Асылхан қажы Түсіпбек облыстың бас имамы ретінде аудан және қала мешіттеріндегі әріптестерінен жауапкершілікті талап етумен қатар өзі де талай игі бастамалардың ұйытқысы болып келеді.
Осы арада пікіріміз нақты болу үшін бірнеше мысал келтіре кетейік. Жуырда оның өнеге көрсетуімен өзі басқаратын мешітінің найб имамы Асқар Мейрамбекұлы кешкілік ақшам, құптан намазының аралығында тасбих намазы оқылды.
Мұндай тың ізденіс жаңалыққа намазхан жамағаттар дән риза болысты. Олар әр аптаның бейсенбі күндері осындай тағылымды тасбих намазын оқуға өтініш білдірді.
Бас имамның тағы бір басқа имамдарға ғибрат болар қыры – жалаң сөзден гөрі нақтылықты жаны сүйеді. Әрбір өтікізілетін шараның өмірмен байланысты болып, оның тәрбиелік мәні жоғары болуын үнемі қадағалайды.
ҚМДБ – ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі