Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Жаңалықтар
Среда, 09 Июль 2014 00:00

Әкімдер ауызашар берді

Өткен жылдардан бері облыстық Марал ишан мешітінің жанындағы арнайы орнатылған орында Рамазан айында ел басқарып жүрген азаматтар ауызашар беруі дәстүрге айналды.

Биылғы оразаның алғашқы күні облыс басшысы Нұралы Сәдуақасов аталған жерде өз отбасының атынан дастархан жайып, көптеген кісілердің сауабын алды. Ақсақалдардың алғысына бөленді.

Содан бұл игі бастаманы Қостанай қаласының әкімі Ахмедбек Ахметжанов жалғастырды.

Енді отыз күн бойы оразада өңірдегі есімдері көпке белгілі мұсылман бауырларымыз ауызашар бермек.

Оларға тек Алланың нұры жауа берсін демекпіз.

DSCF2554

DSCF2555

DSCF2556

DSCF2557

DSCF2558

DSCF2559

DSCF2560

DSCF2561

DSCF2564

DSCF2565

Оразалы Жақсанов

Published in Жаңалықтар
Среда, 09 Июль 2014 00:00

Оразаның құрметіне

Киелі Қостанай өңірінің азаматтары да қасиетті Рамазан айының қадір-қасиетін барынша түсініп, шама-шарқылары келгенше көпшілік үшін игілікті іс тындыруға талпыныс жасап жатқаны қуантады.

Осы сөзіміздің нақты айғағы ретінде Рамазанның құрметіне мұсылман бауырымыз Горхмаз Гусеиноглы Эйналов өз қаржысына облыстық Марал ишан мешітінің жанынан ер кісілерге арналған 1 ғұсыл алатын, 10 тахарат алатын жері бар шағын тазалық орнын салып берді.

Жүрегінде иманы бар Горхмаз Гусеиноглына халық дән риза.

DSCF2594

DSCF2595

О.Жабайтегі

Published in Жаңалықтар

Бір жыл бұрын Дағыстанға Пайғамбарымыздың (с.а.у.) 20-дан астам қасиетті жәдігерлері табысталған болатын. Сол кезде жүз мыңдаған адам Пайғамбарымыздың (с.а.у.), сахабалардың және оның жанұясының жеке заттарын өз көздерімен көрген болатын. Ал, бұл көрмеге келе алмай қалған жамағат үшін жақында «Дағыстандағы Пайғамбарымыздың (с.а.у.)и жәдігерлері» атты кітап жарық көрді.

Кітаптың тұсаукесері салтанатты түрде өтті. Оған елдегі беделді кісілер, дінтанушы ғалымдар, Араб елінен келген қонақтар қатысты. Кітап «Нурул Иршад» баспа үйінде басылып шыққан. Оны барлық кітап дүкендерінен алуға болады.

islam.kz

Published in Жаңалықтар

بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ

اَلْحَمْدُ للهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ وَالصَّلاَةُ وَالسَّلاَمُ عَلَى سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ وَعَلَى آلِهِ وَأَصْحَابِهِ أَجْمَعِينَ وَأَمَّا بَعْدُ..

Аса мейірімді, рахымды Алланың атымен.

Барлық мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың асылы Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай!

Отанға деген ыстық сезім, ықылас – жалпы адамзаттық адамгершілік қасиет,адамдар арасында қалыптасқан табиғи сипат.

Ислам діні адам бойында болатын ізгі қасиеттердің барлығын қолдайды. Адамдарды татулыққа, бірлікке, сүйіспеншілік сезімдерін қастерлеуге шақырады. Соның ішінде Отанға деген сүйіспеншіліктің алатын орны ерекше. Отан дегеніміз – адамның туған шаңырағы, ата-анасы, ағайындары, өскен ортасы, туған жері мен елі. Ал, Отанға деген ыстық сезім, ықылас жалпыадамзаттық қасиет, адамдар арасында қалыптасқан табиғи сезім. Жалпы отаншылдық, патриотизм – асыл дініміздің ұстанымымен тығыз ұштасып жатқан ұғымдар.

Бұған қатысты Алла елшісінің (с.а.с.) өмірінен нақты дәлелдер келтіруге болады. Мысалы, Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзінің туған шаһары Мекке қаласына айрықша ықыласпен қараған. Мәдина шаһарына қоныс аударып, сонда орнықса да, алғашқы туған қаласын әсте ұмытпаған. Муһажир сахабаларымен бірге Меккені сағынышпен еске алып отырған.

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللهُ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ لِمَكَّةَ: «مَا أَطْيَبَكَ وَأَحَبَّكَ إِلَيَّ وَلَوْلاَ أَنَّ قَوْمَكَ أَخْرَجُونِي مِنْكَ مَا سَكَنْتُ غَيْرَكَ». رَوَاهُ الْحَاكِمُ وَالطَّبَرَانِيُّ وَالْبَيْهَقِيُّ.

Ибн Аббастан (р.а.) жеткен риуаятта Алла Елшісі (с.а.с.) Меккеге қарап тұрып: «Сен мен үшін сондай қымбатсың, сүйіктісің. Егер де тұрғындарың сенен шығармағанда сенен басқа жерде тұрақтамас едім», – деген[1].

Әрбір адамның табиғаты туған жерімен тығыз байланысты. Сондықтан да оған туған жердің ауасы да, топырағы да дертке дәру.

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهَا أَنَّ النَّبِيَّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ كَانَ يَقُولُ فِي الرُّقْيَةِ: «بِاسْمِ اللهِ، تُرْبَةُ أَرْضِنَا، وَرِيقَةُ بَعْضِنَا، يُشْفَى سَقِيمُنَا بِإِذْنِ رَبِّنَا». رَوَاهُ الْبُخَارِيُّ وَمُسْلِمٌ.

Айша анамыздан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбар (с.а.с.) науқасқа дұға жасағанда:«Алланың атымен. Жеріміздің топырағы, аузымыздың суы. Ауруымыз Раббымыз қалауымен жазылсын», – деп[2], саусағын сілекейімен ылғалдап, туған жердің топырағына тигізіп, науқастың ауырып тұрған жеріне басып, дұға жасаған. Ендеше туған жерге деген махаббат – Пайғамбардың (с.а.с.) сүннеті. Отанды сүю, қастерлеп, қадірлеу, керек болған жағдайда қызғыштай қорғау – әрбір иманды жанның міндеті.

قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «عَيْنَانِ لاَ تَمَسُّهُمَا النَّارُ، عَيْنٌ بَكَتْ مِنْ خَشِيَةِ اللهِ، وَعَيْنٌ بَاتَتْ تَحْرُسُ فيِ سَبيِلِ اللهِ». رَوَاهُ التِّرْمِذِيُّ.

Алланың Елшісі (с.а.с.): «Екі көзді тозақ оты шарпымайды: Алладан қорқыныштан жылаған көз бен Алла жолында елін күзеткен көз», – деген[3]. Бұл тұрғыда халық даналығы «Отан үшін отқа түс, күймейсің» дейді. Елін, жерін қызғыштай қорғау, қоғам қауіпсіздігін сақтау – әрбір иманды ердің борышы. «Отанды сүю – иманнан» деген қанатты сөз де бар.

Кез келген мекен мен уақыт сол мекен мен кезеңде жасалған істерге байланысты маңыздылыққа ие болады. Сондықтан ата-бабаларымыз ислам дінін сонау ерте ғасырларда қабылдап, ислам мәдениетіне өзіндік үлестерін қосқан мұсылман қазақ елі мен жері, осы жерде өмір сүрген азаматтар үшін қасиетті де қастерлі болмақ. Шекарасы белгілі, сыртқы жаудан қорғалған, дүние-мүлік, жан, ар-намыс пен ар-ождан бостандығы қамтамасыз етілген ел мұсылманның отаны саналады. Мұндай жерде тұрып жатқан мұсылман баласына сыртқы және ішкі шабуылдардан отанын қорғау парыз болып табылады. Ислам шариғаты бойынша мумин жан дінін, өмірін, ақылын, ар-намысы мен мал-мүлкін қорғауы тиіс. Бұл өз кезегінде мал-жаны қорғалған, еркін түрде өмір сүріп жатқан жері мен елін қорғау арқылы ғана жүзеге асады.

Біздің Отанымыз – Қазақстан, байырғы қазақ жері. Хақ Тағала қазақтың маңдайына нәсіп еткен бұл кең байтақ атамекенді мұсылманшылықтан ешқашан айнымаған ата-бабамыз найзаның ұшымен, білектің күшімен, иманның нұрымен қорғады. Кейінгі ұрпаққа мұра етіп, аманат етіп қалдырды. Енді сол Отанды қорғау – қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты баянды ету – бүгінгі ұрпақтың, мұсылман қазақ баласының азаматтық әрі діни міндеті.

Алла Тағала Отанымыздың тәуелсіздігін баянды етсін! Ел тыныштығы мен тұрақтылығы үшін еңбек етіп жүрген ерлердің ісіне береке берсін!

والله اعلم بالصدق و الصواب

ҚМДБ-ның шариғат, пәтуа бөлімі

[1] Хаким, Табарани, Бәйһақи риуаят еткен.

[2] Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.

[3] Термези риуаят еткен.

Published in Пәтуалар
Вторник, 01 Июль 2014 17:00

ВИДЕО: Сақал қою мәселесі

 

Published in Фиқһ

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником