Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Жаңалықтар
Воскресенье, 17 Август 2014 00:00

Неге мәзһаб ұстану қажет? 1-ші бөлім

Барлық мақтау мен мадақ бүкіл Әлемнің Раббысы Аллаға болсын. Оның сарқылмас сәлемі мен игілігі Оның ең көркем жаратылысы Пайғамбарлар мөрі болған Мұхаммедке (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) болсын.

Нұсқаулық қайнар көзі

Алла Тағала адамзатқа Өзінің ұлылығын Құран мен Өзінің Сүйікті Пайғамбары Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) арқылы дарытқан. Құран кітап түріндегі жол бастаушы болса, Пайғамбар – оның жолсерігі және тәжірибелі ұстазы.

Алла Тағала Құранда былай дейді «Мұғжизалармен, кітаптармен (пайғамбарлар жібердік). Саған да адамдар үшін түсірілгенді ашық баян етерсің деп, Құранды түсірдік. Әрине олар түсінер» (Нахл сүресі,44 аят)

Сонымен қатар: «...Сендерге Пайғамбар не берсе алыңдар да неменеден тыйса, одан тыйылыңдар әрі Алладан қорқыңдар. Сөзсіз Алла, қатты азап иесі» (Хашыр сүресі, 7 аят)

Осылайша Құран мен Сүннет әрқашанда күмәнсіз адам баласын тура жолға бастаудың алғашқы сатысындағы жол көрсетуші болып табылады. Айта кету керек, Құран талассыз Алланың сөзі, дей тұрғанмен ол жалғыз өзі ғана нұсқаулық болып табылмайды. Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарға Алланың сөзін түсіндіріп, оны тәжірибеде көрсету үшін жіберілген.

Пайғамбарды (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Алла Тағала Өзінің заңын орнатуда ең жоғары дәрежеге көтерген. Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Құран түсіндірмесі жалғыз ғана дұрыс тәпсір болып табылады. Сондықтан да, кімде-кім Құранға иман еткен болса, Құранның өзі бекіткендей оны Пайғамбардан (оған Алланың иглігі мен сәлемі болсын) келген заң деп қабылдауы қажет. Құран тәпсірін қош көрушіні Алла Тағала Бақара сүресінің бас жағында мына аятпен ескертеді: «...Алла, ол мысал менен көптегенді адастырып, әрі онымен көптегенді оңғарады. (Мысалдарға қарсы келіп адасқандар да, шындық та болады негізінде). Ол тапқандар бұзықтарды ғана адастырады.» (Бақара сүресі, 26 аят)

Алланың Кітабы мен Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетінің үндестігі

Ежелден-ақ Алла Тағала адамдарға әмірін тек Кітап жүзінде ғана жеткізген жоқ. Және де Алла Тағала адамзатқа бір ғана Пайғамбар жіберіп Өзінің сарқылмас даналығын көресткен жоқ. Адам баласының қолында үнемі басшылық етер кітабы және артынан ерер Пайғамбары болған. Сондықтан да, адам баласына насихат жасау үшін бір ғана Кітап немесе пайғамбар жеткіліксіз екендігі осыдан белгілі болып отыр.

Пайғамбардан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) соң да Алланың әмірін сақтау

Құран Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірден озса да үмметпен өмірдің соңына дейін бірге болатын Алла Тағаланың ғаламат кереметі. Алла оған былай деген: «(Мұхаммед Ғ.С.) сенен бұрын да адам баласына мәңгілік (өмір) бермедік. Ал егер сен өлсең сонда олар мәңгі қала ма?» (Әнбия сүресі, 34 аят)

Алла Тағала Өзінің Сүйікті Пайғамбары (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жер бетіндегі өз міндетін атқарған соң Оған қайтуы керек деп жазып қойған. Осы жерде: «Үммет Құранмен және Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жинақталған хадистерімен қалды ма, әлде одан басқа да басшылыққа алар нәрсе бар ма?» деген сұрақ туады. Бұл сұрақтың жауабын Құранды ашушы әрі күніне жоқ дегенде 17 рет оқуымызға тиіс Фатиха сүресінен табамыз. Ақиқатты іздеген адам өзіне басшы іздер болса, Алла Тағала оның жолын ашып қояды. Бұл жолдың қандай жол екенін Алла Тағала былай деп сипаттайды: «Бізді тура жолға сала көр! Нығметке бөленгендеріңнің жолына! Ашуға ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес!»(Фатиха сүресі, 6- 7 аят)

Яғни, Қиямет күніне дейін адам баласы тура жолға «Рижәлу Ллаһтың» көмегімен, яғни Алла Тағала басшылық берген адамдар арқылы тура жолын таба алады. Осы себепті Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің сахабаларына үмметінің 73 тармаққа бөлінетінін және соның біреуі ғана ақиқатта болатынын айтқан кезде сахабалар қызығушылық танытып, олардың кім екенін сұраған кезде ол: «Олар менің соңымнан және сахабаларымнынң соңынан ергендер»,- деп жауап берген. (әт- Тирмизи)

Ұстаздан шәкіртке

Осыған негіздей отырып, біздің ғалымдарымыз шынайы сенім кітаптан оқып, өз бетінше түсінгендей емес, «ұстаздан шәкіртке» жеткендей жетуі қажет деп санаған. Абдуллах ибн әл-Мубарак былай деген: «Иснад (жеткізушілердің тізбегі) - діннен. Егер иснад болмағанда әркім қалағанын айтар еді!» (имам Муслим). Сондықтан да Алланың алдында Пайғамбардан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларына, онан соң келесі ұрпаққа тізбек арқылы біздің күнімізге дейін жеткен ілім қадірлі. Осылайша шынайы ілім өзінің байыбын және айқындығын жалғандық пен құрып кетудің небір түрінен сақтаған. Егер осы шарт алдыңғы өткен ғалымдар арасында сақталмаған болса, сенім мен иман жректерден өшіріліп, шынайы ілімнің ізі де қалмайтын еді

Ижмаъ (ғалымдардың бірауыздан келісуі)

Жоғарыда келтірілген, сондай- ақ өзге де талас тудырмайтын дәлелдерден ғалымдар бір ауыздан келісіп, үмметтің сенімді ғалымдарының бірауыздан келіскен пікірлері шариғатта талассыз дәлел болып табылады деген заң шығарды. Бұл шешім ижмаъ деп аталады. Ижмаътың шариғатта талассыз дәлел бола алатынын сахабалар заманыннан бері ешқандай беделді ғалым теріске шығармаған.

Төрт мәзһаб және тақлид 2

Көптеген ғасырлар бойы ислам ғұламалары сүннеттік төрт мәзһабтың заңдылығына және де оларды ұстануға қарсы болмаған. Төрт мәзһабтың келіскен тұстарын үммет бірауыздан қабыл алған. Басқаша айтқанда, қанша жүз жыл өтсе де төрт мәзһабтың заңдылығы мен мәзһабтағы қабылданған шешімдер жайлы ғалымардың ижмаъы бар.

Ауытқушылық

Соңғы жарты ғасырда адамдарды мәзһаб ұстанудан тайдырушы топ ортаға шықты. Бұл топ сыбайластары қарапайым әрі қу тілде адамдарды діндегі беделді ғалымдардың сөзін қабылдамай, тікелей Құран мен хадис жинағына жүгінуге шақырады. Олардың шектен шыққаны соншалық, тіпті ғалымдардың сөзімен амал жасаушыны Құран мен Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетін жоққа шығарушы деп санады. Осылайша олар ұлы төрт имамның ілім жолын оқып-білу, Құран мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетін оқудан да жақсы нәрсе деген сияқты құйтырқы көзқарас тудырмақшы.

Дерт

Соңғы жылдары осы дінбұзушылық дертке айналды. Жолдан тайғандар дінге ұмтылып, қасиетті Сүннетпен жүргісі келетін білімсіз жастарды жаулап алуда. Олардың ұрандары мен шақырулары надандардың бетінен қаққан сөздері, жастардың алдында алғашқы әсерін қалдырады, кей кездері ол, өкінішке орай соңғы әсер болып та жатады.

Айығу жолы

Надандықтан айығудың жалғыз жолы түсіну мен қарым-қатынас жасау. Адамдарды оқытуда мұсылмандар Алланың мейірімімен жалғаннан ақиқатты ажыратады деген үміт болады. Бұл еңбектің мақсаты да сол.

Еңбектің жазылу мақсаты

Бұл еңбектің жазылу мақсаты мәзһабқа тақлид жасауды жоққа шығарушыларға тікелей қарсы шығу емес. Мақсат – осыны оқыған адамға тақлид жайлы хабар беру. Сондықтан да еңбек сақтық емес керісінше, шабуыл жасау тәсілінде жазылған. Ішінде көптеген дәлелдер қалай бар болса, солай келтірілді. Алла Тағала автордың әлсіздігі мен кемшілігін кешірсін, оның еңбегін қабыл алып, осы еңбекті Өз мейірімі мен рақымымен тура жолға бастаушы етсін.

Еңбек жайлы

Бұл еңбек сұрақ-жауап түрінде әзірленген. Мұның басты себебі, көптеген жағдайларда қандай да бір тақырыпты ұзақ қарастырған соң, ең басты сұрақ ең соңында туып жатады. Сондықтан да талқылануды қажет етіп тұрған сұрақ оқырманға ыңғайлы болуы үшін бас жағында келеді.

Кітапты қалай оқу керек

Талқыланып отырған тақырып ғылыми табиғатты қажет етеді, сондықтан да оны талқылау барысында ғылыми-шариғи теминдер қолданылады. Еңбекті барынша түсінікті әрі жеңіл етіп жазуға бар күшімізді салдық. Соған қарамастан, еңбекті толық түсіну үшін оқырманда арнайы шариғи білім болуын талап етеді. Оқырман үшін қарапайым әрі түсінуге қиындық тудыратын терең мағыналы, жеңіл қарауға болмайтын, сақтануды талап ететін мәселелер бар. Ондай қиындықтардан аулақ болу үшін еңбекті оқу барсында сақтайтын ережелер мыналар:

1. Бір беттен екінші бір бетке секіруге болмайды. Тек таңдап алған бөлімді ғана оқыңыз. Кітапты басынан бастап оқыған жөн. Сонда ғана ақпараттарды жақсы меңгере аласыз.

2. Кітаптың бір ғана жартысын оқып алып, бірнеше бетті тастап, басқа бетті оқуға болмайды. Неғұрлым көп оқыған сайын сұрақтарды түсіну де соғұрлым Алла қаласа қызықты әрі жеңіл болатынын естеріңізде сақтаңыздар.

3. Кітапты екі қайтара оқыңыздар. Сол кезде жақсы түсінгендеріңізге көз жетеді. Себебі, тақырыптары бір- бірімен тығыз байланысты. Соған қарамастан, бірінші рет оқығанда түсініксіз болған сұрақ екінші мәрте оқыған кезде Алла қаласа анық болады.

_______________

1. Муғауиядан жеткен Сахихи Бұхариде және Муслимде келген №3641 және №4950 хадистің мысалы. Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Менің үмметімнің ішіндегі ақиатты ұстанушылары бар кезде оларға қарсы келушілер зиян бере алмайды және оларды Қиямет басталғанша тастап қояды»

2. Тақлид негізінде амалда Имам Әбу Ханифа, Имам Мәлік, Имама әш-Шафиғи, Имам Ахмад ибн Ханбал секілді төрт мәзһаб ғалымының бірінің мектебін ұстану жатыр.

Авторы: Шейх Әбу Усама Аюб ибн Мәуләна Мухаммад

Еңбек аты: Who are The Blind Followers?

____________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz
Дарульфикр.ру
Published in Ғибратнама

Published in Фиқһ

Нұр-Мүбарак университетінің жанынан жаңа ашылған дайындық курсы 1 қыркүйектен бастап келесі 2015-2016 оқу жылына оқуға талапкерлер қабылдайды.

Оқу мерзімі - кемі 8 ай. Осы мерзімде Құран Кәрім, араб тілі, ислам фиқһы, ақида пәндері бойынша жүйелі түрде сабақ жүргізіледі.

Сабақты университет бітіріп келген білікті мамандар жүргізеді. Дайындық курсына жасы 30-ға толмаған ислам жолымен жүретін талапты, қабілетті жастар іріктеліп алынады.

Талапкерлерге тегін жатақхана, асхана мен қамтамасыз етіледі.

Дайындық курсына түсуші талапкерлерден құжаттар екі кезеңмен қабылданады; 1-ші кезең 20 тамыз бен мен 1 қыркүйек аралығында құжаттар қабылданып, 2-5 қыркүйек аралығында сұхбат өткізіледі. 2-ші кезең 20 қыркүйектен бастап 1 қазан аралығында құжаттар қабылданып, 1-5 қазан аралығында сұхбат өткізіледі.

Керекті құжаттар:

- Өтініш;

- Аттестат немесе диплом (түпнұсқа);

- 3x4 мөлшердегі 6 фотосурет;

- 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама+ флирография снимок;

- Жеке куәлік көшірмесі.

Сондай-ақ, Исламтану мамандығына түсетіндер үшін Наркологиялық, психотерапиялық диспансерден анықтама және сотталмағандығы туралы куәлік талап етіледі.

Алматы. әл-Фараби даңғылы 73. «академиялық қалашық» аялдамасы
тел.:8 (727) 302-09-40, 302-09-34. Факс: 8 (727) 302-09-30
Сайт: www.nmu.kz
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Published in Жаңалықтар

Кеншілер қаласындағы өткен спорт жарыстары

Қасиетті рамазан айы аяқталысымен Рудный қалалық «Нұр» мешіті әдеттегідей жамағат арасында спорт ойындарын ұйымдастырды. «Тәні саудың – жаны сау» - дейді дана халқымыз. Дені сау болған адамның құлшылыққа деген құлшынысы бекем болатыны белгілі. Спорт – денсаулық кепілі. «Әлсіз мұсылманға қарағанда әлді (денсаулығы мығым) мұсылман Аллаһқа анағұрлым ұнамды» екені Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінде де ашық айтылған. Кеншілер қаласында өткізілген спорт түрлеріне қысқаша тоқталсақ:

1) Арқан-тартыс (үш команда қатысты) 2) Гір көтеру (16 кг) 3) Қол күрес 4) Суда жүзу сайыстары (200 және 100 метр бойынша) 5) Жүгіру сайыстары 2000 метр

Аталған сайыстар бойынша арқан-тартыстан («Жамағат», «Ислам», «Нұр мешіт») командалары бағын сынады. Тартысты бәсекеде жеңіске жеткен «Нұр мешіт» командасы.

Гір көтеруден кіл мықтының ішінен суырылып шыққан Өмірзақов 16 кг 60 рет көтеріп бірінші орынға ие болды.

Қол күрес сайысы өте тартысты өтті, ақ білектің күшімен барлығын таза жеңген тағы да Жандос Өмірзақов бауырымыз.

Қаламыздағы «Горняк» спорт кешенінде 25 метрлік бассейінде суда жүзуден 200 метр қашықтыққа таласқан жамағат арасында 1-ші орынға ие болған Мұрагер бауырымыз алдына жан салмады, онымен ілесе жүзген мешіт қызметкері наиб имам Хасенов Саят барын салып 2-ші орынға ие болды, 3-ші орынды қанжығасына байлаған Қостанай облыстық орталық мешіттің наиб имамы, қонағымыз Дархан Сыздыков болатын.

Жарыс ойдағыдай өтіп, спортшыларға сыйлық ретінде грамота, медаль, уағыз-насихат дискілері мен Бас мүфтиіміздің «Дін мен дәстүр» атты кітабы табысталды. Марапаттарды арнайы табыстаған мешітіміздің бас имамы Сейіт қажы Темірбекұлы мен наиб имам Абзал Сұлтанғалиұлы. Сол жерде Сейіт қажы Темірбекұлы спорт ойындарына қатысқандарға салауатты өмір салтын ұстану жайында уағыз айтып, болашақта футбол және т.б. осындай іс-шаралар жалғасын табатынын тілге тиек етті.

news15082014 01

news15082014 01

news15082014 01

news15082014 01

news15082014 01

Published in Жаңалықтар
Пятница, 15 Август 2014 00:00

Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда

Тағылым

Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда

Облыстық дін тақырыбына арналған ақындар айтысы мен мүшәйрасынан

Баршаға мәлім, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Маямеров үстіміздегі жылды „Дін және дәстүр жылы„ деп жариялағаны белгілі. Бұл бастама қостанайлықтардың тарапынан да үлкен қолдау тапты.

Жуырда ғана облыстық Марал ишан мешіті, Қазақстан қажылар қауымдастығының өңірдегі филиалы және „Зекет„ қорының осындағы өкілдігінің тікелей ұйымдастыруымен кейінгі жастарға танымдық-тағылымдық жағы мол үлкен мәдени шара болып өтті.

Бұл Ілияс Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының концерт залында өткен марқұм, белгілі журналист Еренғайып қожа Әбдіхалықұлы атындағы облыстық ақындар айтысы мен мүшәйра еді.

Аталған шараның өтуіне „Нұр-Қазақстан„ қажылық компаниясының президенті Амангелді Еренғайыпұлы тікелей демеушілік етті. Театрдың концерт залына мұсылман қауымы көп жиналды. Салтанатты Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, көрнекті ақын Ақылбек Шаяхмет ашып, құрметті қонақтармен таныстырды.

Алғашқы сөзді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Асылхан қажы Түсіпбек алып, ол өңірде де Ислам дінін өркендетуге байланысты атқарылып жатқан игі жұмыстарға қысқаша тоқталып өтті. Осы басқосудың мәні мен мазмұны жайлы айтты.

Дініміздің ел бірлігі мен татулығын нығайтуда да алатын орны жайлы да тілге тиек етті. Ұйымдастырушылардың ұсыныс-тілегін „Нұр-Қазақстан„ қажылық компаниясының басшысы Амангелді Әбдіхалық бірден қолдап, бүгін өзі де арнайы келіп отырғандығын баяндады.

Содан кейін Қазақстан қажылар қауымдастығының Қостанай облысындағы филиалының төрағасы, қадірменді ақсақал Жақсылық Ғайсин айтулы қаламгер, кезінде Амангелді аудандық газетінің бас редакторы болып ұзақ жылдар бойы жемісті қызмет атқарған Еренғайып Әбдіхалықұлының азаматтық қырлары мен қайраткерлігіне, артында қалдырған бай рухани мұрасына тоқталды.

Сондай-ақ Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, „Құрметті қажы„ алтын медалінің иегері Жолбарыс қажы Баязид Еренғайып ағамызға арнау өлеңін көпшілік алдында оқып берді.

Әділқазылар алқасына елімізге кеңінен танымал қаламгер Ақылбек Шаяхмет төрағалық етті. Оның құрамында Социалистік Еңбек Ері Кәмшат қажы Дөненбаева, Қазақстанның халық ақыны Әсия Беркенова, көпшілікке есімі белгілі, Қазақстанның Жазушылар Одағының мүшесі Нағашыбай Мұқатов, дарынды айтыс ақыны Айбек Қалиев және басқа да азаматтар болды.

Айтыс пен мүшәйраға негізінен дін және дәстүр тақырыбы арқау болды. Оған бес жұп айтыс ақындары және бірнеше жазба ақындары қатысып, өздерінің бақтарын сынады.

Айтыс десе делебесі қозбайтын қазақ бар ма? Залға жиналған жұртшылық айтыс ақындары шыққан кездері оларға деген ризашылықтарын қайта-қайта қол шапалақтауларымен білдіріп отырды.

„Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар„ демекші, айтыс барысында бірінші орынды Батырлан Сағынтай, екінші орынды Мамай Ізтілеу, үшінші орынды Бағила Балмышевалар иеленді.

Ал жыр мүшәйрасында бірінші, екінші және үшінші орындарды Әскерхан Ақтай, Асылан Қанғожин және Байбатыр Ахметбектер жеңіп алды. Сондай-ақ Абай Қажи, Нұрболат Мешітбаев және Абылай Маудановтар да өздерінің тынымсыз ізденісте екендіктерін танытты.

Осы басқосу барысында мен аталмыш ақындар айтысы мен мүшәйраға қолдау көрсеткен „Нұр-Қазақстан„ қажылық компаниясының президенті Амангелді Еренғайыпұлын да әңгімеге тартқанымда ол:

- Бүгінгі кешті ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Бұл орайда облыстық Марал ишан мешітінің бас имамы Асылхан қажы Түсіпбекке, Қазақстан қажылар қауымдастығы облыстық филиалының төрағасы Жақсылық Ғайсинге және басқа да белсене атсалысқан бауырларымызға тек Алланың нұры жауа берсін! - деді. Осы айтыс пен мүшәйраға тәнті болған жерлестеріміздің арасынан Ұзынкөл ауданының бас имамы Есенгелді қажы Әжімахантегіден өзінің пікірін білдіруін сұрағанымызда былай деді:

- Бас мүфти үстіміздегі жылды „Дін және дәстүр жылы„ деп жариялағаны көпшілікке аян. Бүгін де ол қостанайлықтардың тарапанын қолдау тауып, жерлестеріміз үлкен рухани ләззатқа бөленді. Облыстық Марал ишан мешіті және басқа да ұйымдастырушылар шараға жан-жақты әзірлік жасағаны көрініп тұр. Кеш барысында облысқа белгілі өнер жұлдыздары Талғат Молдағалиев, Азамат Мұқатов, Түлкібек Рысмағамбетовтер асқақтата ән шырқап, басқосудың ажарын аша түсті.

Байқаудың соңында өнер ордасының киелі сахнасына Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, әділқазылар алқасының төрағасы Ақылбек Шаяхмет, Қазақстанның халық ақыны Әсия Беркеновалар көтеріліп, жеңімпаздар мен таланттарымен дараланған жүйріктерге ақшалай сыйлықтар мен дипломдарды табыс етті. Осынау басқосуға республикалық „Иман„ журналының бас редакторы, Қазақстанның құрметті журналисі Оңғар қажы Өмірбек және басқа да бірқатар азаматтар қонақ ретінде қатысты.

Сонымен қатар өнер додасына демеушілік еткен Амангелді Әбдіхалық ғұмырлары бүкіл қазақ елі жұртшылығына өнеге Социалистік Еңбек Ері Кәмшат Дөненбаева, Жақсылық Ғайсин және қадірменді ақсақалға „Нұр-Қазақстан„ қажылық компаниясы тағайындаған „Құрметті қажы„ алтын медалін салтанатты түрде тапсырды.

Қысқасы, бұл ғибраттық жағы өте мол әрі ұмытылмас кеш болды. Жиналған жұртшылықтың жүздерінен ұйымдастырушыларға деген шынайы ризашылық айқын сезілді. Оразалы Жақсанов

news15082014 06

news15082014 07

Published in Жаңалықтар
Воскресенье, 10 Август 2014 00:00

Медреседе алғаш орыс топтары ашылуда

Асыл дінімізде білім алу, ғылым меңгеру жоғары бағаланады. Ай асып, жыл санап еліміздің әр түкпірінен бой көрсетіп келе жатқан мешіт мұнаралары мен намазға жиылған жұртшылықтың қарасынан халықтың дінге деген ықыласы мен ынтасының артқанын байқауға болады.

Осы орайда білікті имамдар әлі күнге тапшы екені, ал дін мамандықтарына зәру екеніміз жасырын емес. Бұл ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан өңірлерде ашылып жатқан медресе, діни оқу орындары қал-қадерінше халыққа қызмет етіп, болашақ имамдарды даярлау ісін үздіксіз жүргізіп келеді. Бұған қоса Түркияның «Хасеки» имамдардың білімін жетілдіру институтымен үлкен келісімшартқа қол жеткізіп, бүгінде онда Қазақстаннан барған дін мамандарының алғашқы легі білім алуда. Ал, Мысырдағы тамыры терең «әл-Әзһар» университетінде жыл сайын еліміздің үздік түлектері ілім алуға аттануда. Бүгінде онда білімін шыңдаған алғашқы буын Қазақ елінің руханиятына өзіндік үлесін қосып, қызмет етуде.

Бүгін дін ілімінің алғашқы шаңырағы – елордамыздағы «Астана» медресесінде жаңа оқу жылына шәкірттерді қабылдау емтиханы өткізілді. Мәні терең емтиханда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Шоқанов, Оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Бейсенбаев бастаған білімі терең ұстаздар шәкірттердің білім деңгейін шарықтап, деңгейлерін анықтады. Шәкірттермен сұхбат жүргізіп, түрлі сауалдар қойды. Бұған қоса қазақ тілі және Қазақстан тарихы пәндері бойынша ЖОО арнайы оқытушы-профессорларының қатысуымен тест те жүргізілді.

Бүгінде дінге бет бұрып, құбыласын тани бастаған жастарымыздың кейбірі теріс пиғылды ағымдардың шырмауығына ілігіп қалып жатады. Жаңылысқан жастарымыздың басым бөлігі орыс тілді жеткіншектер екенін бүгінде көз көріп, құлақ естіп жүр. Осы жайды жөнге салу мақсатында биыл ҚМДБ тарапынан орыс тілді уағыз-насихатты жандандыру мақсатында тың жобалар әзірленген болатын. Республикалық, жергілікті қазақ және орыс тілді Ақпараттық-насихат топтары құрылып, өңірлерде дін насихатын жүргізді. Биылғы медресе шаңырағында орыс тілді топтар да осы мақсатта ашылып, бүгінгі өткен қабылдау емтиханында жалпы саны 52 шәкірт бақтарын сынап, 47-сі медресе шәкірті атанды. Оның 34-і қазақ тобына түссе, 13 бала орыс тобында үш жыл ілім игеруге мүмкіндік алды.

2

3

Published in Жаңалықтар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз еліміздегі қарилар орталығының жетекшілерімен кездесті.

Басқосуда шәкірттерді қысқа мерзімде Құранды толық жаттауға үйрету, мешіттерде Құран хатым етуге дайындау, жұмыс тәртібі, болашақ қарилардың жан-жақты білімін арттыру, т.б. мәселелер талқыланды.

«Қариларды өзімізден шығару үшін ең алдымен осы орталықтардың жұмысын жетілдіруіміз қажет. Шәкірттерді Отанды сүюге тәрбиелеу, оларға адамгершілік құндылықтарды үйрету – баршамыздың ортақ мақсатымыз», – деді Серікбай қажы Ораз.

Еліміз бойынша 4 қарилар орталығы бар. Онда 150-ден астам шәкірттер Құран жаттауда.

636037 1407300827 890 530 0

803531 1407300818 890 530 0

muftyat.kz

Published in Жаңалықтар

Әбу Аюбтан (оған Алла разы болсын) жеткен хадисте, егер кімде кім Рамазанның оразасын аяқтаған сон Шәууәл айында алты күн ораза тұтса, бір жыл ораза ұстағанмен тең болады делінеді.

Бұл Алла Тағаланың бізге берген ұлы Мейірімі. Аз ғана амал жасап, он есе сауап алу – жақсы табыс көзі және керемет келісім.

Осыған орай, бізге осы айдағы оразаны қалай ұстау керек: үзіліссіз бе әлде арасында үзіліс жасап па, Рамазандағы қарыздарды өтегеннен соң ба әлде өтемес бұрын ба, қай күндері, қай уақытта деген толассыз сұрақтар келіп түсуде.

Сол себепті біз Шәууәл айындағы оразаға қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап беруді ұйғардық:

1. Ханафи мәзһабы бойынша Шәууәл айының оразасын Рамазан айының қазасын өтемес бұрын ұстауға рұқсат етілген.

Әйелдер, сапардағылар мен Рамазан айында сырқаттанып я болмаса белгілі себептермен әрі себепсіз оразасын қаза қылғандар Рамазандағы қарыз оразаны келесі Рамазанға дейін міндетті түрде өтеу шартымен Шәууәл айында ораза тұта алады.

Алайда, егер бірінші Рамазан айындағы қазаны толтырып, артынан Шәууәл айының алты күнін ұстау ұнамды амал болып табылады.

Соған қарамастан, егер адам үлгермей жатса немесе Шәууәл айы аяқталғанша алты күнді ұстай алмай қаламын деп қауіптенсе, керісінше де жасауға болады

2. Шәууәл айындағы ораза тек Шәууәл айында ғана ұсталады. Егер кімде кім ай аяқталғанша ұстап үлгермесе, күнә болып саналмайды, себебі бұл ораза парыз етілмеген. Шәууәл айының оразасын Ораза Айт мейрамының бірінші күні өткен соң ұстай беруге болады.

Яғни, Шәууәл айының екінші жұлдызынан бастап Рамазан айының қазасын өтеп, одан әрі Шәууәл айының нәпіл оразасын ұстауға болады.

3. Рамазан айында мүлде ораза тұтпаған жандар парыз оразаны себепсіз қалдырған болса да, Шәууәл айының оразасын ұстай алады. Алайда, олар бір жылдық ораза тұтқанның сауабын ала алмайды. Себебі ондай сауапты алу үшін, хадисте келгендей, парыз болған оразаны міндетті түрде ұстауы қажет. Соған қарамастан, Алла қаласа, олар Шәууәл айындағы алты күндік оразаның сауабын алады.

Дегенмен, олар үшін Рамазандағы қазаның орнын толықтыру хайырлы. Себебі парызды қалдырып қою Алланың алдында үлкен күнә болып саналады.

4. Шәууәл айының алты күнін үзбей ұстауға да, арасында үзіліс жасап ұстауға да болады. Егер бір күн қоспаса, жұма күндері ораза тұтуға болмайды. Мысалы: бейсенбі- жұма немесе жұма- сенбі. Егер осындай етіп ұстар болса, жұма күні ораза тұтуға рұқсат.

Егер Рамазан айында ешқандай қазасы болмаған жандар болса, Шәууәл айының оразасын дүйсенбі және бейсенбі күндері ұсталатын сүннет оразасы күндері ауыз бекітуіне болады. Алайда, бұл бір жолы ғана. Шәууәл айының қосымша оразасын қай күні ұстау әр адамның жеке басының ісі.

5. Шәууәл айындағы ораза мен Рамазан айындағы ораза, сондай - ақ, өзге айлардағы тұтылатын оразалардың барлығы таңнан кешке дейін ұсталады.

Таң намазы мен ақшам намазының уақыттары қай кезде кіретінін білу үшін сайтымыздағы "Намаз уақыты және құбыла" айдарына кіріп, өз қалаңызды таңдап, сол жерден анықтай аласыз.

Таң намазы – ауыз бекітер уақыттың басталуы. Бұл деген сөз, сәресі ішуді және оразаны бұзатын амалдарды (ерлі- зайыптыларға жыныстық қатынасты, тіс тазалау барысында тіс пастасы жұтып қою, тағы басқа ) тоқтату қажет деген сөз.Рамазан айындағы оразаны бұзатын амалдырдың барлығы да кез келген оразаны да бұзады.

Ақшам намазының уақыты – ауыз ашатын уақыт. Күн ұясына бата салысымен мұсылман адам оразада тыйым салынған амалдарды жасауына болады.

Алла Тағала баршамыздың оразамызды қабыл алып, екі ғұмырда да сауапқа кенелтсін!

_______________

Azan.kz

Published in Ғибратнама

Имандылықтың ордасындай болған Оңтүстік Қазақстан облысы тағы бір жаңа мешітпен толықты. Сарығаш ауданының «Жаңа тіршілік» ауылында бой көтерген мешітте бір мезгілде 300 адам құлшылық жасай алады.

Мешіттің ашылу салтанатына ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысып, өз ризашылығын білдіріп, ізгі тілегін жолдады. Сондай-ақ Бас Мүфти қасиетті Құран Кәрімді сыйға тартты. ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бастамасымен салынған «Ақмола» мешітінде бүгін алғаш рет азан шақырылып, намаз оқылды.

511446 1406720264 890 530 0

568624 1406720265 890 530 0

620023 1406720264 890 530 0

940249 1406720266 890 530 0

589339 1406720279 890 530 0

Published in Жаңалықтар

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником