырды. Қайырымдылық істің басында Бас имам өзі болып, жағдайы төмен отбасыларға, күріш, ұн, сұйық май, шәй, қант қатарлы заттарды үлестіріп берді.
Осылайша Жітіқара аудандық мешітінің имамы қайырымдылық іс-шара ұйымдастырып жақсылыққа жаршы бола білді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
Обучающий намаз наглядно демонстрирует и разъясняет, как совершается обязательная молитва мусульман в 4-ре раката. Научившись совершать намаз в 4-ре раката, вы сможете совершать все остальные намазы.
Қасиетті рамазан айының шарапаты болар, өткен жетіде орыс қызы Татьянич Людмила Валерьевна Ислам дінін қабылдау үшін мешітімізге келді. Рудный қалалық «Нұр» мешітінің Бас имамы Сейіт Темірбекұлы Исламның бес парызы жайлы жан-жақты түсіндірді. Людмила қарындасымыздың тілін кәлимаға келтіріп, мұсылман куәлік сөзін айтқанда көзіне жас келді. Аллаға мыңда бір шүкір күн сайын асыл дініміз Исламды қабылдап жатқан шетел азаматтарын жиі естіп жатамыз. Тіпті батыс елдері 30-40 жылда осындай қарқынмен алдыға басса Франция, Германия сияқты мемлекеттер толық мұсылман тұратын елге айналады деп болжам жасауда.
Шынымен Ислам ақиқат дін екенін және Құран Алланың соңғы кітабы адамдарды қияметке дейін тура жолға бастайтынын көрсетеді. Мұсылман болу үшін сіздің ұлтыңызға, түсіңізге қарамайды, өйткені бұл барша адамзатқа түскен дін. Құранда Алла тағала Ислам діні жайлы былай дейді: «Алланың алдында қабыл болатын шынайы дін – Ислам» - дейді. (Әли Имран сүресі, 19-аят) Міне ақырзаманға дейін адамдардың көкейде жүрген сұрақтарына жауап беретін, дара жалғыз дін Ислам. Кездесу соңында Сейіт қажы Темірбекұлы қарындасымыздың мұсылман болуымен құттықтап, дініміз жайлы орысша кітаптар сыйлады.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының тапсырмасы бойынша ағымдармен үнемі жұмыс жасау, халыққа дәстүрлі дінімізді насихаттау сияқты бірқатар міндеттер тапсырылған болатын. Осы мақсатта Рудный қалалық «Нұр» мешітінің Бас имамы Сейіт Темірбекұлы, Рудный қаласы «Рассвет» емдеу-сауықтыру орталығында «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес» атты тақырыбта уағыз айтты. Қазіргі кездегі толып жатқан ағымдардың асыл дініміз Исламға ешқандай қатысы жоқ екенін тілге тиек етіп, керсінше Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) адамзатқа мейірімділік, көркем мінез танытуға шақырған. Сөз соңында көкейде жүрген сұрақтарына жауап алып, дініміз жайлы жан-жақты мағлұмат алды.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
Қазақ халқы үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсеткен, жетімін жылатпаған, ата-анасын зарлатпаған, әрдайым имандылық жолды ұстаған ел. Қазақ жерінде комунистік туы жетпіс жыл желбіреп тұрғанда, біршама құндылықтарымыздан айрылған едік. Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) бір хадисінде «Жәннат ата-аналарының табанының астында», - деген сөзді үнемі жадымызда ұстаған халықпыз. Аллаға шукір Ислам діні қайта келіп, өз қарқынын ала бастады, әр өңірде мешіттер салынып халық игілігіне берілуде. Әйтседағы елімізде өкінішті өртейтін тұстарда жоқ емес, ол әр қалада салына бастаған қарттар үйі. Кезінде шариғатты бекем ұстаған ата-бабаларымызда осындай қарттар үйі, балалар үйі деген орталықтар атымен жоқ еді, қазір әр обылыстан кездестіреміз. Бір жағынан қарттарымыздың далада қаңғырып қалмауы үшін, мемлекетіміздің қарауында тұрған бұндай ғимаратар керек ақ.
Қасиетті Рамазан айының құрметіне ата-әжелеріміздің жүздеріне күлкі сыйлау мақсатында қарттар үйінде кездесу болып өтті. Кездесуде Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) өмірінен ғибратты оқиғалар айтылып, рамазан айы болғандықтан оразаның адам денсаулығына пайдасы мол екенін және Ұлы Раббымыздан біздерге парыз етілгендігін Рудный қалалық «Нұр» мешітінің найб имамы Абзал Сұлтанғалиұлы жан-жақты түсіндірді. Жиын соңында мешітіміздің практиканты Хасенов Саят аруақтарға құран бағыштап, мешітіміздің атынан қарттарға діни кітаптар таратты.
ҚМДБ-ный Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі