Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
16 09.15

Көкшетауда жаңа зәулім мешіт ашылды (ФОТО)

Бүгін Көкшетауда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қатысуымен осы заманғы еңселі де, зәулім мешіттің ашылу салтанаты болып өтті. Алла үйінің ашылу рәсімі көкшелік жамағатты мерекелік әсерге бөлеп, рухани жан дүниесіне риясыз қуаныш сыйлады. Осыған дейін қысы-жазы орталықтағы бір ғасырлық тарихы бар ескі ғибадатхананың ашық алаңында намаз оқып келген жамағат қасиетті Құрбан айт мерекесін жаңа мешітте тойлайтын болды.

Бас мүфти өзінің құттықтау сөзінде жаңа мешіт ашу қасиетті дініміздің мерейін биіктететін ғибратты іс екенін атап көрсетті. Көптен Көкше жерінде еңселі бір мешіт салынбай келгені рас. Аллаға шүкір, ол күнге де жеттік. Жаңа мешіт Алланың ғибадатын жүргізетін орынға айналатын болады.

Бас мүфти осы күні аталған оқиғаға арналып ұйымдастырылатын мәдени шараларға да қатыспақшы. Көкшетау қаласының іргесіндегі атшабарда аламан бәйге өтіп, түйе балуандық үшін сайыстар болады. Ал, кешке Шахмет Құсайынов атындағы қазақ драма театрында Науан хазрет жайлы қойылымды тамашаламақ.

алдыңғы жаңалық
Білім ордасындағы тәлімді кездесу
келесі жаңалық
Жастармен жүздесу

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником