Қазақстан мұсылмандары діни басқарамасы еліміздегі барша дін қайраткерлерінің алдына отбасы және ондағы ауызбірлік ынтымақ жайлы жастар арасында жүздесулер өткізуді тапсырған болатын.
Міне осы тапсырманы басшылыққа алған облыстық «Марал ишан» мешітінің найб имамы Асқар Мейрамбекұлы Қостанай шахарындағы іргелі оқу орындарының бірі Қостанай мемлекеттік университетінің студенттерінің арасында есте қаларлықтай кездесу өткізді.
Онда «Отбасы ажырасуының себептері» тақырыбы арқау болды. Жүздесу жастар тарапынан қызығушылық тудырды. Найб имам студенттердің көптеген сауалдарына нақты жауап берді.
ҚМДБ – ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі