ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкіл имамы Асылхан қажы Түсіпбек жастай тағдыр тауқыметіне ұшырағандарға қайырымдылық көрсетуге ерекше көңіл бөлуде.
Мысалы 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күні «Марал ишан» мешітінің азаншысы Ғұмар Жұмағұлов пен Затобол кенті «Маңдай батыр» мешітінің бас имамы Азамат Мырзақанов облыстық балалар үйінде болды. Сондай-ақ осы мерекелік басқосуға кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер, шіркеу өкілі қатысты.
Арнайы келген қонақтар мен ұстаздарға дастархан жайылды. «Маңдай батыр» мешітінің бас имамы балаларға 3 доп және 2 кітап сыйға тартты. Балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балалардың тұрмыс жағдайларымен танысты. Мұнда негізінен 6-18 жас аралығындағы балалар қамқорлыққа алынған. Олар өздеріне деген ерекше ықыласты сезініп, қуаныштан жүздері бал-бұл жанды.
ҚМДБ – ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі