Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Жаңалықтар
Вторник, 01 Июль 2014 00:00

Пітір садақасы

С:Пітір садақасының үкімі қандай?

Ж:Пітір садақасы баспанасы, жиһаздары, көлігі, құралдары мен киер киімінен бөлек артық мал-мүлкі бар кез келген азат мұсылманға уәжіп.

С:Пітір садақасын кімдердің атынан шығарады?

Ж:Өзінің, жас балаларының, кәпір болса да қызметші құлдарының атынан шығарады.

С:Жас баласының өзіне тиесілі мал-мүлкі болса әкесі пітір садақасын соның есебінен шығара ма, әлде өз малынан шығара ма?

Ж:Баланың мал-мүлкі болса содан шығарады. Ал болмаса әкесі өзінің малынан шығарады.

С:Әйел мен балаларының атынан пітір садақасын беруге бола ма?

Ж:Әрқайсысы өзі бергені дұрыс. Алайда барлығының атынан отағасы берсе болады.

С:Пітір садақасын қашан беру керек?

Ж:Пітір садақасын беру рамазан айы бастал-ғаннан берсе болады. Бірақ ораза айтының бірінші күні таң атқаннан бастап беру уәжіп іс. Сол уақыттан бұрын қайтыс болған кісі үшін пітір садақасын беру міндетті емес. Сол сияқты таң атқанда иман келтірген адам үшін немесе таң атқан соң туған бала үшін пітір садақасын беру де уәжіп емес.

С:Пітір садақасын қай уақытта беру мұстахаб?

Ж:Айт намазын оқуға шығардан бұрын таңертең беру мұстахаб

С:Айт күнінен бұрын берсе бола ма?

Ж:Айт күнінен бұрын берсе де болады.

С:Ал айт күнінен кейінге кешіктірсе ше?

Ж:Айт күнінен кешіктірсе қашан өтегенше мойнынан түспейді.

С:Пітір садақасын кімге берген дұрыс?

Ж:Пітір садақасын пақырға, міскінге беруге

болады.

C:Пітір садақасын берудегі мақсат не?

Ж:Әбу Дәуіттің риуаят етуінше Абдулла ибн Аббас: «Алланың Елшісі (с.а.с.) пітір садақасын беруді рамазан айындағы ораза кезінде жіберілген қателіктерді тазарту үшін әрі міскіндерге бір той болу үшін міндеттеген», – деп түсіндірген.

С:Пітір садақасының мөлшері қанша?

Ж:Пітір садақасының мөлшері бидайдан жарты сағ (1,625кг) және құрма, мейіз, арпадан бір

сағ (3,25кг).

С:Бұл заттардан басқа нәрселермен, күрішпен, жүгерімен немесе ақшалай беруге бола ма?

Ж:Аталған мөлшердегі бидайдың құнындай ақшаны пітір садақасын шығару ниетімен берсе болады.

С:Сағтың мөлшері қанша?

Ж:Әбу Ханифаның айтуынша бір сағ сегіз ирақ ратлына тең. Ал Әбу Юсуф бір сағ 5,3 ратл (2,15кг) деген.

Ержан қажы Малғажыұлы
«Мүбәрак Рамазан» кітабынан.
Published in Ғибратнама
Понедельник, 30 Июнь 2014 00:00

Тағылымды рухани кеш

Жақында аудандық Мәдениет үйінде «Сүйінші, Рамазан» атты рухани кеш болып өтті. Басқосу барысында ауданымыздағы жастар белсенділік танытты.

Сонымен қатар көрші аудандар мен қалалардың имамдары мен өнерпаз жігіттері қатынасты.

Кеш шымылдығын қасиетті Құранмен Лисаков қаласының имамы Серік қажы ашып, ауданымыздың бас имамы Каип қажы сөз сөйледі. Жиында діни тақырыптағы әсерлі әндер орындалып, ғибратты көріністер жұртшылық назарына ұсынылды.

Кеш соңында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С. Есімбай мен Свердлов селолық округінің әкімі Б. Әбдікәрімов өнерлі жастарға жылы лебіздерін білдіріп, барша қауымға мықты денсаулық отбасына бақыт тіледі.

Д. ӘЛМҰХАМЕДОВА,
Қамысты ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар бастамаларының орталығы» КММ директорының міндетін атқарушы
30.06.2014 ж.
Published in Жаңалықтар

Америка Құрама Штаттарының президенті Барак Обама дүниежүзі мұсылмандарын қасиетті Рамазан айымен құттықтады. «Америка халқының атынан біз Мишель екеуміз АҚШ мұсылман жамағатына Рамазан айында бар жақсылықты, бар игілікті тілейміз», – делінген Ақ үй веб-сайтында.

«Рамазан – мұсылман халықтарының құлшылық орындап, ауыз бекітетін айы ғана емес, бұл айда барлық мұсылман жамағаты жақсылық жасауға ұмтылып, жер-жердегі мұқтаждардың жоғы түгенделеді».

Published in Жаңалықтар

Алжир футбол федерациясы кейбір бұқаралық ақпарат құралдары таратқан мәліметтің жалған екендігін, яғни бас бапкер Вахид Халилходжичтің футболшылардың ауыз бекітуіне тыйым салғанын жоққа шығарды.

Аталмыш мекеменің ресми мәлімдемесінде: «Біз бұл айтылғандардың жалған екендігін жеткіземіз. Бапкер ешқашан оразаны қаза қылуды бұйырған емес. Халилходжич Ислам дінін қатты құрметтейді», – делінген.

Published in Жаңалықтар

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником