Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Жаңалықтар

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының еліміздегі имамдардың алдына қойған міндеттерінің бірі халықтың діни сауаттарын көтеру, ұлық дініміз Исламды насихаттау, теріс ағымдарға терең білім арқылы тосқауыл қою екендігі белгілі.

Біздің Рудный қалалық «Нұр» мешітінің ұжымы жыл бойы діни білім алуда өздерін жан-жақты көрсеткен шәкірттерімізді ынталандыруға да жеткілікті көңіл бөліп келеміз.

Осы сөзіміздің жарқын дәлелі ретінде киелі орында жақсы қырларымен танылған Бауыржан Ибраев және Нұркен Шаханов Ел ордамыз Астанаға қысқа мерзімді саяхатқа жібердік. Бұл қамқорлық оларды қаттандырғандығы даусыз.

Олар осы сапарларында Астана шаһарындағы еліміздегі ең көрнекті «Әзірет Сұлтан» мешіті мен «Астана медресесінде» болып көп жайды көзбен көріп, көңілге түйді.

Қазіргі таңда аталмыш мешітте жазғы сауат ашу курсы барынша жанданды. Онда 30 бала діни тәлім-тәрбие алуда.Шәкірттерге курс барында күніне үш мезгіл тамақ беріледі.Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында түрлі спорт ойындары ұйымдастырылады.

IMG 0870

IMG 0930

IMG 0948

ҚМДБ-ның Қостанай облысы
бойынша баспасөз қызметі
25.06.2014 ж.
Published in Жаңалықтар

Бүгін қасиетті Рамазан айының қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы бастаған дін өкілдері Алматыда Ұлттық баспасөз клубында баспасөз мәслихатын өткізді.

Бас мүфти Рамазан айының артықшылығы, ораза ұстаудың дұрыс ережелері, пітір садақасының мөлшері жайлы айтты. Сонымен биыл ораза 30 күнге жалғасады. 28 маусым – Рамазан айының алғашқы күні. Шілденің 23-нен 24-іне қараған түн – қасиетті Қадір түні. Ал пітір садақасы – жан басына 200 теңге.

Баспасөз мәслихатында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мұсылман қауымына, барша дін жанашырларына Үндеу жариялады. Наиб мүфти Серікбай қажы Ораз Діни басқарманың иігілікті істері жайлы баяндап, БАҚ өкілдеріне «Дін мен дәстүр», «Рамазан мүбәрак», «Исламдағы жанұя», т.б. кітаптарды БАҚ өкілдеріне таныстырды.

240614-01

240614-03

308826 1403598107 890 530 0

 

 

www.muftyat.kz

Published in Жаңалықтар
Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ,
Қазақстан мұсылмандары діни
басқармасының төрағасы, Бас мүфти
Мейірімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!
ИМАНЫМЫЗ БЕН БІРЛІГІМІЗГЕ БЕКЕМ БОЛАЙЫҚ!
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы,
Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазреттің
қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа
 
ҮНДЕУІ

Құрметті бауырлар! Мұсылман қауымы үшін аса ұлық қасиетті Рамазан айы мүбәрәк болғай! Оразаға аман-есен жеткізген Алла тағалаға сансыз шүкірлер мен мадақтар болсын!

Жаратушы Иеміздің жер бетіндегі барша адам баласын әртүрлі ұлттарға бөліп, жаратуы – Оның шексіз даналығы. Қасиетті Құранда: «...Бір-бірлеріңді танып-білулерің үшін сендерді ұлттар мен ұлыстар етіп жараттық» («Хұжурат» сүресі, 13-аят), – деп баяндалған.

Бәрімізге жер, мекен, ғаламшар, Отан ортақ. Бізді біріктіретін ортақ мақсаттар көп. Баршамыз Жаратқаннан деніміздің саулығын, болашағымыздың жарқын, өміріміздің тыныш болғанын тілейміз. Осынау игіліктердің орындалуы бірлікке байланысты екені белгілі. Ынтымағы ыдырап, бірлігінен береке кеткен елдің болашағы да бұлыңғыр болмақ. Қаншама жұрттың жер бетінен жоғалып, тегі мен тұтастығынан айырылуының негізгі себебі – бауырмалдықтың болмауы. Мекке мен Мәдина халқын татуластырып, бір-біріне бауырмал еткен Алла Елшісі (с.ғ.с.) мұсылмандықтың іргесін бірлікпен бекемдеген.

Халқымызда: «Байлық – байлық емес, бірлік – байлық», – деген нақыл бар. Құдайға шүкір, сайын даланы мекендеген сан алуан ұлт пен ұлыстың тату-тәтті ғұмыр кешуі – бұл халқымызға Алланың берген сыйы, өлшеусіз рақымы. Ұлт өкілдерін бірлікке бастаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дін қайраткерлерін де ынтымақ пен ымыраға үндеп, татулық пен тұрақталыққа шақырды. Астана бейбітшіліктің алтын бесігіне айналды. Бұл – бейбіт жолды басты бағдар еткен отандастарымыздың достығы мен татулығының арқасында нәсіп болған басты байлығымыз. Халқымыздың кең пейілі, қонақжай, бауырмал, дархан мінезі кең-байтақ даламызда достық пен бірліктің ұрпақтан ұрпаққа жалғасуына негіз болды.

Қадірлі ағайын! Діннің мақсаты – ізгілік, береке мен бірлік. Ислам діні мемлекетте, қоғамда тыныштық, әділдік болуын көздейді. Адамды соған тәрбиелейді.

Алла тағала адамзат баласын: «Бөлінбеңдер», – деп бауырмал болуға бұйырған. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) басшыға бағынып, бүлік шығармауды үгіттеуінде үлкен мән бар.

Алла Елшісі (с.ғ.с.) өз өсиетінде қамшының сабындай қысқа өмірді рухани құндылықтарды байытуға арнау қажеттігін өсиет еткен. Ол (с.ғ.с.) қоштасу құтбасында: «Мен орталарыңнан кеткеннен кейін баяғы бітпейтін ұрыс-керіске, дау-дамайға қайта бой алдырмаңдар», – деген.

Әлхамдулилла, ата-бабамыз сан ғасырлардан бері аңсап өткен Тәуелсіздікке қол жеткізудің арқасында асыл дініміздің қайнар бұлақтарымен қайта қауыштық. Халқымыз дербестікпен бірге дәстүрлі мәдениетіне, тілі мен дініне толыққанды ие болып, оларды заманға сай дамытуға мүмкіндік алды. Өшкеніміз жанып, ұмытқанымыз жадымызда жаңғырды. Мұның барлығы Қазақ елінің бүгінгі ұстанған бағыт-бағдарының дұрыстығын, ата-баба жолынан айнымағандығын білдіреді.

Енді ұлт жадынан ұмытыла бастаған имани құндылықтарды қайта жандандырудың реті келді. Біз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының аясында 2014 жылды «Дін мен дәстүр» жылы деп жарияладық. Мақсатымыз – ұлттық табиғатымызбен сабақтас шариғаттағы мәзһабымыз бен танымдық мектебімізді тұғырлап, асыл дүниелерімізді, жауһарларымызды жарыққа шығару, үзілгенімізді жалғап, жоғалтқанымызды түгендеу, сан ғасырлық тарихы бар діни дәстүрлерімізді қалпына келтіру. Сол арқылы Қазақ елінің іргелі елге айналуы үшін қолдан келгенше үлес қосу. Бүгінде дәстүрмен сабақтас рухани құндылықтарымызды жаңғырту мақсатында республика деңгейінде игілікті іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.

Рамазан – тәлім мен тәрбие, жасаған жақсылықтардың сауабы еселеніп жазылатын, Жаратушы Иеміздің жарылқауына, рақымына бөленетін ай. Олай болса, Алланың теңдессіз сыйына ізгі де, қайырымды іс-әрекеттерімізбен қол жеткізуде аянып қалмайық! Имандылығымызды күшейте түсейік!

Қасиетті айда күнәға жетелейтін, Алланың ашуына шақыратын барлық жаман істерге жол бермесек екен. Қоғамдық көліктерде жол ақысы арзандатылса, күнделікті тұтынатын заттарға жеңілдіктер жасалса, асханаларда ауызашар мезгілінде қайырымдылық акциялар ұйымдастырылса, ұжымда, кәсіпорындарда, әсіресе, құрылыс салаларында ауыз бекіте жүріп жұмыс істейтін бауырларымызға құрмет көрсетіліп, түсіністік танытылып жатса, нұр үстіне нұр дер едік. Рамазан айында берілетін Құдайы тамақтар ауызашар уақытында ұйымдастырылса.

Асыл дінімізде әрбір қайырлы амал – садақа. Адасқанға жол көрсету де – садақа, жабыққанды жұбатып, жылы сөз айту да – сауапты амал. Рамазан айында осындай ізгі істерге ден қойғанымыз абзал, ағайын!

Қымбатты отандастар! Иман бұлағынан сусындаған адам арына дақ түсірмейді. Өйткені, Ислам адамгершілік құндылықтарды қастерлеуге үндейді. Осы орайда баршаңызды қасиетті Рамазан айын мұқтаж жандарға көмектесумен, жетім мен жесірге, қарттар мен мүгедектерге мейірім көрсетіп, сауапты амалдармен, ізгі істермен өткізуге шақырамын. Алла тағала қасиетті Құранда: «Жақсылықта, тақуалықта бір-біріңе көмектесіңдер», – деп бұйырған («Мәида» сүресі, 2-аят).

Жарылқаушы айда жасаған амалдарыңыз бен ізгі ниеттеріңіз басқа да айларда жалғаса бергей! Алла тағала баршамыздың екі дүниеде де жүзімізді жарық, әр қадамымызды берекелі еткей! Тілегіміз қабыл, мұратымыз асыл болғай! Байлығымыз – иманымыз бен бірлігімізге бекем болайық!

www.muftyat.kz

Published in Жаңалықтар
Понедельник, 23 Июнь 2014 00:00

Ерлердің намаз үлгісі

Таң намазы Сүннеті. Ерлер

Таң намазы. Фарз. Ерлер

Рудный қалалық «Нұр» мешітінің Бас имамы Сейіт Нұрқановтың бастамасымен Алланың үйінде Ислам құндылықтарымен сусындап жатқан мектеп жасындағы балаларды қалалық саябақтағы аттракционға апарып, оларды шаттыққа бөледі.

Биылғы жылы бұл мешітте 30-дан астам балаға имандылық дәрістер жүргізілуде. Оларға пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнегелі өмірі, дұға жасау, ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, Исламдағы әдеп сынды жақсылыққа үндейтін дәрістер өткізілуде.

«Мақсатымыз – балаларды жақсы азамат болып өсуге тәрбиелеу. Бүлдіршінді жас кезінен имандылыққа тәрбиелеп, бойына жақсы қасиеттерді ұялата білсек, ол жақсы азамат болып өседі», – дейді бас имам Сейіт қажы Темірбекұлы.

Сонымен қатар Рудный қалалық «Нұр» мешітінің Бас имамы Сейіт Темірбекұлының ұйымдастыруымен, мешіттің тұрақты жамағаты жайма-шуақ күнде Тобол өзенінің маңында әсем табиғатта демалып, ерекше қуанышқа бөленіп қайтты. Ол жерде жамағат топ-топқа бөлініп спорттық ойын-сайыстар және діни сауалдардан тұратын викторина өткізілді. Бас қосуға арнайы дастархан жайылып, дәм үстінде уағыз-насихаттар айтылды. Табиғатта өткізілген жарыстарда үздік шыққан шәкірттерге сый-сияпаттар берілді.

IMG 2650

IMG 2685

IMG 2914

IMG 2958

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
баспасөз қызметі
Published in Жаңалықтар

Бас мүфти Ержан қажы Маямеровтың бұйрығымен Қостанай облысы, Меңдіқара аудандық «Зұлқарнайұлы Мұса қажы» мешітінің бас имамы болып Исмаилов Қыдырбек Сапарұлы тағайындалды. Облыстың өкіл имамы Асылхан қажы Түсіпбекпен Қыдырбек Сапарұлы аудан әкімі С.Ә. Жақаевтың қабылдауында болып, кейін аудандық «Зұлқарнайұлы Мұса қажы» мешітінде мешіттің алқа мүшелерінің қатысуымен халыққа таныстырылды.

Қыдырбек қажы бұған дейін Денисов ауданындағы «Жұма» мешітінде он сегіз жыл бас имам қызметін атқарған.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
баспасөз қызметі
Published in Жаңалықтар
Четверг, 19 Июнь 2014 00:00

ТАУХИДТІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Published in Видео

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником