Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
16 09.15

Білім ордасындағы тәлімді кездесу

Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің қызметкерлері жаңа оқу жылы басталысымен-ақ мектеп оқушыларымен кездесу жұмыстарын бастап кетті.

Олар осы шаһардың №10 мектебінің басшылығымен келісе отырып, 9-10-11 сынып оқушыларымен жүздесті. Жиынға қалалық мешіттің бас имамы Б.Уәлиев және қалалық әкімдіктің ішкі саясат бөлімінің дін істері жөніндегі инспекторы Ә. Нұғыманов қатысты.

Бас имам Бектұрсын Торғайбайұлы жиналған қауымды ең әуелі жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, жан-жақты білімді болудың маңыздылығына тоқталды. Содан кейін тәлім-тәрбиеге байланысты әңгімеледі. Онда шәкірттерге ұстаздарды ардақтау, ата-ананы құрметтеу, сонымен қатар еліміздегі әртүрлі діни ағымдар жайында айтып берді.

Оқушылар сабақ кезіндегі намаз уақыты, хиджаб кию, ауыр күнәлар деген тақырыптарға орай нақты жауап алды.

Ғибратты кездесудегі мағынасы жоғары сөздер үшін мешіт ұжымына мектеп басшысы Қарлығаш Серікбайқызы ризашылығын білдірді.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызмет

алдыңғы жаңалық
ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ХИЖАБ ТУРАЛЫ ҰСТАНЫМЫ
келесі жаңалық
Көкшетауда жаңа зәулім мешіт ашылды (ФОТО)

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником